Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.
Кіріспе
1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері
2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі
2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар
Қортынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Социология
ғылымдарының докторы, профессор Әбдікерова
Г.О. «Әлеумет тынысы» ақпараттық-
Сонымен қатар, Әбдікерова Г.О. «Түркі әлемі» ақпараттық газетінде «ҚР мүмкіндігі шектеулі топтарды қорғау мәселелері» атты мақаласында мүгедектерді қорғаудағы әртүрлі мәселелерге тоқталған [15].
Жоғары атап өткеніміздей, «әлеуметтік патология» термині қарапайым түрде нашақорлық, қылмыс, ішімдікке салыну, жезөкшелік, сыбайлас жемқорлық және т.б. арқылы түсіндіріледі деген болатынбыз. Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеу барысында жоғарыда аталған әлеуметтік патологияларға қысқаша тоқтала кеткеніміз жөн деп санаймын.
Нашақорлық – есірткі заттарын қолданғаннан оларға деген тәуелділік туындайтын, ағзаның өте ауыр тұрақты, тәндік және психикалық өзгеруіне, көп жағдайда өлімге әкеп соқтыратын дерт.
Нашақорлықтың жолына түскен адам өзінің азаматтық, адамгершілік қасиетін жоғалтып, имандылықтан біртіндеп айырылады, психикалық жағынан күйзеліске ұшырайды, достарын, отбасын жоғалтады, кәсібін, мамандығын тастап, жұмыссыз қалады, қылмыстық ортаға тап болады, соңында біртіндеп өзінің тәнін құлдырауға әкеліп, жаппай жеңіліске ұшырайды. Есірткі – қатер, өйткені ол адамдық бетпердені жоққа шығарып, кісіні мүсәпір ететін зат десек қателеспеген болар едік.
Қазіргі таңда сананы улап, есті алған есірткі күннен-күнге тамырын кеңге жайып, отандастарымызға мықтап ауыз сала бастағаны ащы шындық. 1990 жылдың басында «нашақор», «есірткі» деген сөздерді тек шетел жаңалықтарынан естіп, басылым беттерінен оқысақ, бүгін аталған қауіп біздің де басымызға төніп тұр. Ең сұмдығы есірткінің тырнағына егеменді еліміздің болашағы - өскелең ұрпақ, мектеп оқушылары ілігуде. Стастика мәліметтерін сүйенетін болсақ, ең жас нашақор сегіз жастағы жасөспірім болып отыр [32].
Есірткіге тәуелділік деген не: есірткі қабылдауға деген құштарлық; психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы; есірткінің мөлшерін үнемі арттырып, қолдану мөлшерін бақылай алмау; қоршаған ортаға қызығушылықтың төмендігі; есірткінің зиянды зардаптарын біле тұра қолдануды жалғастыру.
Есірткі қолданудың басты белгілері: көңіл-күйдің кенеттен бұзылуы; ұйқы ырғағының бұзылуы; тәбетпен тамақтану әдетінің өзгеруі. Сонымен қатар, оқушының сабақтан қалуы, оқу үлгерімінің төмендеуі, үйден бағалы заттар мен ақшаның жоғалуы, сөйлеу мәнерінің өзгеруі, таблеткалардың, резеңке жгуттардың, инелердің, шприцтердің пайда болуы, көз қарашығы көлемінің өзгеруі, денесідегі тамырға салынған ине іздері болуы мүмкін.
Есірткі нашақорлардың, ең біріншіден, нерв жүйесіне әсер етеді. Бас миының, жүйке жасушаларының жойылуы адамның ойлау қызметіне нұқсан келтіреді. Екіншіден, адамның мінез-құлқын өзгертеді. Әрбір есірткі-у. Бұл у - бауыр қызметін істен шығарады. Вирустың гепотит, СПИД ауруының жұғуын, бауыр циррозы мен қатерлі ісігін, жүрек бұлшық етінің тозуын, нәрсізденуін тудырады. Жүрек бұлшық етінің тозуы - есірткіні шамадан тыс қолданғанда жүрек қызметін тоқтатып, өлімге душар етеді. Сонымен бірге, иммундық жүйе қызметін төмендетіп, сепсиске әкеліп соқтырады.
Дәрігерлердің айтуынша, есірткінің зияндылығын түсініп, оның зардабы бойға сіңбей тұрғанда емделуге келгендер кеселден тез айығып кетеді. Ал әбден бойға сіңіп дендеген дерттің қайтуы қиын. Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған туыстарының зор күш-жігерін, медицина қызметкерлерінің жоғары кәсіби дәрежесін қажет ететін ұзақ, күрделі, сатылы процесс.
Сондықтан қай
кезде де дерттің алдын алған
ұтады. Соңғы кездері мектеп оқушылары
арасында насыбай ату да кеңінен
етек ала бастады. Нашақорлықтың
алғашқы баспалдағы осындай насыбай
ату мен темекі шегуден бастау
алады. Бұл екеуіне әбден үйір
болғандар бірте-бірте осы
Ғасырдың сын көтермес мәселелерінің бірі болып отыр. Барша азаматтың қайғысына айналып отырған аталмыш індеттің кесірінен қаншама жан қайғы-мұң кешуде. Ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарасақ, жан түршігеді. Ал, әлі белгісіздері қаншама? «Шөпті» бірнеше жыл шегіп келген адам апиын мен героинге, марихуана мен гашишқа қарағанда ертерек үйренеді. Егер есірткі заттары еркін сатылатын немесе қолданылатын болса, онда естен тандырар пәле шөптің алғашқы құрбаны балалар мен жасөспірімдер болары сөзсіз. Статистикалық деректерге жүгінер болсақ әрбір кінәлі нашақор жаман әдетін марихуана шегуден бастайды [32].
Сонымен қатар, Қазақстанда жанар май иіскеу, яғни токсикомания жасөспірімдер арасында кең етек алып отыр. Мұндай әдетке бала 9-12 жасынан әуес бола бастайды. Бензинге батырылған шүберекті полиэтилен қалтаға салып, тұншыға искеген балаға дәл сол сәтте небір қорқынышты бейнелер елестейді. 3-4 рет қолданған баланың бұған еті үйреніп алады. Миға, бауырға, салмақ пен бойға әсер ететін улы заттың кесірінен қаншама жас жанын қинап, өмірін өксітіп жүр.
Есірткі жалпы адамның, жүйке жүйесі мен психикасына айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Сол себепті есірткіге салынған адамды емдегенде, алдымен, оның моральдық-психологиялық жағдайына, жас ерекшелігіне баса назар аудару керек. Есірткіге әуестенушілікке баланың қоршаған ортасы, яғни жанұядағы келеңсіздік, өзінен үлкендерге еліктеушілігі себеп болады. Сонымен қатар, есірткі заттарының оңай жолмен табылуы да зиянын тигізеді. Нашақорлықты емдеу үдерісі ұзақ та ауыр. Оған тек қана емдеуші дәрігер мен дәрі-дәрмек емес, психолог, педагог, әлеуметтік қызметкер сияқты басқа да мамандардың көмегі қажет. Сонда ғана, ем өз мәнін табары сөзсіз. Нашақорлық арақ пен темекіге әуестіктен басталады. Жасөспірім 12-14 жасынан нашақорлыққа салынса, онда ол темекіні жеті жастан үйреніп, арақтың дәмін он жастан татқан болып шығады.
Есірткіге әуестік жоғарыда атап өткен бірнеше себептермен қатар, жасөспірімнің қызығушылығынан да пайда болады. Статискалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, жастардың 68 пайызы нашақорлыққа сол қызығушылықтың кесірінен келгенін жасырмады [16].
Нашақорлықпен
ерікті түрде сырқаттанудың өзі
– індет. Себебі, нашақор жылына
кем дегенде 5 адамды қатарына тартады
екен. Нашақорлықтың таралу себептері
биологиялық, психологиялық және әлеуметтік
болып бірнеше түрге бөлінеді.
Биологиялық түрге
Физикалық тәуелділік дегеніміз - есірткі ағзаға қажет заттардың орнын алмастырып, есірткі болмаған жағдайдағы ағзаның күйрей күйзеліске түсуі. Бұндай кезде адамның буын-буындарында, ас қорыту мүшелерінде жан төзгісіз ауру пайда болады. Ол кезде нашақор есірткі табу жолында қандай іске болмасын даяр тұрады.
Нашақорлыққа қарсы күрес бүкіл әлемдік деңгейде жүріп жатқанмен, есірткіге есі кетер еліккен жастар саны кемімей отыр. Сондықтан «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жасөспірімдерге ата-ана, ұстаздар, салауатты өмір салтын қорғау орталығы бірлесе отырып, салауатты тәрбие бере білсе, болашақта орын алар көптеген келеңсіздіктің тамырына балта шапқан болар едік [17].
Көкнәр-қызғалдақтарға ұқсап өсетін, гүлдейтін және түйнектейтін өсімдік. Бұл өсімдіктің үлкен түйнегі жұмыртқаның көлеміндей болады. Осы түйнектен көк кезінде жұқа пышақ арқылы тіліп, сүт түсті шырынын шығарады. Шырындары кепкен кезде қоңыр тартып қалады. Бұны апиын дейді. Ал көкнәрдің түйнегі піскен уақытта оны үзіп, оның ішіндегі дәнін жарып алады. Қалған қабығының өзі ащы болады. Көкнәршілар осы қабықтарын талқандап, майдалап, шүберек қалтаға салып, оны ыстық суда жібітіп езеді. Одан шыққан қара қоңыр қоймалжың ерітіндіні ішеді. Бұл көкнәр ерітіндісі ішімдіктің әсер етуіндей бірнеше рет жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Оны ішкен адам елітіп, елеріп, есіркеніп, ақырына ұйқыдан да айырылып қалады. Көкнәр ерітіндісінің әсері қаннан тазарғанша адам сыртқы дүниені онша сезбей, алданып, мең-зең болып жүреді.
Сонда көкнәрді аптасына екі-үш рет қабылдағынның өзінде де адам ағзасында оның уы сақталады. Бұл зиянды әдет келе-келе тұрақты ауруға айналады.
Героин – ақ түсті ұнтақ тәрізді химиялық зат. Оның үш түрлі пайдалану жолы бар, 1) ұнтақты тікелей иіскеу арқылы, 2) қанға шприц арқылы егу (героин, таза су, димидрол), 3) фолганың үстіне салып, күйдіріп, түтінін искеп, жұту. Бір грамм героинді – 10-12 бөлшекке бөледі. Әрбір бөлшекті, яғни чекті орап сатады. Көбіне «героин» (тағы да басқа да есірткі заттары) сататын адамдар өздері қолданбайды. Себебі оны қолданса, былай айтқанда тауары және ақшасы құриды. Героинге көбіне, олар бірінші жас балаларды тартады. Алдап түсіру әдісі. Мынаны көрсең, біріншіден, «ешкімге қарамай істегің келген нәрсеңді істейсің, шаршамайсың, денең рахаттанып қалады»,- деп, бірінші бергенде тегін береді. Тегін берген нәрсеге, көбіне ешкім қарсы болмайды. Бір-екі рет қолданып көрген соң оған ұнап қалады да, ынтығып қайта сұрағанда, ол енді: «Сатып ал», - деп ақшаға береді. Оған үйреніп қалған әсіресе, жастар «героин» алу үшін, ақшаны барлық әдіс-айламен табуға әрекет жасайды. Яғни ұрлық жасайды, үйіндегі заттарды сатады. Әке-шешесін алдайды және басқалардың үй-мүліктерін тонауға дейін барады. Аптасына героинді 2-3 иіскеген бала, 1-2 ай өткенде онсыз тұра алмайтын күйге жетеді. Көбінесе героинді қолдану «иіскеу» жолы арқылы басталады. Біртіндеп уақыт өткен сайын, жасөспірімдер героинді пайдалану мөлшерін, «дозасын» арттыра бастайды.
Өйткені оның
иіскеген мөлшері алғашқыдай әсер етпей
қалады, сондықтан иіскеуге героин
ұнтағының мөлшері көбірек
Ал, инеге
отырған жасөспірімдер бірте-
Сонда инеге отырған ұлдар мен қыздардың шамамен 5-6 жыл ғана өмір сүре алатыны анықталып отыр. Егер жасөспірім 14-16 жасында инеге отыруға мәжбүр болса, ол 20-22 жасында еселеп өсетін есірткі мөлшеріне төтеп бере алмай өледі. Зиянды әдет ауруға ұласуынан өмірі қиылады [29].
Қорытындылай келе бала тәрбиесінде әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің жақсы мен жамандығын ажыратып, жақсысын алып ұрпақтарымыздың бойына сіңетін пайдалы әдеттерге: денсаулықтың кепілі – дене (тән) және жан тәрбиесі екендігі, сондай-ақ, қазақтың кеңпейілді, биязы мінез-құлқын қалыптастыратын бірден-бір бұлақ көзі туралы – «сахих хадистер» таңдамалы жинақтарын насихаттау жұмыстарын жүргізу қажет сияқты.
Тағы да жастарымызды зиян әдеттерден: арақ-шарап, көкнәр, апиын, наша тарту, насыбай ату, темекі мен героинге - есірткіге әуестенуден сақтандыруға көп мән беріп, әдеттің ауруға айналуының мәнісін жоғарыда келтірілген мысалдармен түсіндіруге болады. Жаман зиянды әдеттер, әсіресе маскүнемдік, ұрпақтарымыдың болмысына, мінез-құлқына, олардың тағдырына әсері және ХХ ғасырдың опаттарының біріне айналған героиннің жасөспірімдердің өмірін қысқартып жатқанын көреміз. Енді айтылған пайдалы және зиянды әдеттерді ажыратып, көңілге тоқып, әрекет қылсақ денсаулығымыз артып, жасымызға жас қосар едік.
Ғасырдың қауіпті дерттерінің бірі нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу қоғамда өмір сүріп отырған әр азаматтың борышы. Өрмекшінің торы іспетті нашақорлық құрығына еліміздің болашағы саналатын жастардың түсіп қалатыны, өкінішті. Соның алдын-алу үшін республикалық деңгейде нашақорлыққа қарсы күрес диспансерімен бірлесе отырып, әр аудандық әкімшіліктер жұмыс жүргізуге тиісті [18].
Жоғарыда атап өткеніміздей, әлеуметтік патология тек адамдардың нашақорлық, қылмыс, ішімдікке салыну, жезөкшелік қана емес. Ауыспалы мағынадасында патология бұл – белгілі-бір органдардың немесе тірі организмнің дамуы, жұмыс жасауы немесе жалпы құрылымның аурушаңдық бұзылуы (жүрек патологиясы, асқазан патологиясы, ақыл-ой дамуының патологиясы (яғни, мүгедектік) және т.б.). Осы тұрғыда патология медициналық термині әлеуметтік салаға ауысып биологиялық сипатқа ие болады.
Патология – бұл организмнің және оның жеке органдарының қалыпты, сау құрылымның жұмыс жасауының немесе дамуының бұзылуы болып табылады. Әлеуметтік патология бұл әлеуметтік организмнің дамуын және оның жұмыс жасауын әлсірететін ауру болып табылады. Мұның қатарына ақыл-ой дамуының, дене мүшесінің (мүгедектік) патологиясын жатқызуымызға болады.
Мүгедектікті күрделі әлеуметтік патология ретінде қарастыру барысында оның концептуалдық модельдеріне тоқтала кетсек:
1. моральдық (діни) модель;
2. медициналық модель;
3. реаблитациялық модель;
4. экономикалық модель;
5. әлеуметтік модель. Бұл модельдің өзі бірнешеге бөлінеді: Британдық моделі: материалистік моделі; тәуелсіз өмір моделі. Американдық моделі: психо-әлеуметтік модель; әлеуметтік-саяси модель; мәдени; адамның көптүрлілігі моделі; мүгедектіліктің «ең жаңа» парадигмасы.
Кейбір зерттеушілер
мүгедектіліктің модельдерін
- «ескі» (дәстүрлі)
модель, оған моральдық, медициналық,
реаблитациялық және
- «жаңа» (постдәстүрлі) модель мүгедектілікке деген «әлеуметтік» ыңғай;
- мүгедектіліктің «ең жаңа» парадигмасы.
Осылайша классификациялау мүгедектілікке деген көзқарастардың дамуындағы тарихи аспектімен және іс жүзіндегі бағытталуына байланысты болып отыр. Аталған классификациялардың негізінде әлеуметтік саясаттың концепциялары дәстүрлі және прогрессивті болып бөлінеді.
1. Моральдық (діни) модель – тарих тұрғысынан көне және қазіргі таңда аз қолданылатын модель, мүгедектілікті күнәләрі үшін діни жаза және масқара ретінде қарастырады. Мүгедектілік, адамның Құдайға ұқсас жүйесінен шығып қалу ретінде қарастырылды. Ақауы бар жан, осыған сәйкес толымсыз жан ретінде қабылданып, назардан тыс қалдырылды. Мүгедек қоршағандардың бейтарап қарым-қатынасына да үміттене алмайды, себебі қандай да бір ақау, ауытқушылық күнәсі үшін адамдардың жазалануы не болмаса оның тағдырына Сатананың араласуы деп саналады.
Кейбір мәдениеттер мен субмәдениеттер әлі күнге дейін мүгедектілікті діни жаза, кінәлілік, ұлт сезімдерімен, тіл мен әлеуметтік мәртебемен, мүгедектіңғ оның отбасының оқшаулануымен байланыстырылады, бұл сезімдер діни доктринаға негізделінуі де мүмкін. Бұл модель мүгедектер үшін аса ауыр болып келеді, себебі ол әлеуметтік остронизм мен өзін-өзі жек көрушілікті тудырады.
Қазіргі таңда бұл модель елдің әлеуметтік саясатында қолданылмайды, дегенмен қоғамда кең тараған мүгедекке көзқарас болып қалып қалуда.