Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа
Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.
Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша
Шкалалар – объективті және субъективті әлеуметтік рөлдер. Тұлғалық өзін-өзі сәйкестендіру мен өзін-өзі сипаттаулардың түрлері анықталады.
Өңдеу процедурасы –
бірнеше категория бойынша
1. Әлеуметтік топтар (жынысы, жасы, ұлты, діні, кәсібі);
2. Идеологиялық сенімдері (философиялық, діни, саяси мен моральдік тұжырымдыр);
3. Қызығушылықтары;
4. Ұмтылыстары мен мақсаттары;
5. Өзін-өзі бағалаулары.
2. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі. Зерттеуде Леви мен Сакс өңдеген нұсқасы пайлаланылды. Бұл тұлғаны зерттеудің проективті әдістемелер тобына және ассоциативті эксперименттің бағытталған түріне жатады. Бұл әдістемені тұлғаны зерттеу үшін ең алғаш қолданған А. Пейн, одан кейін А. Пиндлер болып табылады. Бұл әдістеме сыналушының өзіне, болашаққа, кінәға, қорқыныш пен сақтануларға, жанұяға, жыныстық өмірге және т.б. қатынасын анықтауға арналған. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі икемді болып табылады және әртүрлі зерттеу міндеттерін көздеу кезінде қолданылады.
Аяқталған сөйлемдерді 15 топқа бөліп талдайды:
1. Анасына деген қатынас;
2. Әкеге деген қатынас;
3. Отбасына деген қатынас;
4. Қарама-қарсы жынысқа деген қатынас;
5. Жыныстық өмірге деген қатынас;
6. Жоғары тұрған адамдарға деген қатынас;
7. Достарға деген қатынас;
8. Бағынушыларға деген қатынас;
9. Әріптестерге деген қатынас;
10. Қорқыныш пен сақтанулар;
11. Кінә сезіміне деген қатынас;
12. Өзіне деген қатынас;
13. Өз өткеніне деген қатынас;
14. Болашаққа деген қатынас;
15. Жүзеге асырылмаған мүмкіндіктер мен өмірлік мақсаттарға деген қатынас.
Сыналушылардың жауаптарына 15 блок бойынша сандық және сапалық талдау контент-анализ көмегімен жүргізіледі.
3. Қатынастардың түстік тесті (ЦТО). Субъект үшін маңызды түсініктерге саналы мен санасыз деңгейдегі қатынастың эмоционалдық компонентін зерттеуге бағытталған клиникалық-диагностикалық әдістеме болып табылады. Оның авторлары - А.М. Эткинд пен Е.Ф.Бажин. Қатынастардың түстік тестінің теориялық негізін В.Н. Мясищевтің қатынастар концепциясы, Б.Г. Ананьевтің кез келген деңгейдегі психикалық құрылымның бейнелік табиғаты жайындағы идеялары, сонымен бірге А.Н. Леонтьевтің тұлғаның мәндік түзілістерінің сезімдік деңгейі жайлы түсініктері құрайды. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің күрделі процестерін реттейтін осы теориялық концепцияларға сәйкес тұлғаның қатынасы сезімдік, көрнекі бейнелік психикалық табиғатқа ие. Қатынастардың сезімдік қабатының вербалдық компоненттерімен өзара қатынасы оларды индивидтің өзінің саналы ұғынуының деңгейі мен сапасын анықтайды. Қатынастардың сезімдік пен вербалдық компоненттерінің арасындағы алшақтық осы қатынастарды адекватты емес саналы ұғынуын білдіреді.
Қатынастардың түстік тесттерінің әдіснамалық негізі өзіне және өзі үшін маңызы жоғары басқаларға қатынастардың вербалдық емес компоненттерінің маңызды сипаттамаларын бейнелеу болжамына негізделетін түстік-ассоциативтік эксперимент болып табылады.
Әдістеменің авторлары оны проективті деп санайды, өйткені алынған нәтижелерге сәйкес әдістеменің психологиялық қорғаныс механизмін іске кірістірмей, қатынастардың саналы ұғынылмайтын компоненттерін алуға көмектесетіндігі анықталған.
Түстік сенсорика тұлғаның эмоционалды өмірімен өте тығыз байланысты. Көптеген эксперименттік-психологиялық зерттеулерде расталған бұл байланыс бірқатар психодиагностикалық әдістерде (Роршах, Люшер, Фрилинг тесттері) біршама уақыт пайдаланылу үстінде.
Қатынастардың түстік тестінде стимулды материал ретінде Люшердің Түстік тестінің 8 түстік кестесі пайдаланылады.
Түстік тестіні өткізудің стандартты шарасы 4 кезеңнен тұрады.
1. Сыналушының өмірінде маңызды рөл атқаратын адамдар, заттар мен түсініктерді анықтау. Әр нақты жағдайда олардың тізімін әр қилы жасауға болады. Көбінесе, оған – «мен өзім», жанұя мүшелері, жұмыс бабы бойынша қызметкерлер, «өткен шақ», «осы шақ» пен» болашақ», егер де ауру адам зерттелетін болса, онда «дерт» пен «дәрігер» және т.б. кіреді. «СД» (семантикалық дифференциал) жағдайында сияқты қандай да бір түсініктерді бағалау элементін тізімге енгізуде шектеулер болмайды, тек олар сыналушы үшін маңызды болуы тиіс;
2. Тестілеу кезеңі. Оның екі нұсқасы: диагностикалық және зерттеушілік бар. Бірінші жағдайда, сыналушыдан осы адамға, затқа немесе түсінікке ең бір сәйкес түстік (бір-екі) таңдауды сұрайды. Екінші жағдайда – сыналушы 8 түстік кестенің барлық түстерін тізімдегі адамдар, заттар мен түсініктерге сәйкестік деңгейі бойынша қойып шығуы тиіс;
3. Түстік ассоциациялау тесті аяқталғаннан кейін, сыналушы 8 түстік кестенің түстерін Люшердің Түстік тестінің стандартты инструкциясына сәйкес қойып шығады.
Әдістеме бойынша нәтижелерді интерпретациялау кезеңі екі шарадан тұрады.
1. Сыналушының белгілі бір адамдармен, заттар мен түсініктермен ассоциацияланатын түстерін Люшер бойынша артық көретін түстік қатарындағы олардың рангтік орнымен салыстыру жүгізіледі. Егер ассоциацияланған түс түстік таңдаудың рангтік қатарында бірінші үш орынды алып тұрса, онда объектіге эмоционалды жағымды қатынас туралы түйін шығарылады. Түстің орташа позициясы (4-5 орындар) – бейтарап немесе немқұрайлы қатынас. Соңғы үш орын – негативті қақтығыстық қатынас.
2. Сыналушының әр түстік ассоциацияларының эмоционалдық-тұлғалық мәнін интерпретациялау. Бұл тұлғаның эмоционалдық қатынастарының мазмұндық ерекшеліктерін талқылауға көмектеседі. Осы мақсатпен авторлар алдын-ала түстердің эмоционалдық мағынасын зерттеуді жүргізген болатын. Ол әр түрлі жыныс пен жастағы сыналушыларда осы мәндердің тұрақты және үйлестірілген «ядросын» (М.Люшердің түстік «құлылымымен») көрсетті. Бұдан басқа, авторлардың ойынша 4-кезеңнің мүмкіндіктері Люшердің Түстік тестінің интерпретациялық техникаларын қолдану арқылы кеңеюі мүмкін.
Әр түстің өзінің эмоционалды-тұлғалық мәні:
1. Көк: әділ, шыншыл, бірқалыпты, мейірімді, сабырлы.
2. Жасыл: еркін, қатыгез, сабырлы.
3. Қызыл: қайсар, ашық, досшыл, өзіне сенімді, қозғыш, ширыққан, қарым-қатынасшыл, күшті, тартымды, іс-әрекетшіл.
4. Сары: жауапкершіліксіз, ашық, қарым-қатынасшыл, ширыққан.
5. Күлгін: әділ емес, шынайы емес, эгоисттік, дербес.
6. Қоңыр: тәуелді, жол бергіш, сабырлы.
7.Қара: үндемейтін, тартымсыз, қырсық, тұйық, эгоисттік, тәуелсіз, қақтығысшыл.
8.Сұр: сенімсіз, әлсіз, пассивті, қайсарлы емес.
Қатынастардың түстік тесті жарыққа шыққаннан бері оның көмегімен зерттеулердің көп саны өтті, соның ішінде әсіресе клиникалық-психологиялық зерттеулер. А.М. Эткинд өзінің диссертациялық жұмысында (1984) ҚТТ-ін невроздармен, алкоголизммен, депрессиямен және т.б. ауыратын адамдарға апробациялады. А.М. Эткиндтің осы және басқа жұмыстарының нәтижелерін А.А. Бодалев пен В.В. Столиннің редакциясымен шыққан психодиагностика бойынша оқу кітабында толық сипатталған.
4.Тұлғалық дифференциал әдістемесі. Осы әдістемені таңдау мақсатымыз - «тұлға моделінің», яғни адамның «Мен» бейнесінінің ішкі факторлық өзіндік құрылымын анықтау. Бұл қазіргі заманғы орыс тілі кешенінде өңделген және адам құрылымы туралы пайымдаулардың ұйымдастырылуын көрсетеді. Оның өңделуінің мақсаты тұлғаның белгілі бір қасиеттерін, оның сана-сезімін, тұлғалық қатынастарын зерттеудің тұтас және валидті аспабын жасау болды, бұл зерттеулерді клиникалық-психологиялық және психодиагностикалық жұмыстарда, сонымен қатар әлеуметтік психологиялық тәжірибеде қолдануға келер еді.
Тұлғалық дифференциал шкалаларын таңдау процедурасы. Тұлғалық дифференциал, әр адамда әлеуметтік және тілдік тәжірибені меңгеру нәтижесінде дамитын, «тұлға моделін» ішкі факторлық өзіндік құрылымын анықтау үшін, тұлға қасиеттерін бейнелейтін, қазіргі кездегі орыс тілі сөздерін репрезентативті таңдау жолымен ұйымдастырылған.
Орыс тіліндегі Ожеговтың түсіндірме сөздігінен тұлға қасиетін бейнелейтін 120 сөз алынған. Бұл алғашқы таңдалған қасиеттердің ішінен семантикалық дифференциалдың үш классикалық факторын біршама жоғары дәрежеде бейнелейтін қырларын таңдап алған:
1. Бағалау
2. Күш
3. Белсенділік.
Алғашқы таңдалған жинақ 20 қасиеттен 6 тізімге бөлінген. Бұл тізімдердің әрқайсысының ішінен қасиеттерді классификациялауға үш параллельді әдіс қолданылды.
1. А тұлғасының қасиеттерін
иемденуші адам, В тұлғасының
қасиеттерін иемделуі
2. Өзін-өзі бағалаулар
арасында тұлға қасиеттері
3. Тұлғаның 120 қасиеті
семантикалық дифференциал
Тұлғалық дифференциалда 21 тұлғалық қасиет алынған. Тұлғалық дифференциал шкалалары сыналушыларға өзін іріктелген тұлғалық қасиеттер бойынша толтырылады.
Тұлғалық дифференциал факторларының интерпретациясы. Тұлғалық дифференциалды қолдануда өзін-өзі бағалауды зерттеу үшін Бағалау (Б1) факторының мәнінің нәтижелері өзін-өзі сыйлау деңгейін көрсетеді. Бұл фактордың жоғары көрсеткіштері зерттелуші өзін позитивті, әлеуметтік қажетті қасиеттерді иемденуші ретінде сезінуін, яғни белгілі бір мағынада өзіне-өзі қанағаттануын білдіреді.
Бұл фактордың (Б1) төменгі көрсеткіштері адамның өзіне деген сыншылдығын өз жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, жетістіктер деңгейіне қанағаттанбаушылықты, өз-өзін қабылдаудың төменгі деңгейін көрсетеді. Өзін-өзі бағалауда бұл фактордың ерекше төменгі қасиеттері өз тұлғалық құндылықтарын төмен бағалауға байланысты мәселелерді, тіпті невротикалық күйді көрсетуі де мүмкін.
Тұлғалық дифференциалда өзара байланысты бағалау үшін бұл фактор (Б1) адам басқа бір адамның қабылдауында тартымдылық, симпатия деңгейінің көрсеткіші ретінде түсіндіріледі. Мұнда бұл фактордың оң (+) мағыналыры бағалау объектісіне қатысты, қалауына байланысты болады, ал теріс (-) жақтары – оның қарсы келуіне, яғни терістелуіне байланысты.
Өзін-өзі бағалаудағы Күш факторы (К) тұлғаның ерік-жігерінің дамуын, жалпы зерттелуші оны қабылдауын айқындайды. Олардың жоғары көрсеткіштері өз-өзіне сену, тәуелсіздік, қиын жағдайда, тек өз күшіне сенуге бейімділікті көрсетеді. Ал, төменге көрсеткіштері өзін-өзі қадағалаудың төменділігін, жүріс-тұрыс тұрақсыздығын, сыртқы жағдайлар мен бағалауларға тәуелділікті байқатады. Өзара бағалауда күш факторы (К) бағалау субъектісінің қабылдауына байланысты басымдылық – тәуелсіздік қатынасын айқындайды.
Өзіндік бағалауда Белсенділік факторы жеке тұлғаның экстраверт екенін айқындайды. Оң мағыналары (+) жоғары белсенділікте еркін қарым-қатынасты, импульсивтілікті; ал теріс көрсеткіштері (-) интроверттілікті, белгілі пассивтілікті, қалыпты эмоцианалды әсерлерді көрсетеді. Өзара қарым-қатынастық бағалауда адамдардың бір-бірінің ерекшеліктерін қабылдауы көрініс табады.
Тұлғалық дифференциал
арқылы алынған мәліметтерді талдауда
адамның өзі жайлы субъективті,
эмоционалды-мәнді пайымдаулар
3.3. Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары
1.«Меннің» 20 сипаттамасы» бойынша жазылған сыналушылардың жауаптарын психологиялық мазмұнына қарай сыналушылардың «Мен» бейнесін анықтайтын төмендегідей категорияларға бөлдік:
Код/сапалық бірліктері (контент-анализдің).
А – Тұлғалық сәйкестілік
А1― адам
А2 – тұлға
А3 – есімі
Б- Әлеуметтік сәйкестілік
Б1-жыныстық
Б2-ұлттық
Б3- кәсіби
Б4- діни
Б5- есірткілік тәуелділікке қатысты
В – Рөлдік
В1-жанұялық рөлдер
В2- тұлға аралық рөлдер
Г- Рефлексиялық Мен»
Г1- позитивті
Г2- негативті
Д – Физикалық Мен
Д1- сырт келбеті, дене тұрпаты
Д2- денсаулығы
Жоғарыда көрсетілген категориялар бойынша контент- анализ жүргізілді.
Әрбір категория мен категория жіктері үшін жалпы зерттелініп отырған материал көлеміндегі үлестік салмағы математикалық талдау әдісінің негізінде анықталды. Талдаудың математикалық, сандық көрсеткіштері анықталды:
Код \сапалық бірліктері(контент анализдің).
А – Тұлғалық сәйкестілік
А1― адам
А2 – тұлға
А3 – есімі 2(13%) 9(45%)
Б- Әлеуметтік сәйкестілік
Б1-жыныстық
Б2-ұлттық
Б3- кәсіби
Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері