Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------

1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,
КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері-----------

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН
ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------

2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау----------------------------------
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ----------------------------------------------------

3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде--------------------------------------------------


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------

Работа содержит 1 файл

Дип.-Салық-салу-ісі-кәсіпорындардың-бюджетпен-қатынасы-ретінде.doc

— 2.39 Мб (Скачать)

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ПІКІРІ

 

Студент _______________________________________________________

Салық салу ісі – кәсіпорындардың  бюджетпен қатынасы ретінде тақырыбында  жазылған диплом жұмысы кіріспеден, Үш негізгі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады. Диплом жұмысында кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарының реті, оның ішінде корпаративті табыс салығының алыну ерекшеліктері талданып, салық төлеу ісіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық іс - әрекеттері жан – жақты зерттелген. Сонымен қатар шет елдік салық жүйесі туралы мәліметтерді пайдалана отырып шет елдің салық жүйесінің рекшеліктері, шет елдік кәсіпорындар мен ұйымдарға салық салудың тәтібі туралы зерттеулер жүргізілген. Жалпы дипломдық жұмыс қойылған барлық талаптарға сай келеді және жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін.             

 

Жетекші___________________________

«____»_______________200__ж

 

КАФЕДРАНЫҢ  ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ    

 

Диплом жұмысы қаралды  және студент________________________________

__________________________________________________________________ 

 

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

Бітірушінің дипломдық жұмысына ________________________________

Жұмыстың тақырыбы Салық салу ісі  – кәсіпорындардың бюджетпен  қатынасы ретінде.

 

Пікірдің мазмұны Студент ________________________________«Салық салу ісі кәсіпорындардың бюджетпен қатынасы ретінде» тақырыбына диплом жұмысын жазды. Диплом жұмысы 3 нгізгі бөлімнен кіріспеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Дипломдық жұмыста ҚР-ның қазіргі жағдайындағы кәсіпорылдар  мен ұйымдарға салық салудың қажеттіліктері, тәртібі және маңызы көрсетіліп, олардың бюджетке төлейтін салықтарына әртүрлі талдаулар жасалынған. Жалпы нарыққа өту жағдайындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарына салынатын салықтардың мәселелі жақтары да қарастырылған. Диплом жұмысы жалпы дипломдық жұмыстарды жазу талаптары мен міндеттеріне жауап береді, сондықтан да осы жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін.

 

 

 

 

Пікір білдіруші  э.ғ.к.           Құралбаева А.Ш.

         


 
МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------   

 

1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ  МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,

КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ

ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------        

1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------

1.2 Салық жүйесіндегі  кәсіпорын қызметінің маңызы  мен кәсіпорындардың салықтық  міндеттемелері-----------

 

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ  ЖҮЙЕСІНДЕГІ

ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН

ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------

 

2.1 Кәсіпорындардың бюджет  жүйесіндегі негізгі қаржылық  қызметтерін талдау----------------------------------

2.2 Кәсіпорындар мен  ұйымдардың бюджетке төлейтін  салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------

 

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН  СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ  БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ  НЕГІЗГІ ЖОЛЫ---------------------------------------------------- 

 

3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын  стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде-------------------------------------------------- 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------- 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------

3

 

 

 

5

 

 

5

 

15

 

 

21

 

 

21

 

45

 

 

 

 

66

 

 

 

66

 

 

70

 

72


 

 
Кіріспе

 

Бюджетке әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардан төленетін салық түсімдерінің нарықты экономика жағдайындағы маңызы ерекше. Кәсіпорындар әртүрлі салалар бойынша өнімдерді өндіріп, қызметтерді көрсетумен қатар мемлекеттік бюджетке салықтар төлеу арқылы мемлекет қаржысының көлемінің артуына маңызды үлес қосады. Сондықтан да әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор /2,3/. Өйткені, кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарына тікелей әсер етеді. Белгілі уақыт мезетіндегі ағымдағы қаржы нәтижелерін көрсетудің маңызды белгісі ол - кәсіпорын табысы болып табылады. Пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәліметтер кәсіпорындардың салықтық және қаржылық есептерінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Табыс кәсіпорын қызметінде маңызды мәселелелердің бірі, яғни кәсіпорынның табыстылығы өзін-өзі қаржыландыру, ұдайы өндіру, еңбек ұжымдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын табысының есебінен мемлекеттік бюджет, яғни салық органдарының және басқа да кәсіпорындар, субъектілер алдындағы міндеттемелер орындалып отырады. Сондықтан да табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік қаржы қызметтерін бағалаудағы, корпоративті табыс көлемінің артуындағы аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорындардың іскерлігінің және қаржы тұрақтылығының дәрежесін сипаттайды. Табыстылық көрсеткіштері арқылы авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейі және кәсіпорын активтеріне салымдардың тиімділігі анықталады. Жалпы салықтық қатынастар тауар-ақша қатынастарынан маңызды ерекшеленіп отырып, кәсіпорындармен тікелей ақша қатынастарын орнатады, және мемлекеттің салық қызметі үшін кәсіпорындардың қаржылық жағдайының жақсы болуы және салықтық міндеттемелерінен уақытында әрі толық құтылуы бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы өте өзекті мәселе /3/. Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты рөл атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Сондықтан мемлекет алдында салық механизмін жетілдіру өте қажетті мәселеге айналған.

Салықтар өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына  өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады, яғни өндірістің дұрыс әрі толық дамуын қамтамасыз ету. Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағфн және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Макро деңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей бүкіл дамыған мемлекеттердегі салықтық реттеу - несие-қаржылық реттеумен бірігіп отырып нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуы арқылы мемлекеттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады.

Қазақстанда 1991 жылға  дейін экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл  жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік  реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс  көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болағаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді, содан бері салық қызметі үнемі жетілдіріліп отыр.

Қәзір Қазақстанда кәсіпкерлік қозғалысын дамытуды және шағын бизнестің өсуіне қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу рәсімін оңайлатуға бағытталған бірқатар шаралар көзделген.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1999-2004 жылдардағы соңғы кездерде бюджет табыстары табыстардың орындалуы болжамдалған жоспарларынан артық. Жылдан жылға табыстардың орындалуы экономикалық жағдайымыздың өркендеуінің көрсеткіші. Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі.

Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.

 

1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ MEH МАҢЫЗЫ, КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІН ДЕП САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ

 

1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері

 

Салықтар дегеніміз- мемлекеттік  бюджетке заңды және жеке тұлғалардан  белгілі бір мөлшерде төленетін  міндетті төлемдер.

Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы қатынасын мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын күрделі экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада; салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен кәсіпорындардың, халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді /5,7/ Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу  үшін белгілі бір мөлшерде қаржы  көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Жалпы салықтың мынадай  негізгі қызметтері (функциялары) бар:

- реттеушілік;

- фискалдық;

- қайта бөлу.

Жоғарыда көрсетілген  негізгі қызметтерімен қатар  салықтардың қосымша ынталандыру, бақылау қызметтерін де атап көрсетуге  болады.

Реттеушілік қызметі - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын  тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.

Салық субьекті (салық төлеуші) дегеніміз - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

Салық объектісі —  табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналымы және т. б.

Салық көзі - салық салынатын  табыс. Салық ставкалары тұрақты немесе процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкілер салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады. Процентік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.

Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне  сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады. Жалпы салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын салық салынбайтын төменгі мөлшер, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. Ал салық төлеу мерзімі -салық төленетін уақыт,

Салық төлеу тәртібі - белгіленген  мерзімде салықты төленген кезде  алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді. Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де, мынадай тәртіппен іске асырады:

а) бірінші кезеңде барлық реттеулікке салынатын салық төленеді, сонан соң акциздер және баж салығы;

ә) екінші кезеңде жерлікті салықтар мен алымдар;

б) үшінші кезеңде басқа салықтар мен алымдар.

Салық төлеушілер мен салық қызметі  органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі. Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады:

Қазақстан Республикасының салық  қатынастарын реттейін Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Салық комитетінің нормативтік актілері. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелер белгіленген болса, онда аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шартты қолдану шартын ішкі республикалық акт шығару қажеттігі шарттың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар салық қатынастарына тікелей қолданылады. Салық салу ісі Қазақстан Республикасы Салық комитеті және облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық Комитеттері мен бөлімдері арқылы жүзеге асырылады. Салық қызметін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті, ал оның орынбасарлары және салық басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Салық салу ісінде салық қызметі органдары орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемлекеттік өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруға міндетті. Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

Информация о работе Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде