Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25
2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49
3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71
Қорытынды........................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84
2007 жылғы 28 наурызда
Астанада Сыртқы істер министрл
2008 жылғы 9-10 сәуірде Ашғабатта « ЕО үштігі -Орталық Азия елдері» атты сыртқы істер министрлерінің 6-ші кездесуі болды. Оған Сыртқы істер министрі М. Тәжин бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты. [17, 146 б]
Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылады. 2004 жылғы 1 мамырдан бастап ЕО-ға 10 жаңа мүше елдің қосылғаны ескеріле отырып, 2004 жылғы 30 сәуірде Брюссельде келісімді кеңейтілген Еуроодақ шарттарына бейімдейтін ҚР мен ЕО арасында Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім хаттамасына қол қойылды. 2005 жылғы 28 маусымда ҚР Президенті Хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды.
Қазіргі уақытта Келісімнің күшін 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕО-ға кірген Болгария мен Румынияға тарататын қосымша Хаттама қол қоюға дайындалуда.
Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады.
2005 жылы тауар айналымның көлемі 15,3 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 11 млрд. долл., импорт – 4,3 млрд. АҚШ долл. құрады.
2006 жылы (ЕО-25) өзара сауда көлемі 22,79 млрд. долларға жетті (экспорт – 16,53 млрд., импорт – 6,26 млрд. долл.). Еуроодақ елдерінің үлесі ҚР жалпы сыртқы сауда көлемінің 36,8% құрады.
2007 жыл ішінде өзара сауда көлемі 27,5 млрд. долл. жетті (экспорт – 19,5 млрд., импорт – 8 млрд. долл.). Еуроодақ елдерінің үлесі ҚР жалпы сыртқы сауда көлемінің 34,2 % құрады. [18, 298 б]
ЕО елдерімен 2007 жылы жасалған ҚР жалпы тауар айналымы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Италияға (32,3%), Францияға (17%), Германияға (11%), Нидерландыға (10,2%), Ұлыбританияға (0,7%) тиесілі.
Қазақстандық экспорт көлемінің едәуір үлесін (40,7%) ЕО елдері алады. Еуроодақ елдері арасында негізгі тұтынушылар Италия (ЕО-ға жалпы экспорт көлемінен 40%), Франция (20,4%), Нидерланды (12,8%), Ұлыбритания (0,6%), Ирландия мен Румыния (0,4%) болып табылады.
ЕО елдеріне жіберілетін қазақстандық экспорт құрылымында мұнай мен мұнай өнімдері, асыл емес металдар, ауыл шаруашылық, химиялық және минералды өнімдер, тоқыма басым.
Импорт құрылымын «инвестициялық импорт» деп жіктелетін тауарлар (машиналар, жабдықтар мен механизмдер, электротехникалық құралдар, көлік, химия саласы өнімдері) құрайды. ЕО елдерінің үлес салмағы 2002 жылы – 24,7%, 2003 жылы 23% (ЕО-15), 2004 жылы 27,4% (ЕО-25), 2005 жылы 24,7%, 2006 жылы 26,4%, 2007 жылы – 24,6%. Ірі импорттаушылар – Германия (ЕО-дан жалпы импорт көлемінің 32%), Италия (14,2%), Франция мен Ұлыбритания (0,9%), Нидерланды және Польша (0,5%). [24, 321 б]
Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық басқа да бірқатар бағдарламалар аясында да жүзеге асырылады: КОПЕРНИКУС, Орталық Азиядағы есірткілер жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы (КАДАП), Орталық Азия елдеріне арналған шекараларды басқару жөніндегі ЕО бастамалары (БОМКА) және т.б. [1, 43 б]
ТАСИС бағдарламасы бойынша 1993-2006 жылдарда шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау, жекешелендіру мен құрылымдық қайта құру, адам ресурстарына инвестициялау жобаларын жүзеге асыру үшін Қазақстанға 200 млн. еуроға жуық өтеусіз көмек көрсетілді (ҚР барлық техникалық көмектің жартысынан астамы Батыс тарапынан).
Еуропалық Одақтың Қазақстанмен өзара қарым-қатынастары көбіне мұнай-газ секторындағы өзара мүдделермен (ЕО ИНОГЕЙТ мемлекетаралық жобасы), сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орталық Азия өңіріндегі көлік-коммуникациялық қатынас жолдарының стратегиялық маңыздылығымен ( ТРАСЕКА жобасы) айқындалады.
2000 жылғы қазан
айының ортасында ЕО-ның
ИНОГЕЙТ (көмір сутегі шикізатын Еуропаға тасымалдаудың қолданыстағы жүйесін әртараптандыру) мемлекетаралық жобасы аясындағы ЕО-мен өзара әрекеттесудің Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор.
ҚР-ЕО қарым-қатынастарында жақын келешекте Еуропалық Одақтың Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесін беру мәселесі ерекше орын алмақ.
Еуропалық Одақ
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда
Ұйымына кіруі жөніндегі
Екі жақты сауда және еуропалық нарықта қазақстандық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың басымды бағыты болып отыр. [18, 299 б]
3.2. Жаһандану
жағдайындағы ЕурАзЭҚ:
Бұл бөлімді қарастырудағы мақсатым қазіргі жаһандану жағдайындағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың даму бағыттарын, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жеткен жетістіктерін, басымдықтары мен ынтымақтастықтың даму жолындағы кедергілерді ашып көрсету.
Соңғы 15 жылдың ішінде әлем аймақтық интеграция туралы келісімдердің жаппай қабылдануының куәсі болды. Әлемдік шаруашылықтың жартысынан көбі тұрақты не жаңадан қалыптасып жатқан сауда блоктарының еншісінде және әрбір мемлекет қандай да бір аймақтық интеграция туралы бір немесе бірнеше келісімдердің мүшесі болып табылады. [1, 45 б]
Аймақтық интеграция
туралы келісімдер әр түрлі формада
болуы мүмкін. Интегацияның көп тараған
түрлеріне жататындар: еркін сауда
аймағы, мұнда мүше-мемлекеттер арасынд
Қазіргі кездегі жаһандық үрдістердің жарқын көріністерінің бірі әлем мемлекеттерінің біртіндеп Бүкіләлемдік сауда уымына мүше болуы болып табылады. ТМД мемлекеттерінің барлығы дерлік БСҰна мүше болуға үміткер. Сауданың, кейіннен экономикалық дамудың өсуіне үміт артады. ТМД мемлекеттерінің ішінде ең алғаш болып, 1998 жылы желтоқсанда БСҰна Қырғызстан кірді. Ол өзінің кедендік одақ бойынша серіктестері үшін күтпеген жағдай болды. Кедендік салымдардың төмен үлестерін қабылдап, өзінің ішкі нарығын шет мемлекеттер тауарларына ашып берді. Алайда, ТМД атқарушы комитетіндегі еркін сауда аймағы еркін департаментінің директоры, профессор В. Покровскийдің айтуынша, Қырғызстан, Грузия және Молдованың БСҰна кіруі көптеген экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді. Нақтырақ, Қырғызстанда сауда колемі төмендеді, орташа жалақы мен зейнетақы мөлшері кішірейді. Сондықтан мұнда асығудың қажеті жоқ. Аграрлық сектордың қауіпсіздігі мәселесіне назар аударған жөн. [9, 148 б]
Экономикалары
моральді түрде қатты ескірген өндірістік
технологияларға негізделген
Оның үстіне аймақтық интеграция ұстанымы асуларын біртіндеп өту қажет. Бұл жолда негізгі назар өндірістің техникалық модернизациясына емес, сыртқы саудаға аударылып отыр.
ЕурАзЭҚ – нақты
интеграцияға жету мақсатында көпжоспарлы
ынтымақтастық жолымен нық
Басқа аймақтық халықаралық ұйымдар секілді Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығы дамуының қарары мемлекеттік егемендікке қатынастары және халықаралық коперациялық қатынастардағы сапалы өзгерістер болып табылады. [24, 216 б]
Осыған байланысты интеграциялық үрдістер келесі екі кезеңді міндетті түрде бастан кешеді (теориялық анализ және әлеммдік тәжірибе көрсеткендей):
Бірінші кезеңдегі орталық мәселе интеграция жолына түскен мемлекеттердің егеменді құқықтарын жанжақты ескеру, интеграциялық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде мемлекеттік егемендікті қамтамасыз ету болып табылады. Екінші кезеңдегі орталық мәселе экономика мен халықаралық өндіріс ұйымын басқаратын мемлекетаралық және мемлекетүсті органдарын қалыптастыруға қажетті мемлекет егемендігінен алымдар жасау. Бірінші жағдайда интеграциярлық өзара ынтымақтастық ұйымы «қоғамдастық» сияқты тек құрымлым бола алса, екіншісінде – экономикалық одақ болады.
Ақпараттық өндірісті құруда бірқатар елдердің озуы және осы салада ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің прогрессивті артта қалуы әлемдік шаруашылықта олардың бәсекелестік позицияларын төмендететінінескере отырып, Қоғамдастық үкіметтері мен парламенттері интеграцияның негізгі талаптары – халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық, әсіресе, жаңа технологияларды шығару мен қолдануда кеңейту және жандандыру қажет. Осыған орай, интеграцияға қатысушылардың инновациялық шығармашылығын келісу және 2010 жылға дейін бірқатар халықаралық бағдарламалар дайындау керек. [44, 16 б]
Маңызды стратегиялық іс-шаралар қатарына ЕурАзЭҚ мемлекеттері шаруашылық, кедендік шараларын электронизациялау халықаралық бағдарламасын шығару және іске асыру болып табылады. Онда әлемдік тәжірибеге сүйеніп, атап айтсақ, Еуропалық Одақ мүшелерінің «Электрондық Еуропа» атты бағдарламасын қабылдауы нақты дәлел келтіруге болады.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына келісіп кірерде осы ұйымның ережелері, мемлекеттер арасындағы экономикалық жаһандану (мұнда 2002 жылдың өзінде-ақ әлемдік сауданың 10% электрондық негізде іске асырылды) жағдайындағы келісулер өзгеретінін ескерген жөн. [10, 334 б]
Еуразиялық
Экономикалық Қоғамдастық даму стратегиясы
интеграцияның бірінші
ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы мен Интеграциялық комитетінің құқықтық салада, бірінші кезекте, шешілгелі тұрған стратегиялық тмәселе бәсекелестік және монополияны шектеу, салық, Қоғамдастықтың бюджеттік жүйесі, энергетика туралы заңнамалар Негізін, ЕурАзЭҚ көліктік заңнамаларын, «банктер және банк жұмысы», «экспорттық және импорттық тауарлардың заңдастырылуы» жобалар, ЕурАзЭҚ сақтандыру қызметтері нарығын ұйымдастыру және іске асыру туралы, және де корпорациялар, құнды қағаздар нарығын, валюталық бақылау және реттеу саласын, кедендік және инновациялық, еркін сауда аймағын ұйымдастыру мен іске асыру, жоғары технологиялар аймағын, шағын және орта бизнес, экологиялық және т. б. жұмыстарды реттеуді жатқызуға болады. [22, 197 б]
Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері