Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71

Қорытынды........................................................................................................81

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84

Работа содержит 1 файл

Диплом Халықаралық интеграциялық үрдістер тәжірибелері және мәселелері.doc

— 652.50 Кб (Скачать)

Бағдарламаны  қаржыландыру көлемі шамамен 1 млрд рубльді  құрайды.

Өзге интеграциялық  институттармен салыстырғанда, ЕурАзЭҚ-тің  құйысқаны берік, емендей мығым. Өйткені ұйымды саясидан гөрі экономикалық мүдделер біріктіріп тұр. Дегенмен ұйымның  кез келген дағдарысқа қарсы қуатын арттыратын маңызды фактор бар. Бұл Елбасының «евраз» немесе «еуразия» деп аталатын аймақтық жаңа валюта идеясы.

 

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы

 

3.1 Еуропалық  Одақтың тәжірибесі және даму  болашағы

 

Еуропалық одаққа жаңадан кірген елдердің қосылғанынан кейін интеграцияның тереңдеу процессі ЕОның бүкіл жаңа территориясына жайылуда. Орыс экономисттері О. Буторин  мен Ю. Борконың бірнеше жыл бұрын  тұжырымдаулары бойынша, «Экономикалық  және валюталық одаққа өтудегі көптеген қиындықтар, күш жұмсау мен шығындар осы өту кезеңге кедергі болмаса да, тежелуге тура алып келеді» деген. Қазіргі уақытта он мемлекет ЕОқа кіргеннен кейін, осы көз қарас шынында да болайын деп тұр. Еурозона ЕО аз мүшелерін қосатын құрылым болып бара жатыр, сонымен қатар Швецияда өткен референдумның нәтижесі мемлекеттердің ЭВОқа кіруіне деген жолды біраз жылға шегеріп тастады. Жақындағы 15-20 жылға ЕО динамикасын келесі түрлерде болатынын ойлауға болады. [10, 334 б]

    • 2010 жылы – «ондық» елдер толығымен өту кезеңін аяқтайды, өзінің «төрт бостандағымен» ЕОның бірыңғай ішкі нарығына интеграцияланады; төрт мемлекет – Венгрия, Мальта, Словения және Чехия ЭВОқа кіруі мүмкін; оған бәлкім Ұлыбритания мен Дания да қосылуы мүмкін.
    • 2010-2015 жылдары ЭВОқа қалған «ондық» та кіреді; кезеңнің аяғында өту кезңін аяқтап, бірыңғай ішкі нарыққа Болгария мен Румыния интеграцияланады; Турция, Хорватия және Македония ЕО мүшесі болады;
    • 2015-2020 жылдары Болгария мен Румыния ЭВОқа қосылады, Турция, Хорватия және Македония өту кезеңін аяқтап, ЭВОқа да енеді; ЕОқа Сербия мен Черногория, Албания, Босния мен Герцеговина да қосылады; [54, 324 б]

Осы уақытқа  дейін ЕО институтына үш топ мемлекеттің макроэкономикалық саясатының координация мәселесін шешуге тура келеді: ЭВО мүшелері, бірыңғай ішкі нарықмүшелері және адаптация процессінде тұрғандар. Осы уақыттарда ЕО саясатының негізгі бағыттары отыз шақты елдердің шынайы конвергенция процессіне араласу. Ол отыз шақты жылдан кем емес уақытты алады. Осы саясаттың құны жүздеген миллиард евроны құрайды. [56, 96 б]

ЕО елдерінің  интеграциондық байланыстары мелекеттер экономикаларының бір бірін толықтыруына негізделіп, экономикалық потенциалдарды бірге қодану мен тегнология, ресурстар мен қаржы жағдайларын дамытуға алып келеді. Еуропалық экономиканың болашағы – әлеуметтік және дәстүрлі жетістіктерді бейнелейтін күрделі бір бірімен байланысты мәселелерді шешу мен бәр жағдайда консервіленген тиімсіз экономикалық құрылымды көрсетуде. Көптеген жағдайда, әлеуметтік кепілдің іске асырылынып жатқан жүйесін мемлекеттік шығынды талап етуде. Басқа да маңызды мәселелер зейнеттік жүйені реформалау мен мемлекеттік меншікке және нарықты реттеуге байланыст саясатты қайта қарастырумен қатысты.  Капиталдың бірігуіне, адам ресурстары, ақпаратпен алмасу және ЕО елдерінің  тәжірибелерінен ЕОның болашағы жоғары.

    • Іскерлік сенім индексі сияқты сенімді көрсеткіштер қарқынды өсуде. Бұл басты еуропалық елдердің саяси басқару құрылымдық реформаларды жүргізудегі керекті прогреске жету қабілетіндегі инвесторлардың сенімділігін көрсетеді;
    • Еуропалық жасушылардың өніміне деген сұраныс көлемі өсуде, ең бастысы өндірілетін тағайынды тауарлар сұраысы. Бұл ішкі сұраныстың өсуі мен инвестициалық белсенділікті жаңа қарқынға алып келеді;
    • ЭВО елдерінің «тұрақтылық програмасының» Еуропалық комиссияда көрсетілгені қаржы билік елдерінің көпшілігінің экономикалық көрсеткішке кедергі келтірмейтін нейтралды бюджеттік саясатты ұстану пиғылы туралы куәландырды; шет елден жұмыс істей алатын жас адамдарды қызықтыру мақсатында ЕО елдеріне өмір сүру жағдайын одан ары жақсарту;
    • толығымен ЕО та экономикалық көрсеткіштің қарқынын қамтамассыз ету; бұл Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне әлеуметтік әділетсіздікті сезінуден құтылтып, ал ЕО қазіргі мүшелеріне бір біріне деген қарым қатынастағы қысымды босатуға көмегін тигізеді.  жақында қосылған мемлекеттердің төмен салықтары мен жалақылары үлкен көлемде инвестициялар мен көп жұмыс орыннына алып келеді.
    • ЕО елдерінің ынтымақтастығын нығайтатын көптеген салалар бар: энергетика, транспорт, ақпараттық технология, коммуникация, ауыл шаруашылық, космос, авиация, ғылыми зерттеулер, қаржы қызметтері, интеллектуалды қабілетке құқық, инвестиция, қоршаған орта.
    • Тұрақты энергоресурстардың жеткізілінуі үшін Ресеймен энергетикалық диалогты құру;
    • Энергетика мен елдің транспортының құқықтық негізін жетілдіру; [10, 335 б]

ЕО елдерінің  экономикасының тұрақты өсуі бір  бірімен ынтымақтастық үшін жағымды  мүмкіндіктер береді. Еуропалақ Одақ көпжақты ынтымақтастықты одан ары да дамытып жетілдіре береді, одан да жоғары дәрежеге жету мақсатында стратегиялық серіктестікті байытып, жаңартуға күштерін салуда. Қазіргі жағдайда келесідей бағыттардағы ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлуі керек:

    • ЕО елдері арасында сауда экономикалық екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру;
    • Белсенді түрде консультацияларды өткізу, өзінің әрекеттерін үйлестіру, ЕО елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
    • Жоғарғы технологияларды және ноу хау, менеджмент тәжірибесңн қатыстыру;
    • Бейбітшілік пен әлемде тұрақтылықты сақтау мақсатында суверенитетті, тәуелсіздікті, бірлік пен территориалды тұтастықты қорғау бойынша ЕО жағынан іс әрекеттер жасау;
    • ЕО елдерінде Инвестициялық белсенділікті ашу, сонымен қатар шет елдік капитал салулардың ағымына алып келу үшін керекті инвестициялық климатты жасау;
    • Бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту мен ЕО елдерінде мамандармен алмасу;
    • Әрқайсысың жеке тиімді болатын ЕО елдердің интеграциялық экономикалық бірігудің ұзақ мерзімді балашағын құру,
    • Экономикалық тұрақтылық пен елдердің бәсекелесе алатын жағдайына жеткізіп, бір бірінің қызығушылықтарын сыйлауға негізделген мемлекеттер арасында қарым қатынасының нығайуы үшін ЕО стратегиясы мен арнайы шараларын жасау;
    • Ресми емес каналдар бойынша ынтымақтастықты көпжақты дамыту, оған мәдениет, ақпарат, білім, ғылым мен техника, туризм салаларындағы ынтымақтастықты қоса, жүргізуші шеңбердегі елдерден басқа да жоғарғы қоғамның көмегі мен қатысуы керек. [56, 97 б]

Ең маңыздысы, Еуропалық Одақ қазіргі күнде жылдам қарқында дамып келе жатыр, оның ішінде ерекше көңіл бөлетін сала сауда да. Еуропалық Одақ елдері арасындағы Экономикалық байланыс бірдей дәрежеде қызығушылықтарды сыйлау мен мемлекеттер арасында интеграциялық процесстердің тездетілуіне негізделген жаңа даму сатысына қадам басып келе жатыр.

Еуропалық Одақ стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін  концептуалды қайта қарау, саясат мазмұнының өзінің өзгеруі, оның қызмет сферасының өзгеруі және зерттеуде жаңа әдістер  мәселелерін қажет етеді. XXI ғ. бойы  қоғамдастық уақыт шеңберінің жаңа шақырылымдыларына жауап беруге тырысады, жинаған тәжірибеге анықтама жүргізіп, болашаққа алдын ала артықшылықтырды дайындып, өзінің қызмет ету мақсаттарын қайта қарауды ұсынады. Зерртеудің объектісі қазіргі замандағы  халықаралық қатынастарды анықтайтын маңызды факторы Еуропалық интеграция табылады.

Еуропалық Одақтың  саяси мәртебесін жоғарлатудың және құрлықтың қауіпсіздігіне қамтамасыз етудің ықтималды жолдарының бірі Қауымдастықтың үшінші елдермен өзара қатынасы саласында жатыр. Бұл елдермен өзара қатынастарда Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың бай тәжірибе жинақтағаны белгілі. Еуропалық Одақтың Африканың, Кариб теңізі мен Тынық мұхиты бассейінің 77 астам елдерімен арадағы қатынастарда өзіне тән ұйымдастырушылық механизмдер қалыптасты. Оның халықаралық құқықтық негізіне Ломе, Яунд конвенциялары мен Катону келісімдері қалап берді. Ангола Бенин, Ботсвана, Буркина Фасо, Бурунди сияқты елдер аталған конвенциялар мен келісімнің қатысушылары болды. Шын мәнінде бұл келісімдер мен конвенциялар Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы дүние жүзілік орасан зор қаржы саяси ынтымақтастықтың құрылымы болғаны белгілі. Аталмыш ынтымақтастық АКТ елдері үшін өзара тиімді емес сауда табыстарымен сипатталады. Мұның дәлелі ретінде Еуропалық Одақ нарқына осы елдердің өндіріс тауарлары мен басқа да бұйымдары кіргізіледі.

Интеграцияның тұрақты мақсаты болып, бұл үрдісте  қатысқан мемлекттер мүдделерін келістіру  болып табылады. Евроодақтың тәжірибесі көрсеткендей, қақтығыстар мен дағдарыстардан қашып кету мүмкін емес. Оның ең маңыздысы қарама-қайшылықтытар мен қақтығыстарды бағалау, яғни дамудың тек тежеуіне ретіндеде немесе «ауру нүктелері» ретінде қарау. Европаның іште процестердің басында тұрған саяси қызметкерлердің мыңызды оң қасиеті болып, екінші ойды таңдауы болады. Қоғамдастық үшін қақтығысқа конструкты көзқарасы, интеграцияның дамуына түрткі болып табылады.

ЕО елдері әлемде экономикалық негізі, күші мен ықпалының  бар болуына байланысты, ынтымақтастыққа  шынайы көңілмен екенін көрсетуде.

1993 жылғы 2 ақпан  күні Қазақстан Республикасы  мен Еуропалық Одақтың (ЕО) арасында  дипломатиялық қатынас орнатылды.

1993 жылғы желтоқсанда  Брюсселде ЕО жанынан ҚР Өкілдігі  ашылды. 2003 жылғы 18 қарашада ЕО жанындағы ҚР Өкілдігінің басшысы, Елші К.Жигалов Еуропалық Одақтың Кеңесінде Италия төрағалығының өкілі, Италия Сыртқы істер министрлігінің сыртқы байланыстар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Р.Антонионға Сенім грамоталарын тапсырды.

2003 жылғы 15 желтоқсанда  К.Жигалов мырза Еуропалық Комиссияның  Президенті Р.Продиға Сенім грамоталарын тапсырды. 

1994 жылғы қарашада  Алматыда Еуропалық Комиссияның  (ЕК) Өкілдігі ашылды.

2007 жылдың 1 шілдесінен  бастап Өкілдіктің бас кеңсесі  Астанаға орналасты. Алматыдағы  бюро Қырғызстан және Тәжікстан  қарым-қатынастары мәселелерімен айналысады, сонымен бірге ЕК әртүрлі өңірлік жобаларын жүзеге асырады. 

2005 жылғы  14 қазанда  Қазақстан Республикасындағы Еуропалық  Комиссия Өкілдігінің басшысы,  Төтенше және Өкілетті Елші  А.Х. ван дер Меердің Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.    [1, 46 б]

ЕО мен ҚР арасындағы ресми саяси қарым- қатынас 1992 жылғы 2 наурыздан басталады. Бұл  күні Президент Н.Назарбаев Вице–президент Ф.Андрияссен бастаған ЕК делегациясын қабылдады.  

1993 жылғы 1-2 ақпанда Мемлекет басшысының Брюссельге ресми сапары болды. ЕК Президенті Ж.Делормен өткен келіссөзінен кейін ЕО және Қазақстан арасындағы өкілдіктер алмасу жөніндегі келісімге қол қойылды. 1995 жылғы 23  қаңтарда  Брюсселде ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ЕО  Кеңесінің Төрағасы А.Жюппе ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды ( Келісім 1999 жылдың 1 шілде айынан бастап күшіне енді).

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2000 жылдың маусымы мен 2002 жылдың қарашасындағы Брюссель қаласына сапарлары ЕО мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамытуға елеулі серпін берді.  Ол онда ЕО–ның жалпы сыртқы саясаты  және қауіпсіздік саласындағы саясаты мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі-ЕО Кеңесінің Бас хатшысы Х.Соланамен және ЕК басшысы Р.Продимен  кездесті. ЕО штаб-пәтерінде ҚР Үкіметі мен ЕО арасындағы термоядролық синтез мәселесіне қатысты атом энергиясы  жөніндегі келісімге қол қойылды.   [16, 38 б]

2006 жылдың 19-20 қазанында  ЕК-ның сыртқы байланыстар және  Еуропалық  көршілестік саясаты жөніндегі комиссары  Б.Ферреро-Вальднер Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен, Парламенті Сенатының Төрағасы Н.Абықаевпен, Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевпен кездесті. 

2006 жылдың 3-6 желтоқсанында ҚР Президенті Н.Назарбаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды. Қазақстан бұл сапарды ҚР-дың ЕО–мен екіжақты қатынастарының дамуының соңғы жылдарда қол жеткізген белгілі бір кезеңі ретінде қарастырды.

Кездесу шеңберінде Елбасы  ЕО–ның жалпы сыртқы саясаты  және қауіпсіздік саласындағы саясаты мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі-ЕО Кеңесінің Бас хатшысы Х.Соланамен, ЕК Президенті Ж.М.Дурау Баррозумен, Еуропарламент Төрағасы Х.Боррель Фонтельеспен және ЕК-ның сыртқы байланыстар және көршілестік саясаты жөніндегі комиссары Б.Ферреро-Вальднермен келіссөз жүргізді.

2007 жылдың 10 қазанында  Орталық Азия бойынша турне  шеңберінде Астанаға ЕО–ның жалпы  сыртқы саясаты  және қауіпсіздік  саласындағы саясаты мәселелері  жөніндегі Жоғарғы өкілі-ЕО Кеңесінің  Бас хатшысы Х.Солана келді. Келіссөздер барысында Қазақстан және ЕО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы сөз қозғалды.   

2007 жылдың  19 қарашасында Астанаға ЕО үштігі  делегациясы құрамы: Ресейдегі Португалия  елшісі М.Курту, Орталық Азия  елдері бойынша ЕО арнайы өкілі П.Морель, Қазақстандағы ЕК Өкілдігінің Басшысы    А.ван дер Меера, Қазақстандағы Франция Елшісі А.Куанон, Словенияның Ресей Федерациясындағы Елшісі   Д.Бавдаж Курет және т.б ресми тұлғалар келді. [1, 45 б]

ЕО Қазақстанмен және Орталық Азиядағы басқа да мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында  2005 жылдың 28 маусымында ЕО Кеңесі Орталық Азия  елдері бойынша Арнайы Өкіл лауазымын құрып, оның басшысы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның  бұрынғы Бас хатшысы Ян Кубиш тағайындалды.

2006 жылдың 5 қазанында  ЕО  Кеңесі Орталық Азия бойынша  Арнайы өкіл  қызметіне Францияның  Ресей мен Қытайдағы бұрынғы  елшісі Пьер Морелді тағайындады. 

1999 жылдан ынтымақтастықтың  екіжақты құрылымының  мәжілісі  тұрақты түрде өткізілуде.  Құрылым -Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылып, оның ҚР атқарушы органдарының бірінші басшыларының деңгейіндегі  ынтымақтастығы кеңесі (9 мәжіліс), Парламенттік ынтымақтастық комитеті (7 мәжіліс) және аға лауазым иелері/ басшылардың орынбасарларының ынтымақтастығы комитеті (8 мәжіліс) мәжілістері  өтетін болды. [22, 48 б]

Қазақстан мен  ЕО  арасындағы  өзара ықпалдастықтың жұмысшы органы болып Серіктестік  комитеті есептеледі. Комитеттің жыл  сайын өтетін мәжілістерінде екіжақты қатынастардың проблемалары мен келелі мәселелері талқыланады.

2007 жылдың 18 желтоқсанында  Брюссельде Серіктестік комитетінің  «Қазақстан Республикасы -- Еуропалық  Одақ» атты 8-ші мәжілісі болып  өтті. 

Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері