Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша

Работа содержит 1 файл

diplomka.doc

— 529.50 Кб (Скачать)

Толық және нақты әлем бейнесі ешқандай ақшаға сатып алуға болмайтын, басқа халықтар мен мемлекеттерді жеңіп, солайша қол жеткізуге болмайтын адамның басты байлығын құрайды. Әлемнің толық бейнесіне төмендегідей тұлғалық қасиеттер кіреді:

1. Достық – рухани жақындық, қызуғышылықтардың ортақтығымен байланысқан адамдар арасындағы жеке қатынастар. Достықта эмоционалды бастан кешірулер өте үлкен рөл ойнағандықтан, оның қалыптасуы мен дамуы контактілер жиілігі, бір топқа тиістілік, бірлескен іс-әрекетке байланысты болады. Егер эмоционалды бауырмалшылдықпен сипатталатын балалық достық бірлескен іс-әрекетке негізделген болса, онда жас ұлғая келе өзін саналы деңгейде түсінуге, өзінің бастан кешірулерін басқа адамның бастан кешірулерімен сәйкестендіруге қажеттілігінің дамуына байланысты басқа адамға тұлға ретінде қажеттілік  қалыптасады. Осы негізде досты күшейтілген түрде іздеу жүзеге асады және оның идеализациясы мүмкіндігі туады. Үлкен адам үшін достықтың себебі дифференцирленген сипатқа ие, өйткені достық сезімдер сүйіспеншіліктік, жанұялық немесе ата-аналық қатынастарға қарай әр түрлі болады [17].

2. Ұмтылыс – субъектінің заттық мазмұнында көрініс бермейтін, сондықтан іс-әрекеттің динамикалық жағы бірінші планға шығатын мотив [17].

3. Ықыластылық – сырттай стимулданбаған және оған тәуелсіз жағдайлармен анықталмайтын адам белсенділігінің көрінісі [34].

4. Лидер – авторитетін, билігін кіші топтың басқа мүшелері бірден мойындайтын, оның артынан еруге дайын болатын топтың мүшесі [34].

5. Ерік – адамның кедергілерді жеңу жолымен қойылған мақсатқа жету қабілеті. Еріктік процестерді жүзеге асырудың негізі ретінде қоғам шығарған құралдарды пайдалану арқылы адамға тән оның жүріс-тұрысының жанамалылығы. Соған қандай да бір эмоционалдық күйлер немесе мотивтерді саналы қадағалаудың зор жеке вариацияларына ие процесс құрылады. Осы қадағалау есебінен күшті мотивацияға қарсы әрекет ету немесе күшті бастан кешірулерді елемеу мүмкіндігі ашылады. Балада ерте балалық шақтан басталатын ерік сезімін дамыту жүріс-тұрыстың белгілі ережелерін игеру арқылы ырықсыз жүріс-тұрысты саналы қадағалау қалыптасады [34].

6. Ұмтылыс – белгілі бір жолмен әрекет етуге ниет пен дайындық.

Сонымен бірге келесі функционалды механизмдер де кіреді:

1. Қайсарлық – практикалық әрекеттерге өтуге дайындық, белгілі істі жасауға қалыптасқан пиғыл [34].

2. Өзіне сенімділік – талаптану деңгейі сәтсіздік қаупінен төмендемейтін адамның күрделі міндеттерді шешуге дайындығы [17].

3. Өжеттік – тұлғалық қасиет. Қойылған міндеттерге жетуде сыртқы және ішкі кедергілерді жеңе білу қабілетімен сипатталады [17].

4. Зейін – субъект алдында тұрған приоритеттілік аспектісінде сырттан түскен ақпаратты реттеу процесі. Саналы мақсаттың қоюлуымен байланысты  ырықты зейінді және кездейсоқ және жаңа тітіркендіргіштердің әсер етуі кезінде бағдарланған рефлекс туындайтын ырықсыз зейінді бөледі. Зейіннің тиімділігі зейін деңгейі (интенсивтілігі, концентрациясы), ауқымы (кеңдігі, зейіннің бөлінуі), зейін ауысу жылдамдығы мен тұрақтылығымен анықталына алады [17].

5. Зейінділік (сосредоточенность) – адам зейінінің концентарациялануы [34].

Әлемнің толық бейнесін құруда өмірлік іс-әрекеттің төмендегідей көрсеткіштері үлкен рөл ойнайды:

1. Белсенділік – бұл тіршілік иелерінің спонтанды қозғалыс жасауға және сыртқы немесе ішкі стимулдардың – тітіркендіргіштердің әсерінен өзгеруге қабілетін көрсететін түсінік [34].

2. Аутизм – психотропты немесе қандай да бір заттар әсерінен қалыпты ойлаудың бұзылысы. Адамның шынайлықтан қиял әлеміне кетуі [34].3. Қызығушылық – танымдық іс-әрекетті жүзеге асырумен байланысты және осы іс-әрекеттің қоздырушылығымен сипатталатын эмоционалды күй [17].

Жоғарыда айтылып кеткендей, әлем бейнесінің ең бір адекватты түсінігі адамның әлемге көзқарасының негізінде жататын әлемнің ауқымды бейнесі ретінде анықталады. 

Есірткіге тәуелді адамның «Мен» бейнесінің өзгерісі оның «әлем бейнесіне» бірден әсер етеді. Есірткіге тәуелділік барысында «Мен» бейнесінде пайда болған ерекшеліктер оның қоршаған әлеуметтік ортамен қатынастарына, айналысатын іс-әрекетіне және сыртқы әлемдегі қызығушылықтарына бірден негативті өзгерістерді тудырады.

Есірткіге тәуелді адам «мұраттағы Менін» өзінің өмір сүру жағдайынан толықтай алып тастамайды, алайда мұндай жағдайларда идеалдың үнемі өмір сүре алмайтындығын түсінеді – ол не өзін өлтіреді, не шарасыздық пен жиіркеніштен өледі. Есірткіге тәуелді адам өзін идеалға сәйкес ұстағанда, ол белгілі бір қанағаттанушылық алады, ал оның жүріс-тұрысы «мұраттағымен» сәйкес келмеген жадайда, ол өзінің алдында өзін ұзақ уақыт ақтайды және бұл әрекетті сана астына ығыстырады. Бұл деңгейде есірткі адамға билік етеді, сондықтан соңғысында идеал оған өмір сүруге кедергі келтірмес үшін оны түзеті ниеті туындайды.

Әлем бейнесінің өзгерісі үнемі  белгілі бір ішкі ширығумен және болып жатқанды нашар түсінумен  бірге жүреді. Осымен сананың кеңеюі практикалық білім алудан ерекшелінеді. Онда әлем бейнесі өзгермей, ал сол қалпы қала отырып, толықтырылады. Білім алу, дін және философия – осы дисциплиналарды тану адамның әлем бейнесінің қайта құрылысына әкеледі. Оған есірткілік заттарды қолдануды да жатқызуға болады және бұл әрекетті бөтен мәдениетті игеру немесе алыс сапарларға шығумен салыстыруға болады. Бұл «есірткілік сапарлар» тікелей физикалық тәнде жүріп жатқанда кезде олар, әрине, адамның әлем бейнесінің қатты өзгерулеріне әкеледі.

Психоактивті заттарды пайдалану  кезінде жүріс-тұрыс пен өмір сүру бейнесінің арнайы бітістері қалыптасады. Есірткілерді пайдалану адамның өзіне, басқаларға, мәдениетке, табиғатқа, Құдайға қатынасын күрт өзгертеді.

Әр түрлі есірткілік заттарды пайдаланатын адамдарға тән  ортақ бірқатар бітістер бар. Бұл  өзін-өзі қадағалаудың, дисциплиналылықтың әлсіздігі, барлық мүмкін әсерлерге төзімділіктің төмендігі, әрекеттің салдарларын болжауға және қиындықтарды жеңуге қабілетсіздік, фрустрациялаушы жағдайларға адекватты емес жауап беруге ұмтылыс, психиканы травмалайтын жағдайдан конструктивті шыға алмау  сияқты бітістер болып табылады [19].  Есірткіге тәуелді адамдар нарциссизмге және пассивті жүріс-тұрысқа үйір, сонымен бірге ләззат алуға қатты ұмтылады. Ондай тұлғалар ешқандай ширығуды, ауру сезімін, көңілі толмаушылық пен күтуді көтере алмайды. Есірткілік тәуелділіктің дамуының  соңғы кезеңінде бастапқы тұлға өзгеріп, ішкі қақтығыстар өткірлене бастайды, ал әлсіз психикалық бейімделу айқын бола бастайды. Есірткілерді үнемі қолданудың салдарлары пассивтілік пен жалқаулық, өзінің сырт келбетіне қам жемеушілік, өнімсіз қиял мен шешім қабылдаудың қабілетсіздігін, сонымен бірге ұзақ уақыт әрекет етуге толықтай қабілетсіздікті күшейтеді. Көп уақыт есірткі қабылдайтын нашақорға тән сипаттама – бұл этикалық деградация.

Есірткілерді қолдану  эмоционалдық және психологиялық мәселелерді  тудырады. Ес нашарланып, тұлға өзгеріп, деградацияланады. Адаммен бірге тұру қиындауы мүмкін, ол қозғыш болып кетеді, өзгермелі көңіл-күйден запа шегеді, себепсіз әрекеттер істеуі мүмкін немесе әлеуметтік контактілерден қашады. Депрессия мен невроздық күйлер туындауы ықтимал.

Патологиялық өтірікшілдік – бұл есірткіге тәуелді адамға тән бір сипаттама [40]. Ойлау стилінде вербалды аналитикалық пен көркемдік нышандар байқалады. Стресс кезінде блокировка мен қайсарлықтың болмауы тағайындалды. 

Қорыта келсек, есірткіге  тәуелді адамдарда әлем бейнесінің тұлғалық компоненті болып табылатын ұмтылыста есірткілік мотив бастыға айналады, ұмтылыс тек бір аспектіде ғана, яғни тек есірткіге қатысты әрекет болғанда ғана жоғарлайды, ерік-жігері төмендеп, жүріс-тұрысын саналы қадағалай алмайды,  достық сияқты қасиеті төмендеп, есірткіге тәуелді адам интроверттеліне бастайды, лидерлік тенденциялары түсіп, керісінше өзіне, қоршаған ортадағыларға қатысты пассивтілік, өзіне сенімсіздік, қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қатысты зейін мен қызығушылық төмендейді, ұзақ уақыт бойы зейінді бола алмайды. Бірақ адамның қайсарлығы жоғарлайды, әрине, есірткіге қатысты аспектіде ғана. Өнімсіз бейімделу нәтижесінде адамның әлем бейнесінде өзгерулер туындайды. Есірткіге тәуелді адам әлем бейнесінде өзін құрбан ретінде қабылдауы қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы

 

3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы

 

Мақсаты: есірткіге тәуелді адамдардың қалыпты адамдармен салыстырғандағы «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеудің  жалпы болжамы: біз есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінде өзіне деген негативті қатынас  қалыпты адамдарға қарағанда басым деп ойлаймыз. 

1. Есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушылармен салыстырғанда «Мен» бейнесінде өзіне сенімсіздік, өзін-өзі төмен бағалау ерекшеліктері басым деп ойлаймыз.

2. Есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзін-өзі кем сезіну, кінә сезімі, психологиялық қорғанысқа жүгінуге ұмтылысы жоғары деп ойлаймыз.

3. Есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзінің «Мен» бейнесі пассивті рөлге ие деп ойлаймыз.

Зерттеу міндеттері

1. Зерттеу жүргізілетін  таңдаманың екі тобын құрастыру.

2. Зерттеу мақсаттарына  сай барабар келетін зерттеу  әдістемелерін іріктеп алу.

3. Зерттеуді таңдаманың  екі тобында өткізу.

4. Есірткіге тәуелді  адамдардың «Мен» бейнесінің  психологиялық  ерекшеліктерін  зерттеу.

5. Алынған нәтижелер  бойынша  салыстырмалы талдаулар  жүргізіледі.

Зерттеу объектісі: есірткіге тәуелді адамдардың өзіндік санасы ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің  психологиялық ерекшеліктері.

Қойылған зерттеу  міндеттерін шешу мақсатында біз  төмендегідей әдістемелерді таңдап алдық:

1. «Меннің» 20 сипаттамасы»  тесті. Нақтырақ айтқанда есірткіге тәуелді адамдардың және қалыпты адамдардың «Мен кіммін?» деген сұраққа жауаптары. Осының негізінде сыналушылардың «Мен» бейнесін анықтау. «Меннің» 20 сипаттамасына талдау жасауда контент аналитикалық зерттеу әдісі қолданылды.

2. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі. Сыналушылардың өзіне, болашаққа, қорқыныш пен сақтануларға, кінә сезіміне қатысты қатынастарын анықтау.

3. Қатынастардың түстік тесті (ЦТО). Есірткіге тәуелді адамдардың «Мұраттағы Мені», «шынайы Мен», «есірткі», «кінә», «өзіне сенімділік» пен «емделу» түсініктеріне саналы мен санасыз деңгейдегі қатынастың эмоционалдық компонентін зерттеуге бағытталған клиникалық-диагностикалық әдістеме болып табылады.

4. Тұлғалық дифференциал әдістемесі. Бұл әдістемені таңдап алу себебіміз зерттеу адамның өзі жайлы субъективті, эмоционалды-мәнді пайымдаулардың негізінде  «Мен» бейнесінің ішкі факторлық құрылымын анықтауға негізделген.

Зерттеудің эксперименталдық бөлімі Ақмола облысы, Раздольное ауылында орналасқан «Есірткіге тәуелді адамдардың әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығында», Қаржы полициясы академиясында және «BI-Group» ЖШС-інде өткізілді.

Таңдаманы сыналушылардың екі тобы құрады.

Эксперименталдық топ  – А тобы «Есірткіге тәуелді адамдардың әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының» есірткіге тәуелді 20 адамнан, бақыланушы Б тобы – Қаржы полициясы академиясының 13 және «BI-Group» ЖШС-інің 7 қызметкерінен құралды. А тобы сыналушыларының жастық ерекшелігі – 25.4. Жынысы: әйел - 45%, еркек - 55%. Білімдері – жартысында жоғары, жартысында арнаулы орташа. Б тобы сыналушыларының жастық ерекшелігі – 29.5. Жынысы: әйел - 25%, еркек - 75%. Жоғары білімді, кәсіптері «заңгер» және «программист» болып табылады. Жалпы алғанда, сыналушылардың жас аралығы 23-45 жас, орташа жас көрсеткіштері – 34 жас. Жыныстық құрамы бойынша сыналушылардың – 13-і әйелдер, еркектер – 27.

 

3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы

 

1. «Меннің» 20 сипаттамасы» тесті. Бұл тестті интеракционисттік бағыттың өкілдері М. Кун мен Т. Макпартленд жасап шығарған. Бұл әдістемені Мен-концепциясындағы тұлғаның мазмұндық өзін-өзі сипаттауларын зерттеуге қолданады.

Жауаптарды мүмкіндігінше  тез жазу қажеттілігі баса көрсетіледі. «Мен кіммін?» деген сұрақ адамның  өзін-өзі қабылдау сипаттамаларымен, яғни оның «Мен» бейнесімен логикалық  байланысқан. «Мен кіммін?» деген сұраққа адам жауап бере отырып, ол өзін сәйкестендіретін, жатқызатын рөлдер мен сипаттамалар-анықтамаларды, яғни әлеуметтік статус және, оның ойынша, оған тән мінез бітістерін көрсетеді. Тесттің адамның өзіне байланысты жиырма тұжырым беру талабы зерттеушілердің Мен-концепциясының күрделі және көп аспектілі табиғатын мойындаудан шығады. Рефлексивтілігі жоғары адам өзі туралы түсініктері аз дамыған адаммен салыстырғанда, көбірек жауаптар береді деп жорамалданады.   Сыналушының тізімнің басында жазған өзінің сипаттамалары оның санасында көбірек деңгейде өзектелген, көбірек  саналы ұғынылады және субъект үшін маңызды болып табылады деп санау қабылданған.

Стандартты емес өзі  туралы білім беру болып табылады. Теориялық негізі -  әлеуметтік жүйедегі жеке дара позицияны интериоризациялау жайлы ретіндегі тұлғалық «Мен» туралы теориялық түсінік. Тұлғалық «Менді» сәйкестендірудегі айырмашылықтар адамның өзінің өмірін мүмкін референттік топтардың бірқатарымен  байланыстырудағы айырмашылықтарға эквивалентті.

Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері