Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша

Работа содержит 1 файл

diplomka.doc

— 529.50 Кб (Скачать)

 

 Кесте 3.  А тобының қатынастардың түстік тесті бойынша көрсеткіштері

 

    №

Түсінік

Ассоциацияланған

түс

%

«шынайы       Мен»

қара

45

«мұраттағы Мен»

сары

45

«өзіне сенімділік»

жасыл

25

«кінә»

қара

45

«есірткі»

қара

33,3

«сауығу»

жасыл

33,3


 

 

Кесте 4.   Б тобының қатынастардың түстік тесті бойынша көрсеткіштері

 

Түсінік

Ассоциацияланған

түс

%

«шынайы Мен»

көк

33,3

«мұраттағы Мен»

қызыл

45

«өзіне сенімділік»

көк

33,3

«кінә»

қара

50

«есірткі»

қара

75

«сауығу»

сары

58,3


 

Қатынастардың А және Б тобы бойынша көрсеткіштерін сурет 2 көрсетілген.

 

 

 

 

сурет 2. Эксперименталдық және бақыланушы топтардың көрсеткіштері.

 

 

Есірткіге патологиялық елігу құрылымында есірткіге  тәуелді адамдардың ең бір маңызды  қатынастарын бейнелейтін және оның қоршаған ортадағылармен және өзімен қақтығыстың нақты формасын анықтайтын мәселелер шеңберін бөлуге болады. Біздің жағдайда, қатынастардың түстік тестіне, «шынайы Мен», «мұраттағы Мен», «есірткі», «емделу», «өзіне сенімділік», «кінә» түсініктерінен құралған тізім жасалды.

Сыналушылардың қатынастардың  түстік тесті бойынша нәтижелері.

А тобының Б тобымен салыстырғанда, «шынайы Менді» қара түспен ассоциациялайды (45%). Семантикалық сипаттама бойынша бұл тұйықтықпен, үндемеушілікпен байланысты. Мұны есірткіге тәуелді адам үшін өмір оны қоршаған шынайлықтың адамдары мен заттарына емес, ал  оның өзіне, өзінің ішкі әлеміне шоғырланғандығымен байланыстырамыз. Есірткіге тәуелді адамдардың 33.3%-ы қара түстік «көзге ең жағымды» деп таңдағанын, яғни артықшылық бойынша ретпен қойып шығу таңдамасында бірінші орынға қойғанын  ескерсек, Люшердің интерпретациясы бойынша бұл аса қиыр типтің компенсациясын білдіреді. Адам бәрінен бас тартқысы келеді, бәрі керегіндей жүрмейді, ол өзінің тағдырына қарсы шығады. Бұл нашақорлық жайлы «пассивті-агрессивтік терістеу формасы» деген түсініктермен үйлеседі. Ал Б тобының «шынайы Менді» көк түспен ассоциациялайды (33.3%). Бұл осы топ сыналушыларында мейірімділік, сабырлық, әділдік пен шыншылдық сияқты бітістерді көрсетеді.

«Мұраттағы Менді» Б тобы сыналушылары қызыл түспен байланыстырады (45%). Бұл түс қайсарлық, ашықтық, досшылдық, өзіне сенімділік,  қарым-қатынасшылдық, күштілік, тартымдылық, іс-әрекетшілдікті білдіреді. А тобы сыналушылары болса, «мұраттағы Менді» сары түспен байланыстырады (45%).  Сары қатынастардың түстік тестіне сәйкес ашықтық, қарым-қатынасшылдық, қайраттылықты білдіреді. А тобы сыналушыларының «мұраттағы Менді» сары түспен байланыстыруы олардың идеалды «Мені» ашықтықпен, қарым-қатынасшылдықпен, қайраттылықпен, алайда сонымен бірге қамсыздықпен, жауапкершіліксіздікпен де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл белгілі бір мағынада инфантильділікті аңдатады. Есірткіге тәуелді адамдар үшін есірткі ең басты құндылық болып табылады. Ал жауапкершілікті қажет ететін іс-әрекет олар үшін қиын ауыртпалық.

Артық көру бойынша ретпен қойып шыққан түстер ретін интерпретациялауда, А тобында Б тобымен салыстырғанда, «шынайы Мен» мен «мұраттағы Мен» арасында анағұрлым алшақтық байқалды. К. Роджерстің теориясына сай  «шынайы Мен» мен «мұраттағы Мен» арасындағы туындайтын айырмашылықтар үрей сезіміне, жүріс-тұрыстың бейімделмейтін формаларына,  әр түрлі психологиялық мәселелерге әкеледі. Бұл өз кезегінде тәжірибенің бұрмалануына немесе оны терістеуге ұшыратады

А тобы сыналушылары «өзіне сенімділікті» негізінен жасыл түспен байланыстырады (25%). Бұл А тобы сыналушыларының эгоизмін көрсетеді. Сонымен бірге жасыл сыналушылардың еріктік қасеттеріне көңілі толмайтындығын да аңғартады. Б тобында «өзіне сенімділіктің» ассоциацияланатын түсі - көк (33.3%). Бұл сыналушылардың осы түсінікке сабырлы қатынасын көрсетеді, яғни сыналушылар өзіне сенімді деп тұжырымдауға болады.

«Кінә» сезіміне қатысты ассоциацияланған қара түс екі топта да тең дәрежеде байқалды (45%, 50%). Бұл түсініктіңі екі топта да негативті сезімдермен байланысты екендігі анық.

«Есірткі» түсінігі ассоциацияланған түс екі топта да қара болды. Алайда Б тобында ол 75%-бен басымдық танытты. Қара түс семантикалық мән бойынша осы  түсініктің негативті эмоциялармен байланысты екендігін көрсетеді. Алайда мұны есірткіге тәуелді және қалыпты адамдардың екі түрлі мотивімен түсіндіруге болады. Есірткіге тәуелді адамдардың қара түстік таңдауы есірткіге амбивалентті қатынаспен түсіндірілуі мүмкін. Есірткі психотроптық заттарға тәуелді адам үшін ең маңызды құндылыққа айналады, бірақ оны алу үлкен қиындықтармен байланысты, өйткені есірткілік заттарды пайдалану заңмен тиым салынған. Бұдан басқа, есірткіге тәуелді адам есірткіні тұтына отырып, өзінің денсаулығына зор зиян тигізетінін саналы тұрғыда ұғынады. Ал қалыпты адамдардың есірткіге қатысты таңдалған қара түстік олардың ақпараттану нәтижесінде қалыптасқан негативті қатынасымен түсіндіруге болады.

«Сауығу» А тобында жасыл түспен жиірек байланыстырылады (33.3%). Бұл эгоизм мен энергияны көрсетеді. Энергия, бір жағынан,  есірткілік тәуелділіктен арылуға деген белсенділікті көрсетуі мүмкін, ал, екінші жағынан, бұл тәуелділіктен арылғаннан кейін туатын еркіндікпен байланысты болуы мүмкін. Б тобы сыналушылары болса, осы түсінікке қатысты байланыстырған түсі – сары (58.3%). Бұл түс қайраттылықты, белсенділікті, қамсыздықты көрсетеді. Сыналушылардың дерттен айыққаннан кейінгі психологиялық күйін аңдатады.

Қатынастардың түсті  тесті нәтижесін қорытындылай келе, есірткіге тәуелді адамдардың мінез-құлқында тұйықтық, үндемеушілік сияқты бітістер анықталды. «Меннің» 20 сипаттамасы» әдістемесі бойынша «әлеуметтік сәйкестіліктің» төмен көрсеткіштер иеленуі осы себептен деп тұжырымдаймыз. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі көрсеткен есірткіге тәуелді адамдардың жауапкершіліктен қорқынышы мен өз басының пассивтілігі осы тестте де сыналушылар «мұраттағы Менді» қамсыздық пен жауапкершіліксіздікпен байланыстырғанда қайта көрінді. К. Роджерстің «шынайы Мен» және «мұраттағы Мен» теориясы осы әдістеме көмегімен расталды. Оның салдары - тұлғаның өзін-өзі төмен бағалау, өзіне сенімсіздік. Бұл біздің «есірткіге тәуелді сыналушыларда қалыпты сыналушылармен салыстырғанда «Мен» бейнесінде өзін-өзі төмен бағалау, өзіне сенімсіздік ерекшеліктері басым» деген болжамымызды тағы да растады. Өз кезегінде бұл есірткіге тәуелді адамдардағы «аяқталмаған сөйлемдерде» байқалған үрейдің жоғары деңгейінің себебін көрсетті. А тобы сыналушыларын бейімделмейтін жүріс-тұрыстың формасы болып саналатын есірткілік тәуелділікке алып келген басты себеп көзі осы себептен деп болжауға болады.   «Өзіне сенімділікке» қатысты байқалған эгоизм да жоғарыда айтылған есірткіге тәуелді адамдардың дүниеқорлығын, адамдарға қатысты тұтынушылық қатынасын  растады. Эгоизмнің көріністеріне субъектінің өзінің дүниеқорлық мақсаттарына жету үшін басқа адамға объект пен құрал ретінде қарау тән. Эгоизмнің дамуы мен оның тұлғаның басты бағыттылығына айналуы индивидті тәрбиелеудегі күрделі дефектілермен түсіндіріледі. Ал мұны өз кезегінде «аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі көрсеткен болатын. Сонымен қатар жасыл түс сыналушылардың өздерінің ерік қасиеттеріне қанағаттанбаушылықты көрсетеді. Кінә сезімінің қара түспен байланыстырылуы «аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі көрсеткен негативті эмоцияларға, яғни есірткіге тәуелді адамдардың анасы мен есірткіні бірінші рет татып көргені үшін өзін кінәлі сезінуге байланысты. А тобы сыналушыларында есірткілік тәуелділіктен арылуға деген энергия байқалды. Мұны «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі көрсеткен болатын.

 

4.Тұлғалық  дифференциал әдістемесінің нәтижелерін талдау.

Тұлғалық дифференциал әдістемесінің көмегімен анықталған сандық көрсеткіштер төмендегі диаграммалар түрінде көрсетілген (сурет 3, 4) (эксперименталдық пен бақыланушы топ мүшелерінің жекеленген көрсеткіштерін Қосымша 2 көре аласыз).

 

 

 

сурет 3. Эксперименталды топтың тұлғалық дифференциал әдістемесі бойынша орташа көрсеткіштері

 

 

сурет 4. Бақыланушы топтың тұлғалық дифференциал әдістемесі бойынша орташа көрсеткіштері

 

 

Есірткіге тәуелді және қалыпты адамдардың өзін-өзі объективті бағалауларын үш факторлық талдау негізінде алынған нәтижелердің сандық және сапалық талдауы.

Екі топтың екеуінде де Бағалау факторының үш фактордың ішінде едәуір басымдық танытқаны байқалды (54%, 52%). А тобының зерттеу нәтижелері бойынша  «Менді» объективті бағалауында  бірінші фактор – Бағалау факторының Б тобымен салыстырғанда едәуір төмендігі (8.75) байқалады. Яғни, бұл фактор бойынша төменгі көрсеткіштер адамның өзіне деген сыншылдығын, өз жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, жетістіктер деңгейіне қанағаттанбаушылықты, өз-өзін қабылдаудың төменгі деңгейін көрсетеді. Өзін-өзі бағалауда бұл фактордың ерекше төменгі қасиеттері өз тұлғалық құндылықтарын төмен бағалауға байланысты мәселелерді, тіпті невротикалық күйді көрсетуі де мүмкін; Ал Б тобы сыналушыларының Б1 факторы бойынша жоғары көрсеткіштері (14.25) олардың жеке тұлға ретінде бағалауында  өздеріне жоғары құрмет сезімін байқатты. Өздерін позитивті, әлеуметтік қажетті қасиеттерді иемденуші ретінде саналы сезінетінін, яғни белгілі бір мағынада өзіне-өзі қанағаттанушылықты білдіреді.

Эксперименталдық топпен салыстырғанда  Б тобында Күш (К) факторы екінші орында  жоғары көрсеткіштерді (6.85) байқатты. Бұл Б тобында өзіне сенімділікті, тәуелсіздікті, қиын жағдайларды өз күшіне сенуге ұмтылысты көрсетеді. А тобы сыналушыларының 3.5-орташа балды иемденуі әлсіздік, тәуелділік, өз-өзіне сенбеушілік сияқты қырларды байқатады. Эксперименталдық топтағы бұл төмен көрсеткіштер өзін-өзі қадағалаудың төмендігін, жүріс-тұрыстың тұрақсыздығын, сыртқы жағдайлар мен бағалауларға тәуелділікті білдіреді.

Үшінші – Белсенділік  факторы Б тобында А тобымен салыстырғанда басымдық танытты (29%), бұл топта жоғары белсенділікті, еркін қарым-қатынасты, импульсивтілікті көрсетсе, 19%-ды иемденген А тобы сыналушылары үшін интроверттілікті, белгілі пассивтілікті, қалыпты эмоционалды әсерлерді көрсетеді.

Біздің таңдамаға жүргізілген  тұлғалық дифференциал әдістемесінің қорытындысы бойынша: А тобы сыналушыларының өздеріне критикалық қатынасын, өзінің жүріс-тұрысына, жетістіктер деңгейіне, тұлғасының ерекшеліктеріне қанағаттанбаушылықты, өзін қабылдаудың жеткіліксіз деңгейін көрсетті. «Меннің» 20 сипаттамасы көрсеткен нәтижелер осы әдістемеде қайта байқалды. Бұл нәтижелер біздің «есірткіге тәуелді сыналушылар қалыпты сыналушылармен салыстырғанда «Мен» бейнесінде өзін-өзі төмен бағалау ерекшеліктері басым» деген болжамымызды растады. Осы фактор бойынша өздерін аса төмен бағалаған 4 сыналушыда мүмкін невротикалық немесе өз тұлғасының мәнсіздігіне байланысты мәселелер бар деп тұжырымдауға болады. А тобы сыналушылары өздерін қоршаған адамдар үшін тартымсыз сезінеді. Адамдар оларға симпатиясыз қарайды деп ойлайды. Бұл «аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі көрсеткен нәтижелерді тағы да байқатты. Төмен көрсеткіштер есірткіге тәуелді адамдарға қатысты қоғам мүшелерінің жатсынуын, бас тартуын көрсетеді. Эксперименталдық топпен салыстырғанда  Б тобында Күш (К) факторы жоғары көрсеткіштерге ие болуы осы топ сыналушыларының өзіне сенімділігін, тәуелсіздікті, қиын жағдайларды өз күшіне сенуге ұмтылысты байқатты. Керісінше, А тобы сыналушыларының осы фактор бойынша төмен көрсеткіштері, олардағы әлсіздік, тәуелділік, өз-өзіне сенбеушілік сияқты қырларды байқатты. Эксперименталдық топтағы бұл төмен көрсеткіштер өзін-өзі қадағалаудың төмендігін, жүріс-тұрыстың тұрақсыздығын, сыртқы жағдайлар мен бағалауларға тәуелділікті білдіреді. Сонымен бірге, тұлғаның ерік, өзін-өзі реттеудің жеткіліксіз деңгейі, сыртқы жағдайлар мен бағалауларға тәуелділік байқалып, сыналушылардың 50 %-да астенизация мен үрейді тағайындады. А тобы сыналушыларының ерікке қатысты қанағаттанбаушылықты қатынастардың түсті тесті де көрсеткен болатын. Осылайша, есірткіге тәуелді адамдар қалыпты адамдармен салыстырғанда, өздерін қатынаста бағынышты деп қабылдайды деп тұжырымдауға болады. Есірткіге тәуелді адамдарда интроверттілікті, белгілі бір пассивтілікті байқалды. Осы нәтижелерді қатынастардың түсті тесті көрсетіп кеткен болатын. Осылайша, «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзінің «Мен» бейнесі пассивті рөлге ие» деген болжамымыз толықтай расталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін теориялық және эксперименталдық зерттеулер негізінде төмендегідей қорытындыларға келдік:

1. Өзіндік сана  «Мен» бейнесін тану субъектісі ретіндегі «Меннің» іс-әрекеті болып табылады. Өзіндік сана жұмысы, бір жағынан, өзін-өзі тану, эмоционалдық құндылықтық қатынас, ал екінші жағынан, өзіндік қадағалау мен реттеу механизмдерін белсенді кірістіру арқылы «Меннің» әр түрлі аспектілерінің үнемі өзара әрекеттесу принципі бойынша жүреді. Осындай өзара әрекеттестіктің нәтижесінде өзін саналы ұғыну, «Мен» бейнесі қалыптасады.

2. «Мен» бейнесі – өзіндік сананың «субъект ретіндегі Менді» өзін-өзі тану нәтижесінде пайда болатын жүйе. «Мен» бейнесі адамның өзі жөніндегі түсініктерінен тұрады. Мұндағы қандай да бір қасиет өзін басқа адамдармен немесе идеалды бейнемен салыстыру жолымен бағалауға ұшырайды. Нәтижесінде жүріс-тұрыстың күшті реттеушісі болып табылатын өзін-өзі бағалау қалыптасады. Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы мен өзін-өзі құрметтеуі -  «Меннің» жалпы мәні, интегралды өлшемі. Өзін-өзі сыйлау тұлғаның бағалылық-мағыналылық бағыттылықтарымен тығыз байланысты. Адам тұлғасының және индивидуалдылығының сәтті қалыптасуы адамның өзін-өзі қабылдағанда, өз қажеттіліктерін, мінезінің қасиеттерін, басқа адамдар арасында өз орнын оң бағалағанда ғана мүмкін болады.

3.Есірткіге тәуелділік кезінде тұлғаның үш негізгі биологиялық, психологиялық және әлеуметтік аспектілерінде өзгерістер туындайды. Біздің зерттеу жұмыстарымыз соңғы екі аспектіге бағытталды. Нәтижесінде, жүргізілген бірінші әдістеме есірткіге тәуелді адамдарда кіретін әлеуметтік топтар, айналысатын іс-әрекет және қатынас түрлерінің аздығын көрсетті. Кәсіби сәйкестіліктің төмен деңгейі тағайындалды. Бұл біздің «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзінің «Мен» бейнесі пассивті рөлге ие» деген болжамымызды растады. Психоактивті заттарға тәуелді адамдарда өзін-өзі бағалау деңгейінің орташадан төмен екендігі және өздері туралы түсініктеріне сыншылдықтың жеткілікті жоғары деңгейі туралы мәліметтер алынды. Сәйкесінше біздің «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушылармен салыстырғанда «Мен» бейнесінде өзін-өзі төмен бағалау ерекшеліктері басым» деген болжамымыз расталды.

4. Есірткіге тәуелді адамдарда әлеумет қарсы болған жағдайда, психологиялық қорғаныс механизмдерінің іске қосылатыны анықталды. Бұл біздің «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда психологиялық қорғанысқа жүгінуге ұмтылысы жоғары»деген болжамымызды растады. Есірткіге тәуелді адамдардың қалыпты адамдармен салыстырғанда «Мен» бейнесінің пассивті рөлі байқалды. Олардың есірткілік тәуелділіктен арылуға деген ниеті байқалды, бірақ есірткіні қайта тұтына бастауға байланысты сезінетін қорқыныштың анықталуы оларда есірткіге деген құмарлық, психикалық тәуелділік сақталғандығын көрсетті. Есірткіге тәуелді адамдарда мінез-құлықтың әлсіздік, жұмсақтық, жалқаулық сияқты негативті бітістері анықталды. Жоқ деп айтуға қабілетсіздік белгілі бір деңгейде өзіне сенімсіздікті, өзіне құрмет сезімінің төмендігін аңдатады. Бір жағынан, жоқ деп айтуға қабілетсіздік пен жағымды эмоцияларды іздеу есірткілік тәуелділікке әкелген себептер деп тұжырымдауға болады. Сонымен бірге, жауапкершілікке, жалғыздыққа қатысты қорқыныштар тағайындалды. Зор кінә сезімін есірткіні алғаш татып көргендері, әлеуметке қарсы қылықтар жасағаны және анасының алдында сезінетіндігі байқалды. Бұл біздің «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда кінә сезімі жоғары» деген болжамымызды растады. Сонымен бірге, кінәні анасының алдында сезіну өзін-өзі кем сезінуді байқатты. Есірткіге тәуелді адамдарда анасымен симбиоз немесе бірге тәуелділік (созависимость) байқалды. Әке-бала -қатынасында анықталған мәселелер тобы есірткіге тәуелділікке әкелген себептердің бірі деп айтуға мүмкіндік берді. Әкесін өз қажеттіліктерін өтеу объектісі мен құралы ретінде көру белгілі бір эгоизмді байқатты. Жанұяның психологиялық ахуалының ауырлығы жайлы, отбасы мүшелерінің есірткіге тәуелді адамға ауру ретінде қарайтыны туралы мәліметтер есірткіге тәуелді адамдарың өзін-өзі  кем сезінуін көрсетті. Солайша, «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзін-өзі кем сезіну жоғары» деген біздің болжамымызды растады. Өз өткеніне қатысты есірткіге тәуелді сыналушыларда есірткіні алғаш татып көргені үшін үлкен өкініш сезімі тағайындалды. Бұл психоактивті заттарға тәуелді адамдар есірткілік тәуелділіктің өз тұлғасына, денсаулығына, қоршаған ортадағылармен қарым-қатынасына енгізген негативті өзгерістерді саналы ұғынатындығын байқатты.

Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері