Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.
Кіріспе
1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері
2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі
2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар
Қортынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мүгедектерді
қоғамға интеграциялау
Қазақстанда
мүгедектерді жұмыспен қамту маңызды
кедергілермен кездесуде, олардың
ішіндегі бастысы мүгедектердің
еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетсіздігі.
Мүгедектерді жұмыспен қамту құралдарының
кеңейген түрі мүгедектердің қоғамдық
бірлестіктерінің арнайы кәсіпорындары
болып табылады. Республикада Қазақстандық
соқырлар қауымдастығының 33 оқу-өндірістік
кәсіпорындары мен 18 Қазақстандық саңыраулар
қауымдастығы бар. Оларда жалпы төрт
мың мүгедектер жұмыспен қамтылған.
Көрсетілген кәсіпорындардың
Кезеңді қайта ұйымдастыру, реабилитациялық бөлімдерді, күндізгі немесе балалардың медико-әлеуметтік мекемелерінің негізінде бес күндік орналасу бөлімдерін ашу, үйге жақын шарттарды жасайтын қалалар мен аудан орталықтарында кішігірім интернат үйлер салу мақсатымен әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер желісін социологиялық зерттеу кешенін жасауға қажеттілік туындап отыр [9; 105-106 бб.].
Қазақстанда мүгедектердің жағдайы.
Мүгедектер Қазақстанда кедей халықтың ішіндегі ең әлсіз тобы болып табылады, яғни адам әлеуетінің даму мүмкіндігі көзқарасына байланысты. Мүгедектер арасындағы кедейлік қаупі жоғары біріншіден денсаулығының бұзылуына байланысты өмірлік қызметінің шектелуі яғни өзінің базалық қажеттіліктерін қанағаттандыруда мүмкіндіктерінің шектелуі; екіншіден мүгедектер Қазақстанда халықтың басқа топтарымен салыстырғанда қоғамдық және саяси өмірге қатысуда, білім беру қажеттеріне, әлеуметтік саяси қажеттіліктерін қанағаттандыруда мүмкіндіктері шектелген.
Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен қолдау экономикалық, саяси және басқа да құқықтарының жүзеге асуында теңдей мүмкіндіктермен қамтамасыз етіліп, олардың еркіндіктері мемлекет Конституциясы мен басқа да нормативті-құқықтық құжаттармен кепілденсе де, қоғам мен мемлекет жағынан мүгедектер мен олардың мәселелеріне кеңес уақыты кезінен сақталған немқұрайлы қатынас орын алуда. Ол қазіргі кезде мемлекетімізде халық тұратын жерлерде мүгедектерге тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік мекемелерге, әлеуметтік инфрақұрылым (пандустар, жерасты өтпелдері, арнайы бағдаршамдар) объектілеріне қол жетуіне мүмкіншіліктерінің болмауында көрініп отыр. Мүгедектерге деген немқұрайлық пен көңіл бөлінбеушілік қазіргі күнге дейін республикамызда жалғасуда. Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау минстірлігінің елдегі мүгедектердің саны 388 мың (халықтың 3,5%) деген мәліметтері берілген. Сарапшылардың бағасы бойынша мүгедектердің шынайы саны одан да көп және ол мемлекет халқының 10-12% құрайды, өйткені Қазақстанда мүгедектер санатына психикалық ауытқулары бар адамдар мен ақыл есі кем балалар кірмей қалады.
Мүгедектер мен олардың мәселелері туралы айтып, оларды қолдауға арналған шаралар тек соңғы жылдары жасала бастады. 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы жұмыс жасай бастады. Қазіргі уақытта мүгедектердің реабилитациясы төмен дәрежеде болып 2,3% аспайды. Бағдарламаны жасаушылардың пікірінше оны орындау мүгедектердің өмір сапасын өсіреді, реабилитациялық шаралардың көлемін өсіреді. Мүгедектерге олардың жеке қажеттіліктерін ескере реабилитацияның техникалық құралдарымен қамтамасыз етеді, мүгедектің тұрмыста, қоғамда, кәсіби қызметінде қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі. Мүгедектердің толығымен конституциялық құқығын орындайтын шараларды қолдап, оларды қоғамға интеграциясын жеделдетеді.
Мемлекеттегі мүгедектердің жағдайын жақсартуға көмектесетін екінші маңызды қадам 2002 ж. шілдеде қабылданған «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» заң болды, ол мүгедек балаларға басқа балалармен тең мектептерге баруға, олардың бастауыш және орта білім алуына конституциялық құқықтарын орындауға көмектеседі. Қазіргі уақытта «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңның жобасы орындалуда, бұл заңды дайындау кезінде мүгедектердің өздері қатысып, оларды әлеуметтік қоғамға енуіне мүмкіндік беріп өздерін бөлектенгендігін сезінбеуге көмектеседі.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта көптеген мүгедектердің қабілеттері мен мүмкіндіктері ескерілмей, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуеті қолданылмайды. Біздің ойымызша мүгедектерді әлеуметтік қолдау жүйесі негізгі екі компоненттерден тұру керек:
- еңбекке қабілетсіз мүгедектерге атаулы әлеуметтік қолдау;
- еңбекке қабілетті және еңбек етуге талпынысы бар мүгедектерге жан-жақты қолдау көрсету.
Бұл жерде Алматы қаласының мүгедек қауымының төрағасы Али Аманбаевтың сөзін келтіруге болады: «Мүгедектер өз-өзін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамға өз пайдасын келтіретіндігін түсіну керек».
Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің дамуы Қазақстанда әлеуметтік экономикалық, медико-демографиялық және экологиялық факторлар, еңбекті қорғаудың төмен дәрежесі, медицина қызметінің төмен сапасы мен бағасының қымбаттылығы әсер етеді.
Мүгедектіліктің
негізгі себептеріне жалпы
Балаларда мүгедектіктің пайда болуына алып келетін факторларға биологиялық созылмалы, туылмалы және генетикалық аурулардың ата-аналарындағы жоғарғы дәрежеде болуы, перинаталды кезеңдегі патология, медико-ұйымдастырушылық ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан мүгедектікті тағайындау мен реабилитацияның басталуы аралығындағы кезеңнің ұзақтығы, әлеуметтік орталық экологиялық жағдайдың нашарлауы, отбасының әлеуметтік қамтылмағандығы [8; 105б].
Республикадағы
медико-демографиялық
Қазақстанда мүгедектердің негізгі табыс көздері болып:
- мүгедектігі бойынша ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары;
- тұрмыстық қызметтер шығындарын өтеу үшін арналған арнайы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылары;
- жұмыс істейтін мүгедектердің еңбек ақысы.
Мемлекеттік жәрдемақылар мен жеңілдіктердің көлемі мүгедектіктің дәрежесіне байланысты, жәрдемақының көлемі айлық есептік көрсеткішінің мөлшеріне байланысты. Мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек, мүгедектер жергілікті өкілеттіліктер мен орындаушы билік органдарынан жергілікті бюджеттің қаражатынан қосымша:
- тұтынушы бағалардың индексінің өсуіне сай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша төлемдер;
- біреудің көмегін қажет ететін жалғызбасты мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақыларға көшкені үшін қосымша төлемдер;
- санитарлы-курортты емделуге жеңілдіктер.
Сонымен бірге, жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары мүгедектердің спецификалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мен олардың өмір сүру дәрежесін жергілікті бюджет қаражаты арқылы көтеруге арналған басқа да шешімдер қабылдай алады. Мүгедектердің жалпы санының белгілі бір пайызы ғана жұмыс істеп, қосымша кіріс көзі бар деп есептесек, мемлекеттік әлеуметтік және арнайы жәрдемақылардың арқасында күн көріп отырған еңбекке қабілетсіз және жұмыс істемейтін көптеген мүгедектер қиын жағдайда екендігін ескеру қажет.
Егемендік жылдардан
бастау алып, жүргізіліп және атқарылып
жатқан әлеуметтік іс-шаралар ауқымы
халықтың игілігіне материалдық
ахуалды жақсартудың
Сондықтан да, мемлекетте осы тұрпаттағы саяси өмір сүру немесе күн көріс деңгейінің мүмкіндігі шектелген жандардың тұрмысына қажетті деп танылған жәрдемақылардың белгіленуі және мекендер бойынша таратылуы материалдық ахуалды оңалту жолындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар болып табылады. Бұл заң Республикада тәуелсіздік жылдарынан бергі әлеуметтік салада жекелеген тұстардың дамуы көріністерінің бірі ретінде негіз болды.
Қоғамда жәрдемақы алатын әлеуметтік топ өкілдерінің бірі - мүгедектер. Сондықтан мүгедектер мәселесі мен олардың қажеттіліктері мемлекеттік деңгейде қарастырылып, шешілуі тиіс. Ел болып, еркіндігін орнатып, тәуелсіздік ұғымын сіңдіруді бастаған тұста 1991ж. тұңғыш рет «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң қабылдады». Қабылданған заң бойынша халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйғарымымен бірқатар мәселелерді шешу көзделген:
- мемлекеттік зейнетақымен, жәрдемақымен және басқа да әлеуметтік төлемдер мен қамтамасыз ету;
- мүгедектер мен зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- мүгедектерді, зейнеткерлерді, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын, халықтың мемлекеттік қолдауға мұқтаж басқа да топтарын қолдау мақсатымен өкілетті және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, қайырымдық қорларымен өзара іс -қимыл жасау;
- медициналық қызмет көрсету, емдеулер мен демалыс орталықтарында демалту бағдарламаларын іске қосу сияқты өзекті тұстары мемлекеттік қолдауға ие болып әлеуметтік көмек ретінде жүргізілуде.
Жыл санап өсіп келе жатқан экономиканың даму желісінің мүмкіндігі бюджет тарапынан жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектер, төлемдер, жеңілдіктер және төлемақылар өтеуге негізделіп отыр. Мемлекет халқындағы мұндай істерді халық игілігінде жүзеге асыру қоғам ағымынан әртүрлі себептерге байланысты қалып қойған азаматтар үшін оңалту жолындағы іс-қимыл болып табылады. Экономикалық даму мейлінше тұрақтанып қоғам ағымының жалпы желісі күшейген сайын әлеуметтік ахуал назардан тыс қалмайды.
Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың әл-ауқатын көтеру кез-келген мемлекеттің негізгі назар аударарлық мәселесі болып табылады. Тек осы мәселе толық күйде шешілгенде ғана қоғам тұрақтанып мемлекет әрі қарай дамуға мүмкіндік алады. Егемендік жылдарынан бері қайта жаңғырып, саяси мағыналы тұстарымыз халықтың тұрмыс-тіршілігі, ахуалы мен оңалту жұмыстарын жүргізіп, бірқатар жетістікке жеткен тұстары бар. Қоғамның ілгерілеп саяси мәнде толық қамтылуы әрдайым даму тұстары негізінде жүзеге асады. Экономикалық даму мүмкіндіктеріне орай мемлекет шеңберіндегі тұрмысы нашар топтар мүдделері ескеріліп, қоғамдық қатынас негізінде сансыз көмектер мен жәрдемақылар бойынша жауап қайтарылып олардың күн көріс деңгейінің жақсарып, қоғам қатарына тұрмысы жағынан қайта жол ашылды.
Қоғам өзінің саяси ағымында даму желісі үрдісімен жалғастыруы үшін экономикалық ахуалды саралап, әлеуметтік мәселелерді дұрыс жолға бағыттауы тиіс болды. Қабілетті азаматтар мүмкіндігі шектелген жандарды еңбек қатынасы негізінде мемлекет тарапынан қарасуға араласты. Кез-келген мемлекетте әлеуметтік институттар бар олардың мақсаты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру болып табылады. Мемлекет шеңберінде әртүрлі жәрдемақылар мен көмектерді жүзеге асыру қолдауда қоғамдағы өркенді істер мен айналысатын қайырымдылық қорлар, сақтандыру компаниялары, фондтардың орны ерекше. Бұл қайырымдылық қорлардың мемлекеттік жәрдемдер мен көмектерден бөлек жеке секторлы жұмыстардан қаржы көзінің бөлінуі және материалдық жағдай жасау негізінде қоғамдағы мүмкіндігі шектелген жандардың қажеттіліктерін өтеу жолдарындағы қайырымды іс болмақ. Мұндай шараларды жүзеге асыру негізінде өскелең жас буынды ұрпақтарға тәрбиелік мәні бар келелі істер мен жақсы жағынан көрінсе, мемлекеттің қамтамасыз етуіне қосымша қайырымдылық қорлар негізінде әрбір істер қоғамға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар.