Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.

Содержание

Кіріспе

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар

Қортынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

диплом патология.docx

— 163.55 Кб (Скачать)

Әлеуметтік  реабилитация - бұл әлеуметтік ортада адам қабілеттілігінің өмірлік әрекетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар жиынтығы, бұл адамдардың қоғамдағы ықпалдасуының күшейуі үшін оның жеке және кәсіптік беделін қалпына келтіруге бағытталған бағдарламалар мен әрекеттер. Реабилитацияның түрлері көп: әлеуметтік реабилитация емдік-әлеуметтік, әлеуметтік-құқықтық, психология-педагогикалық әлеуметтік тұрмыстық және еңбектік реабилитациялар.

Әлеуметтік  реабилитацияның негізгі принциптеріне  мыналарды жатқызуға болады: реабилитациялық  іс-шараларды жүргізудегі кезеңділік, саралап жіктеу, кешенділік, сабақтастылық, үздіксіздік, реабилитациялық шаралардың қол жетерлігі және еріктілік. Әлеуметтік реабилитацияларда талдау мен тәжірибелік әрекетті жүзеге асырудың әртүрлі деңгейлері бар: әлеуметтік емдік, кәсіптік-еңбектік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-рөлдік, психология-педагогикалық, әлеуметтік орталық. Әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде категориялық принцип бойынша түрлерге бөлінеді. Мүгедектерді бала мүгедектерді реабилитациялау, қарт адамдарды реабилитациялау, әскери қызметкерлерді және әскери қақтығыстар құрбандарын әлеуметтік реабилитациялау. Мұндай реабилитациялар жүйесі негізгі бағыт үш бағыт бойынша жүзеге асады: әлеуметтік, психологиялық, медициналық. Мұндағы әлеуметтік реабилитацияның негізгі міндеттері әскери қызметтері мен әскери қақтығыстарға қатысушылардың әлеуметтік кепілдігін сақтау, әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асырудағы бақылау, құқықтық қорғау, позитивті қоғамдық ой қалыптастыру [22; 106-111 бб.].

Еркіндігінен  айырылу орындарында жазасын  өтеп келген адамдарға да реабилитациялау жүргізіледі. Мұнда әлеуметтік реабилитация тұлғаның әлеуметтік-құқықтық беделін қалпына келтіруге, адамдар осы категориясын қоғамның қалыпты өмір әрекетінің ортасынан ерекшелендіретін стереотиптер мен әлеуметтік бөгеуді алып тастауға немесе жеңілдетуге бағытталу керек.

Реабилитациялаудың  жеке бағдарламасы да болады. Ол дегеніміз  ағзаның бұзылған немесе жоғалған функцияларын қалпына келтіруге, мүгедектің қоғамға  шоғырлануына бағытталған іс-шараларды  жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы, пайдаланатын құралдар, тәсілдер нақты  формалардан тұратын арнайы реабилитациялық  шаралар жиынтығы. Жеке бағдарламаларда  медициналық әлеуметтік орталық  және кәсіптік-еңбектік реабилитация бейнеленген. Осының ішінде өмірдің жаңа жағдайына бейімделуді үйрететін әлеуметтік орталықты талдауға тоқталайық. Ол  2 негізгі бағытта жүзеге асады:

  • Қоршаған ортаның мүгедектер қажеттілгіне бейімделуі, қозғалыс жағдайларымен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету, қаланың әлеуметтік кеңістігінің оның аймақтары мен әлеуметтік инфрақұрылымының мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігіне бейімделуі;
  • Мүгедекті қоршаған ортаға бейімдеу өз-өзіне қызмет етуге мүкіндік беретін дағдыларды дамыту.

Қоршаған  ортаға оның сенсорлы қасиеттерін түзету идеясын алғаш рет К.Линч өзінің «Қала бейнесі» атты кітабында шығарды. Автор идеясында гуманистік негіз бар және тұрақты адам құндылықтарына бағытталған К.Линчтың жобалаушы мен қызмет объектісі болып табылады орта мен пайдаланушылар арасында байланысты механизмдерін құру туралы идеясы мағыналы. Қала кеңістігінің сапасы мен сипатына ерекше талаптары бар адамдар туралы әңгіме болғанда мұндай байланысты механизмдерін құру өзектілігі күшейеді. Қала кеңістігіндегі бөгеулер мүгедек қажеттіліктерін сезімдік белгілерін айқын көрсетуге оларды ашық қылған жағдайда ғана әлсіреуі мүмкін. Қала кеңістігін қалай құру керек екендігі туралы түсініктерді құру қайнар көзі тек мамандар ғана емес, сонымен қатар қала кеңістігін және оның объектілерін құруға ерекше талаптары бар жетілуі бұзылған қала тұрғындары да болу керек.

Әлеуметтік реабилитация технологиясы 2 деңгейде жүзеге асырылады.

  1. Әлеуметтік жұмыстың жеке деңгейі.

Кейсуорк  - бұл тәсіл М.Ричмондпен ұсынылған және психоанализ дамуымен тығыз байланысты. Оның мәні клиенттің проблеманы ұғынуға өмір жағдайын жеңіп шығуға талпындыру мен тірек болу мақсатымен мәселені шешуде. Бұл тәсіл әсіресе АҚШ-та өзекті, жеке адамды түсінуге психологиялық әрекетке сүйенеді.

Адамды түсінуге психологиялық әрекетпен тәуелсіз тәсілді құратын ортақ элементтерді бөлуге болады:

  • бастапқы коммуникацияны бекіту (эмоциялық, интеллектуалды байланысты);
  • проблемалық жағдайды талдау және зерттеу;
  • бірлесіп жұмыс істеудің мақсаты мен міндетін анықтау,
  • индивидтің әлеуметтік ортаға немесе өз-өзімен өзара қатынасының түрлі өзгерісі;
  • бірігіп жұмыс істеу нәтижелері және прогресті бағалау.
  1. Әлеуметтік жұмыстың топтық деңгейі.

70 жылдарда  белсенді дамытылды. Осы тәсілді  дамытуда шағын топ теориясының  зерттеу нәтижелерінің маңызы  зор. Маңызды қорытындыларға мыналарды  жатқызуға болады:

  • шағын топ тек тыңдаушы рөлінен шығуға жәрдемдеседі;
  • шағын топта өзінің көзқарасын өзіндік өмір тәжірибесін жеке мүмкіндіктерін тану шындыққа айналады;
  • шағын топта кері байланыс болу мүмкін яғни индивидтің өз әрекетімен сөзімен басқаларға қолайлы әсер ететіндігін анықтау,
  • шағын топ жеке тәжрибе жиналуының құралы басқару амалы болуы мүмкін.

Мақсаты –  клиенттің физикалық және рухани күштерін дамыту үшін әлеуметтік мінез-құлық  құру үшін топтық тәжірибе беру арқылы оған көмек көрсету. Осы тәсілді жүзеге асыру үшін әлеуметтік қызметкер көптеген рөлдерді орындайды: адвокат, брокер, эксперт, әлеуметтік бағдар, ол үшін үлкен теориялық және тәжірибелік дайындық керек [22; 17 б.].

2000 жылдың  маусымында ашылған «Үміт» мүгедектерді  реабилитациялау орталығы қазіргі  кезде эксперименттік орталық  ретінде жұмыс істемейді. Бүгінгі  күні ол ауданда мүгедектермен  жүргізілетін барлық тәжірибелік жұмыстарды үйлестіруші болып табылады.

Мекемеде әлеуметтік және медициналық жұмысшылар үшін оқыту семинарлары жүргізіледі. Орталықта Швеция, Англия, Голландиядан шет елдік делигациялар болған және Ресейдің әртүрлі аудандарынан мамандар келеді.

Мүгедектерді  әлеуметтік қорғау мен реабилитациялау  бойынша шаралардың тиімділігін арттыру үшін мүгедектер ісі бойынша үйлестіру Кеңесі құрылған. Кеңес төрағасы аудан басшының орынбасары, орталықтың директоры-үйлестіруші Кеңестің мүшесі. Мамандар паспорттандыру жүргізе отырып, келушілердің әлеуметтік көмектің қай түрін қажет ететіндігін анықтайды. Қажет кезінде мамандар тексеруді үйде жүргізеді. Барлық мәліметтер компьютерге енгізіледі. Керекті ақпарат жедел түрде сәйкес әлеуметтік мекемелерге беріледі. Компьютерлік базада мүгедек туралы барлық қажетті мәліметтер сақталған - мүгедек тобы, ауруы, паспорттық мәліметтері, отбасы құрамы, өмір сүру жағдайы, жеңілдік категориясы, зейнетақы көлемі т.б. Жұмыстың маңызды бағыты реабилитациялаудың жеке бағдарламасын (РЖБ) жүзеге асыру болып табылады.

РЖБ пациенттің өтініші бойынша мүгедекті куәландыру кезінде үш экземплярда дәрігер реабилитологпен құрылады: бірінші МСЭ Бюро жұмысында қалады, екінші мүгедектің қолына беріледі, үшіншісі жүзеге асырылуын бақылау үшін орталыққа түседі.

Сырқаттың ерекшеліктеріне, бұзылған функциялардың деңгейіне сипатына байланысты нақты реабилитациялық мәселелер қойылады. Кейбір жағдайда олар қарапайым болуы мүмкін (есту аппаратымен қамтамасыз ету, оны қолдануды үйрету) басқа жағдайларда күрделі және сипаты мен бағыты бойынша әртүрлі реабилитациялық шаралар жиынтығын енгізуі мүмкін (еңбек терапиясы, психикалық терапия, протездеу, жұмысқа тұруға көмек). Қойылған мәселелерді сәтті шешу үшін орталық денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мекемелерімен, қоғамдық ұйымдармен бірге жұмыс істейді.

Өзінің мүгедек  екенін адам әсіресе ең қарапайым  істерді біреудің көмегінсіз істей  алмағанда қатты сезінеді. Ол есікті, кранды аша алмайды, нан кесіп  бутерброд жасай алмайды, тамақ  іше алмайды, өзбетінше киіне  алмайды. Арнайы құрылғыларды қолдану  мен осының бәрі мүмкін болады арнайы пышақ, жетілген санитарлы гигиеналық керек-жарақтар, киіну процесін, жазуды, сурет салуды қамтамасыз ететін құрылғылар. Орталықтан мүгедекке күтім беру үшін техникалық жабдықтар бар - жатқан адамның басын жууға арналған құрылғы, тасымалды әжетхана, дөңгелегі бар қозғалмалы орындық, көпфункциялы төсек т.б. Мұндай жабдықтар - тіреу қозғаушы аппаратына көру, есту мүшелеріне зақым келген адамдарды реабилитациялау процесінің ажырамас бөлігіне айналды.

Қазақстан Республикасында балалар ауруы  мен оларды сауықтыру үшін жылсайын медициналық тексеру жүргізіліп отырады. 2010 жылғы профилактикалық медициналық тексеруде балалардың 98,6% қамтылған. Олардың ішінен балалардың 26%-нан патология анықталып, 15%-ы диспансерлік тіркеуге алынды. 

2010 жылғы профилактикалық тексерудің  нәтижелері көрсеткендей 2007 жылмен  салыстырғанда есту қабілетінің  (18%-ға), сөйлеу мәнерінің дефектісі (24%-ға), сколиозбен (2 есеге дейін) ауыратындар санының азайуы байқалған. Толық мәліметтер төмендегі 1-ші кестеде берілген.  

 

Кесте 1

0-14 жас аралығындағы балаларды профилактикалық тексеру және олардың нәтижесі 

 

2007

2008

2009

2010

1

2

3

4

5

Тексеруден өткізілген балалар – барлығы, мың.

3 713,9

3 583,1

3 804,9

3 814,5

Балаларды тексеруден анықталғаны:

       

Есту қабілетінің төмендеуі:

       

барлығы, мың.

9,8

8,7

9,3

8,0

тексеруден анықталғандар (%)

0,3

0,2

0,2

0,2

Көру қабілетінің төмендеуі:

       

барлығы, мың.

82,7

77,9

86,1

83,5

тексеруден анықталғандар (%)

2,2

2,2

2,3

2,2

Сөйлеу мәнерінің дефектісі

       

барлығы, мың. 

23,7

19,3

20,0

18,1

тексеруден анықталғандар (%)

0,6

0,5

0,5

0,5

Сколиозбен

       

барлығы, мың.

17,1

16,2

14,6

13,0

тексеруден анықталғандар (%)

0,5

0,5

0,4

0,3

Сырт мүсінінің бұзылуы

       

барлығы, мың.

36,6

32,0

24,9

18,4

тексеруден анықталғандар (%)

1,0

0,9

0,7

0,5

Ескерту: Доклад о положении детей РК, Астана, 2011г. 


 

Балаларды профилактикалық тексеруден өткізгеннен кейін, төмендегі кестеде 2007-2010 жылдар аралығындағы балалардың аурулары белгілі-бір топтар бойынша саны анықталған. Төмендегі 2-ші кестеге назар аударсақ.

Кесте 2

ҚР 2007-2010 жылдар аралығындағы балалардың белгілі-бір ауру топтары бойынша мәліметтері 

(0-14 жас аралығындағы балалардың 100 000 шаққандағы ауру-сырқаулығы)

 

2007

2008

2009

2010

1

2

3

4

5

100 000 балаға шаққандағы ауру-сырқау саны:

99 728,9

99 172,2

103 642,3

101 482,3

Инфекциялық және паразиттік аурулар

3 745,6

3 348,8

3 233,0

3 007,2

Жаңа түзілім

87,6

127,2

104,7

158,2

Қан ауруы, иммунді механизмнің  жеке бұзылулары мен қан және қан  түзілімінің бұзылулары 

5917,7

3966,6

5581,5

5 259,7

Эндокринді аурулар, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы 

1638,5

1584,2

1539,7

1 537,7

Жүйке жүйесінің аурулары 

2853,4

3102,9

3425,9

3 250,8

Көз және оның қосымша аппаратының  аурулары

3329,1

3511,9

3458,3

3 479,8

Құлақ және оның өсінділерінің аурулары

2747,1

2750,4

2928,3

2 935,6

Қан айналым жүйесінің аурулары

477,0

489,3

549,0

486,7

Демалу органдарының аурулары

56510,9

55973,3

60262,7

58 959,6

Тамақ қорыту органдарының аурулары

6370,8

6774,4

6394,1

6 606,0

Несеп шығары жүйесінің аурулары

1735,5

1842,1

1853,9

1 709,7

Тері және тері асты клетчат. аурулары

5145,5

5248,7

5122,6

5 270,1

Сүйек-бұлшық еттік жүйесі мен дәнекер  ұлпа аурулары

1290,4

1192,2

1196,0

1 083,8

Перинаталды кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар

2739,7

2963,7

2959,1

2 690,7

Туа пайда болған аномалия, деформация мен хромосом. бұзылулар

595,9

604,1

718,2

702,7

Жарақаттар мен уланулар

3523,7

3178,3

3393,7

3 471,0

Ескерту: Доклад о положении детей РК, Астана, 2011г. 


 

Жоғарыда  кестеде көрсетілгендей 2007 жылмен салыстырғанда  балалар арасында кейбір ауру түрлері  көбейгендігін көріп отырмыз. Олардың себебін қазіргі уақыттағы қоршаған ортаның ластануы, балалардың күнделікті өміріндегі стресстік ситуациялардың көбейуі, оқушылардың тамақтану сапасының төмендеуі және т.б. түсіндіруге болады [33].   

Информация о работе Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі