Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.
Кіріспе
1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері
2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі
2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар
Қортынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Медициналық әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіру халыққа көрсетілетін медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталатын болады, атап айтқанда:
Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту, оңалту қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз етуге және олардың сапасын арттыруға, кемтар адамдардың мәселесімен айналысатын ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруге, медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Медициналық оңалту.
Пайда болған ауру немесе зақым салдарын жеңу ағза функцияларын, аурудың тыныс-тіршілігін қалпына келтіруге және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған болады.
Ол үшін:
Реконструктивті хирургия мен протездік-ортопедиялық көмек сапасын арттырудың ерекше маңызы бар. Мүгедектерге медициналық-әлеуметтік қызметтердің мұндай түрін көрсету медициналық ұйымдардың травматологиялық, ортопедиялық бөлімдерінің протездік-ортопедиялық орталықтармен тығыз өзара бірлесіп әрекет етуін қажет етеді.
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар
Қызметті технологияландыру әлеуметтік саладағы ең кешенді құбылыстарға жатады. Технологиялық көзқарас - қазіргі әлеуметтік қызметтің ажырамас қасиетті бөлігі болып табылады.
Әлеуметтік саладағы технологиялық көзқарастың ерекшелігі, онда қоғам тұтасымен алынады, яғни қоғамдағы жекелеген қатарлары мен топтары, адамдар арақатынасындағы қатынастар немесе олардың ойлары мен сезімдері де назардан тыс қалмайды.
Әлеуметтік технология - бұл, объект және субъектінің қатынастарына емес, субъект қатынасына негізделген технологиялық процестің бірден - бір түрі болуы ықтимал. Кәсіби көмек көрсетілетін әлеуметтік процестің қатысушысының әрекетінсіз, индивидтің жанұяның, топтың әрекетінсіз және келісуінсіз әлеуметтік технологияларды қайта құру мүмкін емес. Осыған байланысты, әрбір индивид өзі үшін және жақындары үшін әлеуметтік технолог болып табылады деп айтуға болады. Ол жүргізілетін қайта құруларға әрекет ете отырып немесе олардан бас тарта отырып, әлеуметтік басқару органдары қызметінің мақсаттары мен қызмет құралдарын бөлісе отырып немесе оған қандай да бір басқа мақсаттар мен қызмет құралдарын қарсы қоя отырып, әр түрлі деңгейлердегі әлеуметтік технологияның жүзеге асырылуына қатысады [10; 115 б.].
Сондықтан да болар, кез-келген әлеуметтік технологияда қандай да бір фундамент, маңызды блок - әсер ету объектісі болып табылады. Қоғамды тұтасымен және оның құрылымдық элементтерін тұрақты және терең оқып - үйрену. Бұл, біздің қоғамдағы іс - әрекеттер заңдылығын толық, әрі жетік білмеуімізбен емес, сондай - ақ оны құрайтын қоғам мен адамдардың өздері әрдайым өзгеріп тұратындығымен, және де кешегі өте әсерлі және әрекеттік болған жайлар бүгінде ескіріп қалған болып көрінетіндігімен түсіңдіріледі.
Әлеуметтік технологиялық фундаменттің екінші бір маңызды блогы - процестерді операцияландыру және процедураларының бірлігі.
Әлеуметтік технологиялық фундаменттің үшінші блогы - әлеуметтік технологиялардың жоғары субъективтік мазмұны әсер етуді өндіретін тұлғаның және әсер етуді басынан өткеретін тұлғаның мәні. Осыған байланысты әлеуметтік жұмыспен айналысатын адамдарда тек дана теориялық білім емес, сондай-ақ клиенттермен өзара әрекет етудің амалдары мен дағдырылары болуы қажет.
Әлеуметтік жұмыстың объектілері әр түрлі болып келеді, зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, девианттық бағыттағы жасөспірімдер баспанасыздар, мигранттар, толық емес немесе көп балалы жанұялар және т.б. [11; 45 б.].
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технологиялар деңгейіне байланысты төменгідей болып бөлінеді:
Әлеуметтік жұмыстың мәні - әлеуметтік қүқықтарды жүзеге асыруда индивидтерге және әр түрлі топтарға көмек көрсету. Әлеуметтік құқықтар өте көп жақты болғандықтан және тұлғаның әлеуметтік қызмет атқаруын қамтамасыз ететіндіктен, әлеуметтік жұмыс шешуге ұмтылатын проблемалар өте кең ауқымды және әрқырлы болып келеді, оған қоса нақты бір әлеуметтік жағдайда әлеуметтік мәселелердің әртүрлері мен типтері қиылысып отырады.
Ең алдымен, әлеуметтік жұмыс объектісі тек қана жекелеген тұлғалар емес, сондай - ақ олардың топтары болып табылады - жанұялар, еңбек және көршілес ұжымдар, жастар немесе кәсіби топтары, ұқсас қиындықтарды басынан өткеруші тұлғалардың бірігуі. Сондықтанда әлеуметтік қызметкердің әрбір іс-әрекеті, оның қолданатын әрбір технологиясы немесе әдістемесі индивидуалдық және топтық әдістерді үйлестіруі қажет, балалардың және ата-аналардың қатынастарының, жұбайлар арасындағы қатынастарының проблемаларын, қандай да бір кәсіпорын қызметкерлерінің жалғыз басты қарт адамдарды және мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері әрекет етеді.
Әлеуметтік жұмыста көп нәрсе қоғамның типіне және өкіметтің жүргізілу сипатына байланысты болады. Әлеуметтік жұмыс анықтамасы жағынан демократиялық қоғамға және әлеуметтік мемлекетке тән. Алайда демократия да, әлеуметтілікте тұрақты константтар болып табылмайды. Өкіметтің халықтық қажеттіліктеріне және ой - пікірлеріне сезімділігі адамдардың әлеуметтік белсенділігіне тікелей әсер етеді. Бір уақыттары заман қажеттіліктеріне сай болған, кейіннен үмітсіз ескірген сөзсіз өкіметтік құрылымдар оның алғы шарттары жемісті болса да әлеуметтік саясатты тиімсіз етуі мүмкін. Өкіметтегі және басқарудағы тұлғалық фактор сәйкесінше органдар мен мекемелердің қызмет мазмұны мен формасына, халық жағынан бұл қызметті қабылдауға айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі өмірде әлеуметтік-экономикалық мәселелер маңызды рөл атқарады, және де олардың мәні бақылаусыз, экстенсивті дамып жатқан технгендік процестердің жағымсыз салдарларымен ғана емес, техногендік катастрофалармен, табиғаттың ластануымен және қоршаған орталық стандарттарының төмендеуімен анықталады [12; 90-91 бб.].
Әлеуметтік - экологиялық мазмұны қандай-да бір мөлшерде барлық әлеуметтік технологиялар мен әдістемелерге тән және де оның бейнелену мөлшері оларды жүзеге асырудың нақты жағдайларына ғана емес, сондай-ақ адамдардың, жалпы адамзаттың және экологиялық мәдениетінің даму деңгейіне байланысты болады.
Әлеуметтік саясаттың тармақталынуы үшін әлеуметтік-экономикалық мәселенің мәні зор және де ол көп жоспарлы болып келеді:
Сонымен қатар, халықтың білімділігін, дене және әлеуметтік денсаулықтың, әлеуметтік жете білушіліктің және саяси сауаттылығының өсуінсіз жаңа, жоғары технологиялы қызмет түрлерін дамыту, көп уәделік әлеуметтік технологияда жүзеге асыру мүмкін емес.
Қоғамда әлеуметтік стратификация мәселелерінің да мәні өзінше өзгеше болып келеді. Бір жағынан, әлеуметтік қатарлар мен топтарды бөлу үшін өте нақтырақ жеке жекелеген негіздерді ескеретін қоғамның жүйесі демократиялық және әлеуметтік дамудың атрибуты болып табылады, тек осындай жүйеде ғана бәрі болмаса да, жоғары көлемдегі мүдделер мен талғамның мүмкіндік туады. Қоғам, барлық индивидті бір тізбекке орналастырмай-ақ субмәдениет шегінде шағын топтардың көзқарастарын мойындауға және институционалдауға мүмкіндік табады. Екінші жағынан, қоғамның бір топтарын байлықпен, өкіметпен және ақпаратпен қамтып және халықтың басқа бір бөлігін осы бір әлеуметтік ресурстарының маңызды көздерінен тек кедейлік шегіне дейін емес, сондай-ақ кейде тіпті физиологиялық өмір сүру шегінен де тысқары бөліп тастайтын әлеуметтік дифференциация (мұндай дифференциясының себептері объективті және субъективті түрде анықталады) әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі бола алмайды [25; 35 .].
Әлеуметтік жұмыс мәселелерінің кешенділігі, әлеуметтік қайта құрулардың объектілері мен субъектілерінің күрделілігі, әлеуметтік ресурстардың шектеулі көлемінде. Жоғары мәнді және тиімді нәтиже алу қажеттілігі осының бәрі әлеуметтік жұмысты технологияландыруды талап етеді, ал осы қызмет түрінің ерекшелігі әлеуметтік жұмыс арқа сүйейтін технологияның сипатын анықтап береді.
Әлеуметтік жұмысты
Айтып өткеніміздей, әлеуметтік - технологиялар тәртіпке келтіру және отимизациялау мақсатында әлеуметтік процестер мен жүйедегі әсер етудің құралдары және әдістерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: диагностика технологиясы; қандай-да бір әлеуметтік объектіліктің дамуының құрастырылу және жобалану технологиясы. Әлеуметтік жобаларды, бағдарламаларды жүзеге асыру, әлеуметтік инновацияларды енгізу технологиясы, осындай тікелей бөлуден басқа технологияның типтерін бөліп қарауға болады, олардың мақсаты - индивидтерге әлеуметтік қызмет атқару қабілеттіліктерін қайтару болып табылады. Бұл технологияның әрбіреуі клиенттердің белгілі-бір санаттарымен жұмыс көзінде қолданылуы мүмкін және айрықша жағдайлардағы қызметтің технологиясының бөлуге болады [27; 4 б.].
Әлеуметтік жұмыс технологиясының біртұтас типологиясы жоқ екенін байқау қиын емес, өйткені кез-келген жіктеу қағидалары ерікті түрде жүреді, ол әлеуметтік қызметкердің мақсаттарына сай жүргізіледі. Оның ғылыми зерттеу үшін, оқу мақсаттары үшін мәні бар, шынайы өмірде қандай да бір технологияны алу әлеуметтік мәселенің мәніне байланысты болады [20; 184].
Ал, әлеуметтік жұмыс технологиясының функциялары туралы айтар болсақ ең алдымен төмендегілерді бөліп қарастыруға болады:
- аналитикалы-болжамдық: әлеуметтік тәуелділік санатына жататын ведомствоға бағынышты аймақтардағы топтарды, отбасыларды және жекелеген азаматтарды анықтау және есепке алу, әлеуметтік қолдаудың әр түрлі түрлеріне және формаларына деген мұқтаждықтарды анықтау, әлеуметтік процестердің динамикасының мониторингі, бар параметрлердің өзгеруінің болжамы;
- диагностикалық: орын алған өзекті және потенциалды әлеуметтік мәселелерді талдау, олардың себептерін белгілеу, нақты индивидуалдық және клиенттердің әлеуметтік жағдайдағы мәселелер аясын зерттеу;
- жүйелі-моделдік: қиын өмірлік жағдайларда қалған адамдарға және топтарға әлеуметтік көмек көрсетудің сипатын, көлемін, формаларын және әдістерін анықтау, мұндай көмектің көрсетілу жүйесінің концептуалдық негіздемесі, ең алдымен әр түрлі деңгейлердегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің негіздемесі;