Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша

Работа содержит 1 файл

diplomka.doc

— 529.50 Кб (Скачать)

Сонымен бірге есірткілер тізіміне кірмейтін заттар да бар. Мысалға, кейбір ұйықтататын (реладорм) препараттар, «Момент» кілегейі, бензин және тағы басқа. Мұндай заттарға тәуелділік «токсикомания» деп аталады, бірақ клиникалық тұрғыда оның нашақорлықтан еш айырмашылығы жоқ.

1948 ж. Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы (ВОЗ) құрылды, онда 165 мемлекеттің денсаулық сақтау аумағының мамандары төмендегі шарттарға сәйкес нашақор немесе токсикоман деп:

1. Психоактивті заттарды жиі пайдаланудан периодты немесе үнемі интоксикация күйі туындайтын;

2. Өзінің физикалық,  психикалық күйіне  және әлеуметтік  жағдайына зиянын тигізіп қана қоймай, өзінің жүріс-тұрысымен қоршаған жақын адамдарына және қоғамға материалды және моральді зиян тигізетін;

3. Есірткіге қарсы  тұра алмайтын құштарлықтан көрінетін  пайдаланатын препаратқа айқын  психикалық және физикалық тәуелділік  бақыланатын;

4. Өспелі толеранттылық  себебінен ниет етілетін есірткілік  эффектіге жету үшін психоактивті  заттың мөлшерін үнемі көбейтетін адамдарды санауға болады деп көрсеткен.

Психология тұрғысынан тәуелділік индивидтің қадалағалау қабілетінен шығып бара жатқан немесе шыққан жүріс-тұрыстың нақты паттернін үнемі және интенсивті пайдалану ретінде анықталады [2].

1994 ж. психиатрлардың Американдық ассоциациясы әр түрлі тәуелділіктер үшін симптомдардың келесі жиынтығын көрсетті:

1. Іс-әрекет түрінде  сол туралы күн барысында үнемі, жүйелі туындайтын ойлар;

2. Өмірдің басқа жақтарынан ләззат ала алмау қабілеті;

3. Нақты жүріс-тұрыстың өзі үшін зор қаупі бар екенін саналы түсіне отырып, оны қадағалауға, тоқтатуға қабілетсіздік;

4. Бұл жүріс-тұрысты  біреу тоқтату амалдарын жасағанда алаңдаушылық және қозғыштық сезіну;

5.  Бұл жүріс-тұрысты уақытша тоқтатқанда үрей сезіну;

6. Тәуелділікті жауапкершіліктен  қашу үшін пайдалану;

7. Бұл жүріс-тұрыстың  көріністерін айтқанда өтірік  соғу және тым асыра баяндау,  мәселенің өзі және басқалар үшін маңыздылығын төмендету;

8. Жүріс-тұрыс жоғары  деңгейдегі тәуекелділікпен сипатталады  және физикалық пен психикалық  денсаулыққа зор қауіп тудырады;

9. Осы іс-әрекетке байланысты  көңіл-күйдің эйфориядан ұят, кінә мен депрессия диапазонына шейін тез өзгеруі.

Есірткіге тәуелді адамдарда  есірткіге тәуелділік дерті барысында  өзгерістер туындайды. Оларды есірткіге  тәуелді адамның өзіндік санасында  дерт туралы түсініктің қаншалықты орын алатыны, есірткіге тәуелділікке қатысты  психотропты заттарға тәуелді адамның субъективті қатынасын  қарастырудан бастаймыз.

Адамның ауруға бейімделу  мәселесі ауру адамға тұлғалық амалды қолдануға бағдарланған дәрігерлер мен психологтарды, міне, көптеген ондаған  жылдар бойы қызықтырып келеді. Ресейдің медициналық психологиясында бұл көбіне В.Н. Мясищевтің есімімен байланысты. Теориялық және клиникалық-психологиялық тұрғыда бұл мәселе жеткілікті деңгейде қарастырылған.

Соматикалық аурудың  жалпы бейнесінен субъективті компонентті  бөлудің бірінші қадамын 1929 ж. бұл  компонентті «аурудың аутопластикалық бейнесі» деп атауды ұсынған А. Гольшейдер жасады [12]. Бұл термин ауру адамның сезімдері мен түйсіктерінің, ауруға деген интеллектуалды және эмоционалды реакциялардың кешенін білдіреді. Кейіннен сипаттама үшін «дертті бастан кешіру», «дертті саналы ұғыну», дерт концепциясы», «дерт туралы аутогендік түсінік», «тұлғаның дертке реакциясы»,  «дерттің ішкі суреті», «дертке қатынас» сияқты әр түрлі терминдер қолданылды. Олардың авторларының әдіснамалық позицияларының әр түрлілігіне қарамастан, бұл терминдер ауру адамның күйзелістері мен сезімдерінің, дертке, емдеуге мен қоршаған адамдармен өзара әрекеттестікке қатысты интеллектуалдық және эмоционалдық реакцияларының кешенін білдіреді. Р.А. Лурия «дерттің ішкі суреті» түсінігін бөле және  негіздей отыра, оның құрылымы сензитивті де, интеллектуалды  да тұрғыда ауру адам тұлғасы, жалпы мәдени деңгейі, әлеуметтік орта және біліміне өте тәуелді болатындығын баса көрсеткен [23].

В.Н. Мясищев  аурудың  ішкі суреті түсінігін бөлуді ауру барысындағы сана рөлінің  практикалық және теориялық дәлелі ретінде қарастырады. Ауру адам тек клиникалық бақылаудың объектісі ғана емес, сонымен бірге өзін, өзінің ауруын, өзінің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнын  саналы тұрғыда түсінетін субъект болып табылады [33]. 

Дертке қатынас «дерттің ішкі суреті» түсінігі шеңберінде талданатын барлық психологиялық категорияларды өзіне интеграциялайды. Оған дерт туралы білу,  оны тұлғаның саналы ұғынуы, дерттің әлеуметтік өмір сүруге әсері  мен ондағы рөлін түсіну және дертпен байланысты эмоционалдық пен мінез-құлықтық реакциялар кіреді.

Мұндай амал,  әрине,  есірткіге тәуелділікке де қатысты  болып табылады. Есірткіге тәуелділік кезінде тұлғаның үш негізгі аспектілерінде өзгерістер туындайды [11]. Олар: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістер. Ағзадағы биологиялық өзгерістер есірткіні жүйелі пайдалану кезіндегі психоактивті заттың үйреншіктіге айналып, физиологиялық процестерге белсенді қатысуына байланысты пайда болады. Индивидте үнемі есірткіден интоксикация және психологиялық бейімделу салдарынан тұлғалық өзгерістер туындайды. Сонымен қатар қоғам қудалаумен жауап беретін әлеуметтік қызмет бұзылады.

Өзінің әлем және өзі  туралы түсініктерін сақтауға тырысып,  есірткіге тәуелді адам психологиялық  қорғаныс жүйесін құрады. Мұнда өзіндік тәжірибе бұрмаланып, толықтай еленбейді, ал тұлға құрылымы қатаң бола бастайды. Психологиялық қорғаныс – бұл адамның санасына травматикалық ақпаратты жібермеуге, оны елемеуге, ол туралы білмеуге көмектесетін механизм. Жалпы бұл механизмді адамға табиғат аса өткір, психологиялық травматикалық жағдайларды бастан кешіру үшін берген. Бірақ бұл механизм басқарусыз қосылмауы тиіс көптеген ситуацияларда да іске кіріседі. Психологиялық қорғаныс санасыз деңгейде қолданылады. Химиялық тәуелді адамдар өте белсенді, кейде тым қатты психологиялық қорғаныстарға ие. Психоактивті заттарға тәуелді адамдардағы психологиялық қорғаныс механизмдерінің негізгі формалары терістеу, регрессия мен компенсация болып табылады. Терістеу дегеніміз – қиял әлеміне кету, қандай да бір жағдайды «жалған» ретінде жоққа шығаруға ұмтылыс. Регрессия – бұл примитивті амалдар.  Сонымен бірге, әлеуметтік бейімделуге көмектесетін психологиялық қорғаныстың белсенділігі есірткіге тәуелді адамдарда қалыпты адамдармен салыстырғанда жоғарырақ болады. Бұл кейбір, әсіресе есірткіні тұтынумен байланысты өмірлік жағдайларда есірткіге тәуелді адамның өзін «адекватты» ұстап, жоғары энергия мен мақсатқа бағыттылықты көрсетуінен байқалады. Есірткіні тұтыну барысында қалыптасқан психологиялық қорғаныс жүйесінің есірткі туралы объективті ақпаратты бұрмалауы себебінен нашақорлық дертіне қатысты сын қабылданбайды.

Есірткіге тәуелділік барысында есірткіге тәуелді адамдардың құндылықтары өзгеріске ұшырайды. Қалыпты адамдарда бастан кешірулердің іс-әрекеттік құндылықтары басты орында болады, яғни қалыпты адамдар үшін іс-әрекет өнімдеріне, сонымен бірге мақсатқа жетудегі кедергілерді жеңуге байланысты бастан кешірулер басты құндылық болады. Ал есірткіге тәуелді адамдарда іс-әрекеттен тыс бастан кешіру құндылықтары, яғни табиғатта дем алу, өлең тыңдау, теледидар көру және т.б. байланысты бастан кешірулер басты құндылыққа айналған.

Жалпы, есірткілік тәуелділіктің үш кезеңін бөледі:

1. Есірткіге психикалық тәуелділік кезеңі препаратқа психикалық тәуелділік синдромының туындауымен сипатталады. Психикалық тәуелділік – бұл психикалық ширығуды түсіру және психикалық комфорт күйіне жету үшін есірткілік заттарды пайдалануға саналы немесе санасыз қажеттілік. Қабылдаудан бас тарту немесе қандай да бір себептермен есірткіні қайта салу мүмкіндігі болмаған жағдайлар көңіл-күйдің өзгерісімен, депрессивті, дисфориялық күйдің дамуымен бірге жүреді, есірткіні пайдалану қажеттілігі параноидты сипатқа ие бола бастайды.

Ремиссия кезеңінде  психикалық тәуелділік элементтерінің сақталуы    есірткіге қайта оралудың бірден бір себебі екендігі мәлім.

Бірінші кезеңді невроздық (неврастеникалық) деп атауға болады, өйткені астениялық күйлерге тән  ұйқы мен көңіл-күйдің бұзылысынан  басқа мұнда адамда ашуланшақтық, өте қатты шаршау, зейін концентрациясының бұзылысы, гиперестезия, қалыпты деңгейде көрініс беретін жағымсыз өзгерістер байқалады.

Бұдан басқа, дерттің  барлық барысында байқалатын есірткілік тәуелділіктің қалыптасуының бірінші  кезеңінде толеранттылықтың өсуі, яғни организмнің өспелі дозаларға бейімделуі тағайындалады.  Осыған байланысты психоактивті заттарға тәуелді адамдар эйфориялық немесе басқа эффектіге жету үшін салынатын есірткінің дозасын үнемі көбейтуге мәжбүр.

2. Деструктивті механизм кезеңі. Ол тұлғалық құрылымның бұзылысымен және тұлғаның құндылықтық бағдарының өзгерісімен сипатталады. Бұрын доминантты болған қажеттіліктердің маңызы төмендейді. Психикалық күйді өзгертетін заттарға деген екінші реттік қажеттілік күтпеген жерден доминантты, іс-әрекеттің мәнін құрайтын негізгі мотивке айналуы мүмкін.

Бұл кезең есірткіге  физикалық тәуелділіктің қалыптасуымен  сипатталады. Физикалық тәуелділік дегенде интенсивті физикалық бұзылыстардан  көрінетін бейімделу күйін түсінеміз: жоғарыда айтылғандай организм есірткілік заттарды қабылдағанға бейімделеді, есірткі зат айналым жүйесіне «кіреді», есірткілік заттарды қабылдауды бұл кезеңде тоқтату абстиненция синдромын сипаттайтын түрлі функционалды бұзылыстарға әкеледі. Абстинентті синдром дегеніміз психопаталогиялық, вегетативті, неврологиялық және соматикалық бұзылыстардың кешені.

Клиникалық картина, абстиненцияның қалыптасу уақыты мен жүру барысы есірткінің түрі, оның пайдалану дозасы мен ұзақтығына, организмнің функционалды ерекшеліктеріне тәуелді.

3. Тұлғаның аномалиясы кезеңі. Соматикалық патологияның дамуы жүреді. Бұл кезеңде есірткіні қолдану эйфориялық эффектіні тудырмайды, сондықтан есірткіні қабылдау тек абстиненция синдромын болдырмау үшін ғана қажет.

Жағымсыз эмоционалды-еріктік өзгерістер (апатия, әлсіздік, астения мен анергия) түріндегі психикалық дефектілерден басқа жүрек бұлшықеттерінің, паренхиматоздық органдардың қайта тууы (перерождение), жыныс мүшелерінің атрофиялық өзгерістері, ОЖЖ-сіндегі өзгерістер (жүйке жасушаларының ультрақұрылымының, әсіресе үлкен жарты шар қабығының бұзылыстары) түріндегі соматикалық дефектілер де қалыптасады. Нашақорлықтың ауыр түрінде жүйке жасушаларының ядролық аппаратының қандай да бір өзгерістері байқалады. Естің, интеллекті мен деменцияның аса төмендеуі есірткіге тәуелділерде байқалмайды [27].

Нашақорлық кезінде есірткіге  тәуелді адамның  миы мен психикасы  есірткіден зақымдалады. Нашақорлық кезіндегі  психиканың зақымдалуына тән психологиялық  бейненің арнайы бітістері пайда  болады. Есірткілік заттарды аз уақыт  қабылдамаудың өзінде нашақор өзінің этикалық бейнесінің көп бөлігін қайта орнына келтіретіндігін, қол үзген адамдық құндылықтарын қайтаратындығын айта кету  қажет. Алайда, біріншіден, бұл құндылықтар ұзақ уақыт толымсыз және тұрақсыз түрде қайта орнына келу үстінде болады. Екіншіден, есірткіні қайта пайдалану адамды тез арада этикалық қуыстану (опусташенность)  күйіне қайтарады [40].

Психология тұрғысынан, есірткілік тәуелділік индивид қадағалауынан  шығып бара жатқан немесе шыққан жүріс-тұрыстың нақты паттернін үнемі және интенсивті пайдалану  деп анықталады.

Есірткіге тәуелді адамның психикалық өмірінің негізгі мазмұны – есірткі. Оның өмір сүруі есірткілік «жақсыдан» салауатты күйдегі «жаман» арасындағы тербелістермен шектеледі. Есірткілік эйфориядан кейін біраз уақыт өткеннен соң «ломка» немесе абстинентті синдром басталады. Бірте-бірте халы нашарлай бастайды. Содан есірткіге тәуелді адам есірткіні тауып, оны пайдаланады. Оның жағдайы біршама оңалады. Есірткіге мас болу бірте-бірте кетеді. Бірақ сосын қайта «ломка» басталады. Қайтадан есірткі тамақ, су, жалпы бәрінен де қажеттірек болады. Абстинентті синдром кезінде компульсивті құмарлық деп аталатын процестің дамуы мүмкін. Сананың барлық өрісі есірткі туралы ойларға  толады, есірткіден басқа ешқандай идеялар, қиялдар, мотивтер бұл кезеңде мүмкін емес. 

Тұлғаның терең, негізгі тенденцияларын өмірде жүзеге асыруға кедергі келтіретін жағдайлармен ұшырасуы, ол үшін өте  маңызды қажеттіліктердің қанағаттанбауы, қиыншылықтар алдындағы тұлғаның қорғаныстық  белсенділігі есірткіні пайдалануға деген жоғары тәуекелділікті тудырады.

Наркотизацияға жоғары тәуекелділік айқын сыртқы және/немесе ішкі конформдылық кезінде, сонымен қатар қоршаған ортадағылармен қатынасқа айқын  тәуелділік  кезінде де тағайындалған. Көрсетілген феномендердің сырттай ұқсастығына қарамастан олар өте қатты ерекшелінеді.  Сыртқы да, ішкі де конформдылық «жеке және топтағы доминантты көзқарас арасындағы саналы қақтығысты соңғысының пайдасына шешудің спецификалық амалы ретінде қызмет етеді...»

Нашақорлық көп жағдайда адам өміріндегі эпизодтық жағдай болмайды. Мәселе материалдық жағдайда, материалдық игіліктермен қамсыздандырылуда емес. Ал адамның қандай да бір базалық: махабат, құрмет, қорғаныс қажеттілігінің  қанағаттанбауында болады. Адам субъективті маңызды дискомфорт сезінеді. Сосын адам ғасырлар бойы тексерістен өткен, эмоционалды күйді жақсартатын заттарға жүгінеді.

Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері