Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа
Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.
Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша
«Менің жолым болмай жүрсе, онда ...» сұрағына жауаптар А тобының осы жағдайда ұстанатын пассивті жүріс-тұрысын байқатты («... бұл тағдыр деп санаймын», «...бұл қашан аяқталатынын күтемін», «... кофе ішемін, «...бәрін тастаймын») (50%). Тең дәрежде екі топтың екеуінде де осы жағдайда негативті эмоционалдық күй, сезімдер туындайтыны анықталды (40%, 35%). Алайда А тобымен салыстырғанда Б тобында бұл сезімдердің ұзаққа созылмайтыны көрінді («...жынданамын», «...депрессияға түсемін, алайда ұзаққа емес»). Сонымен бірге, Б тобы сыналушыларында «Менің жолым болмай жүрсе, онда ... мұны сабырлы түрде қабылдаймын», «...бастысы денім сау, аман-есен екендігімді ойлаймын, қалғандары маңызды емес» мәндес жауаптар (21%) байқалды. Бұл сыналушылардың сана-сезімінің жоғары деңгейін, приоритеттерді қоя білу сапасын көрсетеді.
Сыналушылардың қорқыныш пен сақтануларын бағалауға көмектескен сөйлемдерге «Мұның ақылсыз екенін білемін, бірақ ... қорқамын», «Менің жолдастарымның көбісі, менің ...қорқатынымды білмейді», «... қорқудан арылғым келеді» және «Менің сақтануларым мені бірнеше рет ... мәжбүрледі» кіреді.
«Мұның ақылсыз екенін білемін, бірақ ... қорқамын» фразасын аяқтауда екі топта да қандай да бір затпен, жәндіктермен байланысты қорқыныштар, яғни фобилер басымдық танытты (Б тобы: «Мұның ақылсыз екенін білемін, бірақ ... биіктіктен..», «...иттерден...», «...қараңғыдан... қорқамын» (50%), (А тобы: «...биіктіктен...», «қоңыздардан...», «...автомобильдерден...» (35%). Сонымен бірге, А тобында есірткіні қайта тұтына бастауға байланысты қорқыныш қомақты орынды алды (30%) («... қайта есірткі тұтына бастаудан...», «есірткіге оралудан...»). Сыналушылардың осыншама санының осы қорқынышты көрсетуі белгілі бір деңгейде олардағы психикалық тәуелділіктің әлі де болса қалғанын және соған байланысты есірткіге құмарлықтың әлі жоғары екендігін көрсетеді.
«Менің жолдастарымның көбісі, менің ...қорқатынымды білмейді» фразалын аяқтағанда, А тобы сыналушыларында жалғыздық қорқынышы аса байқалды («...жалғыздықтан...», «жалғыз қалудан») (30%). Ал Б тобы сыналушыларының фобиялық қорқыныштары осы сұраққа жауаптарда тағы да көрініс тапты («...биіктіктен...», «қоңыздардан...», «...автомобильдерден...» (53%).
А тобы сыналушыларында өзінің болашағына қатысты қорқыныш пен үрей ««... қорқудан арылғым келеді» сұрағына жауаптарында тағайындалды («болашақ үшін...», «алдағы өмір үшін...» (20%). Сонымен бірге осы сыналушылардың жауапкершілікке қатысты қорқынышы байқалды («жауапкершіліктен...», «өзімнің істеріме жауап беруден...») (30%). Б тобы сыналушыларының 43%-ы жоғарыда көрсетілген фобиялардан «... қорқудан арылғым келеді» деп көрсеткен. Бірқатарында «мен ештемеден аса қатты қорықпаймын», «бірақ мен қорықпаймын», «мен ештемеден қорықпаймын» деген үлкен қорқыныштың жоқтығы туралы жауаптар кездесті (21%).
«Менің сақтануларым мені бірнеше рет ... мәжбүрледі» деген сұраққа жауаптарды талдау, А тобы сыналушыларында Б тобына қарағанда үрейдің жоғары деңгейін аңдатты («... мені тоқтауға ...», «ойланған істен бас тартуға», «...айтқанымнан қайтуға...» (35%). Б тобы сыналушыларында өзін-өзі, ситуацияны анализдеу басымдық танытты («...ойлануға...», «...өзімнің әрекеттерімді талдауға...» (31%)).
Кінәні саналы ұғынуға қатынасты «...ұмыту үшін, бәрін істер едім», «...Менің ең үлкен қателігім ... болды», «Мен жасырақ шағымда егер ..., өзімді кінәлі сезінетінмін» және «Мен істеген ең жаман нәрсе...» сөйлемдері анықтады.
«...ұмыту үшін, бәрін
істер едім» сөйлемдерін талдағ
«Менің ең үлкен қателігім...болды» сұрағына жауаптарды талдағанда, А тобы сыналушыларында «есірткі», «...бірінші рет есірткіні татып көру...», «героинді салуға» қатысты өкініш тағайындалды (55%), ал Б тобында мамандықты таңдауға қатысты өкініштер жиі кездесті (14%) («өзімнің мамандығымды таңдауым...», «полиция болғаным...»).
А тобы сыналушылары Б тобымен салыстырғанда кінә сезімін негізінен әлеуметке қарсы істері үшін сезінетіні «Мен істеген ең жаман нәрсе...» сұрағына жуаптардан байқалды («...тонау», «...кісі өлтіру») (25%). Сонымен бірге сыналушылардың едәуір бөлігі есірткіні бірінші рет татып көргеніне өкінеді («...ПАЗ-ды салып көргенім», «...героинді бірінші ретпайдаланып көргенім») (20%). Б тобында кінә сезімінің балалық шақтағы қандай да бір әрекеттерге байланысты сезінетіндігі байқалды («...балалық шақтағы ұрлық», «...ішімдіктерді ішу» (21%).
Б тобының кінәні жиірек басқа адамға қатысты істеген қылықтары үшін сезіну «Мен жасырақ шағымда егер ..., өзімді кінәлі сезінетінмін» жауаптарына талдау жүргізгенде анықталды («...біреуді өкпелетсем...», «...дөрекі сөз айтсам...», «...менің әрекеттерім біреулерге ауыр тигенде...» (28%)). Ал А тобында болса, алдау, өтірік айтуға қатысты кінә сезімі тағайындалды (20%). Сонымен қатар жақын адамдарына қатысты кінә сезімі «Мен жасырақ шағымда егер ...ата-анам менің кінәмнен өздерін жағымсыз сезінсе, өзімді кінәлі сезінетінмін», «...анамның сенімін ақтамасам...», «әкемді өкпелетсем...» деген жауаптардан көрінді (15%). Жанұя мүшелері адамның өмірінде, әсіресе балалық шақта маңызы зор тұлғалық мәнге ие екені сөзсіз. Адамның тұлға болып қалыптасуының «кірпіштері» осы жанұяда қаланады. Сондықтан да сыналушылардың ана мен әкеден тұратын отбасыға қатысты қатынастары талданды.
Жалпы алғанда, А және Б тобының екеуінде де анаға қатысты «Менің анам ...әлемдегі ең мейірімді, жақсы », «...әлемдегі ең күшті», «...мен ең жақсы көретін және құрметтейтін адам» деген сүйіспеншілік, махаббатқа толы жауаптар тағайындалды (80%, 92%). Тек А тобының бір сыналушысы ғана «Менің анам .. мені ешқашан жақсы көрген емес» деп жазған. Екі топта да «Анам мен мен ... жанұямыз», «...доспыз» деген сипаттамалар жиі кездесті (70%, 64%). Алайда А тобы сыналушыларының «Анам мен мен ... біртұтаспыз», «...өте байланыстымыз», «...бір-біріміз үшін қатты толқимыз және жақсы көреміз» деген бірқатар жауаптары ана мен бала арасындағы симбиозды, тәуелділікті (созависимость) аңдатады (15%). «Анам мен мен араласпаймыз» деген жауап бір рет тағайындалды. А және Б тобының екеуінде де «Аналардың көбісі ... қасиетті адамдар», «...мейірім мен махаббатқа толы, «...жауапкершілікті» деген позитивті сипаттамалар басым (65%, 57%). Тек А тобының кейбір сыналушыларында «Аналардың көбісі ... топас», «...қатыгез», «...балаларды тәрбиелеуді білмейді» деп аяқталған сөйлемдер кездесті (15%). «Мен анамды жақсы көремін, бірақ ...» деген сұраққа Б тобы сыналушыларының 57%-ы «...бірақсыз!» деп жауап қайтарса, А тобының сыналушыларында «Мен анамды жақсы көремін, бірақ ...оған көп ауыртпалық әкелдім», «...оның махаббатына сай емеспін (не достоин)», «...кейде мен оны қатты ренжітетінмін» деген кінә сезіміне толы тұжырымдар анықталды (25%).
А тобы сыналушыларында Б тобына қарағанда, «менің әкем сирек ...» сұрағына «...тәрбиелеген», «...сөйлесетін», «...зейін аударатын» «сау (трезвый) болатын» деп жауап беру анағұрлым басымдық танытты (50%). Б тобы сыналушыларында «Менің әкем ниет етсе, ... мен ол үшін барлығын да жасаймын» деп жауап берген сыналушылардың саны 42%-ды құрап, сыналушылардың әкесіне қатысты позитивті сезімдерін, әрдайым көмекке келу ниетін көрсетсе, А тобында, керісінше, «Менің әкем ниет етсе, ... отбасы байырақ болатын», «...мұра қалдыратын», «...бізді қамтамасыз ететін» деген жауаптар басымдық танытты. Бұл А тобы сыналушыларының эгоизм сезімін аңдатады (25%). Әкелері – олар үшін өз қажеттіліктерін жүзеге асыру құралы. Б тобы сыналушыларының көбісі әкесінің «тірі», «дені сау» және «бақытты» болғанын тілейді (50%). А тобында бұл көрсеткіш екі есе төмен (25%). А тобы сыналушылары «Менің әкем ... деп ойлаймын» сөйлемін аяқтағанда, «...ең күшті әке...», «...әдемі...», «...адамгершілікті...» деп позитивті сипаттау басымдық танытты (85%). Ал А тобында «Менің әкем ...құбыжық... деп ойлаймын» деген бір сыналушы тағайындалды. Бұл айқын негативті қатынасты көрсетеді. Жалпы, анасымен салыстырғанда екі топ сыналушыларының екеуі де әкесінің оларды мақтаныш тұтқанын анағұрлым ниет етеді. Сонымен бірге, А тобы сыналушыларының анасына қарағанда әкеге тұтынушылық қатынасы айқын көрініс тапты.
Б тобы сыналушыларында «Басқа көптеген жанұялармен салыстырғанда менің жанұям ... берік», «...күшті», «...маған жақынырақ» деп сипаттау А тобымен салыстырғанда қомақты үлесті алды (78%). Б тобында бұл көрсеткіш -- 40%. Б тобымен салыстырғанда, А тобында «..идеал емес», «...бақытсыз», «жындыхана» деген сипаттамалар анықталды (25%). «Менің жанұям маған ...тең адамға сияқты...қарайды» (28%), «...сүйікті ұлына...», «...сүйікті қызына...» (28%), «...балаға сияқты...» (28%) деп жазған Б тобы сыналушыларына қарағанда, А тобы сыналушыларында «Менің жанұям маған ...дебилға сияқты... қарайды.», «...ауру адамға сияқты...» деген жауаптар көбірек кездеседі (35%).
Сыналушылардың есірткілік тәуелділік барысында өзгерістерін, оны сыналушылардың қаншалықты саналы ұғынуын зерттеу мақсатында сыналушылардың өз өткеніне қатынастары зерттелінді. Б тобында «Мен бала болғанда ...»сұрағына жауаптарда белсенділік, қамсыздық сияқты тұлғалық қасиеттерді бейнелейтін бітістер көрініс тапса («...мен төбелескіш болатынмын», «... жымия беретінмін») (57%), А тобы сыналушыларында «... үлкен үміттер күтетін», «...көбірек қуанатынмын» мәндес жауаптар басымдық танытты (30%). Мұны А тобы сыналушыларының есірткіні тұтыну барысында пайда болған өзгерістерін саналы ұғынумен түсіндіруге болады. Мұны «Бір кездері мен...» деген сұраққа жауаптары растады. Сыналушыларда «бір кездері мен ... жас және денім сау болатын», «...материалды қамсыздандырылған адам болатынмын» деген сөйлемдер қомақты үлес алды (30%). Ал Б тобы жауаптары сыналушылардың өткен шақтағы белгілі бір жайттарға, қателіктерге қатысты негативті қатынастарын көрсетті (21%) (...ішімдікке әуес болатынмын», «өмірде біраз қателіктер жасадым»). Б тобы сыналушыларының «егер де мен қайта жас болсам, ... » деген сұраққа жауаптарда 35%-ы басқа мамандықты таңдайтыны жайлы жазса («...бухгалтерға баратын едім», «...басқа факультетке түсетін едім»), А тобы «...қателерімді жөндейтін едім», «...басқаша өмір сүретін едім», «спортты тастамас едім», «...ЖОО-да оқитын едім» деген белгілі бір деңгейдегі өкінуді көрсетті.
Сыналушылардың болашағына қатынасты талдау «Болашақ маған ... болып көрінеді» деген фразадан басталды. 78%-бен «...қызықты..», «...бақытты...» деген жауаптармен Б тобы А тобына қарағанда басымдық танытты. А тобында, Б тобымен салыстырғанда, болашаққа қатысты қорқыныш, белгісіздік, үрей сезімдері тағайындалды («... белгісіз...», «...қара орман»...», «...тұманды...») (30%). «... үміттенемін» сөйлемдерін аяқтау, А тобы сыналушыларының Б тобымен салыстырғанда, пассивті қатынасын көрсетті. Жартысына дерлік есірткіге тәуелді адамдар тылсым күштерге, жақындарына үміттенеді («...ғажайыпқа...», «сәттілікке..», «...Аллаға», «...өзімнің жақындарыма...») (45%). Б тобы сыналушыларының «... күн келеді» сұрағына жауаптарында карьерадағы жетістіктер, өсулер, тұмыс жағдайын жақсарту мәселелері көрініс тапса ( «бастық болатын...» (35%), «өзімнің жеке баспанам болатын...» (21%), А тобында тәуелділіктен арылу, жоғалған денсаулығының қайта қалпына келтіруге байланысты мәселелер көрсетілді («мен ештемеге тәуелді болмайтын...», «денсаулығымды орныма келтіретін...», «менде қайтадан барлығы болатын...») (65%).
Қорытындылай келе, есірткіге тәуелді адамдарда әлеумет қарсы болған жағдайда, психологиялық қорғаныс механизмдерінің іске қосылатыны анықталды. Бұл біздің «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда психологиялық қорғанысқа жүгінуге ұмтылысы жоғары»деген болжамымызды растады. Есірткіге тәуелді адамдардың қалыпты адамдармен салыстырғанда «Мен» бейнесінің пассивті рөлі байқалды. «Меннің» 20 сипаттамасы көрсеткен «Мен» бейнесі рөлінің пассивтілігін осы әдістеме де көрсетіп тұр. А тобы сыналушыларында есірткілік тәуелділіктен арылуға деген ниет байқалды, бірақ есірткіні қайта тұтына бастауға байланысты сезінетін қорқыныштың болуы оларда есірткіге деген құмарлық, психикалық тәуелділік сақталғандығын көрсетеді. Олардың болашақққа қатысты сезінетін қорқыныштарын да есірткі шырмауына қайта түсу үрейімен байланыстырамыз. Есірткіге тәуелді адамдарда мінез-құлықтың әлсіздік, жұмсақтық, жалқаулық сияқты негативті бітістері анықталды. Жоқ деп айтуға қабілетсіздік белгілі бір деңгейде өзіне сенімсіздікті, өзіне құрмет сезімінің төмендігін аңдатады. Бір жағынан, жоқ деп айтуға қабілетсіздік пен жағымды эмоцияларды іздеу есірткілік тәуелділікке әкелген себептер деп тұжырымдауға болады. А тобы сыналушыларында жауапкершілікке, жалғыздыққа қатысты қорқыныштар тағайындалды. Кінә сезімін есірткіні алғаш татып көргендері мен анасының алдында сезінетіндігі анықталды. Бұл біздің «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда кінә сезімі жоғары» деген болжамымызды растады. Есірткіге тәуелді адамдарда анасымен симбиоз немесе бірге тәуелділік байқалды. Әкесімен қарым-қатынастағы мәселелер А тобы сыналушыларының есірткіге тәуелділікке әкелген себептердің бірі деп айтуға болады. Әкесін өз қажеттіліктерін өтеу объектісі мен құралы ретінде көру белгілі бір эгоизмді аңдатады. Жанұяның психологиялық ахуалының ауырлығы жайлы, отбасы мүшелерінің есірткіге тәуелді адамға ауру ретінде қарайтыны туралы мәліметтер алынды. Сол себептен есірткіге тәуелді адамдар өзін кем сезінеді. Солайша, «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзін-өзі кем сезіну жоғары» деген біздің болжамымызды растады. Өз өткеніне қатысты А тобы сыналушыларында есірткіні алғаш татып көргені үшін өкініш сезімі тағайындалды. Бұл А тобы сыналушыларының есірткілік тәуелділіктің өз тұлғасына, денсаулығына, қоршаған ортадағылармен қарым-қатынасына негативті өзгерістер енгізгенін саналы ұғынуға байланысты деп тұжырымдауға болады.
3. Қатынастардың түстік тесті нәтижелерін талдауда екі топ бойынша нәтижелер шығарылды. Алынған нәтижелердің көрсеткіштері кесте 3, 4 берілген.
Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері