Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша

Работа содержит 1 файл

diplomka.doc

— 529.50 Кб (Скачать)

Есірткіге келудің басқа  жолы да мүмкін: барлығы бар, барлығы  жақсы, барлық ләззатқа қол жеткізу  мүмкіндігі қолында. Бірақ одан да күштірек бір нәрсені ниет етеді. Есірткі – оны табуға көмектесетін зат. Алайда шындығында ләззатқа кез келген жолмен, кез келген амалмен жетумен сипаталатын, өзін-өзі сақтау инстинктінен де асып түсетін мұндай ұмтылыс, басқарылмайтын, тоқтатылынбайтын мұндай құмарлықтың өзі психологиялық мәселе болып табылады.  Кез келген жағдайда есірткіге жүгіну кездейсоқ емес, ол есірткі тұтынушыдағы жеке меселені де, қоғамның әлеуметтік мәселесін де көрсетеді [9].

Есірткілік затты пайдалануды  жаңа бастап келе жатқан адамға есірткіні  тұтыну барысын ол өзі басқарып отыратындай  көрінеді. Бірақ бұл тек иллюзия, әрі қарай жағдай сценарийдағыдай стереотипті дамиды. Ерекшелік тек клиникалық айқын есірткіге тәуелділіктің даму уақытында ғана. Айта кететін жайт, нақты осы кезеңде есірткіге тәуелді адам есірткі шырмауына әлі түспеген адам үшін қауіпті, өйткені сырттай процесс қадағаланатындай болып көрінеді.

Сонымен қатар есірткіге  тәуелді адамдарда осы шақ, болашақ, жалпы өмірлік перспективаға қатынасы өзгеріске ұшырап, оларға қатысты үлкен үрей пайда болады. Олар өмірде өздерінің ниеттерін жүзеге асыра алмайды. Олардың коллективизм мен пассивтілікке ұмтылыстары мазохизм мен өзін-өзі бұзатын жүріс-тұрысқа айналады.

Осыдан, құмарлықтардың, тұлғаның базистік қасиеттерінің  деформациясы есірткіге тәуелді адамдардың оларды әлеуметтік-мәдениеттік өмірде жүзеге асыру формасына байланысты екендігі шығады. Бұл есірткіні қолдану арқылы тек күрделенуі мүмкін деп санауға болады, өйткені бұл тенденциялар балалық шақтың өзінде байқалады, ал есірткіні пайдалану стажы бар болғаны бірнеше жылды құрайды. Осы шақтан және болашақтан есірткінің көмегі арқылы «кету» үрейдің төмендеуіне әкеледі және  қорғаныстық сипатта болады.

Мотивацияның тым тұрақсыздығы байқалады. Есірткіге уланған мидың тудыра алатын бар тұрақты мотивациясы – бұл есірткілік мотивация. Нашақор есірткіден қаншалықты арылғысы келгенімен – оның бағыттылығы қайшылықпен сипатталады: адам есірткінің барлық ауыр салдарынан босағысы келеді, сонымен бірге сол мезетте есірткіні қайта пайдаланғысы келеді. Кез келген есірткіге тәуелді адамның арманы – еш жаман салдарсыз есірткіні пайдалануға болатын болса.

Есірткіге тәуелді адамдар  – бұзылған «Мен перспективасының»  адамдары. Нашақор «мұнда және қазір» мен оның жасап жатқан әрекеттерінің салдарлары арасындағы  байланысты саналы деңгейде ұқпайды. Ол өз өмірінің алыс перспективаларын көрмейді [40].

Тұлғааралық жүріс-тұрыстың стилі  ―  пассивті-тәуелділіктік. Күшті тұлғалармен конфронтациядан қиял мен иллюзия әлеміне, идеалды қатынастар әлеміне кетуге ұмтылыс айқын байқалады. Топқа «сіңісуге», сонымен қатар өз «Менінен» бас тартуға және оның деструкциясына ұмтылыс тағайындалған.

Сонымен, есірткіге тәуелді адамның портреті төмендегідей:

Мінез-құлқында: пассивтілік, жұмсақтық, жол берушілік, жоғары деңгейдегі кінә сезімі, адалдық, орта әсерлеріне жоғары сезімталдық, өжетсіздік, қорқақтық, ұялшақтық, шешім мен жауапкершілікті қоршаған ортадағылардың мойнына артуға ұмтылыс, үрей, терең бауырмалшылдыққа үйірсектілік, интроверттілік, пессимистілік, қарым-қатынасқа түсушіліктің қиындығы, қиялдауға ұмтылыс, өтірікшілдік, демонстративтілік және бар мәселелерді тым драматизациялауға үйірсектілік болады.

Есірткіге тәуелді адамның  психологиялық портретіне өте қарама-қайшылық пен балансталмағандылық тән. Есірткіге тәуелді адамдар үшін тән мінез-құлықты жинақтау барысында экзистенциалды шығармашылық азартынан айрылған адамның бейнесі шықты.  Есірткіге тәуелді адамның жалпы психологиялық күйін экзистенциалды дағдарыс ретінде анықтауға болады.

Нашақорлықтың дамуында келесілерді бөлуге болады:

Есірткілік әсердегі заттардың физиологиялық функциялардың  өзін-өзі реттеу процестеріне араласуы организмнің нейровегетативті (нейрогуморальды) реактивтілігінің (өзгертілген функционалды күй) тұрақты өзгерістерінің пайда болуы мен дамуына және кейін солардың наркопатологиялық құбылыстарының қалыптасуына әкеледі;

Наркопатологиялық құбылыстар (жекеше алғанда, психикалық және физикалық  тәуелділік синдромдарының клиникалық картинасы)  нейровегетативті (нейрогуморальды) реактивтіліктің қасиеттерінің өзгерістеріне байланысты туындайтын эмоционалды бұзылыстардың эпифеномендары ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл құбылыстарда психопатологиялық мазмұн болмауы мүмкін, ал тек патология мен нормалардың механизмдеріне ортақ әрекеттерді көрсетуі мүмкін.

Организмнің нейровегетативті (нейрогуморальды) реактивтілігінің заңдылық пен кезең бойынша дамитын  өзгерістері нашақорлық дертінің патогенетикалық еркіндігін және клиникалық формалардың көп түрлілігіне қарамастан оның барысының негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Бұл өзгерістер, олардың ашылуы дертті диагностикалау мен болжау мақсаттарында қолдануға болатын психовегетативті (психогуморальдық) арақатынастардың арнайы паттерндері түрінде көрінуі керек.

Есірткіге тәуелділік кезінде  тұлғаның үш негізгі аспектілерінде өзгерістер туындайды. Олар: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістер. Тұлғалық өзгерістердің ішінде есірткіге тәуелді адамдарда, әсіресе, психологиялық қорғанысқа жүгінуге ұмтылыс аса байқалады. Осы себептен есірткіге қатысты сын қабылданбайды. Мотивациясының тым тұрақсыздығы көрінеді. Есірткіге уланған мидың тудыра алатын жалғыз мотивациясы – есірткілік мотивация. Тұлға аралық жүріс-тұрыс стилі пассивті-тәуелділікке айналады. Барлық есірткіге тәуелді адамдарда өзін-өзі қадағалау мен реттеудің әлсіреуі мен құмарлықтардың ауыр деформациясы байқалады. Осылайша, жоғары деңгейдегі үрей, ауыр түрдегі инерттілік пайда болады. Сананың қадағалауынан босаған агрессивтілік күшті долылыққа өседі, интроверсия аутизмге, пассивтілік мазохизмге, пессимистілік депрессияға, сензитивтілік күмәнданғыштық пен ипохондрияға, эмотивтілік импульсивті жүріс-тұрысқа өзгереді. Бұл есірткіге тәуелді тұлғалардың дезадаптация күйінде болатындығын куәландырады.

 

2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері

 

Нашақорлық дерті денсаулыққа  қауіпті салдарларды туғызып  қана қоймай, тұлғаның деградациясына әкеледі, соның ішінде бірінші кезекте  психоактивті заттарға тәуелді адамдарда  «Мен» бейнесі өзгере бастайды. «Мен» бейнесі дегеніміз адамның өзі туралы динамикалық, саналы деңгейдегі түсінігі.

Адам өміріндегі болатын  маңызды оқиғалар әлеуметтік жағдайдың, тұлға дамуының өзгерісіне, адам енді ойнауға мәжбүр болатын рөлдердің  ауысуына, онымен өзара әрекеттестікте болатын адамдар тобының, шешетін мәселелер спектрі мен өмір сүру бейнесінің өзгерістеріне әкеледі. Осындай кез-келген модальдіктегі (жағымды да, жағымсыз да) кезеңдік оқиғалардың болуы тұлғалық өзгеріске, «Мен» жүйесінің қайта кұрылысына әкеледі және тұлғаны қатты күйзеліске ұшыратады. Бұл «өзін жоғалту» процесінен кейінгі «Мен» бейнесінің өзгеру, қайта құру ерекшеліктерімен және тұлғалық өзгерістермен бірге өтетін қайта «өзін табумен» байланысты. Есірткіге тәуелді адамның өмірінде осындай оқиға есірткі қабылдай бастау болып табылады.

П.Д. Шабанов пен О.Ю. Штакельберг опийлік психоактивті заттарға тәуелді адамдардың «Мен» бейнесін арнайы зерттеген [49]. Таңдамалықтың негізгі тобын Санкт-Петербургтегі қалалық наркологиялық диспансерда және «Возвращение» мемлекеттік емес қайырымдылық қорында жатқан опийлік есірткіге тәуелді 28 адам құраған. Ал бақыланушы топқа нашақорлық немесе ішімдікке әуестігі жоқ 21 адам кірген. Зерттеудің көп бөлігі психоактивті заттарға тәуелді адамдардың дені сау сыналушылармен салыстырғандағы «Мен» бейнесі трансформациясының клиникалық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Алынған нәтижелер психоактивті заттарға тәуелді адамдарда өзінің тұлғасының мәнсіздігі, өзіне сенімсіздік, өзін-өзі қадағалаудың жетіспеушілігі, сыртқы жағдайларға тәуелділікке байланысты мәселелер тобы бар екендігін тағайындаған.

Сонымен қатар, психоактивті заттарға тәуелді адамдарда өзіне  сенімсіздік, өзін-өзі кем сезіну комплексі, психологиялық қорғанысқа жүгінуге ұмтылыс, кінә сезімі, өзін-өзі төмен бағалау, яғни «Мен» бейнесінің жағымсыз деп қабылданатын аспектілері байқалған.

Өзін-өзі төмен бағалау  мотивацияны әлсіретеді, нәтижесінде  психоактивті заттарға тәуелді адам іс-әрекетінде сәтсіздікке ұшырап, ал бұл өз кезегінде оның өзін-өзі бағалауын одан әрі төмендетеді. Мұны Н.А.Бохан, А.Л. Катков, Ю.А. Россинскийдің нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелерінің Республикалық ғылыми-практикалық Орталығындағы 189 психоактивті заттарға тәуелді сыналушыларға өткізген зерттеулерінде,  психоактивті заттарға тәуелді адамдарда сау адамдармен салыстырғанда позитивті өмірлік мақсаттар мен мотивтер екі есе сирек кездескендігін көрсете отырып, растады [6].

Өзін-өзі бағалау мен  өзін-өзі сипаттауда психоактивті заттарға тәуелді адамдарда өзіне деген пассивті қатынас байқалады. Өзіне деген пассивті қатынас психоактивті заттарға тәуелді адамдардың оңалту іс-шараларының сәтті жүруіне теріс фактор болатындығын бар мағлұматтар көрсетіп отыр.

Осы сипаттамалардың  барлығы «Мен» бейнесінің эмоционалдық, когнитивтік және жүріс-тұрыстық деңгейлердегі адекватты емес бейнесімен байланысты және адамның әлеуметтік ортада үйлесімді өмір сүре алмайтындығының индикаторы болып табылады. Адам қоршаған ортадағылардың талаптары мен күтулеріне сай бола алмаудан, сонымен бірге өзін қабылдауды сақтау үшін «Мен» бейнесінің дезинтеграциясын  бастан кешіреді.

Э.Эриксонның өмірлік  кризистер мен тұлғалық сәйкестілік, Р. Хэвигхерсттің тұлғалық даму міндеттері, Ю.В. Валентиктің циклдің қажеттіліктері туралы теорияларына сәйкес индивидум тұтас тұлғалық статустарға сәйкес өзін тұлға ретінде «Мен» бейнесінде сәйкестендіруі қажет. Психологиялық денсаулық концепциясына сай, тұлғалық өзін сәйкестендірудің толықтай аяқталуы адамның жоғары деңгейде денсаулығын сақтауға ұмтылысымен сипатталады. Өткізілген зерттеулер осыны растады. Психоактивті заттарға тәуелді адамдардың 83.5%-інің тұлғалық сәйкестендірудің толық аяқталуы кезеңінен өтпегендігі туралы мәліметтер алынды. Керісінше, тұлғалық сәйкестендірудің толық аяқталу кезеңінен өткен психоактивті заттарға тәуелділігі жоқ адамдарда бұл екі есе аз байқалған.

Өзінің тәнін субъективті  бағалау тәніне қатысты бағалау, қабылдау және оған қанағаттану деңгейі  «Мен» бейнесіндегі «Тәндік - Меннің»  сәтті немесе сәтсіз сәйкестілігін  көрсетеді. Зерттеу барысында «Мен» бейнесінін компоненті болатын «Тәндік – Менді» зерттеу мақсатымен сыналушылардың өзінің тәніне субъективті қатынасының талдауы жүргізілді. Психоактивті заттарға тәуелділігі жоқ адамдар есірткіге тәуелді адамдармен салыстырғанда өзінің тәнін анағұрлым жоғары бағалап, қабылдаған. Бес балдық шкала бойынша өзінің тәнін субъективті бағалағанда, олар оны 4.008 балға, ал психоактивті заттарға тәуелді адамдар өз тәнін 2.726 балға бағалаған.

Психоактивті заттарға тәуелділігі жоқ адамдарда есірткіге  тәуелді адамдармен салыстырғанда, өзінің денесін табиғи күйінде жақсы көретін және қабылдайтын сыналушылар саны көбірек болған. Ал психоактивті заттарға тәуелді адамдар арасында өзінің денесін жақсы көретін және қабылдайтын сыналушылар саны  2.6 есе сирек кездескен, 7.4 есе өз денесін ұнатпайтын және басқа дене бітімін қалайтын сыналушылар тіркелген, денелері оларға қиындық әкеледі деген сыналушылар 23 есе көбірек анықталған.

Осының негізінде, егер «Мен» бейнесінің адекваттылығын өзін-өзі  бағалауды жоғарлату, есірткіге тартылыс деңгейін төмендету, өзіне деген белсенді қатынасты, есірткілік тәуелділікті жеңуге деген белсенді позицияны қалыптастыру арқылы жоғарлатса, психотерапиялық және оңалту шараларының тиімділігі өседі деп болжауға болады. Психоактивті заттарға тәуелді адамдарға психологиялық көмектің стратегиялық мақсаты, ең алдымен, жоғалған тұлғалық құндылық сезімін қайта орнына келтіру, өзінің даралығын конструктивті жүріс-тұрыс арқылы көрсету арқылы жүзеге асады [49].

Психоактивті заттарға тәуелді адамдардың «Мен» бейнесін зерттеудің аурудың тұлғалық механизміне тереңірек енуге жол ашатын теориялық, сонымен қатар психотерапиялық тәсілдер мен оңалту бағдарламаларының әрі қарай дамып, нақтылана түсуіне көмектесетін практикалық та пайдасы бар.

 

2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері

 

«Әлем бейнесі» концепциясын (world-view) Роберт Редфильд тұжырымдаған және алдымен соның есімімен ассоциацияланады. Редфильдтің анықтамасы бойынша, «әлем бейнесі» - қандай да бір халыққа тән әлемді көруі, бұл қоғам мүшелерінің өзі және өзінің әрекеттері туралы , әлемдегі өзінің белсенділігі туралы түсініктер, ол адамның сыртқы әлемге көзқарасын зерттейді.

С.Л. Рубинштейн «әлем бейнесін»  ерекше психологиялық тұтастықты құратын индивидтің өмірлік, теориялық және практикалық тәжірибесіне негізделетін адамның нақты іс-әрекеті деп қарастырған [43].

Әлем бейнесі философия  сияқты көп жақты. Философияны әлемді рухани игеру теориясы, адамның теориялық  мән іздеу теориясы, яғни адамның өзін-өзі тану мен әлемді танудың теориялық формасы ретінде алсақ, ол тек әлем туралы білімдерді қалыптастырып қана қоймай, адамның мәні, маңызы мен құндылықтары туралы білімдерді қалыптастырады.

«Әр ұлы мәдениетке тек жаны осы мәдениетке жататын адам үшін түсінікті әлемді сезінудің құпия тілі тән». Шпенглер, өзінің  концепциясында, бір әлем бейнесінің екіншіге үйлеспейтіндігін баса көрсетеді. «Ойлаудың, өмірдің, әлемді саналы сезінудің негізгі бітістері жеке адамдар түрінің бітістері сияқты әр түрлі». Шпенглердің концепциясының аясында ғана емес, сонымен бірге танымның эволюциялық теориясына негізделе отырып, барлық тіршілік иелеріне өзінің әлем бейнесі тән екендігін болжауға болады. Әлемнің кез келген бейнесі қатысты болып келеді, өйткені ол адам танымының шектеулігімен, ал екінші жағынан нақты оның қалыптасуының тарихи шарттарымен байланысты болады.

Әлем бейнесі адам өмірі іс-әрекетінің, оның мақсаттарының негізгі бағыттарын, адамның әлемге қатынасын анықтауға көмектесетін координаттар жүйесі ретінде қабылдануы мүмкін. Вебер адамдардың өмірлік іс-әрекетінің бағыттылығын алдын ала анықтайтын, ішіне сәйкес ұстаным кіретін «әлемге» қатынастың үш амалын  бөледі. Біріншісін ол діни-философиялық ағымдардың конфуциандық және даосисттік типтерімен (әлемге икемделу ретінде), екіншісін – индуисттік пен буддисттікпен (әлемнен қашу ретінде), үшіншісі – Еуропада кең тараған иудаисттік пен христиандықпен (әлемді игеру ретінде) ұқсастырады.

Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері