Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша

Работа содержит 1 файл

diplomka.doc

— 529.50 Кб (Скачать)

Б4- діни                                                                       14(27%)               8(13%)

Б5- есірткілік тәуелділікке қатысты                          12(23%)                  0

В – Рөлдік                                                                        114                    66

В1-жанұялық рөлдер                                                    85(74%)            41(62%)

В2- тұлға аралық рөлдер                                              29(26%)            25(38%)

Г- Рефлексиялық Мен»                                                   235                  90

Г1- позитивті                                                                112(48%)       56(62%)

Г2- негативті                                                                 123(52%)       34 (38%)

Д – Физикалық Мен                                                       7                      19

Д1- сырт келбеті, дене тұрпаты                                   4(57%)             17(89%)

Д2- денсаулығы                                                             3(43%)          2(11%)

 

Сыналушылардың екі  тобы бойынша контент аналитикалық талдаудың  жеке көрсеткіштері кесте 1, 2 көрсетілген (эксперименталдық пен бақыланушы топ мүшелерінің жекеленген көрсеткіштерін Қосымша 1 көре аласыз).

Контент-анализ категориялары мен категория жіктерінің қайталануы  бойынша жиілігі мен көлемі:

 

Кесте 1. А тобының көрсеткіштері

 

Категориялар мен категория  жіктері

Қайталану жиілігі мен  көлемі.

 

Категория А

Категория Б

Категория В

Категория Г

Категория Д

А1- 67

А2- 20

А3 - 13 

Б1-23

Б2-0

Б3-27

Б4-27

Б5-23

В1-74

В2-26

Г1-48

Г2-52

Д1-57

Д2-43


 

 

Кесте 2. Б тобының көрсеткіштері

 

Категориялар мен категория  жіктері

Қайталану жиілігі мен  көлемі.

 

Категория А

Категория Б

Категория В

Категория Г

Категория Д

А1- 30

А2- 25

А3 -45                                          

Б1-19

Б2-10

Б3-58

Б4-13

Б5-0

В1-62

В2-38

Г1-62

Г2-38

Д1-89

Д2-11


 

 

Жалпы категориялар саны:

А - тобы бойынша:       Б- тобы бойынша:

А- 15   (4%)                     20 (8%)

Б- 52   (12%)                   62 (24%)

В- 114 (27%)                   66 (26%)

Г- 235 (55%)                   90 (35%)

Д- 7    (2%)                    19 (7%)

 

А және Б тобы бойынша  жалпы категориялардың пайыздық көрсеткіштері  сурет 1 көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сурет 1. Эксперименталдық және бақыланушы топтардың көрсеткіштері

 

 

А және Б тобы сыналушыларының «Меннің» 20 сипаттамасын өңдегенде келесідей көрсеткіштерді анықтадық:

«Тұлғалық сәйкестілік» категориясы бойынша Б тобы А  тобына қарағанда басымдық танытты, әсіресе, «Меннің» 20 сипаттамасында есімдерін жиі көрсету Б тобы сыналушыларының А тобына қарағанда, өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейіне ие екендігін көрсетті (45%).

«Әлеуметтік сәйкестілік» категориясы бойынша Б тобы А тобына қарағанда екі есе жоғары көрсеткіштерге ие болды (24%). Мұны Б тобы сыналушылары кіретін әлеуметтік топтар, іс-әрекет түрлері мен қатынастардың көптігімен түсіндіруге болады.  Ал А тобына қатысты, мұны керісінше, айтуға болады.

Б тобы сыналушыларының  ұлтқа тиістілік бойынша байқалған жауаптары 10%-ды құрады. Бақыланушы топ жауаптарында өздерін белгілі бір ұлт өкілі ретінде көруді көбіне «отансүйгішпін» деген сөбен қосып жазатындығы байқалды. Мұны таңдаманың басым  бөлігін құраған Қаржы полициясы академиясы қызметкерлерінің кәсіби сапасымен түсіндіруге болады. Бұл категорияның А тобында мүлдем жоқтығын олардың пассивтілігімен, тек өз әлеміне шоғырланудың жоғарлығымен байланыстырамыз

Тұлғаның әлеуметтік рөлінің бірі болып табылатын  «кәсіби Менді» талдау кезінде, оның Б тобы сыналушыларында анағұрлым  жоғары екендігі тағайындалды (58%).  Ал А тобының осы көрсеткіші – 27%.  Жалпы, есірткіге тәуелді адамдарға  жұмыс  қиын ауыртпалық болып табылады, өйткені ол есірткіні табу мен оны тұтынуға қажетті уақытпен қамтамасыз етпейді. Адамнан үлкен жауапкершілікті, еңбекқорлықты қажет етеді. Сондықтан да осы категория төмен көрсеткіштерге ие болды деп тұжырымдауға болады.

А тобы сыналушыларының  өзін белгілі бір діни бағыт өкілі ретінде көру Б4 категориясы бойынша 13%-ды көрсеткен Б тобына қарағанда А тобында басым (27%,). 20 адамнан 8-інде, яғни 40% мұндай жауаптардың көрінісін қазір оңалту бағдарламасынан өтіп жатқан, сәйкесінше есірткілік тәуелділіктен арылуға ынталанған сыналушылардың қажеттілігімен түсіндіруге болады. Адам есірткіні тастағанымен, онда психикалық тәуелділік қалатыны белгілі. Сол кезде есірткіге тәуелді адамдарға оның есірткіні тастауға қатысты ұстанымын қолдайтын, оған осы үшін күш, ерік беретін, тірек болатын сенім қажет. Салауатты өмір салтын уағыздайтын, бәрін кешіріммен қабылдайтын дін оларға үлкен арқау болады. 

А тобы сыналушыларында  Б тобы сыналушыларында мүлдем жоқ  өзін «нашақор» ретінде сипаттау тағайындалды. «Бұрынғы есірткіге тәуелді адаммын», «мен нашақормын» деген жауаптардың жиілігі (20 жауаптан 12 жауапта, яғни 60%) және оның көбіне бланктің алдыңғы позицияларынан (42%)   орын алуын бұл сыналушылар үшін «Бұрынғы есірткіге тәуелді адаммын»,  «Мен есірткіге тәуелді адаммын» деген сипаттама субъективті маңызды екендігін және есірткіге тәуелді адамдар санасында нашақор бейнесін сипаттайтын бітістердің бар екендігін көрсетеді. Бір жағынан, мұны оңалту орталығы қабырғасында, тәуелділігі бар адамдар үшін оларды байланыстыратын жалғыз тізбек есірткілік мәселе, есірткіге түсу тақырыбы болып табылатындығымен түсіндіруге болады. Соның ішінде сыналушылардың көп бөлігі өзін қазір «нашақормын» деп жазған (66,6%), ал 33.3%-ы «бұрынғы есірткіге тәуелді адаммын»деп көрсеткен. Соңғысын екі жақты қарастыруға болады: бір жағынан тұлғаның бұрынғы негативті тәжірибеден психологиялық қорғаныс механизмінің әрекеті ретінде, ал екінші жағынан бұл тәуелділіктен арылуға деген үміт ретінде.

В категориясын талдау барысында, екі топтың екеуінде де жанұялық рөлдердің басымдығы аңғарылды. Алайда Б тобымен салыстырғанда, А тобында оның 12%-ға басымдығы байқалды.  Ал Б тобы болса, тұға аралық рөлдер категориясы бойынша басымдық көрсетті (38%). Мұны есірткіге тәуелді адамның, жоғарыда көрсетілгендей, кіретін әлеуметтік топтар мен айналысатын іс-әрекет түрлерінің тарлығы себебінен, қарым-қатынасының көбіне жанұя мүшелері немесе өзі сияқты есірткіге тәуелді адамдар шеңберімен  шектелетіндігімен түсіндіруге болады.

Г категориясы жігінде Б тобымен салыстырғанда (35%), А тобында  «рефлексиялық Мен» қомақты үлесті алды (55%). Мұны психотерапиядан өтіп жатқан осы сыналушылардың өзін-өзі тану мен өзін-өзі анализдеудің нәтижесімен түсіндіруге болады. Г1 категориясы бойынша Б тобы 62% басымдық көрсетсе, А тобы Г2   категориясы жігінде 52% қомақты үлесті алды. Б тобының позитивті өзін-өзі сипаттаулардың жоғарлығын сыналушыларының жоғары өзін-өзі бағалаумен түсіндіреміз. Мінез бітістерінің ішінде, әсіресе, «досшыл, қарым-қатынасшыл» (31%), «мейірімді» (19%), «еңбекқор» (8%),  «дербес» (5%),  «юморлы» (2%) деген мінез-бітістері жиі кездесті. Ал А тобының  негативті  бітістерінің жоғарғы көрсеткіштері осы сыналушылардың өзін-өзі бағалау деңгейінің орташадан төмен екендігін және өздері туралы түсініктеріне сыншылдықтың жеткілікті жоғары деңгейі туралы куәландырады. Көрсетілген негативті мінез-құлық бітістерінде ең жиі кездескендері: «әлсіз» (32%), «қозғыш» (21%), «албырт, эмоционалдық, ашуланғыш» (17%), «бөтен біреудің әсеріне, көзқарасына түскіш» (15%), «өзіне қанағаттанбаушылық сезімі» (5%), «қырсық» (2%).

Сыналушылардың сырт-келбеті, денсаулық жағдайына кіретін «Физикалық Мені» Д категориясын құрады. Б тобы сыналушыларының нәтижелері А тобына қарағанда осы категория бойынша басымдық танытты (20-дан 14-інде, яғни 70%). Ал А тобында 20 адамнан тек 4-еуі ғана көрсеткен, яғни 20%. А тобы сыналушыларының Б тобымен салыстырғандағы «Физикалық Мен» бойынша өте төмен көрсеткіштерін өзінің «Тәндік Менін» қабылдамаумен, оған қанағаттанбаумен түсіндіреміз. Жоғарыда айтылып кеткендей, өзінің тәнін субъективті бағалау, қабылдау және оған қанағаттану деңгейі «Мен» бейнесіндегі «Тәндік  Меннің» сәтті немесе сәтсіз сәйкестілігін көрсетеді. Осы категория бойынша сыналушылардың өте аз жауаптары, олардағы «Тәндік Меннің» сәтсіз сәйкестілігін көрсетеді. Осыдан, адамның өз тәніне қанағаттанбауы мен қабылдамауы оның жалпы өзіне де сондай қатынаста екендігінің көрсеткіші болып табылады. Психологиялық денсаулық концепциясына сай, тұлғалық өзін сәйкестендірудің толықтай аяқталуы адамның жоғары деңгейде денсаулығын сақтауға ұмтылысымен сипатталады. Осы себептен де А тобы сыналушылары есірткілік тәуелділікке ұрынды деп тұжырымдауға болады. Д1 категориясы жігінде екі топтың екеуінде тек позитивті жауаптар байқалды. Бұл сыналушылардың қорғаныс механизмімен байланысты деп тұжырымдауға болады. Ал Д2 категориясы жігінде А тобы позитивті көрсеткіштерді ғана көрсетсе, Б тобында тек негативті көрсеткіштер тағайындалды. Мұны Б тобы сыналушыларының есірткіні пайдалану нәтижесінде өздерінің денсаулығына зор зиян тигізетінін саналы ұғынумен байланыстырамыз.

Алынған нәтижелерді  қорытындылай келе, есірткіге тәуелді адамның, кіретін әлеуметтік топтар мен айналысатын іс-әрекет және қатынас түрлерінің тарлығы байқалды, сондықтан олардың «Әлеуметтік Мені» бейнесі көбіне жанұя мүшелері немесе тұлға аралық рөлдермен шектеледі. Қалыпты адамдарда «кәсіби Меннің» жоғары болатындығы байқалды, ал А тобында, керісінше, кәсіби сәйкестіліктің төмен деңгейі тағайындалды. Бұл біздің «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзінің «Мен» бейнесі пассивті рөлге ие» деген болжамымызбен ұйқасады. Есірткілік тәуелділіктен арылуға ынталанған сыналушыларда дінге бет бұру аңғарылды. Психоактивті заттарға тәуелді адамдарда өзін-өзі бағалау деңгейінің орташадан төмен екендігі және өздері туралы түсініктеріне сыншылдықтың жеткілікті жоғары деңгейі туралы мәліметтер алынды. Сәйкесінше біздің «есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушылармен салыстырғанда «Мен» бейнесінде өзін-өзі төмен бағалау ерекшеліктері басым» деген болжамымыз расталды. Ал Б тобы сыналушыларында, керісінше, өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі, өзін-өзі жоғары бағалау басым болатындығы тағайындалды. Есірткіге тәуелді адамдарда өзінің тәніне қанағаттанбауы мен қабылдамауы, сәйкесінше өзіне де сондай қатынаста екендігін көрсетті.

 

2. Сыналушылардың «аяқталған сөйлемдер» әдістемесі бойынша бланкілерін сыналушылардың «Мен» бейнесін айқындайтын келесі блоктар бойынша талдадық:

1. Қорқыныш пен сақтанулар;

2. Кінә сезіміне деген қатынас;

3. Өзіне деген қатынас;

4. Өз өткеніне деген қатынас;

5. Болашаққа деген қатынас;

6. Жүзеге асырылмаған мүмкіндіктер мен өмірлік мақсаттарға деген қатынас.

Қосымша ақпарат алу  мақсатында келесі блоктарды қамтыдық:

1. Анасына деген қатынас;

2. Әкеге деген қатынас;

3. Отбасына деген қатынас;

Өзіне деген қатынасты талдауға «Егер бәрі маған қарсы болса, ...», «Мен ... жеткілікті деңгейде қабілеттімін деп ойлаймын», «Менің әлсіздігім...», «Менің жолым болмай жүрсе, онда...» сөйлемдері көмектесті.

«Егер бәрі маған қарсы болса, ...» сөйлемін талдағанда  А тобы сыналушыларында Б тобымен салыстырғанда,  осы жағдайда туындайтын негативті эмоционалдық күй, жағымсыз сезімдер спектрі басымдық танытты (« ...мен жынданамын», «...тұйықтанамын», «... өзімді өте жаман сезінемін» (50%), ал Б тобында «...мен бұл неден болды деп ойланамын» типтес жауаптар сыналушылардың 70%-да байқалып,  өзін-өзі анализдеу, өзін-өзі тану процестерін көрсетті. Сонымен бірге А тобы сыналушыларында «... мен броневиктемін», « ... олар қателеседі» деген жауаптар да тағайындалды (30%). Бұл осы сыналушыларда қалыптасқан қорғаныс механизмдерін байқатады. 

«Мен ... жеткілікті деңгейде қабілеттімін деп ойлаймын» сұрағына жауап сыналушылардың өзін-өзі бағалаулары  мен талаптану деңгейін бейнелеп, олардың осы шақтағы психологиялық күйі туралы айтуға мүмкіндік береді. Өздерінің қабілеттерін бағалағанда, А тобының сыналушылары өздерінің есірткілік тәуелділіктен арылуға байланысты қабілеттерін жиірек көрсетеді (Мен ... есірткіні тастауға ..., ...ПАЗ-ды тастауға ... жеткілікті деңгейде қабілеттімін деп ойлаймын) (жауап бергендердің 70%-ы). Ал Б тобы сыналушылары осы шақ және болашақтағы кәсіби міндеттерді шешу қабілеттерін жиірек көрсетеді (28%) («...ел басшысы болуға...», «...карьерада өсуге...», «...жақсы кәсіпкер болуға...»). Сонымен бірге Б тобының сыналушылары осы шақта белгілі бір талаптану деңгейін көрсетті, оның ішінде әсіресе дербес тұру, дербес өмір сүру сияқты талаптанулар айрықша орын алды (28%). Сонымен бірге жауаптарында болашақта белгілі бір мақсаттарға жетуге ниеттері мен бағыттылықтары байқалды («...тілейтінімді орындауға...», «жанұя құруға...»).

Сыналушылардың «Менің ең үлкен  әлсіздігім ...» сөйлемін аяқтағанда, екі топтың екеуі де өздерінің мінез-құлық бітістерінің, жеке дара ерекшеліктерінің негативті аспектілерін көрсетуде басымдық танытты. Соның ішінде А тобында «Менің ең үлкен әлсіздігім ... сенімсіздік», «... жалқаулық», «... жоқ деп айтуға қабілетсіздік» 60%-ды құраса, Б тобы сыналушыларында    «Менің әлсіздігім ...менің әсершілдігім», «...эмоцияларды ұстай алмайтыным», «...өте мейірімділігім», «...өкпешілдігім» сияқты жауаптар 64%-ды құрады. А тобы сыналушылары қанағаттанбайтын қасиеттердің ішінде жұмсақтықты, сенімсіздікті, әлсіздікті, нәтижесінде жоқ деп айтуға қабілетсіздікті (45%), жалқаулықты, яғни пассивтілікті (25%), жағымды эмоцияларды іздеуді көрсеткен. Жоқ деп айтуға қабілетсіздік пен жағымды эмоцияларды іздеу А тобы сыналушыларының бірінші рет есірткіні пайдалануға әкелген себептер болуы ықтимал.

Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері