Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.

Содержание

Кіріспе

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар

Қортынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

диплом патология.docx

— 163.55 Кб (Скачать)

Осы топтың тағы бір тәрбиеленушісі Ақылбеков  Айдос. Ол 17 жаста. «Жұмысбастылық орталығы» тобындағы ең белсенді бала десек те болады. Оның бойында физикалық ауытқулар бар және көздері қитар (косые глаза). Осыншалықты ауытқулары болса да, ол өте белсенді бала болып табылады. Көп сөйлегенді, өзінің отбасы туралы айтқанды ұнатады. Мультфильмдердегі сөздердің көпшілігін жаттап алып, оларды пародия есебінде іс-қимылдарымен қоса салып жүреді. Қойылған сұрақтың бәріне жауап береді, үндемей теріс қарап немесе қарым-қатынасқа түскісі келмей тұйықталған кезі байқалмайды. Егер қойылған сұраққа жауап таба алмаса «білмеймін» деп қысқа қайырады, бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі. Билегенді, ән салғанды және дене шынықтыруды жақсы көреді. Бұрын картон қағаздардан әртүрлі бұйымдар жасағанды ұнатқан, ал қазір қоршаған орта, табиғат туралы оқып, үйренумен айналысып жүр. Адамдармен қарым-қатынасқа жеңіл түседі және басқалардан да сондай қатынасты күтеді. Айтылған тапсырманы тез қабылдайды және ұқыпты орындайды.

Қорыта келе, реабилитациялық орталықтағы балалардың өмірге деген талпынысын, құлшынысын көргенде, оларды мүмкіндігі шектеулі деп атауға қимайсың. Олардың барлығы салыстырмалы түрде дене мүшесі сау, ақыл-ойы толық адамдарға қарағанда өмір сүруге, үйренуге, білуге деген талпынысы жоғары. Біз, болашақ әлеуметтік қызметкер ретінде осындай мүмкіндігі шектеулі, күрделі әлеуметтік патологиясы бар балаларға көмек көрсетуіміз қажет. Яғни, олардың топтарына, ауру түрлеріне қарай, ауру тарихын зерттей отырып, диагностика жасау арқылы әлеуметтік технологияны тағайындауымыз қажет. Осылайша, біз бұл балаларға қоғамда өздерін жақсы сезінуге, өздерін сау адамдардан шеттету сезімдерінен арылтуға көмектесеміз.

Реабилитациялық орталықтардың артықшылықтары да осы, балалар белгілі-бі ортада қарым-қатынасқа  түседі. Олар төрт қабырғаның ішінде тек  отбасы мүшелерімен ғана қарым-қатынасқа  түскеннен, орталықта өзі сияқты балалармен, тәрбиешілермен, педагогтармен  және дәрігерлемен қарым-қатынаста  болғандықтан, өмірлерінде мағына пайда  болып, дағдылары қалыптасады. Ол жердегі кешенді реабилитация және абилитациялық жұмыстар септігін тигізеді деп ойлаймын.     

Орталықтың  көп жылдық жұмыс тәжірибесі жағымды көріністерін көрсетуде, ондағы көптеген бағдарламалар арқылы балалар арнайы мектептерде оқып, бағдарламаны аса қиындықсыз меңгеруіне септігін тигізуде.

Тағы бір  балаларды реабилитациялау орталығы бұрынғы балалар үйі негізінде  ашылған болатын. Толыққанды жөндеу мен қажетті құралдармен жабдықталғаннан  кейін балаларды қабылдауға дайын  десе де болады.  

Психоневрологиялық  патологиясы бар 3 пен 14 жас арасындағы 63 кішкентай пациенттер осы жерден көмек ала алады. Балаларды жалпы  білім беретін мектептің педагогтары оқытады.  Сондықтан да, олар сабақтарынан қол үзбей денсаулығын қайта оңалтуға мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге, процедура кешеніне массаж кабинеті, процедуралық кабинет, денешынықтыру жаттығулары арқылы емдеу кабинеті, музыкалық зал және екі залдық асханамен қамтамасыз етілген.

Бұл орталықтың негізгі ерекшелігі алдағы уақытта  мұнда тек неврологиялық патологиясы  бар балаларды ғана емес, сонымен  бірге ДЦП, тұтығуы бар балалар, кіші және үлкен дәретін ұстай алмайтындар, түнгі қорқыныш пен мінез-құлқы бұзылғандарды да қабылдау жоспарланған. Ата-аналарын тыңдамай үйден қашатын балалар мен жасөспірімдік қиындықтарға осы орталықтан көмек ала алады. Мұнда реабилитациядан өте алады, кешенді ем алады және психологтар, психиатрлар мен логопедтер жұмыс жасайды.  Бұл орталықтың тағы бір ерекшелігі бұл сенсорлы бөлме, релаксациялаушы аквариум және музыкалық креслолар терапияның тиімділігін арттырады. Бұл реабилитациялық орталыққа жолдаманы учаскелік дәрігер мен невропатологтан алуға болады. Мұндай орталықтар елімізде екі орталық қана бар болатын және оған кезекті ата-аналар жылдап күтуіне тура келеді. Алайда, Қазақстанда мұндай күрделі патологиясы бар балаларды реабилитациялау орталықтары жеткіліксіз [20; 14-15 бб.].

Реабилитациялық орталықтарда баланың саулығын сақтай отырып, бізге мәлім және жалпы қабылданған авторлық жеке реабилитациялық бағдарламалар жүзеге асырылады. Олардың кейбіреулерін атап айтсақ «диеталық тамақтану», «ойын терапиясы», «еңбек терапиясы», «демалыс терапиясы», «жанұялық терапия», «психологияны түзету», «медициналық бағдарлама», «логопедиялық бағдарлама», «түзетушілік бағдарлама», «диференциялданған дамытушы бағдарламаларды қолдану арқылы мектепке дейінгі және мектептік негізгі бағдарламалар» [21; 51-56 бб.].

Реабилитациялық орталықтарда қолданылатын кейбір жұмыс түрлері мен әдістемелерін атап өтуге болады. Оларды шартты түрде 3 топқа бөлуге болады.

1. Медициналық реабилитация.

  • Емдік дене шынықтыру;
  • Медициналық массаж;
  • Аэрофитотерапия;
  • Небулайзерлік емдеу;
  • Физиотерапия;
  • Гиппокситерапия;
  • Галотерапия;
  • Жоғарғы тиімділігі бар препараттармен иммунитетті түзету;
  • Микронутриенттердің жеткіліксіздігінің профилактикасы;
  • Болжамдық кеңес;
  • Денсаулық сақтау органдарымен өзара әрекет ету.
  1. Әлеуметтік реабилитация.
  • Бала мен жанұяны диагностикалық тестілеу және бақылау;
  • Ақпаратты өңдеу және талдау;
  • Жанұяны үй жағдайында емдеу;
  • Лекциялар;
  • Видеотека ;
  • Ұжымдық спорт сауықтыруға және мәдени бұқаралық шаралар;
  • Халықты әлеуметтік қорғау мекемелерімен серіктес болу;
  • Ақпараттық бюллетень.

3. Психологиялық-педагогикалық.

  • Арттерапия;
  • Ертегі терапиясы;
  • Әуен терапиясы;
  • Сурет терапиясы;
  • Еңбек терапиясы;
  • Кітап терапиясы;
  • Гарденотерапия;
  • Педагогикалық түзетулік істер;
  • Психология-педагогикалық диагностика;
  • Тренингтер;
  • Кәсіптік ойындар;
  • Кеңесу;
  • Әңгімелесулер.

Әлеуметтік  реабилитация - балаға әсер ететін оны әлеуметтік өмірге қосатын көп деңгейлі жүйе.

Медициналық реабилитация - медициналық құралдардың көмегімен баланың физикалық денсаулығын қалыптастыруға бағытталған процесс.

Психологиялық-педагогикалық реабилитация - танымдық, еріктік эмоцианалдық сфераларын дамытатын қайта қалыптастырушы кешенді әрекеттер.

Рухани-ұнамдық  реабилитация - баланың психологиялық физикалық және рухани денсаулығының бірлігін қайта қалыптастыру, тұлғаның ішкі үйлесімділік жағдайы. Орталық мамандары өз тәжрибелерінен көптеген аурулардың өнегесіз, азғын мінез-құлықтан, зұлым әрекеттерден жауыз, қатыгез ойлар мен сезімдерден болатындығын анықтайды. Балалар мен жасөспірімдердің әдістеме психология-педагогикалық талдауы мына заңдылықты анықтады: егер жанұяда ата-ана мейірім көрсетпесе бір-біріне қатысты араздық көрсетсе, онда балада келесі патологиялар пайда болады: вегет қантамырлар дистониясы, невроз, энурез және т.б. аурулар. Балалар ұжымындағы қолайсыз жағдай мектепте де жүйке ауруларының туындауына ықпал етеді.

Реабилитациялық іс-шаралардың медициналық жүйесі қойылған талаптарды жақсы орындауда емделмейтін  аурулар сауығу сатыларына өтуде, мүгедек  балалардың жағдайлары жақсаруда.

Психология-педагогикалық реабилитация жақсы нәтижелер береді. Мектеп оқушыларының басты мәселелері сабақ үлгерімі көп қозғалуда өздеріне деген сенім пайда болады.

Қосымша сабақтар (сурет, ән, құрастыру, тоқу, театр т.с.с) да реабилитациялық жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар әрбір  баланың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар  әлеуметтік сипаттағы мәселелерді  де шешеді: қарым-қатынас, дүние таным  және қоршаған ортаға бейімделу. Жалпы  қабылданған реабилитациялық жұмыс  жүйесі нәтижелі, алайда оны толығымен орнықты деуге болмайды, себебі ол адам өмірін толығымен қозғамайды оның рухани-ұнамдық негізіне ықпал етпейді. Рухани-құндылықтылық баланы тәрбиелеу мен жетілдіруде қиын не агрессивті ересектер өмірінде олардың өмір сүрудегі құндылығы негіздеріне үйретеді. Сондықтан да, орталықтың реабилитациялық жұмысының жүйесіне мына бағдарламаны жедел енгізудің қажеттілігі туды: «Рухани құндылықтылық этика негіздері», бұл қайта құрылған жұмыстың барлық түрлерін рух, жан және тән саулығы деген ұстанымның негізінде біріктіруде.

Орталыққа келетін  балалардың ата-аналарына арналған анкеталарының нәтижесі рухани-құндылықтылық реабилитация қажеттілік деңгейі бойынша бірінші орында тұрғанын көрсетуде. Бағдарламаның мақсаты - саналы мінез-құлық мотивациясымен болатын құндылықты (өнегелі) және физикалық денсаулық болып табылады. Бағдарлама мақсатынан тыс тапсырмалар да анықталды:

  • балалар мен жасөспірімдердің рухани-құндылықты денсаулығын қайта қалпына келтіру мен нығайтуға жағдайлар жасау;
  • этика, эстетикалық амалдарды реабилитациялық жұмыс құралы ретінде пайдалану;
  • балалардың реабилитациясына, олардың кейінгі бейімделуі мен әлеуметті түсінуіне қолайлы ортаны құру.

Рухани-құндылықтылық бағдарламаның реабилитациялық жұмысының бағыттары болып табылатындары: ертегі терапиясы, артерапия, ән терапиясы және еңбек терапиясы.

Қолданылатын  әдістер мен тәсілдер: дәстүрлі, мазмұндама, дискуссия, эвристикалық әнгіме, рөлдік ойын, тәрбиелеуші жағдай, иллюстрация, бақылау, шығармашылық әрекет.

Бағдарламаның жүзеге асырылуы бірнеше кезеңді қамтиды:

  1. Алдын ала дайындық әрекеті: 
  • бағдарламаны жүзеге асыру үшін әдістеме ұйымдастырушылық жағдайлар жасау;

- бағдарламаны жүзеге асыру үшін ресурстық базаны даярлау;

- педогог-реабилитаторлардың ортақ позициясын қалыптастыру және өзара әрекеттің негізгі ұстанымдарын құру;

- қадамдық әрекеттердің мақсатын анықтау;

- жұмыс тиімділігінің критерилерін жасап шығару;

- қатысушы-реабилитаторларды оқыту және болжамдалған әрекеттерді талдау.

2. Жүзеге асырушы әрекет:

- рухани-құндылықтылық этика көзқарасы бойынша бейнелер мен түсініктеріне көңіл аударуды үйрету;

- өнегелік, этика, моралдық негізінде балаларға өзіндік қорытынды жасау қабілетін дамыту;

- этика-құндылықтылық  түсініктерге сәйкес еңбек әрекетінің тәжрибелерін ұластыру;

- сурет өнерінің амалдарымен сұлулық әсемдік сезімін тәрбиелеу;

- әлемге деген қатынасты әуен тәсілдермен тыңдау, ортақтасу, көрсету қабілеттерін дамыту;

- коммуникативті қабілеттерді дамыту үшін, әлеуметке бейімделу үшін театр өнерінің амалдарымен шығармашылық патенциалды тудыру үшін жағдайлар жасау.

3. Әрекет түрі:

- оқу ( шығарманың мазмұнымен саналы түрде танысу);

- эвристикалық әнгіме;

- жұмыс технологияларын пайдалану мен қолөнер жұмысы: оригамиялармен, маталармен, қамырмен, табиғи материалдармен;

- бақылау, суреттеу, құрастыру және т.с.с.;

- ән шығармаларын тыңдау, бейнелерді ойша таңдау, ән салу;

- суырып салма ақындық қойылымдарды қою.

4. Ұйымдастырушы:

- педагог, тәрбиеші педагог-ертекші, еңбек бойынша инструктор, сурет өнерінің ұстазы, ән мұғалімі, ұйымдастырушы.

5. Түзетушілік әрекет:

- кезеңдік әрекеттерді анықтау мен түзету мақсатында қосылып, рефлекциялаушы талқылау, кеңес беру.

6. Қорытынды әрекет.

- қорытынды қойылым, көркем және қолданбалы жұмыстар көрмесі, балалар мен ата-аналардан тест алу, бағдарлама бойынша жұмыстар талдау, «нұсқалық сабақтар», «дөңгелек үстел».

7. Аналитикалық әрекет:

- бағдарламаны оның тиімділігі мен нәтижелілігін анықтау мақсатымен жүзеге асыру процесінің талдауы.

8. Нәтижелері:

- бағдарлама жүзеге асқаннан кейін күткендей қолайсыз әлеуметтік             көрсеткіштердің төмендеуі және балалар мен жасөспірімдердің рухани-               құндылықтылық сынының өткірлігі, жанұялық тәрбиенің рухани-өнегелік дәстүрлерін қайта тудыру және сақтау, жеке тұлғалық қасиеттерді көрсету, мейірімділік, өзара түсіністік, төзімділік, ұжымда, жанұяда, қоғамда, баланың жалпы психо-физикалық жағдайын жақсарту.

Әлеуметтік  реабилитация - ол әлеуметтік ортада адам қабілетінің өмірлік әрекетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар жиынтығы. Ұлтаралық тәжірибеде ауру-сырқаттың және өмір әрекетінің жағдайларының басқа да өзгерістерінің себебінен жоғалған бұрын болған қабілеттерді қалпына келтіру деп түсінеді. Ресейде реабилитация деп ауыр сырқаттан кейінгі қалпына келтірумен қатар мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек әкімшіліктік ретте бұрынғы құқықта жақсы атын және репутациясын қалпына келтіруді де атайды.

Информация о работе Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі