Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:27, курсовая работа
Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.
Кіріспе..........................................................................................................................3
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде…………………6
1.2. «Мен» бейнесін әр түрлі бағыттар шебіндегі психологиялық зерттеулер...10
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер…………………………………………………………………………..17
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен интерпретациясы…………………………………………………………………...31
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы………………………………………………………………………...31
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..32
3.3.Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары мен интерпретациялары……………………………………………………………..….37 Қорытынды…………………………………………………………………………56
Түйін………………………………………………………………………………...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша
ТАҚЫРЫБЫ: «ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІ АДАМДАРДЫҢ «МЕН» БЕЙНЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ».
Астана
2007
Мазмұны
Кіріспе.......................
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері…..6
II тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың тұлғалық өзгерістерін психологиялық
зерттеулер……………………………………………………
2.1. Есірткіге тәуелділік және есірткіге тәуелді адамның психикалық ерекшеліктері мен тұлғалық өзгерістері …………………………………………17
2.2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері…………..24
2.3. Есірткіге тәуелді адамдардағы әлем бейнесінің өзгеру ерекшеліктері…….26
III тарау. Есірткіге тәуелді адамдардың
«Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін
зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы
мен интерпретациясы………………………………………
3.1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы
мен таңдаманың
сипаттамасы…………………………………………………
3.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы………………………………………..
3.3.Зерттеу нәтижелері
және олардың талдаулары мен
интерпретациялары…………………………………
Түйін…………………………………………………………………
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі…………………………………………………60
Қосымша
Кіріспе
ҚР Президентінің «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауында негізгі жайлардың бірі ретіне нашақорлық және есірткі бизнесімен күресті ерекше көрсеткен [29]. Қазіргі таңда Қазақстандағы есірткі мәселесі ұлттың физикалық, әлеуметтік, ал бастысы рухани денсаулығына зор қауіп төндіріп тұрған мәселенің бірі екені мәлім. Есірткілік заттардың заңсыз айналымы және оны медициналық емес тұрғыда қолдану – бұл тек шиеленіскен түрде Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар осы күнде барлық адамзат үшін ауқымды мәселе болып тұр. Психоактивті заттарды қолданудың салдарлары адамдардың денсаулығының төмендеуіне, ұлт генофондына теріс әсеріне және елдегі қылмыс санының өсуіне әкеледі. 2006 ж. 1- қаңтарында Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есеп Комитетінің мәліметтері бойынша есірткіге тәуелді 53577 адам есепке тіркелген. Оның әр он біріншісі - әйел, әр он екіншісі - кәмелеттік жасқа толмағандар, ал соның ішінде әр қырық үшіншісі - 14 жасқа толмағандар болып табылады. ҚР 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес Стратегиясында есірткіні тұтынушылардың үштен екісі - бұл отыз жасқа дейінгі адамдар екендігі көрсетілген. Бұл мәліметтер өсіп келе жатқан ұрпақтың қалыпты физикалық және адамгершілік дамуы үшін алаңдаушылық тудырады, ал есірткіге тәуелділер арасында әйелдер үлесінің көбеюі есірткіге тума патологиялық елігуі бар балалар санының өсуі қауіпін туғызады. Ал ресми статистика 1991 ж. бері психоактивті заттарға тәуелді адамдар санының екі есе өсіп, тұрақты өсу тенденциясы орнағандығын көрсетеді. ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің салауатты өмір салтын ұстану Ұлттық Орталығы өткізген зерттеулердің мәліметтері бойынша, елдегі есірткіге тәуелді адамдардың шынайы саны 200 000 мыңға жуық немесе жалпы халықтың 1.3%-ін немесе еңбекке қабілетті халықтың 2.06%-ін құрайды. Мемлекет үшін еңбекке қабілетті адамдардың осыншама санын жоғалту - экономикалық тұрғыда да өте үлкен шығын болмақ. Нашақорлық - медициналық тұрғыда да аса қауіпті дерт. Есірткіге тәуелді адамдар арасында ВИЧ/СПИД, гепатит С және В аурулары кең тараған. СПИД-тің алдын-алу және онымен күрес Республикалық орталығының мәліметтері бойынша 2005 ж. 1 маусымында Қазақстанда 5 090 ВИЧ ауруымен ауыратындар тіркелген, соның ішінде 63.4%-ын инъекционды есірткіні тұтынушылар құраған. 2005 ж. жалпы жасалған қылмыстардың ішінен психотроптық заттармен байланысты қылмыстың үлесі 7.4% құраған [29]. Осылайша, нашақорлық мәселесі экономикалық, медициналық, әлеуметтік жағынан қоғам үшін зор қатер туғызатын өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау аясында Қазақстанда нашақорлық мәселесін шешудің конструктивті бағдарламасын құру, медициналық-әлеуметтік оңалту іс-шараларының тиімділігін жоғарлату қажеттіліктері туындап отыр. Өйткені бұл мәселенің шешілмеуі мемлекеттің әлеуметтік жүйесіне зор қауіп әкеледі. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің тұлғалық ерекшеліктерін, оның құрылымын анықтау психотерапиялық, психокоррекциялық көмек көрсету үшін үлкен маңызға ие. Өйткені қазіргі есірткіге тәуелділіктің күннен-күнге өршу жағдайда, уақыт талабына сай жоғары тиімділікке ие емдеу, оңалту бағдарламаларын құру мәнді болып отыр. Осыған орай мәселе өзектіге айналып тұр.
«Нашақорлық – бұл есірткілік заттарды пайдалануға физикалық және психикалық қажеттілікпен және есірткілік затты пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда вегетативті симптоматикадан туындайтын айқын абстинетті синдроммен, сонымен қатар тұлғаның спецификалық өзгерістерімен сипатталатын психикалық дерт [49].Осы күні нашақорлық көп жақты болып табылады, оның формалары тікелей адам пайдаланатын есірткінің қасиетіне байланысты. Алайда нашақорлықтың дамуына сананың күйін өзгертетін, пайдаланатын есірткінің қасиеті ғана емес, сонымен бірге субъект тұлғасы мен есірткілік затты қолдану арқылы индивидтің қанағаттандырғысы келетін қажеттіліктері де әсер етеді. Есірткілік заттарды пайдалану барысында жүріс-тұрыс пен өмір сүрудің арнайы бітістері қалыптасады. Есірткіні пайдалану адамның өзіне, басқаларға, мәдениетке, табиғатқа, Құдайға қатынасын күрт өзгертеді. Нашақорлық дерті денсаулыққа қауіпті салдарларды туғызып қана қоймай, тұлғаның деградациясына әкеледі, соның ішінде бірінші кезекте есірткіге тәуелді адамдарда «Мен» бейнесі өзгере бастайды. «Мен» бейнесі дегеніміз - адамның өзі туралы динамикалық, саналы деңгейдегі түсінігі. «Мен» бейнесінің өзгерістері адамның әлемге көзқарасының негізінде жататын әлем бейнесінің бұрмалануын тудырады. «Әлем бейнесі» - бұл қоғам мүшелерінің өздері мен өздерінің әрекеттері туралы, әлемдегі өздерінің белсенділігі туралы түсініктері.
Зерттеу объектісі: есірткіге тәуелді адамдардың өзіндік санасы ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты: есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1.«Мен» бейнесін, өзіндік сананы, оның ерекшеліктері, құрылымының компоненттерін, генезисін теориялық зерттеулер негізінде айқындау.
2. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктері, тұлғалық өзгерістерін теориялық зерттеу.
3. Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелерін талдаулар негізінде есірткіге тәуелділікпен күреске қажетті практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.
Зерттеудің жалпы болжамы: біз есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінде өзіне деген негативті қатынас қалыпты адамдарға қарағанда басым деп ойлаймыз.
1. Есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушылармен салыстырғанда «Мен» бейнесінде өзіне сенімсіздік, өзін-өзі төмен бағалау ерекшеліктері басым деп ойлаймыз.
2. Есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзін-өзі кем сезіну, кінә сезімі, психологиялық қорғанысқа жүгінуге ұмтылысы жоғары деп ойлаймыз.
3. Есірткіге тәуелді сыналушылардың қалыпты сыналушыларға қарағанда өзінің «Мен» бейнесі пассивті рөлге ие деп ойлаймыз.
Ғылыми жаңалығы: Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық аз зерттелінуі және Қазақстанда психологиялық тәжірибелік зерттеулердің аз болуы бұл мәселеге қатысты психологиялық білімдерді көп қажет етеді. «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі жақтарын, ондағы өзгерістерді қалыпты адамдармен салыстырмалы зерттеу.
Зерттеудің методологиялық негізі: Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі, тұлға мен іс-әрекетті зерттеудегі жүйелілік подход принципі, Кеңестік психологтар В.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркиннің, И.И. Чеснокованың, Е.В. Шорохова және т.б. тұлғаның өзін-өзі тану мәселелеріне жалпы теориялық подходтары. В.В. Столиннің тұлғанын санасезім концепциясы. Р. Бернстің Мен –концепциясы.
Теориялық құндылығы: Есірткіге тәуелділік феноменінің зерттелуі, есірткіге тәуелділік жағдайындағы өзіндік санада, тікелей «Мен» бейнесінде болатын тұлғалық өзгерістердің әр түрлі аспектілерін қарастыру.
Практикалық құндылығы: Есірткіге тәуелді адамдардың «Мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктерін біліп, өзіне қатынасты, өзіндік санасезімді өзгерту арқылы психотерапиялық және психокоррекциялық көмек көрсетуге практикалық ұсыныстарды беру.
Эксперименталдық жұмысымызды жүзеге асыру барысында зерттеу таңдамасын Ақмола облысы, Раздольное ауылында орналасқан «Есірткіге тәуелді адамдардың әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының» 20 есірткіге тәуелді адамы және қалыпты, есірткіге тәуелділігі жоқ Қаржы полициясы академиясының 13 және «BI-Group» ЖШС-інің 7 қызметкері құрады.
Қолданылған әдістемелер:
1. Қатынастардың түстік тесті (ЦТО).
2. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі.
3. «Меннің» 20 сипаттамасы» тесті.
4. Тұлғалық дифференциал әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу мәселесіне негізделді және кіріспе, 3 тараудан, қорытынды, онда берілген практикалық ұсыныстардан және түйіннен тұрады.
I тарау. Психологиядағы «Мен» бейнесі мәселесінің теориялық зерттеулері
1.1. Өзіндік сана мәселесі психологиялық зерттеу пәні ретінде
Әлеуметтік психологияда тұлғаның қалыптасуы жүретін үш сфера көрсетіледі: іс-әрекет, қарым-қатынас және өзіндік сана.
Әлеуметтену барысында адамның басқа адамдармен, топпен, жалпы қоғаммен байланыстары кеңейіп және тереңдейді, адамда оның «Мен» бейнесінің қалыптасуы жүреді. Өзіндік сана адамда бірден пайда болмайды, ол адамның өмір сүруінің барысында көптеген әлеуметтік әсерлердің нәтижесінде құрылады. Оған төрт компонент кіреді:
• қоршаған әлемнен өзінің ерекше екендігін саналы ұғыну;
• іс-әрекет субъектісінің белсенді бастамасы ретінде «Менді» саналы ұғыну;
• өзінің психикалық қасиеттерін,
эмоционалды өзін-өзі
•жинақталған қарым-қатынас тәжірибесі мен іс-әрекеті негізінде қалыптасатын әлеуметтік-құлықтылықтық өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі құрметтеуі [38].
Қазіргі таңда өзіндік сананың генезисіне қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Өзіндік сананы балада ерте балалық шақта өзінің физикалық денесі, өзі мен әлемді ажырату жайлы біртұтас бейне қалыптасатын кезде адамның өзін-өзі сезіну, өзін-өзі қабылдауға негізделетін адам санасының генетикалық бірінші реттік туынды формасы ретінде түсіну дәстүрлі болып табылады. «Бірінші реттік» концепциясына сәйкес өзін-өзі уайымдау (самопереживание) өзіндік сананың ерекше универсалды жағы болып табылады. Оны өзіндік сананың өзі тудырады.
Қарама-қарсы көзқарастар да бар. Мысалға, С.Л. Рубинштейн бойынша, өзіндік сана - сананың даму нәтижесінде туған сананың жоғарғы түрі. Сана өзін-өзі танудан, «Меннен» туындамайды, ал тұлға санасының даму барысында пайда болады деп санайды [42].
Психологиялық ғылымның үшінші бағыты сыртқы әлемді саналы ұғыну мен өзіндік сана біруақытта пайда болып, дамыған, біртұтас және өзара шартталған деп тұжырымдайды. «Затты» түйсінулердің бірігуінен адамның сырқы әлем туралы түсініктері қалыптасады, ал өзін-өзі түйсінуді синтездеу нәтижесінде өзі туралы түсінік қалыптасады. Өзіндік сананың онтогенезінде екі негізгі кезеңдерді бөлуге болады: бірінші өзінің тәнінің схемасы мен «Мен сезімі» құрылады. В.С. Мухина болса, өзіндік сана дамуының бірінші кезеңінің құрылымына: есімді, басқалардың оны мойындауына (признание), талаптануды, жынысты, уақыт барысында өзін көруді жатқызады. Бұл құрылымның тұлғааралық сәйкестілік механизмі арқылы пайда болатындығын көрсетеді [31].
Сосын интеллектуалдық мүмкіндіктердің жетілуі мен түсініктік ойлаудың қалыптасуы барысында өзіндік сана адам өзінің ерекшелігін түсінік формасында мәніне жете алатын рефлексивтік деңгейге дейін жетеді. В.П. Зинченко жеке дара сананың рефлексивті деңгейі аффективті өзіне-өзі уайымдаумен іштей үнемі байланыста болады деп көрсетеді [13]. В.С. Мухинаның ойынша, екінші кезеңде дүниетаным мен тұлғалық мән жүйесі қалыптасады.
Өзіндік сана мәселесін психологияда зерттеген бірқатар ғалымдар оны көбіне екі компонент тұрғысынан қарастырады. В. Г. Маралов өзіндік сананың құрылымын таным субъектісі ретіндегі «Мен» мен таным объектісі ретіндегі «Менге» бөледі. Олардың арасындағы өзара әрекеттестік функциясын эмоционалдық-құндылықтық қатынаспен тығыз байланысты өзін-өзі тану ойнайды деп көрсетеді. Өзін-өзі тану нәтижесінде «Мен» бейнесі айқындалады. Осылайша, оның ойынша, өзіндік сана дегеніміз - «Мен» бейнесін тану субъектісі ретіндегі «Меннің» іс-әрекеті [26].
Информация о работе Есірткіге тәуелді адамдардың «мен» бейнесінің психологиялық ерекшеліктері