Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.
Кіріспе
1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері
2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі
2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар
Қортынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- жобалы-ұйымдастырушылық: қандай да бір әлеуметтік қиыншылықты шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жасау, ресурстарды негіздеу, жүзеге асыру және бағалау, белгілі санаттағы клиенттерге көмек көрсету;
- активациялық: индивидтің, отбасының немесе әлеуметтік топтың жеке мүмкіндіктерінің потенциалын активациялауға әрекет ету, өзінің проблемаларын өз алдарына шешуге, қиын өмірлік жағдайддан шығуға, өзіндік көмек пен өзара көмектідамытуды ұйымдастыруға клиенттерді ояту;
- инстументалды-практикалық:
адамдар арасындағы өзара
- өкімдік-басқарушылық: әлеуметтік
басқару органдарының
- эвристикалық: әлеуметтік білімнің өрістеуі, әлеуметтік мәселелерді түсінуді терендету, әлеуметтік қызметтерінің өздерінің білімдік және жалпы мәдени дайындықтарын жақсарту, олардың біліктіліктерін арттыру [21; 27].
Әрине, бұл функциялар әлеуметтік жұмыс технологиясының барлық жүйесінде тек жиынтық түрінде толық жүзеге асырылады, әрбір нақты жағдай да қандай да бір жиынтығы қолданылуы мүмкін.
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыста мәселенің сипаты, сонымен бірге адамның өзінің ерекшелігін оның жақын әлеуметтік ортасымен отбасы, туысқандары, достарымен көрсетілетін мүмкіндіктерін, білімін кәсібін, шығармашылыққа қабілеттілігін ескеруі қажет.
Әлеуметтік қызметкердің мүгедекпен өзара іс-әрекеттің негізгі мақсаттары:
- мүгедек немесе мүгедектің отбасының әлеуметтік қызмет ету механизмін жақсарту.
- мүгедектікпен адамның мүмкіндігінің максималды көрінуіне жағдайлар жасау.
- мүгедектігі бар адамдарды қоғамға интеграциялау.
- мүгедектің тәуелсіз өмір сүруіне жағдайлар жасау.
Жалпылама түрде әлеуметтік жұмыстың мүгедектермен өзара іс-әрекетінің екі формасын көрсетуге болады, бұл мүгедектен тікелей жұмыс және оның әлеуметтік ортасымен жұмыс. Жеке клиентпен жұмыс түрлі дәрежеде мүгедектің өзінің белсенді қатысуына мүмкіндік туғызатынын естен шығармауымыз керек, алайда көптеген жағдайларда клиенттің қатысуын белсендетуге мүмкіндік жасауға болады, яғни бірінші міндеттен үшіншіге өту арқылы, яғни:
1) әлеуметтік жұмыскер немесе басқа маман көмекке мұқтаж адамға белгілі-бір іс-әрекетті орындауға көмектеседі;
2) әлеуметтік жұмыскер мүмкіндігі шектеулі адамды қызметке үйретеді немесе бағыттайды;
3) әлеуметтік жұмыскер тәуелсіз өмір біліктіліктерін үйренген және өзіндік бағасы көтерілген клиенттің қағидаларын өзгертуге жағдай жасайды.
Денсаулықтың бұзылуынан пайда болған өмірлік қызметтің шектелуін алып тастау үшін мемлекет мүгедектерге қызмет көрсету жүйесі реабилитацияны ұсынады. ҚР заңнамасына сәйкес реабилитация – медициналық, психологиялық, педогогикалық, әлеуметтік-экономикалық шаралардың жүйелері. Реабилитацияның мақсаты мүгедектің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, оның материалдық тәуелсіздікке жетуі мен оның әлеуметтік адаптациясы болып табылады. Шет елдерде реабилитация мен абилитация түсініктерін ажыратады.
Абилитация түсінігі де біржақты мағынаға ие емес. «Абилитация» түсінігі Дания мен Швецияда қолданылып жүрген нормализация (normalisation) түсінігімен сәйкес келеді. Латын тілінен «habilitation» сөзін аударғанда «мүмкіндік беру құқығы, қабілеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ету» және көпшілігінде балалардың жас кезінен бастап психиатриялық аурулары, қандай-да бір физиологиялық немесе психикалық дефектілері болған кездер қолданылады.
Медициналық әдебиетте абилитация түсінігі реабилитация түсінігімен салыстырып қолданылады. Л.О. Бадалянның тұжырымдауы бойынша «Абилитация – бұл емдік-педагогикалық іс-шаралар жүйесі болып табылады. Оның көмегімен әлі әлеуметтік ортаға бейімделмеген жас кезінен патологиялық жағдайдағы балаларды емдеу мен қоғамға үлесін қосу үшін оқыту мен еңбек ету мүмкіндіктеріне жағдай туғызу. Яғни, бала жас кезінен бастап патологиялық жағдайдағы мүгедектікке душар болған кезде абилитация жүргізіледі. Себебі, бұл бала өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды және қоғамдық өмірде тәжірибесі жоқ. Сондықтан мұндай жағдайда реабилитациямен қатар абилитация жұмысы жүргізіледі [13; 337-347 бб.].
Реабилитациялық
жұмыс пен абилитацияның
Абилитация деп – адамның әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық дамуына жаңа және мобилизацияланған ресурстарды қалыптастыруға бағытталған қызметтер кешені. Халықаралық тәжрибеде реабилитация деп – денсаулығының, жарақатының, өмірлік қызметінің өзгерген шарттарының себептеріне байланысты жоғалған бұрынғы қабілеттерін қалпына келтіру. Реабилитация түсінігі екі мағынаны да өзіне қосады, соның ішінде қысқа медициналық ғана емес, кең әлеуметтік – реабилитациялық жұмыс аспектісімен түсіндіріледі. Реабилитация – мүгедектің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, оның ішінде материалдық тәуелсіздікке жетуі мен әлеуметтік адаптациясына бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі.
Баланы тәрбиелей отырып ата-ана басқа балалармен, ата-аналармен, мамандармен, педагогтармен қарым-қатынас жүйесіне түседі. Балалар отбасында дамиды, ал отбасы өзіндік заңдарымен қажеттіліктері мен мүдделері бар қарым-қатынас жүйесі болып табылады. Егер де бала емдік немесе білім беру мекемелеріне барса, аптаның бірнеше күндерінде арнайы интернаттарда тұрса, онда бұған тағы бір өзіндік талабы мен заңдары бар жүйе қосылады. Қоғамда отбасы үшін өз кезегінде қолдау мен көмек болуы да болмауы да мүмкін [22; 61].
Медицина
және әлеуметтік жұмыста қолданылатын
абилитациялық жұмысын
Әлеуметтік оңалтудың нәтижелігін арттыру мақсатында мынадай шаралар қолданылатын болады:
Ол үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне көмекші және құлағы естімейтін мүгедектерге ымдау тілінің маманын беру республикамызда алғаш рет заңмен бекітілді.
Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға қолданылатын әлеуметтік технологиялардың бірі ретінде кәсіптік оңалтуды атауға болады.
Мүгедектерді кәсіптік оңалту үшін қазіргі уақытта жеткілікті де қолайлы мүмкіндіктер қалыптасып отыр. Еңбек нарығындағы жағдай тұрақтанып жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.
Мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін құрылымдық және ұйымдық қайта құру мыналарды көздейді:
● қолданыстағы интернат үйлерін кезең-кезеңімен ықшамдау, олардың қызметі мамандандырылған қызмет көрсетуге бағытталатын болады;
● сыйымдылығы шағын әлеуметтік үйлер желісі және отбасылық үлгідегі мекемелер дами бастайды, бұл медициналық әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің оларда тұруын үй жағдайына жақындатуға және қоғамнан оқшау қалуын жеңуге мүмкіндік береді;
● әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын құру. Бұл орталықтардың құрылымы мүгедектердің әлеуметтік қызметтердің белгілі бір нысандары мен түрлеріне қажеттілігіне байланысты модульдік қағидат бойынша салынатын болады;
● әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын және әлеуметтік қызмет көрсететін мамандарды лицензиялау және акредиттеу тәртібін әзірлеу.
Ендігі кезекте еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары мемлекет тарапынан да қолдау тауып отырғандығы белгілі. Атап өтетін болсақ, «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңы. Осы заңда көрсетілген басты мәселелерге назар аударып өтсек.
2 тарау. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы. 8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары:
1. Мүгедектiгi бойынша
2. Мүгедектiгi бойынша
3. Мүгедек адамға зейнетақы
4. Зейнетақы төлемдерiн алуға
құқық беретiн жасқа жеткен
мүгедек адамдарды қайта
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi
- Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi)
Заңымен.
9-бап. Мүгедектiк топтары
Тiршiлiк ету әрекетiнiң
Мүгедектiктiң себептерiн, топтарын,
еңбекке қабiлетiн жоғалту
Мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн,
топтарын және еңбекке қабiлетiн
жоғалту дәрежесiн анықтау
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 308 , өзгерiс енгiзiлдi - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
10-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы тағайындау мерзiмi
1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы
мүгедектiктiң жәрдемақы
2. Мүгедектiк тобы өзгерген
Қайта куәландырылушы еңбекке қабiлеттi
деп танылған жағдайда жәрдемақы еңбекке
қабiлеттi деп танылған күнге дейiн төленедi.
3. Егер мүгедек адам қайта
куәландыруға ол үшiн
Дәлелдi себептер бойынша қайта куәландыру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, төлем тоқтатылған күннен бастап, егер жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны осы кезең үшiн мүгедек деп таныса, қайта куәландырылған күнге дейiн, бiрақ әрi кеткенде 3 жылдан аспайтын мерзiм үшiн жүргiзiледi. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезiнде мүгедек адам мүгедектiктiң басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, аталған уақыт үшiн жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленедi.
Егер жалпы аурудың салдарынан
еңбек қабiлетiн жоғалтқан