Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.

Содержание

Кіріспе

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар

Қортынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

диплом патология.docx

— 163.55 Кб (Скачать)

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  
2002.03.21. N 308 , өзгерiс енгiзiлдi - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары

Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға  құқығы бар мүгедектерге:

1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден,  кәсiби аурулардан мүгедек болғандар,  он алты жасқа дейiнгi мүгедек  балалар, он алтыдан он сегiз  жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы  мүгедек балалар; 

1-1) бала кезiнен мүгедектер;

2) мүгедектiкке әскери қызметтен  өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың  салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер  қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық  немесе әскери мақсаттағы ядролық  объектiлердегi авариялардың зардаптарын  жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан  мүгедек болған адамдар; 

3) әскери қызмет мiндеттерiн (қызмет  мiндеттерiн) атқаруға байланысты  емес жазатайым жағдайдың салдарынан  болған мертiгу не әскери және  қызмет борышын орындауға байланысты  емес ауру салдарынан мүгедектiкке  душар болған жағдайда әскери  қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi  әскери қызметшiлердi қоспағанда), Қазақстан  Республикасының iшкi iстер органдары  мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу  комитетiнiң басшы және қатардағы  құрамының адамдары қатарынан  шыққан мүгедектер;

4) әскери қызметтен өту кезiнде  жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы  салдарынан мүгедектiкке душар  болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi қоспағанда), қызмет мiндеттерiн атқару  кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан мүгедектiкке душар болған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi қатарынан шыққан мүгедектер;

5) себеп-салдарлық байланысы анықталған  жағдайда төтенше экологиялық  жағдайлар, соның iшiнде ядролық  жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан  және/немесе олардың зардаптарынан  болған мүгедектер жатады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 482 , 2002.03.21. N 308 , 2004.12.31. N 28 Заңдарымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi).

12-бап. Мүгедектiгi бойынша  жәрдемақының мөлшерi

1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында аталған мүгедектерге  мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:  
      - бiрiншi топтағы мүгедектерге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн 1,36 ең төмен күнкөрiс деңгейi (бұдан әрi - ең төмен күнкөрiс деңгейi);  
        - екiншi топтағы мүгедектерге - 1,06 айлық есептiк көрсеткiш;  
        - үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,74 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларға - 1,00 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- бала кезiнен бiрiншi топтағы мүгедектерге - 1,36 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- бала кезiнен екiншi топтағы мүгедектерге - 1,11 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- бала кезiнен үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,87 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi бiрiншi топтағы мүгедек балаларға - 1,36 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi екiншi топтағы мүгедек балаларға - 1,11 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi үшiншi топтағы мүгедек балаларға - 0,87 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады.

2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында аталған мүгедектерге  мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы: 

- бiрiншi топтағы мүгедектерге - 1,61 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- екiншi топтағы мүгедектерге - 1,30 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- үшiншi топтағы мүгедектерге - 1,00 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады.

3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында  аталған мүгедектерге мүгедектiгi  бойынша айлық жәрдемақы: 

- бiрiншi топтағы мүгедектерге - 2,09 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- екiншi топтағы мүгедектерге - 1,49 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

- үшiншi топтағы мүгедектерге - 1,00 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады.

4. Жұмыс iстейтiн жәрдемақы алушыларға  мүгедектiгi бойынша жәрдемақы  толық мөлшерiнде төленедi.

5. Егер Орталықтан және жинақтаушы  зейнетақы қорларынан берiлетiн  жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң  мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаттары  үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша  айлық жәрдемақы мөлшерiнен кем  болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы  төлемдерiне мүгедектердiң сол  санаты үшiн белгiленген жәрдемақы  мөлшерiне дейiн жеткiзiлген тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 308 , өзгерту енгiзiлдi - 2003.01.09. N 382 , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен, 2004.12.31. N 28 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2005.12.15. N 101 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен [35].

2011 жылы Астана  қаласында Қазақстан Республикасының Президентіне жасалған «Қазақстан Республикасының балаларының жағдайы» туралы баяндамасына тоқталып өтсек. Бұл баяндамада жалпы Қарақстан Ресбупликасындағы балалардың жағдайы, білім алу мүмкіндігі, денсаулығы, қылмысқа баруы және мүмкіндігі шектеулі балалардың да жағдайлары толығымен қарастырылған. Сонымен бірге, мемлекет тарапынан балаларды қорғауға жүргізіліп отырған көптеген іс-шаралар мен қаржы көлемі көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2011 жылдың 1-ші қаңтарындағы есебі бойынша 54 495 мүгедек балалар, соның ішінде 45 810-ы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 1 016-сы 18 жастағы І-ші топ мүгедек балалар, 3 052-сі 18 жастағы ІІ-ші топтағы мүгедек балалар, 4 617-сі 18 жастағы ІІІ-ші топтағы мүгедек балалар болып отыр.  

Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік мекемелер  желісі қызмет атқарады. Оның ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға  арналған 3 интернат-үйі, 17 балалар психоневрологиялық интернат-үйлер, 6 реабилитациялық орталық, мүгедек балаларға арнайы қызмет көрсететін 160 үйде көмек көрсететін әлеуметтік көмек бөлімі жұмыс жасайды.

Мүгедек балаларға ақысыз медициналық көмек көрсету шеңберінде реабилитациялық, емдік қызметтер  көрсетіледі. Амбулаториялық жағдайда мүгедек балалар ауруына байланысты белгілі-бір медиканменттерімен және арнайы тамақтану өнімдерімен қамтамасыз етіліп отырады.  Мүгедек балаларға реабилитациялық көмек аймақтық және республикалық деңгейде де көрсетіліп отырады. Кешенді реабилитацияға медициналық терапия, психологиялық-педагогикалық коррекциялау мен әлеуметтік бейімдеу де кіреді. 

Республикалық деңгейде балаларға реабилитациялық  көмек Астана қаласында – балаларды  реабилитациялау орталығында (РБРО), Алматы қаласында «Балбұлақ» балаларды  реабилитациялау орталығы, «Алатау» балалар клиникалық санаториясы, Бурабай  курортындағы – балалар мен жасөспірімдерге  арналған реабилитациялық орталық; аймақтық деңгейдегі 39 реабилитациялық  орталықтарында мүмкіндігі шектеулі балаларға  жылсайын 8,5 мың балаға кешенді реабилитациялық көмек көрсетіледі. 

2007 жылдан бастап есту қабілеті  бұзылған күрделі патологиясы  бар мүгедек балаларға медициналық  көмек мақсатында республикасында  кохлеарлы имплантация бойынша ота жасалады. Сол кезең бері мұндай отаның 430-ы жасалды. 2007 жылға дейін мұндай күрелі ота жасау үшін шетелге жіберілетін болатын. 

Мүгедек балаларға  әлеуметтік көмек көрсету барысында  үкіметтік емес ұйымдар да өз үлестерін қосуда:

- 2009 жылы ҮЕҰ-мен психоневрологиялық патологиясы бар 1,5 мың балаға 156,9 млн.теңге көлемінде;

- 2010 жылы  психоневрологиялық аурулары бар  2,0 мың балаға 446,5 млн.теңге көлемінде; 

- 2011 жылы 2,1 мың балаға 273,6 млн. теңге көлемінде  қаржылай көмек көрсетілді. 

Реабилитация  жүйесін, мүгедектердің өмір сапасын  жақсарту мен әлеуметтік қолдау мақсатында Денсаулық сақтау Министрлігі мен  Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау мен еңбек Министрлігінің бірігуімен 2010-2011 жылдарға мүгедектік мен ауруға шалдығудың адлын-алу іс-шараларының жоспары дайындалып, қабылданды [35].

2010 жылы 23 шілдеде  денсаулық сақтау Министрлігінің №533 бұйрығымен «Санитарлық ережелерін» бекітті. Онда мүгедектерге қоғамдық ортада жағдай жасау үшін белгілі-бір әлеуметтік нормалар қарастырылған [37].

Қорыта келе, қоғамда орын алып отырған мүгедектіктің өзекті әлеуметтік мәселе екендігі белгілі. Біз, болашақ әлеуметтік қызметкер ретінде педагогтармен, дәрігерлермен қатар оларға қолдау көрсетіп, реабилитациялық және абилитациялық жұмыстар жүргізуіміз қажет. Сонда ғана, біз оларға қоғамның қалыпты бір мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасай аламыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тарихи тұрғыдан мүгедектілік және мүгедек түсініктері  еңбекке жарамсыз және ауру түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да, мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласымен тікелей байланысты. Мамандар көп жылдар бойы мүгедектіктің шартын мойындамай оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл мәселенің әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның басты міндеті куәландырып отырған адам қандай кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік биологиялық критерий назарға алынбаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңестірілген. Сонымен құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған және де мүгедек түсінігі әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде қарастырылмаған. Әлеуметтік қызметкер мүгедектерге заңдық тұрғыдағы психологиялық, педагогикалық және өте маңыздысы медициналық әлеуметтік сипаттағы бірқатар мәселелер бойынша қашан да көмек көрсетуге дайын болуы қажет.

Жалпы республика бойынша 2004 жылғы бірінші жарты  жылдықта бірінші рет мүгедектікке шығу жөніндегі көрсеткіштің жақсаруы және мүгедектердің толық оңалу  көрсеткішінің тұрақтануы байқалды. Мүгедектерді оңалту процесін одан әрі  жетілдіру жөніндегі шаралардың арасында куәландыру тәртібін мүгедектің себебін, тобын, еңбек ету қабілетінің  дәрежесін белгілеуді жетілдіру  және мүгедектерді медициналық әлеуметтік сараптама саласындағы нормативтік  құқықтық актілерді сәйкес келтіру  арқылы жетілдіру. 2008 жылдың аяғына қарай  мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіруге  және оларды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін жыл сайын арттыру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, мүгедектікке әкеп соқтыратын туа біткен және тұқым қуалайтын ауруы даму кемістігі бар балалардың туу қатерінің дәрежесін азайту жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге, медициналық әлеуметтік сараптаманың сапасын арттыруға, оңалту ұйымдарының жұмысына қазіргі заманғы техникалық, ұйымдық, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік технологияларды енгізуге жағдайлар жасалуы қажет. Осыған орай, қазіргі уақытта жүкті әйелдерге алдын-ала балаларының генетикалық ауытқуының бар немесе жоқтығын анықтайтын  процедура жүргізіледі. Бұл да дүниеге дені сау бала әкелуге септігін тигізетін мемлекет тарапынан жасалып отырған іс-шара болып табылады.

Мүгедектерге  көрсетілетін медициналық, әлеуметтік, білім беру және де өзге де оңалту қызметтерінің  тізбесін кеңейтуге және олардың  сапасын арттыруымыз қажет. Жалпы жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу және әлеуметтік жұмыс орындарын құру есебінен мүгедектердің лайықты еңбекке қол жеткізуін ұлғайтуға, оңалту мекемелерінің жүйесін дамытуға, олардың қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіруге материалдық техникалық базасын дамыту керек. Мемлекеттік органдардың мүгедектерді әлеуметтік қорғау процесін басқарудағы әдіснамалық, іске асыру және бақылау функцияларын оңтайландыру, мүгедектердің орталықтандырылған дерек қорын құруды және мүгедектерді оңалту мекемелерінің оңалту индустриясы кәсіпорындарының қызметін ақпараттандыруды, медициналық әлеуметтік сараптама және мүгедектерді медициналық, оңалту саласындағы мамандардың кәсіптік деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

Кадрлардың  кәсіптік дайындығынсыз елдегі тез  өзгерген әлеуметтік жағдайларды қиындатқан үдерістен туған мәселелерді  шешу оларды талдау және жинақтау мүмкін емес. Халықпен және соның ішінде мүгедектермен  жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау оның әлеуметтік технологиясын  әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті және сенімді шараларын әзірлеу қажеттігі туындап отыр. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыста мәселенің сипаты, сонымен бірге адамның өзінің ерекшелігін оның жақын әлеуметтік ортасымен отбасы, туысқандары, достарымен көрсетілетін мүмкіндіктер білімін, кәсібі, шығармашылыққа қабілеттілігін ескеруі қажет.

Қазақстанның  экономикасы өркендеп халықтың әлеуметтік тұрмыстық қал жағдайы жыл өткен сайын жақсаруы қоғамның барлық саласына әсерін тигізуде. Мемлекеттік өтемақылар мен жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер мен төлемдер, әртүрлі жеңілдіктер жүргізу, қоғамдық игілік жұмыстардың өзекті тұстарының бірі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасында халықты қорғаудың негізгі бағыттарының бірі азаматтарға заңдарда көрсетілген жағдайлар пайда болған кезде мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, есептеу және оны дұрыс бағыттау болып табылады. Бұл жәрдемақылар мен әртүрлі көмек түрлерінің мөлшері шектеусіз. Өйткені қоғам дамуы мен қатар экономикалық ахуалымызды оңалту шараларын бастан кешіруде.

Сонымен қатар, қоғамда орын алып отырған мүгедектік - бұл әлеуметтік мәселе. Мүгедектердің көпшілігі халқымыздың ең әлсіз, көмекті қажет ететін топтарына жатады. Сондықтанда, дипломдық жұмысындағы көтерілген мәселелер өз шешімін тапса олардың жағдайын жақсартудың бастамасы болар еді деп ойлаймыз. Қоғам болып, ел болып жоғарыда аталған мәселелерді дұрыс жолға қойып және олардың дұрыс бағытталуын қадағалау мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету біздің міндетіміз.

Информация о работе Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі