Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------

1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,
КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері-----------

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН
ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------

2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау----------------------------------
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ----------------------------------------------------

3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде--------------------------------------------------


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------

Работа содержит 1 файл

Дип.-Салық-салу-ісі-кәсіпорындардың-бюджетпен-қатынасы-ретінде.doc

— 2.39 Мб (Скачать)

Салықтық есептеулерді жүргізу үшін өткізілген өнімнің  көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша. Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлемінде ғана емес, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделіқ өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.

Біз талдап отырған кәсіпорын  тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 4,1%-ға асыра орындады.

Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің  жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:

1) "Өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;

2) "Өткізу көлемінің өзгеруі" факторының әсер ету соммасын "өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі).

Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.

Жоспардан тыс жалпы  табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде  алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің  өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 561 өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын - кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 2003 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық ғана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұндай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инспекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.

Біздің мысалымызда  өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс. Жалпы қәзіргі таңда ҚР-ның әртүрлі өңірлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстары айтарлықтай өсіп отыр (кесте 4).

 

Кесте 4

Өңірлер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың табысы (млн. теңге)

 

2000

2001

2002

2003

2004

Қазақстан Республикасы

101508

422046

353803

512044

750783

Ақмола

-5941

-3996

507

-3442

2616

Ақтөбе

2222

18768

24624

48816

83874

Алматы

-3473

670

2505

4219

6243

Атырау

44029

142493

127125

127963

182834

Шығыс Қазақстан

5486

12630

13318

7228

12367

Жамбыл

-2968

-5445

-1311

-1134

5502

Батыс Қазақстан

-2307

3387

1448

1908

5440

Қарағанды

10095

78232

55743

88607

115129

Қостанай

7228

2410

4707

4794

15810

Қызылорда

6180

29191

39489

43729

70754

Маңғыстау

25558

61775

28085

77224

89886

Павлодар

6428

3889

2812

-3615

9738

Солтүстік Қазақстан

201

1881

211

-4517

-1129

Оңтүстік Қазақстан

7853

19030

4529

12606

15363

Астана қаласы

8117

41703

10983

64882

102649

Алматы қаласы

-7200

15428

39028

42776

33707


Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық  бюллетенінен алынған.

 

Сонымен қатар кәсіпорындардың  бюджетке төлеген салықтарынан басқа сол міндеттемелерді орындамайтын субьектцгердің бар екендігін де атап өтуіміз қажет. Келесі кестеде экономикалық қызметтің негізгі түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджет алдындағы берешектері көрсетілген (кесте 5).

 

Кесте 5

Экономикалық қызметтің  негізгі түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың берешегі

(жыл аяғына, млн. теңге)

Көрсеткіштер

2000

2001

2002

2003

2004

Міндеттемелер бойынша барлық берешек

1954934

2014066

2233442

2890692

3272881

Одан: мерзімі өткен

518922

357402

259722

207320

177354

Міндеттемелер бойынша жалпы берешектен:

         

Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша

451688

465597

462847

522727

664696

Бюджетке жіберілетін салықтар және басқа міндетті төлем бойынша

157265

156861

107108

124010

144627

Банктердің қарыздары бойынша

183911

194694

348797

519908

753602

банктен тыс мекемелердің қарыздары бойынша

664021

641610

689963

855574

852136

Кәсіпорынның қызметкерлер еңбегіне ақы төлеуге арналған қаражатты  беру бойынша берешегі

32131

36024

26337

28460

31907

Дебиторлық берешек

699457

735617

770502

1107848

1398632

Одан: мерзімі өткен

313718

192997

139496

130521

104960

Жалпы дебиторлық берешектен:

         

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі

475884

424083

383967

525254

681153


Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық бюллетенінен алынған.

 

Жалпы кәсіпорындар мен  ұйымдардан төленетін салықтарды талдаулар  бойынша көрсеткіштер салықтардың  өсуінің әсерінен бюджеттің әртүрлі  салаларына бөлінетін шығындардың  өсуін, яғни халыққа бөлінетін қаржы  деңгейлерінің артуын көрсетеді (кесте 6).

 

Кесте 6

Облыстық бюджет және аудандық, қалалық бюджеттер арасында шығындардың бөлінуі (%)

 

01.01.2C

301 жыл

01.01.2C

302 жыл

01.01.2

303 жыл

01.01.2

004 жыл

Шығындар

Облыс тық бюджет

Аудан және қалалық бюджет

Облыс

тық бюджет

Аудан және қалалық бюджет

Облыс тық бюджет

Аудан және қалалық бюджет

Облыс тық бюджет

Аудан және қалалық бтоджет

1

2

3

4

*1

6

7

8

9

Іалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер

57,8

42,2

78,6

21,4

49,8

50,2

35,5

64,5

Қорғаныс

100

0

98,7

1,3

9,8

8,2

96,1

3,9

Қоғамдық тәртіп жөне қауіпсіздік

73,5

26,5

74,4

25,6

92,1

7,9

96,6

3,4

Клім беру

29,2

70,8

21,4

78,6

17,2

82,8

37,4

62,6

Денсаулық сақтау

               

Элеуметтік сақтандыру және қатамасыздандыру

66,7

33,3

66,3

33,7

60,5

39,5

75,8

24,2

Тұрғын коммуналдық

кызмет

9,8

90,2

81,1

18,9

0

100

64,9

35,1

Мәдениет саласында  қызметті және демалысты

56

44

69,4

30,6

37,4

62,6

58,7

41,3

Ауыл шаруашылық, су және орман шаруашылығы, балық, аңшылық

68,9

31,1

71,1

28,9

27,9

72,1

50,7

49,3

Пайдалы қазбажәне іаукен өнеркәсібі

-

-

24,7

75,3

300

0

100

0

ІКөлікжәне

0

100

100

0

100

0

100

0

байланыс

               

Экономикалық қызметпен  байланысты

0

100

100

0

100

0

100

0

Негізгі топтарға ендірілмеген шығындар

99,9

0,1

100

0

17,8

82,2

52

48

Барлық шығындар

44,8

55,2

47,5

52,5

37,8

62,2

63,2

36,8


Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық  бюллетенінен алынған.

 

Олардың есепті жылы алынған  бюджеттік табыстары өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін  әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық кестені ұсынамыз (кесте 7).

 

Кесте 7

Кәсіпорынның жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына әсерін тигізетін факторларды анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер

Көрсеткіштер

Өткен жылға

Есепті жылғы

1.

Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден түскен

557516

468020

2.

өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құны

116827

116478

3.

Жалпы табыс (1 қатар - 2қатар)

30689

31542

4.

Баға индексі

1,00

1,05

5.

өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен

245253

255257


Ескерту: Мәліметтер Табыс  ЖШС жылдық есебі бойынша жасалған

 

Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:

1. Бағаның өсуі табысқа калай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.

Кәсіпорынның еркін  сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымшы табыс 12763 мың теңгені құрайды.

2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.

Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.

Біздің мысалымызда  өткен жылмен салыстырғанда өнімді өткізудеи түскен табыс 2,8%-ке ((31542/30689*100=102,8); 102,8-100 = 2,8) көбейді. Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі есебінен жалпы табыстың 853 мың теңге көп алынуына әсер етті. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге болады.

Информация о работе Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде