Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.

Содержание

Кіріспе

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау
1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары
2.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдардың денсаулығын қорғауда қолданылатын әлеуметтік технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалар

Қортынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

диплом патология.docx

— 163.55 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ                                     

 

1.1 Күрделі  әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау

1.2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды реабилитациялау және оның ерекшеліктері

 

2 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі

 

2.1 Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсетудің аспектілері, негізгі бағыттары мен алғышарттары

2.2 Күрделі  әлеуметтік патологиясы бар адамдардың  денсаулығын қорғауда қолданылатын  әлеуметтік технологиялар мен  мемлекеттік бағдарламалар

 

Қортынды

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс «Күрделі патологиясы бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбына арналған. Жұмыста жалпы «әлеуметтік патология» ұғымына анықтама берілген, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар қатары аталып, олардың әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасалған. Сонымен қатар, күрделі патологиясы бар адамдарға, соның ішінде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің түрлеріне де жан-жақты сипаттама берілген.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі.   ХХ ғ. аяғында барша адамзат алдында, адамдардың өмір сүруіне қауіп төндіретін, дағдарысты құбылыстардың күрделі әлеуметтік мәселелері орын алды. Қатты толғандыратыны қоғамда орын алып отырған экономикалық және экологиялық жағдай, жер бетінде адам саны өсімінің әркелкілігі, кедейшілік, жұмыссыздық, аурулардың көбейуі, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, психологиялық аурулардың және ақыл-ой дамуының артта қалуы сияқты күрделі әлеуметтік патологияларды атауға болды. Осындай қауіпті тенденциялардан әлеуметтік қызметкерлер мен денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері ХХІ ғ. ер адамдар мен балалар саны азаятындығын, халықтың көп бөлігін қартайған жесір әйелдер, күрделі ауру адамдар құрайтындығын айтады. Мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметіне сүйенетін болсақ, 1990 жылдан бері, өзінің табиғи өсімімен емес, яғни жүрек ауруларыныа қайтыс болған жұмысқа қабілетті ер адамдардың саны екі есеге дейін көбейген. Қазіргі уақытта ер адамдардың өмір ұзақтығы орта есеппен 63,5 жас, әйелдерде – 73,2 жас мөлшерін көрсетуде. Мұның барлығы күрделі патологиялардың көбейуінен орын алып отырған жағдай десек қателеспеген болар едік [1; 5-6 бб.].

Елдегі орын алып отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық төңкерістер қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың өсуіне, байлар мен кедейлер табысының  арасындағы елеулі айырмашылықтарын, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен әлеуметтік қысымның жоғарылауы мәселелеріне алып келеді. Мұндай жағдайларда халықты  әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қызмет көрсету жеткіліксіз болып саналады.

«Әлеуметтік патология» термині («әлеуметтік ауру») әлеуметтік ғылымдарда да кеңінен қолданылады. «Әлеуметтік патология» термині қарапайым түрде қылмыс, ішімдікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, сыбайлас жемқорлық және т.б. арқылы түсіндіріледі. Кей жағдайда «әлеуметтік патология» термині «социопатия»  термині арқылы әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты ауруларды (туберкулез, жұқпалы аурулар, маскүнемдік, нашақорлық және т.б.) түсіндіру үшін қолданылады.  

Алайда «әлеуметтік  патология» терминіне әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, криминология, девиантология (әлеуметтік девиация туралы ғылым) саласындағы  ғылыми әдебиеттерде әртүрлі анықтама беріледі.  Енді осыған толығырақ  тоқталып өтсек.

«Патология» сөзі грек тілінен «потоа» - азап шегу, жапа шегу, қайғы-қасірет көру дегенді  білдірсе, ал «логос» сөзі ғылым  дегенді, нақтырақ айтатын болсақ тірі организмнің (адам мен жануардың) бойындағы  ауруды білдіретін ғылым болып табылады. 

Ауыспалы  мағынада патология бұл – белгілі-бір  органдардың немесе тірі организмнің  дамуы, жұмыс жасауы немесе жалпы  құрылымның аурушаңдық бұзылуы (жүрек  патологиясы, асқазан патологиясы, ақыл-ой дамуының патологиясы (яғни, мүгедектік) және т.б.). Осы тұрғыда патология медициналық термині әлеуметтік салаға ауысып биологиялық сипатқа ие болады.  

Патология –  бұл организмнің және оның жеке органдарының қалыпты, сау құрылымның жұмыс жасауының  немесе дамуының бұзылуы болып табылады.  

Алайда, біріншіден, «норма» түсінігі биологиялық жүйе үшін де нақты анықталмаған. 

Екіншіден, «патологиясыз» (аномалия, бұзылусыз) ешқандай, бірде-бір тірі организм болмайды, сондықтан да адам дене мүшесіндегі кез-келген ауруларды да патология ретінде қарастыруымыз қажет. 

Үшіншіден, патологиялық, нормаға қарсы өзгерістер жалпылай алғанда бейімделуге сай болып келеді. Кез-келген даму белгілі-бір стандарттар мен нормалардың бұзылуынсыз болмайды.

Егер «патология»  түсінігін биологиялық жүйеде қолдану  кемшіліксіз емес болса, онда әлеуметтік жүйелер мен процестерді сипаттауда тиімді болып табылады. 

Дипломдық жұмыстың нысаны. Ғылыми жұмыстың негізгі зерттеу нысаны күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар, соның ішінде, әлеуметтік көмекті қажет ететін әлсіз топ ретінде мүгедектер болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты қоғамда орын алып отырған әлеуметтік патологияның алдын-алу. Сонымен бірге, күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдарды анықтап, оларға әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуді нақты бағыттау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері. Қазіргі уақытта күрделі патологияны анықтау және олардың пайда болуына ықпал ететін факторларды анықтау. Сонымен бірге, олардың себептерін талдай отырып, жоюдың және алдын-алудың жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Өмір жағдайының өзгеру әсерімен ағзаның жағымсыз қасиетінің пайда болуы немесе «нормадан» ауытқуы кей жағдайда позитивті қызметтерді де атқаруы мүмкін. И.П. Павлов ауруды тек адаптациялық механизмнің бұзылуымен ғана емес, сонымен бірге бейімделушілік реакцияның «физиологиялық нормасы» ретінде қарастырған болатын.

И.В. Давыдовский  осы бағытты зерттей отырып, ауруды қалыпты физиологиялық реакциямен байланыстырған болатын. Оның тұжырымдауы  бойынша: «Патологиялық процестер  мен аурулар – бұл жай ғана бейімделушілік процесінің ерекшелігі болып табылады».

Г.Селье өзінің жұмысында стресті зерттей отырып, оның функционалдық мәнінің біржақты емес екендігін дәлелдеген болатын. Яғни, стресс организмнің жағымсыз факторларға деген тұрақтылығын жоғарылатады немесе төмендетеді деген  тұжырымға тоқтады. 

Әлеуметтанушылар  тарапынан «әлеуметтік патологияны» ең алғаш зерттеген ғалым Э.Дюркгейм болды. Ол «әлеуметтік патологияны» «қылмыспен» байланыстырып қарастырды.

Психологиялық тұрғыда З.Фрейдтің «дегенерация» концепциясы да баршаға белгілі, онда дегенерацияның (психика патологиясы) әсерінен девианттық мінез-құлықтың пайда болатындығы дәлелденген.

Әлеуметтанулық  бағыт шеңберінде әлеуметтік патология мәселесімен Эдвин Лемерт айналысты, стигматизация теориясының және екінші реттік девианттылық концепциясының авторы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс жалпы 61 бетті құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Күрделі патологиясы бар адамдарды ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Күрделі әлеуметтік патология және оны зерттеудің негізгі бағыттарына әлеуметтанулық талдау

 

«Әлеуметтік патология» термині («әлеуметтік ауру») әлеуметтік ғылымдарда кеңінен қолданылады. «Әлеуметтік патология» термині  қарапайым түрде нашақорлық, қылмыс, ішімдікке салыну, жезөкшелік, сыбайлас жемқорлық және т.б. арқылы түсіндіріледі. Кей жағдайда «әлеуметтік патология» термині «социопатия»  термині арқылы әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты ауруларды (туберкулез, жұқпалы аурулар, маскүнемдік, нашақорлық және т.б.) түсіндіру үшін қолданылады.  

Алайда «әлеуметтік  патология» терминіне әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, криминология, девиантология (әлеуметтік девиация туралы ғылым) саласындағы  ғылыми әдебиеттерде әртүрлі анықтама беріледі.  Енді осыған толығырақ  тоқталып өтсек.

«Патология» сөзі грек тілінен «потоа» - азап шегу, жапа шегу, қайғы-қасірет көру дегенді  білдірсе, ал «логос» сөзі ғылым  дегенді, нақтырақ айтатын болсақ тірі организмнің (адам мен жануардың) бойындағы  ауруды білдіретін ғылым болып табылады. 

Ауыспалы  мағынада патология бұл – белгілі-бір  органдардың немесе тірі организмнің  дамуы, жұмыс жасауы немесе жалпы  құрылымның аурушаңдық бұзылуы (жүрек  патологиясы, асқазан патологиясы, ақыл-ой дамуының патологиясы (яғни, мүгедектік) және т.б.). Осы тұрғыда патология медициналық термині әлеуметтік салаға ауысып биологиялық сипатқа ие болады.  

Алғаш рет  «әлеуметтік патологияның» қалыпты  жағдай екендігін Э.Дюркгейм қарастырған  болатын: «Қылмыс – бұл қалыпты  жағдай, себебі кез-келген қоғам қылмыссыз  өмір сүруі мүмкін емес. Қылмыс қажетті  құбылыс; ол кез-келген әлеуметтік өмірдің  негізгі жағдайларымен тығыз  байланысты, сондықтан да ол тиімді болып саналады, себебі ол мораль мен  құқықтың қалыпты дамуының ажырамас бөлігі болып табылады».

Осылайша, Дюркгейм мынадай қорытындыға келеді: «Қылмыс  болашақты алдын-ала сезіну, алдағы күтіп тұрғандарға қадам болып  табылады!». Қылмыс, кез-келген «әлеуметтік  патологиялар» сияқты функционалды, сондықтан да патология болып  табылмайды [2; 39-44 бб.]. 

Дюркгеймен  кейін әлеуметтік патология түсінігін  психологиялық, биологиялық, әлеуметтанулық және криминологиялық бағыт өкілдері қарастыра бастады. З.Фрейдтің «дегенерация» концепциясы да баршаға белгілі, онда дегенерацияның (психика патологиясы) әсерінен девианттық мінез-құлықтың пайда болатындығы дәлелденген [3; 54 б.].

Әлеуметтанулық  бағыт шеңберінде әлеуметтік патология мәселесімен Эдвин Лемерт айналысты, стигматизация теориясының және екінші реттік девианттылық концепциясының авторы. Осы жерде стигматизация теориясына қысқаша тоқтала кетсек.

Стигматизация теориясы қақтығыстанудың негізгі  идеясына сүйенеді (грек тілінен stigmo –  таңба, белгі), яғни индивидтер бір-бірімен  өмірге деген көзқарастары мен қызығушылықтарына  байланысты  жиі келісе алмайды; ал билік басында тұрғандар өзінің көзқарастары мен принциптерін білдіре алады және ол осы нормаларды бұзғандарға жағымсыз таңбалар тағуға бейім болады. Зерттеушілерді қызықтыратын процесі - бұл жеке индивидтер девиант таңбасына ие болады және өзінің мінез-құлқын девиантты ретінде қарастырады. 

Біріншіден, ешқандай іс-әрекет өзінен-өзі криминалды немесе криминалды емес болып саналмайды. Іс-әрекетттің «жағымсыздығы» оның ішкі мазмұнымен анықталмайды, керісінше  оны қоршаған ортаның қалай бағалайтыны  мен әсер ететіндігімен негзделеді. 

Екіншіден, девиантты мінез-құлық барлық адамдарға  кез-келген нормаларды бұзуға байланысты тән болып келеді. Бұл теорияның  зерттеушілері адамдарды қалыптылар және белгілі-бір патологиясы барлар деп екіге бөледі. Мысалы, кейбіреулер  жол жүру жылдамдығын арттырады, дүкендерде ұрлық жасайды, салық  инспекциясынан кірістерін жасырады, жеке меншік құқығын бұзады. Стигматизация  теориясының жақтаушылары мұндай іс-әрекеттерді  әлеуметтік нормаларды бұзушы және құқық  қорғау органдарының назарынан тыс  қалатын мінез-құлық ретінде анықтап, бірінші реттік девиация деп атайды. 

Үшіншіден, адамдардың нақты іс-әрекеттері девиантты  деп қарастырады ма, ол адамдардың қандай іс-әрекет жасағандығына және басқа адамдардың оған қалай жауап қайтаратындығына, яғни қоғамда қандай орынға ие болатындығына байланысты болып табылады. Жол жүру жылдамдығын арттырғандарды, дүкендерді ұрлағандарды, кірісін жасырғандарды және жекеменшік құқығын бұзғандарды барлығы бірдей айыптамайды.

Төртіншіден, адамдарға таңбалар тағу, мұндай адамдар белгілі-бір зардапқа әкеп соқтырады. Ол, басқалар тарапынан қолданылатын санкцияларға жауап ретінде, екінші реттік девиацияға – девиантты мінез-құлыққа алып келетін жағдай тудырады.

Стигматизация теориясының зерттеушілерінің тұжырымдауы  бойынша мұндай нормадан ауытқу заң  шығарушы органдар мен заңға бағынушы азаматтар тарапынан өшпенділік реакциясы қалыптасады. Осыған орай индивид бұқаралық анықтамаға ие болады да, ол заң бұзушы, зорлықшы, нашақор немесе қылмыскер деп  табылады. Заң бұзушыға мұндай таңба  тағылғаннан кейін, ол өзінің мәртебесін девианттылықтың нақты типі ретінде  қабылдап, әрі қарай өмірін осы  мәртебеге сай қалыптастырады. 

Бесіншіден, заң бұзушы таңбасына ие болғандар  өздерін заңға бағынушылар жазғырады  деп ойлайды да олармен ортақ  әрекеттен бойын аулақ ұстауға  тырысады; олардан туысқандары мен  достары да теріс айналуы мүмкін; кей жағайларда оларды жазасын өтеу орындарына немесе жандүниесі ауыратындарды  емдейтін орындарға орналастыруы да мүмкін. 

Сонымен, сигматизация теориясынна сай, девиация мінез-құлықпен анықталмайды, белгілі-бір мінез-құлыққа  қоғамның реакциясы арқылы анықталады. Адамдардың мінез-құлқы қабылданған  нормалардан ауытқыған ретінде  қарастырылатын болса, бұл әлеуметтік реакцияның пайда болуына ықпал  етеді. Кейбіреулері мінез-құлықты  анықтап, бағалай отырып, оларға заң  бұзушы деген таңба тағады. Сондықтан да индивитің бойында осы таңбаға сай іс-әрекеттер қалыптаса бастайды да, нәтижесінде ол бейсаналы түрде девиация жолына түсуге мәжбүр болады [4; 135-137 бб.]. 

Информация о работе Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі