Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.

Содержание

Кіріспе

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар

Қортынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

диплом патология.docx

— 163.55 Кб (Скачать)

Мүгедектіктің «жаңа» парадигмасы. Мүгедектіктің тап осындай түсінігін жоққа шығарады. Зерттеушілердің ойынша осы пікірді қорғауда үш негізгі ескерту айтуға болады:

- мүгедек пен қоғамның өзара әлеуметтік қатынасын талқылау сырқат пен ауру кеңістігінде жүргізіледі;

- дуализм, дихоматия сырқат мүгедектік бар, мүгедектік қоғамды дені сау мен басқаларға (ауру) бөле отырып индивидте ауру мен сырқат бар болуының салдары ретінде бейнеленеді. Келесі тіркесу дұрысырақ «қоршаған ортаға қол жетімді мүгедектік»;

- мүмкіндігі шектеулі адамдармен сәйкестікте мүгедектік олардың басқа қасиеттеріне қарағанда негізгі болып қалады.

Осы сыннан алыстай отырып, мүгедектік және әлеуметтік саясат туралы түсініктердің мүмкін болатын бірнеше траекториясын бөлуге болады.

HANDICAP – тұжырымдамасы 70 ж. европалық әлеуметтік жұмысшылар «инвалид» терминінен бас тартады, себебі ол «жарамсыз» деген мағына береді, оның орнына англосаксондық «HANDICAP» (hand in cap) (қалпақтағы қол) сөзін қолданды.

HANDICAP –  ойын материалы жоқ жағдайда  өз бос уақытын ұйымдастырғысы  келген адамдармен ойлап табылған  ойын. Ойынға қатысушылар байланған қолымен белгілі бір әрекеттерді орындайды. Ойыншыларға өзінің уақытша жағдайын мүгедектердің қайтымсыз жағдайымен салыстыруға және адамзаттың көпшілігімен салыстырғанда олар қандай қиын жағдайда болатындығын түсіну мүмкіншілігі берілген.

Осылайша, Ф. Вуд өз тұжырымдамасын қарапайым постулатпен құрды. Алдына әрекет етуге кедергі келтіретін кедергілер мен шектеулер тұрған кез-келген адам мүгедек болуы мүмкін, соның нәтижесінде ол әлеуметтік қолайсыз жағдайға түседі. Сәтсіз жағдай ауру т.б себептері қолайсыз жағдайдың әлеуметтік сәтсіздіктің себебі болатын ағза функцияларының кемдігін шақыртатын негізгі бұзылымдарға алып келуі мүмкін. HANDICAP     филасофиялық, әлеуметтік, медициналық модель болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды интегралдау барлық мүмкін әлеуметтік кедергілерді алу арқылы оған өзінің жеке қызмет бабын дамыту мүмкіндігін беру әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде және практикалық әрекет ретінде негізгі міндеті болып табылады [5; 116 б.].

 

1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

 

Мүгедек балалардың көпшілігі толық емес жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген материалдық жағдайы төмен жанұяларда өмір сүреді және олар реабилитациялық қызметтерді қажет етеді.

Мүгедек балаларға арналған әлеуметтік-реабилитациялық орталықта, негізгі басым бағыт мынадай топтарға бөлінеді: толық емес, көпбалалы, материалдық жағдайы төмен, қолайсыз жағдайлар мен әскери әрекеттерден азап шеккен, асыранды балаларға, психикалық дамуы мен мінез-құлқында ауытқулары бар балалар топтарына.

Реабилитациялық орталықтарда әртүрлі патологиялардың түрлері бар балаларға қызмет көрсететін, көп-кәсіптік мекеме: тыныс алу жолдары, несеп жолдары, ішек-қарын жолдары, жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары, сүйек-бұлшық ет жүйелері, неврологиялық және басқа да патологиялар. Жеті жылдық жұмыс барысында орталықтың тиімді құрылымы қалыптасты, бұл реабилитациялық іс-шаралардың жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол мынадай қызметтерден тұрады: ақпараттық талдау, әлеуметтік реабилитация, медициналық реабилитация, психология-педогогикалық реабилитация, тіршілік әрекетімен қамтамасыз ету.

Ендігі кезекте  Алматы қаласында орналасқан мүгедек  балаларға арналған реабилитациялық орталықтарға тоқталып өтсек. Кешенді реабилитациялық «Кеңес» орталығы үкіметтік емес және ақысыз ұйым болып табылады. Орталық 1992 жылы 7 ақпанда заңды түрде қызмет атқара бастады. Мұнда бойында психофизикалық дамуының бұзылуы орын алған балаларға әртүрлі әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетіледі. Соның ішінде, әлеуметтік бейімделу және еңбек реабилитациясы мақсатында, қозғалыс, ақыл-ой және психикалық бұзылуларына арнайы оқыту бағдарламалары қолданылады. Орталық 1992 жылдан бастап 7-17 жас аралығындағы балаларды күндізгі стационарда қабылдау жобасы бойыша қызмет атқарды. Ақыл-ойы бұзылған күрделі әлеуметтік патологиясы бар балалар үшін арнайы әлеуметтік бейімдеу және түзету топтары ашылды. 1994 жылдан бастап тірек-қимыл аппараты бұзылған, соныен бірге психикасы бұзылған, ауытқымалы мінез-құлықты және сөйлеу мәнері бұзылған балаларды қабылдай бастады. 1995 жылы күндізгі стационарда жоба бойынша 5 топ құрылып, жұмыс жасады.

1995 жылы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін қозғалыстық реабилитация жобасы ашылды. «Харрикейн» компаниясының қолдауымен 2000 жылға қарай бұл жоба кеңейтілді, яғни ЕДШ (емдік денешынықтыру) арналған арнайы кабинеттер, құрал-жабдықтар, жүзу бассейндері, сенсорлық бөлмелермен жабдықталды.

Түзету сыныбы. 1998 жылдан бастап  терең діл ерекшелігі бар балаларға арналған түзету сыныбы ашылды.  2000 жылдан бері орталық «Көмекке мұқтаждарды әлеуметтендірудің Халықаралық моделі» жобасы бойынша өз қызметін жалғастыруда. Бұл модель «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен құрылған болатын. Бұл жоба бойынша оқытудың келесі баспалдақтары құрылды: әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік-тұрмыстық бағытталу, әлеуметтік-еңбектік оқыту және интеграция (сау және ауру балалар).  2001 жылы бұл жоба Нидерланды елшілігінің қолдауымен әлеуметтік-тұрмыстық бағыттау тобы құрылды. 2002 жылы «Харрикейн», «Шварцкопф» компанияларымен және Нидерланды елшілігінің қолдауымен «Day care» жобасы қолдау тапты. Яғни, «Day care» - психофизикалық ерекшеліктері бар балалар мен үлкендерге арналған «Жұмысбастылық орталығы» ашылды.

Одан бері қарай, орталықтың жұмысын, балаларға  жағдай жасау мақсатында бірнеше  халықаралық семинарлар өткізіліп, «Ерекше балалар» веб-сайты да ашылды. 2004 жылы «Қозғалыстық реабилитация» жобасы қолға алынып, 2005 жылы осы жоба бойынша көптеген жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Жоғарыда  аталған барлық жобалар мен бағдарламалар  бүгінгі күнге дейн қаржылық және кәсіби ресуртардың, сонымен бірге Қоғамдық бірлестік мүшелерінің белсенділігі арқасында ұзақ мерзімде жұмыс жасауда. 2003 жылдан бастап орталық Орта Азия елдері үшін моделді кеңістік болып табылады және Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан сияқты көршілес елдер үшін және Қазақстандағы ҮЕҰ мен мекемелерге семинар, тренингтер өткізіп отырады. Сонымен қатар, ҮЕҰ-мен қатар әлеуметтік қызметкерлерге де Республикалық деңгейде бірқатар семинарлар ұйымдастырылды.

Алғашқыда «Кеңес»  орталығының негізгі мақсаты  психофизикалық дамуында бұзылулар  байқалған балаларға кеңес беру мен реабилитациялық қызметтер, сонымен бірге түзету және әлеуметтік бейімделу болатын. Кейіннен, ҚР жағдайға байланысты жаңа бағытттар орын ала бастады, яғни балалардың оқуға, еңбекке, сапалы медициналық және әлеуметтік көмек алуына, ақыл-ой дамуы артта қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемелерді тарату, яғни балалардың өз отбасыларында тұру құқығын қорғау сияқты қызметтері пайда болды. Сонымен қатар, орталықтағы күндізгі стационарда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуіне, түзетуге және реабилитациялануына көмек жұмыстары да жүргізіледі.  Орталық мүшелік еркін түрде жүргізіледі. Олардың көпшілігі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары, бала кезінен бері мүгедектер және волонтерлер болуы мүмкін. Орталық ережесіне сай басқарушылық буын директорлар Кеңесінен құрылған, онда медициналық бағдарлама бойынша маман, түзету бағдарламасы бойынша маман және қоғаммен байланыс бойынша менеджер кіреді. Директорлар Кеңесін генералды директор басқарады [30].

Орталық балаларды  жыл бойы оқытатын күндізгі ереже  бойынша жұмыс жасайды. Мұндай ұйым баланың өмірінің көп бөлігін  психологиялық-педагогикалық қолдаумен  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осындай түзету сабақтары әрбір  баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жүзеге асырылады. 

«Кеңес» кешенді  реабилитациялау орталығының негізгі  міндеті балалардың оқуына, шығармашылығына  және білікті көмек алу құқығын қорғау болып табылады.  Орталық күрделі құрылымдық дефектісі бар балалар мен үлкендерге арналған кешенді реабилитациялау бағдарламасын дайындап шығарған: яғни, церебральды сал ауруы, әртүрлі формадағы эпилепсияның көрінуі, хромосомалық аурулар, аутизм, сөйлеу мәнерінің бұзылуы мен психологиялық ауытқулармен біріккен күрделі олигофрения. Сонымен қатар, орталықта мұндай күрделі патологиясы бар балаларға қоғамда жағымды жағдай жасау жұмысымен де айналысады.

Дипломдық жұмысты  зерттеу барысында жоғарыда атап өткен «Кеңес» кешенді реабилитациялау орталығында әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. Зерттеу енгізілген бақылау және тереңдетілген сұхбат әдістері арқылы жүргізілді. «Кеңес» реабилитациялық орталығындағы «Жұмысбастылық орталығы», «Әлеуметтік тұрмыстық бағытталу», және «Қозғалыстық абилитация» (группа двигательной абилитации) топтарындағы мүгедек балаларға зерттеу жүргізілді. Мұнда балалар жасына, денсаулық деңгейіне және мүгедектік құрылымына байланысты топтарға бөлінеді.

«Қозғалыстық  абилитация» тобындағы Мұқан Мирас (8 жаста) және Устинова Анастасиямен (10 жаста) жұмыс жүргізілді.

Мұқан Мирасты  бақылау барысында оның физикалық  дамуы өте төмен екендігі байқалады. Соған қарамастан, өте ұқыпты, тәрбиешілер мен дәрігерлердің айтқанын толық орындауға тырысады, алайда қойылған сұраққа тез арада жауап бере алмайды. Физикалық дамуы төмен болғандықтан өздігімен әжетханаға бара алмайды және өздігімен киім ауыстыра алмайды. Жанындағы адамдардың өзіне жиі көңіл бөлгенін қалайды. Жылдам, әрі өздігімен қозғалысқа түсе алмаса да өмірге деген көзқарасы позитивті.  Өмір сүруге деген талпынысы жоғары.  

Осы топтың тәрбиеленушісі Устинова Анастасия. Оның да физикалық дамуы өте төмен. Өзіне айтылған тапсырманың барлығын қолынан келгенше орындайды және жақсы түсінеді. Топтағы балалармен әрдайым қарым-қатынаста болғанды ұнатады. Сондықтан да, топтағы балалар немесе тәрбиешілер көңіл бөлмесе көңіл-күйі түсіп, ренжіп қалады. Өздігімен тамақтанады.

Бұл «Қозғалыстық абилитация» тобы болғандықтан, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер мен әлеуметтік педагогтар балалармен жұмыс жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың  тұрмыстық өмірдегі белгілі-бір іс-қимылдары мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Балаларды бақылау барысында, оларға күнделікті қалыпты ережелерін, сабақтарын орындауға көмектестім. Балалар орталық қызметкерлерінің көмегіне өте мұқтаж және күнделікті белгілі-бір қозғалысты қамтамасыз ететін іс-шараларды ұйымдастырғандарын қалайды.

Орталықтағы келесі топ «Әлеуметтік тұрмыстық  бағытталу» тобы бақылауға алынды. Бақылауға Акимжанова Аңсар (13 жаста) және Хасенбекова Диана (14 жаста) алынды.

Акимжанова  Аңсар, сыртқы келбеті ұқыпты, әдеміше  келген және өзін таза ұстайды. Сөйлеу қабілеті толық дамымаған, өзіне  айтылғанның барлығын түсінеді, бірақ сөйлей алмайды. Тек қана «мама», «бер», «көмектес», «бұл кім?» деген күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздерді ғана айта алады.  Салыстырмалы түрде өз бетінше іс-әрекет жасай алады. Өзі киінеді, тамақ ішеді, кей уақыттарда тәрбиешілерге көмектесіп, ойыншықтар жинайды.

Топтағы балалармен жиі қарым-қатынасқа түсе бермейді. Ойнаған уақытында да өз бетінше  жеке ойнағанды ұнатады, топтық ойындардан бойын аулақ ұстайды. Ойыншықтармен ойнағанда қоңыр, қара түсті ойыншықтарды ұстамайды. Тек ашық түсті ойыншықтармен ойнағанды ұнатады. Ойнап отырған кезінде басқа балалар келіп ойыншығын алып немесе қасына отырып бірге ойнауын сұраса, бірден ашуға беріліп кетеді. Оның өзіндік кеңістігі қалыптасан, сол кеңістіктің ішінен өзінен басқа адамның араласқанын қаламайды. Сонымен бірге, кітап оқығанды қатты ұнатады, қолына қызықты кітап түсетін болса, қозғалмастан отырып, ұзақ оқиды.

Тағы бір  байқалғаны, Аңсар өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасқа түскеннен гөрі, үлкен адамдармен араласқанды ұнатады. Топқа әлеуметтік қызметкерлер, студенттер келсе, оған қатты қуанады. Бұл топта қызметкерлер балаларға жеңіл-желпі күнделікті тұрмыстық жұмыстармен айналысуға бейімдейді. Яғни, ойыншықтарын, кітап-қаламдарын және киімдерін ретке келтіруге дағдыландырады.    

Осы топтың тағы бір тәрбиеленушісі Хасимбекова  Диана. Диана сырт келбеті сүйкімді, ұқыпты, сабырлы. Сөйлей алмайды, бірақ  белгілі-бір дыбыстар шығарады. Осы  топтың тәрбиеленушісі Аңсармен салыстырғанда  Диана топпен араласқанды ұнатады. Тәрбиешілер мен топтағы балалармен қарым-қатынасқа түскенді ұнатады. Бақылау барысында байқалғаны Диана өзінің дене бітімінің кемістігіне қарамастан, өмірге деген талпынысы жоғары. Өзіне басқалардың көмектескенін, көңіл бөлгенін және басқаларға көмектескенді ұнатады. Реабилитациялық орталық қалыпты өмір сүруге үлкен септігін тигізуде деп есептеймін.

«Жұмысбастылық  орталығы» тобына келетін болсақ, оның ерекшелігі тәрбиеленушілер өз қажеттіліктерін өздері қанағаттандыра алады. Топтағы балалар жасы 14 пен 34 жасты құрайды. Бұл топта да емделушілердің ақыл-ойының дамуы артта қалғандар. Олардың әрқайсысының ауруы әртүрлі бірі амнезиямен (ақыл-есін жоғалтумен), кейбірі өзінің айтқан бір сөзін қайта-қайта қайталай беретін және т.б. аурулармен ауырады. Ең бастысы олардың барлығы сенің көңіл бөлгеніңді сезеді, қарым-қатынас жасағаныңды қалайды және соған сәйкес жауап беруге тырысады. Топта өзара біріккен қарым-қатынас қалыптасқан, бір-біріне және тәрбиешілерге көмектеседі.

Осы топтың тәрбиеленушісі Павлов Максим, 24 жаста. Бойы ұзын, көк көзді, ешқандай физикалық ауытқуы жоқ, бірақ ақыл-ойының дамуы бұзылған. Ауру тарихындағы жазба бойынша туылған кездегі салынған екпеден аллергия беріп, ауытқуға ұшыраған. Мұндай жағдай мың адамның бірінде болуы мүмкін екендігі туралы орталықтың дәрігерінен ақпарат алдым. Алайда, өзіне және басқаларға қиындық туғызатын ешқандай қарама-қайшы іс-әрекеттер жасамайды. Өзінің бір кішкентай кеңістігі қалыптасқан сияқты, сол кеңістікте белгілі-бір ереже бойынша іс-әрекетке барады. Бұл «Жұмысбастылық орталығы» тобы болғандықтан топта әрқайсысы тәрбиешілерге көмектесіп әртүрлі жеңіл жұмыстар атқарады. Максим күнделікті өзіне айтқан тапсырмаларды ұқыпты орындайды, бірақ басқалармен және тәрбиешілермен де қарым-қатынасқа түсупеуге тырысады. Өзімен-өзі жеке әрекет еткенді ұнатады.

Информация о работе Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі