Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.

Содержание

Кіріспе

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар

Қортынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

диплом патология.docx

— 163.55 Кб (Скачать)

2. Мүгедектіліктің медициналық моделі (немесе «әкімшілік модель») – адамдардың арасындағы физикалық және психологиялық айырмашылықтарды патологиялық ауытқулар мен дефекттер терминдерінде қарастырады.

Мүгедектілікпен байланысты барлық мәселелер адам ағзасының функционалды ерекшеліктерін терминдер арқылы көрсетті.

Осы модельге сәйкес адамның қоғамдық толыққанды мүшесі бола алмауы адамдарда дефектілердің  болуының нәтижесі ретінде қарастырылды.

Медициналық модельдің айрықша белгісі ол мүмкіндігі шектеулі адамдарды өз-өзіне  қарай алмайтын, еңбек ете алмайтын, күтімді қажет ететіндер ретінде  және қоғамға қауіпті болуы мүмкін ретінде де қарастырылады.

Мүгедектерге  барлық проблемалардың шешімі медициналық  модельде ағзасының зақымдалуына байланысты мүгедектерге түрлі компенсацияларға негізделді. Олар үшін оқшауланған арнайы интернаттар мен коррекциялық мектептер құрылды.

Мұндай көзқарас мүмкіндіктері шектеулі адамдарға төменгі әлеуметтік мәртебені бекітті және олардың тәуелділігіне, сенімсіздігіне қатысты әлеуметтік стереотиптерді күшейтті. Мұнда мүгедектер әлеуметтік саясаттың субъектісі емес объектісі ретінде қарастырылды.

Бұрынғы кезде  басшылық еткен мүгедектіктің медициналық  моделі мүгедектікті адам ағзасының  қызметінің бұзылуы деп, ал адамды енжарлы  дәрігер кәсіпқойларға толық  тәуелді деп қарастырды. Реабилитация тек еңбек мүмкіндіктерін қалпына  келтіру жағынан ғана қарастырылады. Қоғамдық санада «мүгедектік» пен «еңбекке қабілетсіздік» тең мағыналы термин ретінде қабылданды. Осындай амалды жоққа шығару қажеттігі «мүгедектіктің әлеуметтік моделі» деген түсініктің пайда болуына алып келді. Мәселені қарастырудың мұндай аспектісі нормативті құжаттармен саналған бұзылымдар мен патологиядан аурулардың шарасыз шектелген тізімінен шықпайды, осы қоғам үшін үйреншікті сипат пен деңгейдің әлеуметтік қызмет етуге қабілеттілігін жоғалу деңгейінен және бар болу шартынан шығады. Мүгедектікке байланысты проблемаларды шешу біріншіден функционалды бұзылымдары бар адамдарға көмек көрсету арқылы, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер жүйесін құру арқылы жүргізіледі [19; 291-294 бб.].

Мүгедек балалар  үшін мамандандырылған оқу орындары да медициналық модельдің бейнесі  болып табылады.

3. Реабилитациялық модель.

Бұл модель мүгедектердің басты мәселесін, медициналық емдеу мен реабилитацияны қажет ететін, ауру, «қалыпты емес» дененің немесе психиканың болуы және оның мақсаты пайда болған функционалды ауытқуларды жою немесе компенсациялау болып табылады.

Жұмыспен  қамту мен мемлекеттік қызмет сияқты әлеуметтік институттар ең алдымен, сау адамдар үшін құрылған. Қалыпты  өмірінің бейнесі ретіндегі жұмысқа  көптеген мүгедектерге қол жеткізу  қиын. Осы институттарды барлық адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеудің орнына қоғам басқа жолмен жүріп, мүгедектерді арнайы құрылған паралельді кеңістікке шектетті. Мүгедектерге арналған «арнайы» жұмыс орындары беделінің төмендігімен және жалақының аздығымен сипатталады.

Реабилитациялық модельдің мәні мүгедекті қоғамға бейімдеу, адаптациялау. Мүгедектердің реабилитациялық және медициналық модельдері өзара ұқсас. Бұл модель бойынша денсаулығындағы кемшіліктері бар адамдар мүгедек болып табылады. Сонымен бірге реабилитациялық модель мүгедектікті функционалдық шектеу, яғни мүгедекті дені сау адамдар ортасында өзінің қызметін орындай алмайтын адам ретінде қарастырады.

4. Экономикалық модель. Негіз ретінде мүгедектіліктің медициналық анықтамасы алынатын қоғамның түрлі қабаттарының арасындағы табыстарды бөлуді қарастырады, яғни дені сау адамдарға қарағанда мүгедектер «аз ауыртпалықпен» жұмыс істеуі керек. Олай болса оларды өнімділік деңгейі төмен және экономикалық тұрғыдан аз пайда әкеледі.

Мүгедектіліктің экономикалық моделінің ықпалы мүгедектілік еңбекке қабілетсіздік ретінде  қарастырылып, мүгедектердің еңбек  ету түрлеріне шектеу қойылғанда көрініс табады.

Егер индивид  денсаулығының тұрақты ауытқуларына қарамастан еңбектің өнімділігінің  нормаларына сай келсе, оның мүгедектілігі заң жүзінде «алынып тастауы» мүмкін. Экономикалық модель бойынша қоғамның әртүрлі қабаттарында табыс тең мөлшерде таратылуы тиіс, мүгедектікті медицина негізінде анықтайды. Сол себептен мүгедектер дені сау адамдарға қарағанда жеңіл жұмыстарды орындайды, яғни экономикалық өндірістік тұрғыдан олар кем болып саналады.

5. Әлеуметтік модель. Мүгедектіліктің постдәстүрлі моделі мүмкіндіктері шектеулі адамдардың «кемшіліктеріне емес», мүгедек пен қоршаған ортаның, жалпы қоғамның арасындағы қарқынды өзара әрекеттестікке мән берді. Бұл парадигма мүгедектіктің бірқатар әлеуметтік модельдерінен тұрады, олар шартты түрде британдық және американдық модельдер болып бөлінген.

Мүгедектіктің британдық моделі. Британдық материалистік модель           К.Маркс ілімінен шығатын мүгедектіктің әлеуметтік моделі болып табылады, әдістемелік база ретінде марксистік социология пайдаланады. Мүгедектіктің матералистік моделінің негізгі элементтері:

а) мүмкіндіктері шектеулі адамдар жабырқаулы (рухы түскен) әлеуметтік топ болып табылады дейді;

б) адамдар ие болатын зақымдау мен адамдар түйісетін жабырқаушылық арасына айырмашылық қояды;

в) мүгедектікті мүгедектер сезінетін жабырқаушылық деп анықтайды.

Мүгедектер  не үшін әлеуметтік «жеңілгендер» болатындығына  марксизм политэкономиясы түсінік  береді. Осы нұсқауға сәйкес мүгедектер кез болатын жабырқаушылық капитализмнің  экономикалық және әлеуметтік құрылымынан  шығады. Қоғамның ұйымдасуының өзі  мүгедектердің институтционалды сепарациясын, яғни олардың жаппай дискриминациясын  жетілдіруді өзі шығарады.

Бұл модельде қоғам өзінің әлеуметтік институттарымен  денсаулығында проблемасы бар адамдардан мүгедекті жасаушы ретінде көрсеткен.

«Мүгедектік»  категориясын шығарудағы басты рөл  экономикада. Себебі, капиталистік өндірістің негізгі мақсаты - пайда алу болып табылғандықтан, оларды мүгедектер деп анықтай отырып, денсаулығы бұзылған адамдардың баяу және аз нәтижелі қарқындағы жұмысына қызығушылық білдірмейді. Яғни, олар қоғамның экономикасына елеулі үлес қоса алмайды.

Дербес өмірдің  британдық моделі нормализация (қалыптанған) және әлеуметтік валоризация теориясынан  шығады. Бұл модель Ұлыбритания, Швеция, АҚШ сияқты батыс мемлекеттерінде  мүгедектік саласында әлеуметтік саясат концепциясының құрылуына әсер етті.

Нормализация  идеясы дербес өмір идеологиясына келісетін, өз-өзіне көмектесуді (самопомощь) дамытудан тұрады. Қоғам инфрақұрылымына мүгедектігі бар адам өзінің шектеулі мүмкіндіктерін өкілетті ете алатын әлеуметтік қызмет жүйесін енгізу, оны өзінше шешім қабылдайтын және өз ісіне жауапкершілігі бар қоғамның тең құқылы мүшесіне айналдырар еді.

Ақылы және тегін негізде әлеуметтік және медициналық  қызметте жекеменшік секторды дамытуға бағытталу да болады. Ірі мемлекеттік  мекемелерге осы модельдегі кішігірім  агенттіліктер өз клиенттерінің  сұранысына сергек қарайтын болады деп  есептелді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға  қатысты қалыпты өмір жағдайы  өз үйіне ие болуды, білім алу, жұмысқа  орналастыру, демалу, тіршілік етуге  қанағат, әртүрлі әлеуметтік игіліктерді  пайдалану мүмкіндігін өзіндік  қызмет көрсету мен қатынасты  көздеді.

Осы модельдің  оппоненттері былай бөлінеді:

- біріншіден, нормализация теориясы мүгедектердің капиталистік қоғамда неге қаналған және кемсітілгендігіне қанағаттанарлық түсінік бермейді;

- екіншіден, осы кемсітушіліктер босанудың стратегиясы көрсетілмеген «дербес өмірдің» жеке тактикалары бар;

- үшіншіден, құрылатын қалыптылық (нормальность) дихоматиясының

көмескілігі білінеді, сондықтан да мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жағдайын бағалауда қолданылмауы керек.

Мүгедектіктің американдық моделі. Мүгедектіктің психоәлеуметтік моделі Гоуфман ілімінен шығады және әдістемелік база ретінде символикалық интеракционизм социологиясын және постмодернистік концепцияларды пайдаланды.

Гоуфман мүгедектікті стигма күтпеген айырмашылықтар әрекетінің нәтижесі ретінде анықтайды. Осылайша сау адамдар мен мүгедектер, яғни «норма» мен «аномалия» арасындағы шекара әлеуметтік құрылым болып табылады. Бұл шекара жазықтықта уақыт пен кеңістікте өзгереді. Осыдан мүгедектік тек ағзаның физиологиялық патологиясы адамдардың мінезінің немесе сыртқы түрінің кемістігі деп қана емес әлеуметтік анықтау стигма, белгі ретінде анықтауға болады. Бұл белгіні (ярлык) – мүгедектік туралы білімді адамға осы жағдай нормадан ауытқу деп есептелетін нақты әлеуметтік жүйе жапсыруы мүмкін. Әлеуметтік ортаны өзгертіп, басқа әлеуметтік топқа өте отырып өзінен осы белгіні алып тастауға немесе мүгедектің мүмкіндіктерін аз деңгейде шектейтін басқа белгіге ауыстыруға болады. Мүгедектерді қанаудың теориялық үлгісі немесе мүгедектің әлеуметтік-саяси үлгісін 1994 ж. Харлан Хан ұсынды. Хан үлгісі мүгедектің әлеуметтік модельінің бірі болып табылады. Ол мүгедектерді қазіргі қоғамда қанаудағы азшылық тобы деп қарастырады және мүгедектікті мүгедек пен қоғамдық жағдайлар арасындағы жазықтық ішіне араластырады. Мүгедектік пен қоршаған орта арасындағы лайықсыз жағдайдың нәтижесі болып табылады. Мүгедектіктің әлеуметтік саяси үлгісінде 3 негізгі постулат бар:

а) мүгедек кез болатын мәселелердің көбісінің қайнар көзі әлеуметтік аттитюдтардың салдары болып табылады;

б) қоршаған ортаның көптеген қажетті жағдайлары ыңғайлы жария саясат арқасында құрылуы мүмкін;

в) демократиялық қоғамда саясат таралатын орнатулар мен мақсаттардың рефлекциясы ғана емес олардың белсенді құрылуына әсер ету керек.

Ханның ойынша жария саясатты жеке алғанда мемлекеттік  саясатты өзгерту қоршаған ортаның  мүгедектер үшін әділетсіз физикалық  және әлеуметтік құрылысын жою мүгедектерге қатысты жағымсыз аттитюдтарға жол  бермеудің қажетті шарты. Демек, мүгедектік мәселесін шешу ішкі емес сыртқы болу керек, мақсаты теңдік пен еркіндіктің нормативті стандарттарын клиникалық шараларға қарағанда жоғарғы деңгейде көтерілу болып табылатын саяси (медициналық емес) іс болуы қажет.

Мүгедектіктің мәдени моделі. Осы модельге сәйкес мүгедектікті басқа мәдени феномендерден айырмашылығы ерекше бір мәдени феномен ретінде қарастыруға болады. Мүгедектіктің мәдени моделі туралы пікірталас әлеуметтік сәйкестік адамдарды біріктіреді, мүгедектердің мәдениеті мен өнері қалайша мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамда өзінің жағымды көпшілік алдындағы имиджін құруға мүмкіндік береді деген сұрақтар төңірегінде болады. Мүгедектік мәдениеті ұйым, топ, ұжым қатарына жататындығы үшін абырой тудырады әртүрлі мүгедектерді біріктіреді, қоғамның позициясын күшейтеді.

Өз-өзін сәйкестіндіру (самоидентификация) топтық сәйкестік  үшін ең тұрақты сипаттама болып  табылады. Мүгедектердің өз-өзін сәйкестендіруі жиынтық шешімдерді қажет етеді, ең алдымен:

- мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғамда билік ететін топтардың мәдени ерекше ықыластарының  иерархиясына тәуелділігін жеңу.

- мүгедектіктің ерекше субмәдениетін құру.

Мүгедектікті  зерттеушілер мүгедектердің әлемдік  әлеуметтік қозғалысындағы екінші фаза басталатындығы туралы жазады, екінші фаза ұжымдық сәйкестік үшін күресті  білдіреді. Екінші фазаның негізгі мақсаты, мүгедектік мәдениетін құру, себебі ол қоғамға толық бірігу үшін қажет өз мемлекетінің мәдени өміріне белсенді қатысуды тұспалдайды. Қоғамның жағымсыз орнатуларын белсенді өзгерту болып табылады.

Вин Финкелштейн - Лидса қалалық университетінің мүгедектікті зерттеу орталығының зерттеушісі мүгедектік мәдениетінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды психологиялық көңіл-күйіне жағымды әсерін айта отырып, былай дейді: «Бұл мәдениет жеке индивидтер мәдениеті емес, көлеміне, кеңістікте орналасуына, ұлтына тәуелсіз, халықтың жеке алынған тобының өмір стилі туралы мәдениет. Егер біз қоғамға өз үлесімізді қоссақ, онда ол мүгедектік қозғалыс лидерінің немесе психолог-терапевтің үлесі емес ұжымдық үлес болу керек».

Мәдени плюрализм  моделіне сәйкес индивид - көптеген ерекшеліктердің ішінде мүгедектігі тек оған ғана тән ерекшелік болып табылатын көп қырлы индивид. Бұл жерде теңдік түсінігіне негізгі көңіл бөлінеді. Қоғам өмірінің барлық аспектілері қоғамның барлық мүшелеріне олардың басқалардан ерекшелігіне байланыссыз бірдей қолжетерлік болу керек. Мүгедек адамдарды қоғам өміріне қатысатын және өз үлесін қосатын адамдар ретінде бейнелейді.

Азшылық моделі (саяси құқықтық үлгісі). Соңғы жылдарда «мүгедектіктің саяси құқықтық үлгісі» түсінігі таралуда. Мүгедектігі бар адам әлеуметтік азшылық ретінде қаралады, олардың құқығы мен еркіндігі сырқы шектеулер арқылы шек қойылады: архитектуралық ортаға қол жетпестікпен, тұйық араласу ортасымен қоғам өмірінің барлық аспектілеріне, коммуникация құралына және ақпаратқа, мәдениет пен спортқа қатысуға шектелген мүмкіндікпен шек қойылады.

Бұл үлгі мүгедектік мәселесін шешуге былайша жақындайды, ол мүгедек адамдардың қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуының тең құқығы заңмен бекітілуі керек және әлеуметтік құрылыммен құрылатын тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуі керек.

Адамның әртүрлілігінің моделі. Адамның әртүрлілігінің үлгісі методологиялық база ретінде постмодернизм социологиясын және феменистік социологияны пайдаланды. Осы үлгі шеңберінде мүгедектік өмір стилінің көптеген жеке ерекшеліктерінің бірі адам әртүрлілігінің куәсы болып табылады. Осындай тәсіл бойынша мүгедектік - адамның қалыпты жағдайы. Біздің физикалық тіршілік ету деңгейінде әртүрлілік абсолютті табиғи жағдай болып табылады және біздің айырмашылықтарды иерархиялық анықтаудан тыс қабылдауымызды қажет етеді. Басқаша қарастыруда айырмашылық қақтығыс емес идеологиялық құрылым болып табылады, себебі барлық адамзат өзара байланысты.

Информация о работе Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі