Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.

Содержание

Кіріспе

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар

Қортынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

диплом патология.docx

— 163.55 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасында 2011 жылы «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде, мүдделі министрліктер мен ведомстволар, ҮЕҰ және БАҚ-ның қолдауымен пресс-конференциялар, конкурстар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Мұнда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әлеуметтік маңызды аурулардың алдын-алу, шылым шегумен, ішімдікке салынумен, нашақорлықпен күресу, сонымен қатар спорттық-мәдени іс-шаралар, спартакиадалар ұйымдастырылды.  

Бүгінгі күні 664 мың балалар мен жасөспірімдер  қатысатын 23 мың спорттық секциялар  жұмыс жасайды, олардың жалпы  білім беретін мектептердің санынан 21%-ды құрайды. 

Жалпы алғанда 2010-2011 оқу жылындағы спротпен айналысатын  балалар санының артуы  379 783 адамды немесе 1,7%-ды құрап отыр.

Сонымен қатар, балалардың салауатты өмір салтын ұстану мүгедек балалар арасында да жоғары деңгейге ие болып отыр. «Спешиал Олимпикс Казахстан» Қоғамдық Бірлестігі мен  білім және ғылым Минстрлігінің  жылсайынғы жоспарына сай, мүгедек  балалар мен ақыл-ой дамуы артта  қалған балалар арасында спорттық іс-шаралар  өткізіледі. 

Қазақстанның  Спешиал Олимпикс құрама командасы  Япониядағы VIII Бүкіләлемдік қыстық арнайы олимпиадалық ойындарда бірінші және екінші орындарға ие болды [33].  

Жоғарыда  аталған іс-шаралардың барлығы еліміздің  жарқын болашағын қамтамасыз ету  мақсатында жүргізіліп отырған жұмыстар десек қателеспеген болар едік. Себебі, салауатты өмір салты қазіргі  қоғамда өте маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселені біз  ең алдымен өскелең ұрпаққа, жасөспірімдерге насихаттауымыз және әртүрлі әлеуметтік маңызды бағдарламалар арқылы олардың санасына түйуіміз қажет. Сол арқылы біз, балалар мүгедектігінің  алдын-алған болар едік және де қоғамдағы туа пайда болған мүгедек балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу мен оларды қолдау жұмыстарын жүргізуге тиіспіз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары

 

Мүгедектілік  – маңызды әлеуметтік проблема, оны әрбір қоғам шешуіне тура келеді. Мүгедектілік масштабы әрбір  елде көптеген факторларға байланысты болады, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, саяси оның бәрі де мемлекеттің әлеуметтік саясатының қалыптасуы үшін негіз болады. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар халықтың 3% құрайды екен. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылады және де әлеуметтік саясаттың мақсаты - адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қорғау болып табылады. Мүгедектерге қатысты саясат олардың экономикалық және қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған [6; 11-13 бб.].

Мүмкіндігі  шектеулі адамдардың мәселесі мен оларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың өзектілігі оның масштабтылығымен негізделеді. БҰҰ  деректері бойынша дүние жүзінде  мүгедектер 600 млн. адамды немесе халықтың 10% құрайды. Олардың ішінде 385 млн. еңбекке қабілетті жастағылар. Соңғы 30 жылдың ішінде дүние жүзінде мүгедектерге қатысты саясатты қарастыратын механизмдер мен тұрақты тенденциялар қалыптасты, түрлі елдер үкіметтерінің бұл әлеуметтік топтың мәселелерін шешуде арнайы әдістер жасаудағы қолдау көрсету және мүмкіндігі шектелген адамдарға аталған саясатты анықтау мен жүзеге асыруда мемлекеттік және қоғамдық институттарға қөмек көрсету. Мүгедектік мәселесін шешуге деген бірқатар көзқарастар белсенді түрде жүзеге асуда. Халықаралық деңгейде бұл жұмыс адам құқығын қорғау бойынша комиссиямен және БҰҰ Декларациясы, мүгедектер құқығы туралы БҰҰ Декларациясы, мүгедектерді қорғаудың Бүкіл әлемдік іс-әрекеттік бағдарламасы, 2010-2011 жылдар аралығында Алматы қаласындағы мүгедектерді реабилитациялау бағдарламасы қабылданған.

Мүмкіндігі  шектеулі адамдар, тек алдында кедергі тұрған кезде ғана мүгедек болып табылады. Бұл - заңдық, әлеуметтік және экономикалық кедергілер. Олар болмаған кезде мүгедектер қоғамның толыққанды азаматтары бола алады. Осыған орай, Алматы қаласында «Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру жағдайы мен жетістіктері» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.  Онда БҰҰ-ның өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік қорғау мен еңбек Министрлігінің, ҚР статистика агенттігінің, ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты. Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Қазақстандағы мүгедектердің құқығын әлеуметтік қорғауды жетілдіру мен қазіргі жағдайын талқылау болды.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 34 000 мүгедек бар, соның ішінде 2000 балалар болып отыр. Қалада мұндай адамдарды тіркеу үшін, адрестік көмек пен жәрдемақы төлеу жүйесі құрылған. 2005 жылдан бастап 1000-нан астам мүгедек балалар жеке көмек көрсетушілермен қамтамасыз етілген және баспана жағдайы жасартылған. 2,5 мыңнан астам жалғызбасты мүгедек зейнеткерлер  аудандық әкімшілік тарапынан әлеуметтік көмекке ие болып отыр [23; 4-5 бб.].

Әрбір елде еңбекке қабілетсіз адамдар мемлекеттің  қамсыздандыруының пәнін құрайды, олар өз кезегінде өздерінің қызметтерінің  басты бұрышына әлеуметтік саясатты қояды. Қарт адамдар мен мүгедектерге қатысты мемлекеттің негізгі қамсыздандыру жұмысы оларды материалдық қолдау болып табылады. Алайда еңбекке қабілетсіз адамдар тек қана материалдық қолдауға мұқтаж болмайды. Оларға әрекеттік физикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық және басқа көмек көрсету маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкердің міндеті осы ақпараттарды меңгеру және де өздері қызмет көрсететін тұлғаға жеткізу, оларды хабардар еткізу және қажет болған жағдайда заң бойынша оларға тиісті жеңілдіктерді пайдалануға көмек көрсету маңызды рөл атқарады. Белгілі-бір дәрежеде әлеуметтік қызметкерлер мүгедектер мен қарт адамдарға қатысты құқықтық жүйенің негіздерін меңгеруі қажет [31].

Осы ретте  Алматы қалалық мүгедектер қоғамының (АҚМҚ) іс-тәжрибесі қызығарлықтай  және де ол бірлестігі болып табылады. Онда әртүрлі санаттағы 45 мың мүгедектің мүдделері сақталады: естуі, көруі, тірек қозғаушы аппаратының бұзылулары бар, жалпы аурулары бар, бала жастағы, еңбек мүгедектері, қарулы күштер және локалдық әскерлерінің мүгедектері, Чернобылдың, мүгедек балалар, мүгедек әйелдер  және т.б.

АҚМҚ инциативасы  бойынша Алматы қаласының Әкімінде мүгедектердің құқықтары мен  мүдделерін қорғау бойынша координациялық кеңес құрылған, ол қала әкіміне  барлық өмірлік қызмет салаларында мүгедектердің мәселелері бойынша ұсыныстарды жасайды және береді олар яғни; әлеуметтік қорғау, жұмысқа тұрғызу жұмыспен қамту, білім беру, ғылым, техника, мәдениет, спорт және т.б. болып табылады.

АҚМҚ және координациялық кеңес инциативасы  бойынша 2003-2005 ж.ж Алматы қалалық  мүгедектерін оңалтудың (реабилитациялық) кешенді мақсаттың бағдарламасы жасалған. Сол уақыттан бері бұл бағдарлама толықтырулар мен өзгертулер енгізілу арқылы жұмыс жасап келеді.

АҚМҚ қатысуымен Алматы қаласында барлық әлеуметтік маңызды шаралар жүргізіліп тұрады. Мысалы, жаңа жылды тойлау, Наурыз көктем мерекесін атап өту, балаларды қорғау күні, 8 Наурыз және т.б. Сондай- ақ көптеген спорттық сайыстар да жүріп тұрады. Алматы қаласының мүгедек спортшылар командасы Республиканың чемпионаттар, спортакиядалар, олимпиадалық ойындарының және халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері де болып табылады.

Қазақстан Республикасының мүгедектік мәселесін талдайтын болсақ, Республика бойынша 386,2 мың мүгедек адамдар тұрады, оның ішінде мүгедек әйелдер 24 мың, мүгедек балалар 16 жасқа дейінгі 49,8 мың, бала жасынан мүгедектер 58,8 мың және т.б. Бұл сандық деректер мүгедектіліктің ары қарайғы өсуі, дені сау халықтың әлеуметтік өсімінің төмендеуі республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының төмендеуі сияқты қауіп төндіруі мүмкін деген қорытынды жасауға итермелейді.

Еңбекке қабілетті  халық арасындағы мүгедектіліктің  дамуын әлеуметтік және экономикалық факторлар әсер етеді: жұмысыздық, медициналық  қызметтің жоғарғы құны және т.б.

Мүгедектілік  мәселесіндегі ең осал жері ол мүгедек балалардың және олардың жанұяларының әлеуметтік мәселелері.

Бұрындары дәстүрлі түрде мүгедек адамдар еңбек  ететін көптеген кәсіпорындар жабылып  қалған. Олар үшін жаңадан жұмыс  орындары ашылмауда. Кәсіпорын әкімшілігі әртүрлі себептермен мүгедек  адамдарды жұмыстан шығарып жатады, өйткені еңбек нарығында еңбекке қабілетті адамдар жағынан ұсыныстар өте көп екені мәлім.

Мүгедектер  үшін бос орындар өте сирек  беріледі. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру  үшін жұмыс орындарын есепке алудың жүйелігі жоқ. Осыған байланысты мүгедектер үшін оларды есепке алуды ұйымдастыру  түріндегі жұмыс орындарының  банкін ашу қажет.

Мүгедектерге  әлеуметтік қолдау көрсету шаралары Қазақстан Республикасының 1999ж. 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғау» туралы, 1997ж. 16 маусымдағы «Мүгедектілік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар» туралы 1999ж. 5 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» туралы заңдармен және басқа да заңдылық актілермен жүзеге асырылады.

Мүгедектерге  әлеуметтік көмек беру жәрдемақы  протезді-ортопедиялық бұйымдармен  және аяқ киімдермен қамту, арнайы шрифтпен жазылған баспа бұйымдарымен, даусын күшейту аппараттарымен және сигнализаторлар мен компенсаторлық техника құралдарымен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының  барлық мүгедектері мүгедектілік бойынша  мемлекеттен жәрдемақылар алады. Жалпы аурулар бойынша, еңбектік зақымдану, кәсіби аурулар, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы аз мөлшерде төленеді.

1999 ж. 1 сәуірінен басқа жәрдемақы түрлеріне байланыссыз, 1,2 және 3 топтағы жалпы аурулардан, еңбектік зақымданудан, кәсіби аурулардан, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жатқызылатын тұлғаларға үй-жай (коммуналдық) қызметтерінің жылу, үйді жарықтандыру шығынын төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар төленеді.

Жергілікті  өкілді және атқарушы органдар сәйкесінше бюджеттік қорлар есебінен өздерінің  қызметтік құзыры шегінде былай  белгілейді: тұтыну бағдарламалары индексінің өсуіне сәйкес мемлекеттің әлеуметтік жәрдемақыларға қосымшалар; сыртқы көмекті  қажет ететін жалғызбасты мүгедектерге қараудың мемлекеттік жәрдемақыларына қосымша төлемдер; санаториялы-курорттық емделу бойынша жеңілдіктер.

Жергілікті  өкілді және атқарушы органдар мүгедектердің  айрықша қажеттіктерін қанағаттандыруға және олардың өмірлік деңгейін өз бюджетінің есебінен арттыруға бағытталған  басқа да шешімдерді қабылдайды.

 Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. 2008-2010 жылдарға есептелген мүгедектерді реабилитациялау Бағдарламасының шеңберінде медико- әлеуметтік экспертиза қызметі қайта құрылды, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері, әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлық мекемелерінің жүйесі кеңейтілді, мүгедектерге берілетін техника көмекші құралдарының сапасы жақсарып, көлемі өсті, мүгедектерге инфрақұрылымды пайдалануды қамтамасыз ету шаралары қарастырылды.

Соңғы жылдары  реабилитация идеологиясы маңызды эволюцияны басынан өткерді. Егер де 1940 жылдары созылмалы аурулар мен мүгедектерге қатысты саясаттың негізінде оларды қорғау мен күтім ғана болса, 1950 жылдардан бастап аурулар мен мүгедектерді қарапайым қоғамға интеграциялау тұжырымдамасы дами бастайды, ерекше көзқарас оларды оқыту мен оларға техникалық көмекші құралдарды алуға негізделді. 1970-80 жж. аурулар мен мүгедектердің қажеттіліктеріне қоршаған ортаны максималды адаптация идеясы туындайды, жан-жақты заңды түрде мүгедектерге білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер мен еңбек қызметімен қамтамасыз ету салаларында қолдау көрсетіледі. Реабилитация жүйесі көп жағдайда қоғамның экономикалық дамуына байланысты болады [34].

Әртүрлі елдердегі  реабилитация жүйесінің айырмашылықтарына қарамастан бұл саладағы халықаралық бірлестік кеңейе дамуда, мүмкіндігі шектеулі адамдардың координацияланған бағдарламасын халықаралық жоспарлау мен жүзеге асыру сұрағы жиі қозғалып отырады. Осылай 1983 жылдан 1992 жылдар аралығында БҰҰ Мүгедектердің интеграциялық декадасы деп жарияланады, 1993 БҰҰ Бас ассамблеясы БҰҰ-на мүше елдерде мүгедектердің құқығын қорғауда негізгі құрал болатын «Мүгедектердің қабілеттерін басқарудағы стандартты ережелерді» қабылдайды. Ақырындап болып отырған қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге байланысты медициналық реабилитацияның ғылыми-тәжірбиелік міндеттері мен идеясының трансформациясы болуы тиіс.

Медициналық реабилитацияның жалпы көрсеткіштері реабилитациядағы мүгедектіктің алдын-алу бойынша комитет сарапшыларының баяндамасында көрсетілген. Оларға функционалды қабілеттердің маңызды төмендеуі, оқуға деген қабілеттің төмендеуі, сыртқы орта әсеріне енуі, әлеуметтік қатынасының бұзылуы, еңбек қатынастарының бұзылуы жатады.

Мүгедектерді  әлеуметтік реабилитациялау мүгедектердің өмірлік қызмет шектеулерін жеңу әлеуметтік мәртебесін қалыптастыру олардың әлеуметтік тұрмыстық және  қоршаған ортаның адаптациясына арналған жағдайлар жасауға бағытталған шаралар кешені. Ол өзіне мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру, оларға керекті әлеуметтік қызметтерді беру, оларды техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізумен қамсыздандыру, ақпараттық ортаны қолдануда теңдей мүмкіндіктер жасау материалды және әлеуметтік-психолологиялық қолдау көрсету және т.б. қамтиды [7; 81 б.].

Бала мүгедектерге типтік медико-әлеуметтік мекемелер  есебінде әлеуметтік-тұрмыстық көмек  көрсету проблемасы өзекті болып  қалуда.

Мүгедектерге  әлеуметтік инфрақұрылымдарға, соның ішінде тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіп мекемелері, жол көлігі, мәдени ұйымдар мен спорттық құрылыстарға кедергісіз қол жеткізу түсінігі мүгедектер өмірінде маңызды өзгерістер алып келеді. Қазақстанда мүгедектер ақпараттық ортаға жеткілікті мөлшерде қол жеткізе алмайды. Естуі мен көруі бойынша мүгедектерге радио мен теледидардағы ақпараттық және әдеби бағдарламалардың үлкен бөлігі кітапханалар арнайы шрифт қолданылатын әдебиеттер мен қамтамасыз етілмеген.

Информация о работе Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі