Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа
Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.
Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша
7. 26-64 жаста шығармашылық немесе эгоцентризм, өнімсіздік;
8. 64 жас пен одан жоғары тұтастық, өмірді қабылдау немесе торығу, өмірдің мәнсіздігін бастан кешіру қалыптасады.
«Мен» бейнесі қалай дамиды? Өзіндік сана құрылымында орталық бөлімді «субъект ретіндегі Мен» алады. Бұл функцияны ол эмоционалдық-құндылықтық қатынаспен тығыз ұштасатын өзін-өзі тануды пайдалана отырып орындайды. Өзін-өзі танудың нәтижесінде «Мен» бейнесі ашыла бастайды, ал кейде тұлға ұмтылатын жаңа «Мен» бейнесі қалыптасады. Бұл «Мен» бейнесі бірден тумайды, бастапқыда «Меннің» жеке аспектілері, тұлғаның бітістері, жүріс-тұрыстың ерекшеліктері анықталады, яғни өзі туралы түсініктер қалыптасады. Тек жүйелі өзін-өзі тану барысында бұл жеке түсініктерден тұтас бейне шығады. Мұндағы өзін-өзі бағалау, өзін басқа адамдармен немесе қандай да бір идеалды бейнемен салыстыру басты рөлді ойнайды.
«Мен» бейнесі рационалдық түсініктеме, негіз, тұрақтылыққа ие болғанда Мен-концепциясы деп аталатын психологиялық түзіліске өседі. Қалыптасқан Мен-концепциясы адам өмірі мен іс-әрекетінің барлық сфераларына әсер етеді, оның ниетін, жоспарын, талаптануын анықтайды, яғни «субъект ретіндегі Мен» іс-әрекетіне кірісіп, өзін-өзі реттеу қызметін атқарады.
Қазіргі таңдағы ғылымда Мен-концепциясын сипаттайтын әр түрлі амалдар мен тәсілдер бар. В.Г. Маралов осы тұлғалық түзілістің мәнін жалпыланған және түсінуге оңай түрде сипаттаған [26].
Өзі туралы білімдер, өз тұлғасы туралы өзіндік бейне, яғни «Мен» бейнесі Мен-концепциясының негізін, оның мазмұнын құрайды. Мысалға, адам өзі туралы: мен ақылдымын, қарым-қатынасқа жеңіл түсемін, мұқияттымын және т.б. деп айтады.
Бұл «картинаға» бірден қатынас салынады. Мысалға: жалпы алғанда менің өзіме көңілім толады және мен өзімді қандаймын, сондай ретінде қабылдаймын – бұл жоғары өзін-өзі құрметтеу. Басқа нұсқалары да болуы мүмкін, мысалға, өзімнің қабілеттеріме қанағаттанамын, бірақ сырт келбетім ұнамайды және т.б.
Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы мен өзін-өзі сыйлауы «Меннің» жалпы мәні, интегралды өлшемі болып табылады. Өзін-өзі сыйлау тұлғаның бағалылық-мағыналылық бағыттылықтарымен тығыз байланысты. Адам тұлғасының және индивидуалдылығының сәтті қалыптасуы адамның өзін-өзі қабылдағанда, өз қажеттіліктерін, мінезінің қасиеттерін, басқа адамдар арасында өз орнын оң бағалағанда ғана мүмкін болады.
С.Л. Братченко мен М.Р. Миронованың анықтамасы бойынша, өзін қабылдау өзін құптауды және өзінің «шынайы Меніне» махаббаттын, өзіне құрметке тұрарлық тұлға ретінде қатынасты, өзіне және өзінің мүмкіндіктеріне деген сенімді білдіреді [7].
Д.А. Леонтьевтың ойынша, өзін-өзі қабылдау өзіне қатынас сияқты кеңірек түсініктің бөлігі болып келеді. Өзіне қатынастың ең бір сыртқы көрінісі өзін-өзі бағалау – өзіне жалпы оң немесе теріс қатынас болып табылады. Д.А. Леонтьев өзін-өзі құрметтеуді адамның қандай да бір реалды жетістіктері немесе кемшіліктерімен шартталған өзіне қатынас деп, ал өзін-өзі қабылдауды өзінде сондай қатынасты түсіндіретін қандай да бір бітістердің бар-жоғына қарамай өзіне тікелей эмоционалды қатынас деп анықтайды. Өзіне қатынастың бағалаулық мәнінен басқа, оның тұтастығы, интеграцияланғандығының деңгейі, сонымен бірге сыртқы бағалаулардан автономдылығы, тәуелсіздігі маңызды сипаттамалар болып табылады деп көрсетеді [21].
Өзіне қатынас құрылымының
басқа трактовкасын В.Ф. Сафин ұсынады.
Субъектінің өзін-өзі
Мен-концепциясының құрылымындағы қандай да бір қасиеттің картинасы немесе жалпы Мен-концепциясы өзін басқа адамдармен немесе қандай да бір идеалмен (көркем әдебиеттің батыры, ойдан шығарылған идеал және басқалар) өзін салыстыру жолымен бағалауға ұшырайды. Нәтижесінде өзіне эмоционалдық қатынастың деңгейіне өзінің түзетулерін енгізетін, сонымен бірге өзі туралы білім және түсініктермен байытатын: жоғары, орташа, төмен, адекватты-адекватсыз, тұрақты-тұрақсыз өзін-өзі бағалау қалыптасады. Өзін-өзі бағалау жүріс-тұрыстың күшті реттеушісі болып табылады.
Адамның Мен-концепциясы туралы түсініктерін кеңейтетін жалпы психологиялық ерекшеліктерді сипаттайық. Оларға келесілерді жатқызуға болады.
Мен-концепциясының толымдығы - фрагменттілігі – адамның өзінің тұлғасын қаншалықты толымды және жете білетінімен, өзінің басқаша емес, осындай екенін, оның күшті және әлсіз жақтары неден туындағанын, соның ішінде, өзіне де, қаншалықты объективті түсіндіре алатынымен анықталады.
Өзі туралы білімдердің тереңдігі - жеңіл-желпілігі - өзін тек сана деңгейінде ғана емес, сонымен қатар бейсана деңгейде де, сонымен бірге сен туралы басқалардың не білетінін және бастапқы кезеңде өзін-өзі анализдеу процесіне қиындықпен көнетінді тану қабілеті. Өзін жеңіл-желпі білу, керісінше, жүйесіздікпен, үзбелілікпен және тез арада саналы ұғынуға болатын қасиеттерді ғана білумен сипатталады.
Мен-концепциясының үйлесімділігі – қақтығыстығы - тұлғаның әр түрлі, тіпті қайшы бөліктерінің бір-бірімен қаншалықты «сыйысатындығымен» анықталады. Нәтижесінде адам саналы ұғынатын тұтас бірлік пайда болады. Қақтығыстық Мен-концепциясы адам қандай да бір қасиеттерді қабылдағанда және басқаларды терістегенде немесе ол өзіндегі қандай да бір қасиетке немесе сапаға қанағаттанғанда және біруақытта қанағаттанбағанда, «қалаймын», «істей аламын» және «керек» арасында коллизия туындағанда пайда болады.
Өзі туралы түсініктердің адекваттылығы – адекватсыздығы – тағы да бір маңызды сипаттама. Оның мәні түсінікті. Адам шынайылыққа сәйкес келмейтін өзінің қандай да бір образын жасап және оған сенуі мүмкін және бұл нәтижесінде шынайылықпен қақтығысқа әкеледі: адам мұндай қақтығыстың себептерін негізінен басқалардан көреді. Адекватты Мен-концепциясы - әлемге, басқа адамдарға сәттірек бейімделудің негізі.
Мен-концепциясының тұрақтылығы – динамикалылығын екі аспектіде қарастыруға болады. Біріншіден, бұл уақыттық аспект. Ол адамның уақыттың белгілі бір аралығы барысында өзі туралы тұрақты түсінікті қаншалықты сақтай алатындығы қабілетімен сипатталады. Екіншіден, бұл тұлғалық өсу аспектісі, адамның өзі туралы түсінікті қаншалықты тез уақыт аралығында кеңейту мен тереңдетуге, қажет болған жағдайда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті екендігімен анықталады.
Өзін қабылдау – қабылдамау - өздерін басқаларға қарағанда төмен деп санайтын, төмен өзін-өзі құрметтеу деңгейіне ие адамдарда нәтижесінде өзін-өзі қабылдаудың төмен деңгейі қалыптасады. Төмен өзін-өзі қабылдау өзімен күреске, не мойынсұну мен апатияға, ал кейде өзін-өзі өлтіру жайлы ойларға әкеледі. Толымды өмір үшін адам басқалардың көзқарасы бойынша жағымды болып табылмайтын қасиеттердің өзін жоғары деңгейде өзінде қабылдауы керек деп саналады. Мұнымен маңызды бір шартты есепке ала отырып қана келісуге болады: өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі тек ол жағымды өзін-өзі дамыту тенденциясымен органикалық үйлескен кезде ғана позитивті эффект береді. Мұнсыз өзін-өзі қабылдау снобизм мен паңдыққа әкеледі.
Өзін-өзі тану негізінде өзі туралы білімдер туындайды. Бұл білімдер конструктке жақындық принципі бойынша топталады. Мысалға, интеллектуалдық қасиеттер, мінез-құлық бітістері, эмоционалдық сапалар, қабілеттер, жүріс-тұрыстық сипаттамалар. Өз кезегінде, аталған конструкттер жиынтығында «Мен» бейнесін құрайды. «Мен» бейнесінің компоненттерін қостау, негіздеу адам үшін оның Мен-концепциясын ашады. Әрине, Мен-концепциясы толықтай және тұтастай саналы деңгейде ұғынылмайды, өйткені оның көп бөлігі бейсана аумағында болады.
Мен-концепциясының саналы ұғыну деңгейі көп жағдайда адамға, оның өзін-өзі тану қабілетінің дамуына, оның өзін-өзі тануға ұмтылысына және жүйелі түрде өзін-өзі танумен айналысу дағдысына байланысты болады.
«Мен» бейнесінің «кірпіштері» шынай немесе жалған, адекватты немесе адекватсыз, қатысты толық немесе фрагменттік болуы мүмкін. Егер де адам шындығында өзінде бар қасиетті өзінен тапса, онда мұндай білім шынайы болады. Өзі туралы жалған білім – бұл осы тұлғада дамымаған қасиетті табу мен тіркеу. Жалғанды айтпағанда, өзі туралы шынайы білім адекваттылық деңгейімен ерекшелінеді. Мысалға, тұлға өзін коммуникабельді, қарым-қатынасқа ашық адам деп санайды, бірақ қоршаған адамдар осы адамда коммуникабельділік аса қатты дамымаған деп көрсетеді. Өзі туралы білімнің толымдығы үшін қандай да бір қасиетті немесе тұтастай тұлғаны жан жақты тану қажет. Адам өзінің қасиеттерін талдай отырып, мазмұндық сипаттамаларды ғана емес, сонымен бірге олардың даму деңгейін, қосымша аумақтарды ерекше бөледі, шектеулерді саналы ұғынады, күшті және әлсіз жақтарын анықтайды.
Мен» бейнесі – жеке адамның санасында бір қалыпта бекіп қалған түсінік не білік емес, ол өте қозғалмалы, өзгермелі «мен» күйінде қабылдануы мүмкін. Сонымен бірге, «Мен» бейне әлеуметтік заңдарға, қоршаған адамдардың қалауына сай кемелденген, болашақ идеал «менді» де аңдатуы заңды. Және бір жағдайда бұл «мен» - қолынан келсе, «тау қопарып, теңіз жұтатын» фантастикалық тұлғаның бейнесіне сәйкес болуы да әбден ықтимал.
Американдық ғалым К. Роджерстің теориясы бойынша, Мен-концепциясын құрайтын екі форма бар: «шынайы-Мен» және «Мұраттағы Мен». Сонымен қоса адамға тиісті емес, бірақ оған үлкен әсер ететін қоршаған әлеуметтік ортаны бөледі. «Шынайы-Мен» – бұл өзі, өзінің сезімдері, ойлары, ұмтылыстары және т.б. туралы түсініктердің жүйесі ал «Мұраттағы Мен» – бұл адамның «қандай болғысы келетіні» жайлы түсінігі, оның тәжірибесі мен терең бастан кешірулері. Қоршаған әлеуметтік орта дегеніміз – бұл адамға сырттан берілетін: нормалар, құндылықтар, көзқарастар, жүріс-тұрыстың амалдары және т.б. К. Роджерс «шынайы Мен» мен «Мұраттағы Мен» арасындағы туындайтын айырмашылықтар үрей сезіміне, жүріс-тұрыстың бейімделмейтін формаларына, әр түрлі психологиялық мәселелерге әкеледі деп тұжырымдайды. Бұл өз кезегінде тәжірибенің бұрмалануына немесе оны терістеуге ұшыратады [41].
О.Г. Юсопов шынайы және ниет етілетін өзін-өзі бағалау арасындағы айырмашылықтан туындайтын ішкі қақтығыстар мен девиантты жүріс-тұрыс, әсіресе жасөспірімдік шақта өткір байқалады деп көрсетеді [53].
Бастапқыда, «шынайы Мен» мен «Мұраттағы Мен» арасындағы айырмашылықтан үлкен ширығу туындайды. Оны басу үшін адамдар әр түрлі амалдар іздей бастайды. Жасы үлкенірек адамдарға мұндай толымсыздық комплексі кемелденуге түрткі болатын итермелеуші күш болуы ықтимал, ал әлі оңды солын білмейтін жасөспірімдер үшін есірткіні тұтыну ең қарапайым әдіс болып көрінеді. Сондықтан нашақорлыққа салынудың ең қауіпті кезеңі - 12-17 жас [37].
Жалпылай келе, «Мен» бейнесі өзіндік сананың «субъект ретіндегі Менді» өзін-өзі тану нәтижесінде пайда болатын жүйе деп айтуға болады. «Мен» бейнесі адамның өзі жөніндегі түсініктерінен тұрады. Мұндағы қандай да бір қасиет өзін басқа адамдармен немесе идеалды бейнемен салыстыру жолымен бағалауға ұшырайды. Нәтижесінде жүріс-тұрыстың күшті реттеушісі болып табылатын өзін-өзі бағалау қалыптасады. Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы мен өзін-өзі сыйлауы - «Меннің» жалпы мәні, интегралды өлшемі. Өзін-өзі сыйлау тұлғаның бағалылық-мағыналылық бағыттылықтарымен тығыз байланысты. Адам тұлғасының және индивидуалдылығының сәтті қалыптасуы адамның өзін-өзі қабылдағанда, өз қажеттіліктерін, мінезінің қасиеттерін, басқа адамдар арасында өз орнын оң бағалағанда ғана мүмкін болатындығын тұжырымдаймыз.
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық зерттеулер
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері
Қазіргі таңдағы Қазақстанда есірткілік заттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қадағалануға тиіс есірткілік, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының тізімінде тіркелген синтетикалық немесе табиғи тектегі заттар, препараттар, өсімдіктер жатқызылады.
Есірткілерге келесі критерилерге сай заттар жатқызылады:
• эйфорияны (жоғары көңіл-күй) немесе, кем дегенде, жағымды субъективті бастан кешірулерді тудыру қабілеті;
• психикалық және/немесе физикалық тәуелділікті, яғни есірткіні қайта тұтыну ниетін тудыру қабілеті;
• оларды үнемі пайдаланатын адамның психикалық және/немесе физикалық денсаулығына түсіретін зор зияны;
• бұл заттардың халық арасында кең таралу мүмкіндігі [2].
Бір рет пайдаланудың өзінде адам санасына қатты әсер ететін есірткілердің екі тобын: психостимуляторлар мен галлюциногендерді бөлуге болады.
Психостимуляторлар – бір ортақ қасиеті: қолдану нәтижесінде ойлау темпі жоғарлайтын (алайда байымдаулар үстірт, жеңілге айналады) ерекшелігі бар әр тектегі заттар тобы. Осы топтың бір бөлігінде қоршаған әлемді қабылдауды бұрмалау қабілеті бар, сондықтан олар қасиеті бойынша галлюциногендерге шекаралас болып келеді.
Галлюциногендер – адамның өзін-өзі сезінуін бұрмалайтын, сананы өзгертетін препараттар. Нәтижесінде адам қоршаған әлемнің ғана емес, сонымен қатар өзінің де өзгеріске түскенін сезінеді. Галлюциногендер тобына химиялық құрамы бойынша әр түрлі, ал кейбіреулері табиғи текті өнімдер кіреді.
Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері