Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------

1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,
КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері-----------

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН
ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------

2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау----------------------------------
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ----------------------------------------------------

3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде--------------------------------------------------


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------

Работа содержит 1 файл

Дип.-Салық-салу-ісі-кәсіпорындардың-бюджетпен-қатынасы-ретінде.doc

— 2.39 Мб (Скачать)

Ескерту: сурет әдебиеттердің  көмегімен авторлармен жасалынған

Салық төлеушілер өздерінің  қалаулары бойынша кез-келген салық  жылында амортизацияның өзге нормаларын қолдана алады, бірақ бұл шекті формалардан аспауы қажет.

Әрбір топ бойынша  амортизацияға аударым салық  салынатын жыл алдындағы топтың баланыстық құнына қарай есептеледі. Үйлер, ғимараттар және құрылыстар бойынша амортизация әрбір құрылысқа жеке есептеледі.

Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекемен арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрамай Қазақстан Республикасынан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары -резидент емес салық төлеуші болып табылады.

Резидент емес салық  төлеушілердің жылдық жиынтық табысы дегеніміз -Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары алған табыс.

Салық мақсаттарына «тұрақты мекеме» термині шетелдік заңды  тұлғаның бюджетпен есеп айырысу  тәртібін анықтау үшін қолданады. Бұл  термин резидент еместер жүзеге асыратын қатысу және контрактілердің қажетті деңгейін анықтайды, бұлар оны Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс салығын төлеуге тартуға мүмкіндік береді.

Тұрақты мекеме - уәкілдік берген тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметті толық немесе төлеушінің сол арқылы кәсіпкерлік қызметті толық немесе ішінара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орын.

Тұрақты қызмет орны дегеніміз - бөлімше; офис; фабрика; шеберхана; шахта немесе газ бүрғылау, көмір кешені немесе табиғат ресурстарын өндірудің кез-келген орны. Егер кәсіпкерлік қызметін бас кәсіпорыннан нүсқау алатын және өз жұмысы үшін одан сыйақы алатн уәделк беріммен тұлға жүргізілсе осындай уәделік берілген тұлғаның қызметі тұрақты мекеме құруға әкеледі.

Егер шетелдік заңды тұлғаға тәуелсіз мәртебесі агент қызмет көрсетсе, осы агенттің қызметі шетелдік заңды тұлғаның тұрақты мекемесін құрмайды.

Тәуелсіз мәртебесі  бар агент деп - өзінің әдеттегі қызметі  аясында іс-әрекет тұлғадан тәуелсіз тұлға.

Егер шетелдік заңды тұлға тұрақты мекеме құрмай, тұрақты негізде қызмет көрсетпесе, салық төлем кезінде ұсталады.

Егер Қазақстанда тұрақты мекеме көрсеткен қызметтері үшін табыстары тұрақты мекеменің шотына соқпай Қазақстан Республикасынан тысқары жерге аударылса, бұл табыстарға төлем көзінен салық ұсталынады.

Тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші көзделген тәртіщіен тұрақты мекемеге байланысты Қазақстандық көздерден табысы бойынша табыс салығын төлейді.

Қазақстандық көздерден  алынатын табыс дегеніміз мыналар:

- Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды сатудан пайда болатын табыс;

- Қазақстанның тұрақты мекемесі немесе резидентті табысынан сатудан түсетін дивиденттер нысанындағы табыстар;

- Резидендтерден немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар адамнан алынған, егер бұл адамның берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, проценттер нысанындағы табыс;

- Қазақстан Республикасында құқықтар мен мүліктік пайдалану құқығын жүзеге асыр, пайдалану немесе беру кезінде пайда болатын роялти нысанындағы табыс;

- Қазақстанда түрған жылжымайтын мүлікпен алынатын табыс;

- Резиденттің мүлікті сатудан түсірген өзге табыстары;

- Зейнетақы, егер оны резидент төлейтін болса;

- Қазақстан Республикасында сақтандыру немесе тәуекелді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру көлемдері санындағы табыс;

- Қазақстан Республикасымен  басқа мемлекеттер арасындағы  халықаралық байланыста немесе  тасымалдағы телекоммуникациялық  немесе көлік қызметін көрсетуден  алынатын табыс.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздк алған жылдар ішінде Қазақстанның бюджет жүйесі түпкілікті өзгертілді. Инфляциялық процестердің ұстамлығын реттеу, өндіріс өсімін реттеу және мемлекеттік бюджет дифицитін төмендету мақсатында жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1992 жылы бағалардың  ымрашылдануы, 1993 жылы Ұлттық валютаның айналсқа шығуы, жекеменшік құқығын қолдау, инфляциялық процесс осының барлғы соңғы жылдардағы мемлекеттік бюджеттегі өзгешеліктер мінзедемесін алдын-ала айқындайды.

2000 жылы Қазақстанның  мемлекеттік бюджеті 2000 жылы түсімдер  программасында анықталғандай 7,4 пайыз жоғары дәрежеде орындалған. 2000 жылы мемлекеттік бюджетттің тапшылығы 3,3 млрд. теңге сомасында анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш айқын төмендеді және жалпы Ұлттық өнім көлемінің 0,1 пайыз құрады. Сонымен бірге, түсім көлемі (598 млрд. теңге) және шығын көлемі (602 млрд. теңге) жалпы Ұлттық өнімде бірдей үлес - 23 пайыз шамасында құрады. 2001 жылы басында мемлекеттік бюджет кіріс бөлігі шығыс бөлігінен артқаны байқалды. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің берілгендеріне сәйкес 1.07.2001 жыл жағдайда байланысты бюджет профициті 47,5 млрд. теңге сомасында құрылды және ол берілген кезең ішінде жалпы Ұлттық өнім көлемінің 3,3 пайыз құрайды. 2000 жылы кезеңдегі берілгендермен салыстырғанда түсім көлемі 41,1 пайызға көбейіп, 375,1 млрд. теңгені құрады және несиелеу есебінен шығыстар 327,6 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын құрылымындағы сапалы өзгерістер ішінде 1995 жылы салық базасының реттелуімен байланысты болған салық түсімдерінің жоғарлағанын, кәсіпорынның каржылық жағдайының жақсарғанын, кәсіпорынның бюджетпен уақытылы есеп айырысуының дәлелі болып табылады.

Сот тәртібімен не соттан тарату рәсімдерін өткізумен борышкерді банкрот деп жариалауға оның дәрменсіздігі  негіз болып табылады. Дәрменсіз  факторын анықтау кезінде борышкердің орындау мерзімі жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан міндеттемелері ескерілуге тиіс.

Кредиторлардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа  не соттан тыс тарату рәсідерін өткізу туралы қабілетсіздігі негіз болып табылады. Егер борышкер міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамаса, ол төлеуге қабілетсіз деп есептеледі. Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсмдерін өткізу туралы уәкілетті органға арыз беріп өтініш жасауына оның дәрменсіздігі негіз болып табылады.

Әдейі және жалған банкроттық. Әдейі банкроттық - борышкердің мүлкі  иесінің немесе борышкер - заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі.

Жалған банкроттық - кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын  мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көріну өзінің жалған өтініш жасауы.

Борышкер мүлікінің  иесі (ол уәкілдік берген орган), заңды тұлға -борышкердің құрылтайшысы немесе лауазымды адамдарды борышкерді әдейі төлем қабілетсіздігі жеткізгені үшін дәрменсіз борышкер кредиторлар алдында өзіне тиесілі мүлікпен субсидиялық жауапқа тартылады. Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкерді төлем қабілетсіздігіне әдейі жеткізгені үшін оның мүлікінің меншік иесіне шығындарды өтейді.

Егер банкроттықты тану туралы өтінішті борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толык көлемінде қанағаттандыруға мүмкіндігі болған кезде берсе кредиторлар борышкерден осы арқылы келтірілген шығындарды өтеуін талап етуге құқылы.

Заңды тұлғалардан алынатын салық үлесі 31,2 пайызға ұлғайды. Салық түсімдері құрылымында қосылған құн салығының салық үлесі тұрақты әрі жоғары болып табылады және ол 22 пайыз құрайды. Дербес салық жүйесі үшін 14 жыл деген көп мерзім емес. Дегенмен, осы уақыттың ішінде ол жүйе ретінде қалыптасып үлгерді. Сонымен салықты уақтылы төлемеген заңды тұлғаларды банкрот деп тану арқылы салық берешегін өндіріп алу жолдары бар.

Салық кодексіне көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын заңды тұлға, жеке кәсіпкер өтемеген жағдайда, салқ органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құкықтық актілерінен тұрады.

Банкроттықты тану. Банкроттықты борышкердің сотқа берген өтініші негізінде сот белгілейді. Банкроттық кредиторлардың немесе «Банкроттық туралы» Заңмен уәкілдік берілген өзге адамдардың сотқа берген өтініші негізінде мәжбүр етіп белгіленеді. Осы Заңда белгіленген жағдайларда борышкер өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге міндетті. Егер кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында жүз ел айлық есептік көрсеткіштен кем болмаса банкроттық туралы істерді сот қарайды. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 49-бабының 1 -ші тармағында белгіленген тәртіппен тарату туралы шешім қабылданған заңды тұлға мүлкінің құны кридиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болса, мүндай заңды тұлға «Банкроттық туралы «Заңда белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен не соттан тыс тәртіппен таратылуға тиіс.

Мүлікті қайтару және борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану.

Борышкердің өзін банкрот  деп танылғанға дейін не соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданғанға дейін жасаған мәмілелері мынадай жағдайларда:

1. Азаматтық заңдарда көзделген негіздер болғанда;

2. Егер борышкердің жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмілесі банкроттық туралы іс қозғалғаннан не соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бір кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурсты басқарушылардың өтініші бойынша;

З.Заң актілерінде  көзделген өзге негіздер болған кезде  жарамсыз деп танылуға тиіс.

Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі  бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің басталмасына дейінгі екі жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындалуын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларнан едәуір төмен бағалармен не кредитторлардың мүдделеріне нүқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті.

Өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурсты  басқарушы жоғарыда көзделгендерден басқа, заң актілерінде көзделген негіздер бойынша борышкердің мүлкін үшінші тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға жеке азаматтың заңдарда көзделген, борышкердің мүлікін қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.

Мүліктің жоғалуына, бұлінуіне не оны кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты жоғарыда көзделген жағдайларда мүлікті талап ету мүмкін болмаған кезде талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары борышкердің алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде өтеу жөнінде жауапты болады.

Банкроттық туралы істерді  соттар борышкердің заңға сәйкес белгіленетін тұрған жері бойынша қарайды.

Оңалтуды және конкурсты  басқарушылар. Оңалту рәсімін, конкурстық істі жүргізу не соттан тыс тарату рәсімін өткізу кезеңінде банкроттық рәсімдерін, оңалту рәсімін және соттан тыс тарату рәсімін жүзеге асыру  мақсаттарына қол жеткізу үшін дәрменсіз  борышкердің барлық органдары оны басқарудан шеттетіледі және борышкердің мүлкі мен істерін басқару міндеттеріне оңалтуды не конкурсты басқарушыға беріледі. Оңалтуды және конкурсты басқарушы борышкерді басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет етеді.

Оңалтуды, конкурсты басқарушылардң тағайындаудың тәртібімен ережелері, олардың кандидатураларына қойылатын  талаптар олардң күқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақы алуға құқығы, дәрменсіз борышкердің істері мен мүлкін басқару жөндеу өкілеттік көлемі Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңымен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитеті олармен жасасқан келісімімен реттеледі.

Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару  жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды конкурстық басқарушылар болып тағайындалады. Жеке кәсіпкерлердің оның ішінде шаруа қожалықтарынң және табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстеме монополиялық жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем монополиялық жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарьщ субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша тиісті облыс әкімімен келісім бойынша тағайындалады.

Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етіп тағайындауға болмайды:

Информация о работе Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде