Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:03, дипломная работа
Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------
1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,
КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері-----------
2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН
ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------
2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау----------------------------------
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ----------------------------------------------------
3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде--------------------------------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------
- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
- заңдардың, салық салу мәселелері жөніндегі басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу /7,8/;
- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық, заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төленуіне бақылау жасау. Салық төлеушілер мен салық салынатын обьектілердің есебін уақтылы алуы, салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның жәнс басқа құжаттардың, нысандарын әзірлеу.
Салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақытылы төлемеушілерге, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолданылады. Салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды қаржы полициясының бөлімішелерімен біргіп іздестіруді жүзеге асырылады.
Салық салу ісінде салық төлеуші - заңды және жеке тұлғалар өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:
- уақытылы салық Комитетінде тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
- салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп күжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
- белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
- атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
- салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға. ҚР заңдарына сай ҚР-дағы салық төлеушілер мынандай құқықтарға ие:
- салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
- жүргізілген тексерулер актілерімен танысуға;
- салық органдарына салықтарды есептеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актілері жөніндегі түсіндірмелерді ұсыну заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға;
- салық салуға қатыссыз деп саналатын ақпарат пен құжаттарды тапсырмауға күқы бар.
Жалпы мемлекеттегі салық салу ісін жетілдіру үшін салық қызметіне байланысты әртүрлі қағидалар жүзеге асырылуы тиіс, олар қарапайымдылық және салыстыру қағидалары. Қарапайымдылық қағидасы бойынша бюджеттің кіріс көзін құрау және салықтар мен төлемдердің тиімді түсуі дұрыс әрі толық қамтамасыз етіледі. Жалпы салық жүйесі азаматтар үшін қарапайым да айқын болуы қажет, салық төлеушінің түсінуіне жеңіл болуы керек. Бұл үшін салықтардың түрлері аса көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек және белгілі бір салықтың түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет. Салық салу объектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі мейлінше жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс. Салық жүйесінде әділеттілік қағидалары тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
Тікелей әділеттілік қағидалары дегеніміз - салық ставкасы, салық мөлшері, төлеушінің табысына тікелей байланысты болып, соның негізінде белгіленуі қажеттігін қарастырады, салық ставкасының шегі аса жоғары болмағаны жөн, себебі мүндай жағдайда салық төлеушіні табыс табуға ынтасы төмен - деп, табыс азайюы мүмкін, ал бұдан салық та сөзсіз азаяды. Көлденең әділеттілік принципі дегеніміз, тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылу керектігін қарастырады. Салық төлеушілер белгілі бір табыс немесе қызмет түрінен, мүлкінен бірдей мөлшерде салық төлеу тиіс. Салыстыру қағидалары бойынша, салық ставкаларын бекіткен кезде ол ставкалар мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген ставкалармен салыстырылып, солардьң деңгейінде белгіленуі тиімді. Себебі, шектен тыс жоғары ставкалар өндірісті дамытуға емес, керісінше оны тоқтатуға әсер етеді, шетелдік инвесторлардың ынтасын төмендетіп, олардың республика экономикасына қаржыларын салуына л кедергі болуы мүмкін. Ал, салық ставкаларының басқа елдерде қолданалып жүрген ставкалардан едәуір төмен болуы, алдымен, мемлекет бюджетінің кіріс көзінің құралуына теріс ықпал жасауы ықтимал. Қорыта айтқанда салық төлеу мерзімі, әдісі, салық мөлшері салық төлеушіге айқын да, дәлелді болуы керек. Салық төлеу мерзімі, салықты есептеу әдісі, төлеу тәртібі салық төлеушіге барынша ыңғайлы болғаны қолайлы.
Салық салудың үш түрлі тәсілі бар: касдатрлық, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табыс табу көзінен. Кадастрлық тәсіл бойынша салық салу объектісін тіркеу арқылы, одан түсетін табыстың нақты мөлшеріне байланыссыз алынады. Мысалы: жер салығы, мүлік салығы, сияқты салықтар.
Декларация бойынша салық, салық төлеушінің декларацияларда көрсеткен табыс көлеміне байланысты және онда көрсетілген шегерістер мен жеңілдіктерді ескере отырып анықталады.
Үшінші тәсіл, яғни табыс көзі бойынша салық, салық төлеуші қызмет ететін жұмыс орнындағы бухгалтерия қызметкерлерінің есептеуімен анықталып төленеді. Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығын салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Ел экономикасында бұрын болмаған жаңа ірі құбылыстар накты жүзеге асырылуда, оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі, меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі, шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың, бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи қадам болып есептеледі.
Осы бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын бекітілді.
Салық туралы қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: жалпы мемлекеттік салықтар; міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Салықтар негізін пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тағы да басқа салықтардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.
Салық немесе ағымдағы төлемдер бюджет кірісіне белгіленген мерзімде төленбесе оны төлеушілердің немесе олардың дебиторлорының шоттарынан салық айыппұл және өсім жөнінде пайда болған берешек шегінде, егер салық төлеуші немесе оның дебиторлары осы берешекті төлеуге келісетін болса, өндіріп алынады.
Салықтар, айыппұл немесе өсім түріндегі берешектердің төленуін қамтамасыз ету үшін салық қызметі органдары салық төлеуші мен оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда, салық төлеушінің мүлкін тәркілеуге құқылы. Берешек өтелген жағдайда мүлікті тәркілеу туралы шешім жойылады. Жаңа салық жүйесіндегі негізгі жаңалықтардың әрбірі халықаралық салық салудың тәртібін енгізу болып табылады.
Аталып отырған жаңа салық жүйесі туралы заң өмір талабына сай, одан әрі қарай өзгеріп, дамуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылдың 21-желтоқсанында қабылданған Заң күші бар «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы 1996 жылдың 1-қаңтарынан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді.
Енгізген өзгерістер мен толықтырулардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
- салық салынбайтын минимумды анықтауда, ең төменгі жалақы орнына есептік көрсеткіш енгізілген;
- арнайы экономикалық аймақтарда тіркеліп, қызмет жасайтын заңды тұлғалар, табыс салығын 20 проценттік ставка бойынша төлейтін болады;
- заңды тұлғалардың жалақыға жұмсалатын шығындары шектеліп, белгіленген нормадан асқан жалақы жұмсалған шығындарға салық салынады;
- жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы Қазақстан Үкіметі мен келсімге тұрар алдында Бас салық комитетінде салықтық зерттелуден өтулері тиіс.
Біз тек енгізілген өзгерістердің басты-бастыларын атап кеттік. Ал барлық өзгеріс, толықтырулармен жоғарыда көрсетілген құжат арқылы кеңірек танысуға болады.
Салық жүйесінің бір орнында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикалық дамыған елдердің тәжіриберелін талдап-жиынтықтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс. Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатыны сөзсіз. Жаңа салық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасындағы салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетелдік дамыған және озық үлгілерді жинақтай отырып, өзіндік жүйелі бағыттарға сай қызмет етуде. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген шектен тыс қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған салықтық ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады [10]:
а) егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б) егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті, мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі - фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл кызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы ырқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өніміндегі салықтардың үлес салмағы көбірек болып отыр, яғни экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды. Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
- салық салу объектісіне байланысты;
- қолданылуына қарай;
- салық салу органына байланысты;
- экономикалық ерекшелігіне байланысты;
- салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді. Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады. Жалпы салықтар заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, т. б. Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын-ала белгіленген міндеттер бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмсалады. Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мына салықтар кіреді: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, т. б. Ал тұтынуға салынатын салықты, салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан төлейді. Дербес салықтар салық төлеушінің салық төлейтін объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы жатады.
Мемлекеттік бюджет жүйесіндегі салықтардың экономикалық мәні -мемлекеттік бюджет жүйесінің кіріс бөлігіндегі қаржылық түсімдердің деңгейі арқылы көрінеді. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық функцияларын толық жүзеге асыру үшін мемлекеттік қаржыны қажетсінеді. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі — өзінің құрамы жағынан бірнеше құрамдас бөліктерден тұратын күрделі үлгі.
Салық жүйесі құрамдас бөліктерінің құрамы мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т. б. салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсы да, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Салық салу механизмі әр мемлекеттің өз ішкі экономикалық және құрылымдық жағдайына байланысты ерешеленеді. Европалық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдерде салық салу жүйесі өте күрделі болып келеді. Бір салықтың әртүрлі мемлекеттердегі рөлі де әртүрлі болып келеді. Мысалы, Франция мемлекетінің бюджетінің кіріс көзінде жанама салықтар 62% алады, ал Нидерланд мемлекетінде ол тк 41% алады. Европада ең негізгі салықтардың қатарына пайда салықтары жатады /5/. Бұл салықтардың ставкілернің көлемі 10%-тен 52%-ке дейін тараған. Мысалы, Ұлыбритания мемлекетінде ставканың прогрессивті әдісі пайда көлеміне қарай 25-тен 35%-ке дейін қолданылады.
Информация о работе Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде