Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25
2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49
3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71
Қорытынды........................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84
ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің өндірістік және ғылыми-техникалық салалардағы дамуы – олардың әлеуметтік мақсаттарға жетуінің негізгі шарты. Алайда, Қоғамдастықтағы әлеуметтік прогресс экономикадағы интеграциялық үрдістерді толықтырып, өзгерістер енгізетін әлеуметтік интеграцияның дамуын болжайды.
ЕурАзЭҚ мемлекетерінің стратегиялық императивін олардың жасап жатқан келісілген әлеуметтік саясат Концепциясы анықтайды. Қоғамдастықта еңбек жағдайын нашарлататын, реттеуге келмейтін жаппай еңбек миграциясына әкелетін жекелеген мемлекеттердегі жұмыс күшін пайдаланудың шектеулілігінен шығады. Жекелеген мемлекеттер әлеуметтік саясат саласында шешімдерінің келісілмеуі салдарынан кедейлікпен күрес және өмір сүрудің сапасын көтеруде кедергісін тигізіп отыр. [25, 44 б]
Осы бағыттағы стратегиялық шешімдер Қоғамдастықтың әлеуметтік хартиясын құру, әлеуметтік көмектің бағдарламалары мен әлеуметтік көрсеткіштердің келісілуін, әлеуметтік салада мемлекетаралық мониторингтің ұйымдастырылуын, ұлттық ресурстарды пайдалану кооперациясы мен әлеуметтік заңнмалар кооперациясын ұсынады.
ЕурАзЭҚтегі интеграциялық үрдістердің бастапқы кезеңінде әлеуметтік интеграцияны дамыту үшін «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» атты мемлекет басшыларының мәлімдемесі және ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы мен Интеграциялық комитетінің әлеуметтік саясат пен оның құқықтық негізін келісу бағдарламасы маңызды роль атқарады.
Әлемдік
шаруашылықтың жекелеген
1) интеграцяның
дамуында мемлекеттер
2) XXI ғасырдағы
жаһандық ақпараттық
3) әлемдік шаруашылықтың
Еуразия, Солтүстік және
Батыс Еуропа мемлекеттері
интеграциясының сәтті
XXI ғасырдағы
ЕурАзЭҚтағы интеграциялық
Оған қоса,
Еуропа мен Азияның бірқатар
елдерін біріктіретін ұйым
1) Қоғамдастыққа кірмейтін ТМД мемлекеттерімен;
2) Еуропалық Одақ мемлекеттерімен;
3) Азия алыптары – Қытай мен Үндістан;
4) Азиялық-Тынық
мұхиты аймағындағы барлық
5) «исламдық интеграция» елдерімен.
Дегенмен, ЕурАзЭҚ даму стратегиясында негізгі екпін азиялық болуы керек. Қытай және Үндістанның даму және экономикасының модернизациясы қарқынының жоғарылығына байланысты әлемдік шаруашылық орталығының Азиялық-Тынық мұхиты аймағына қарай ығысқандығын ескере кеткен жөн. [42, 5 б]
Қоғамдастық интеграциясының бірінші кезеңінің өзінде-ақ – 2015 жылға дейін бағытталған – Азия және Азиялық-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қомақты экономикалық қатынастарды дамытуды көздейтін шешімдермен толықтырылуы тиіс. Оның ішінде АТР мен ШЫҰ (ШОС) ортақ нарығын құру. Ал ЕурАзЭҚ бірыңғай экономикалық кеңістігін құру кезеңінде (шамамен 2015-2030жж.) Осындай қатынастарды дамыту Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың негізгі доминант стратегияларының біріне айналуы керек. [52, 562 б]
ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттердің барлығы және үшінші мемлекеттердің қатысуымен еуразиялық трансконтиненталдық көліктік жылдамдығы жоғары магистральдар салу – екі ендік (Транссіб пен БАМ негізінде) және «Солтүстік-Оңтүстік» (Үндістанға шығатын) бір бойлық, Солтүстік теңіз жолымен жіне еуразиялық автомобиль магистральдарымен тасымалды дамыту, трансполярлық авиациялық коммуникацияларды кеңейту және жандандыру, әр түрлі көлік түрлерін біріктіретін логистикалық кешендер қалыптастыру, - бұл бүкіл Еуразия территориясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың дамуындағы негізгі фактор. Тиімді көліктік жүйелерге ортақ қызығушылық, құрылыстағы халықаралық кооперацияның кеңеюінің қосымша стимулдары, жаңа көліктік құралдарды шығару, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, ертеректе игерілмеген аймақтардағы ресурстарды игеру транспорт және сапа салаларындағы халықаралықты ЕурАзЭҚ бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыруды тездеткіш деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты трансеуропалық желілер (TEN), панеуропалық көліктік коридорлар (PEC), Еуропалық Одақтың техникалық көмегін (PHARE) даму бағдарламаларын ескерген жөн.
ЕурАзЭҚтегі интеграцияның тереңдеуі және Қоғамдастық мемлекеттерінің Қытай, Жапония, басқа да Азиялық-Тынықмұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттермен экономикалық қатынастардың сапалы түрде өзгеру факторы Еуразияның шығысындағы энергетикалық проблемаларды шешуге бағытталған шаралар болып табылады. Бұл мәселелерді шешуден Қытай мен Жапонияның қарқынды өсіп келе жатқан энергетикалық ресурстар қажеттігі қанағаттандыру және Сібір, Ресейдің Қиыр Шығысы, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы инвестициялық, инновациялық, және мамандар мәселелерінің шешілуі шығады.
Осындай бірлескен іс-шаралар ЕурАзЭҚ пен АТЭС органдары арасында тікелей байланыстардың пайда болуын болжайды. Бұл ұйымдардың мұшелері Қытай, Ресей, Жапония мен АСЕАН мүшелері, АҚШ, Канада, Мексика және т. б. мемлекеттер. [5, 367 б]
ЕурАзЭҚ мемлекеттеріне олардың көліктік, энергетикалық, демографиялық, ғылыми-техникалық, экологиялық мәселелерді, тиімді халықаралық мамандану мен кооперацияны дамыту, оның ішінде, ғарыштық және қорғаныс өнеркәсіптерін дамытуға көмек беретін Қытаймен ынтымақтастықты дамыту үшін ШЫҰ потенциалын белсенді қолдануды көздейтін стратегия қажет.
Интеграцияның
бастапқы кезеңдеріне сай алғашқы
кезектегі бағдарламаларды
Мұндай мақсаттарға жету еуразияшылдықты тек «Ресейдің консолидациясы, қайта өрлеуі және дамуы» деген идеологиядан арылуды талап етеді. Еуразияшылдық – Еуразия барлық мемлекеттері ынтымақтастығының идеологиясы мен саясаты, ол Еуропа, Азия, Азиялық-Тынықмұхиты аймағындағы қалыптасқан және қалыптасушы түрлі интеграциялық қалыптасулар арасындағы серіктестік қатынастардың орнатылуы деп түсіндіріледі.
ЕурАзЭҚ «үштігінің» Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан 26 мемлекеттің ішінен 20 мемлекетпен екіжақты келіссөздер жүргізілді, олармен Қазақстанның БСҰға мүше болуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Ал қалған мемлекеттермен (Австралия, ЕО, Үндістан, Монғолия, АҚШ, Эквадор (келіссөзге 2008 жылы кірісті)) арадағы шешілмеген сұрақтар шеңбері біршама кеміді. [1, 48 б]
Белорусия Республикасы өз кезегінде Жұмысшы топқа мүше 20 мемлекеттің ішінен 6 мемлекетпен ғана келіссөздерді аяқтады.
Осылайша, екіжақты келіссөздерді аяқтаған жағдайда Қазақстан мен Ресей БСҰға кірудің бірдей кезеңінде болады, ал Белорусия үшін екіжақты келісімдерді аяқтау, және де ұлттық заңнаманы БСҰ стандарттарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізу қажет.
Келіссөздер барысында тауарлар нарығына қол жеткізу бойынша тарифтік міндеттемелерге қатысты Қазақстан өзінің экономикалық мүдделерін ұстануда. Оның үстіне Кедендік одақ құру мақсатын назарға ала отырып, Қазақстан Ресейдің тарифтік міндеттемелер деңгейін ескеруде. Мәселен, тарифтік міндеттемелердің салыстырмалы сараптамасы, яғни Қазақстан мен Ресей БСҰға кіргеннен кейін қолдана алатын кедендік салымдардың максималды деңгейі Қазақстанның 70% жуық тарифтік міндеттемелері ресейліктермен тең не жоғары екендігін көрсетті. Яғни, теориялық тұрғыдан қарағанда, Қазақстан тарифтік салымдарды тарифтік міндеттемелер деңгейінде орнатқан жағдайда Қазақстан мен Ресейдің кедендік салымдарын унификациялау деңгейі 70% құрайды деуге болады. Алайда бұл жекелеген тауар түрлерін тұтынатын отандық тұтынушылардың мүддесімен толығымен сәйкес келмейді. Ол бойынша міндеттемелер деңгейі кедендік салымдар деңгейінен жоғары. [14, 254 б]
Жоғарыда айтылып кеткен мәселелер негізінде Қазақстан мен Ресей арасында кедендік одақ орнатудың келесі сценарийлері мүмкін болады:
БСҰ стандарттарына сәйкес кедендік одаққа мүше-мемлекеттер үшінші мемлекеттерге қатысты кедендік салымдар үлесін унификациялауы қажет.
Осыған байланысты екі мемлекет шеңберінде құрылып жатқан БСҰ ережелеріне сай тұрғыдан қарағанда кедендік одақтың танылуы үшін екі мемлекетке арналған Ортақ кедендік тарифті қалыптастыру процессін тездету қажет.
Алайда, жоғарыда аталып кеткен факторларға қатысты Қазақстан мен Ресей кедендік салымдарын унификациялау өнеркәсіп даму деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты қиынға соғып отыр.
Дегенмен, БСҰға мүше болу бойынша үрдістерді кедендік одақ атынан жаңадан жүргізу қажет. Бұл әрине өте қиын, себебі Ресей бүгінгі таңда келіссөздер үрдістерінің аяқтаушы кезеңінде, ал Қазақстан 26 мемлекеттің 20 ғана келіссөздерді аяқтады. [24, 235 б]
Қазақстан үшін Ресейдің БСҰға мүше болғанша келіссөздерді тоқтатуы және одан кейін кедендік одақ құруы дербес мемлекет ретінде БСҰға мүше болудан бас тарту деген сөз.
Нәтижесінде әлемдік
саудада Қазақстанның толық құқықты
қатысуы және Қазақстанмен саудада
БСҰ мүшелерінің
Мұндай жағдайда Ресей Федерациясы өзінің БСҰға мүше болу талаптарынан қайтпай, Ресейдің БСҰға кіру талаптарын негізге ала отырып, оған қоса Ортақ кедендік тариф ретінде Ресейдің тарифтерін қабылдауды ұсынуы мүмкін. [22, 54 б]
Алайда бұл кедендік үлес салымдарын ресейлік салымдар деңгейінде қабылдауға апарады. Ал олар бойынша унификациялау қазіргі кезде мүлдем мүмкін емес.
Оның үстіне
Қазақстан өзінің кедендік тарифтерін
басқа БСҰға мүше-
Бұл жағдайда Қазақстан мен Ресей БСҰна әрқайсысы бөлек кіріп, Ұйымның толық құқылы мүшелері болады. Осыдан кейін Тараптарға келіссөздер барысында ортақ кедендік салымдар үлестерін келісу керек. Онда келісу үрдістері өзара тиімді болуы, яғни Ресей тарапынан да, Қазақстан тарапынан да жеңілдіктер керек.
Ортақ тариф келісілгеннен кейін Тараптар БСҰна мүше-мемлекеттермен дербес түрде өздерінің тарифтік міндеттерін өзгерту жөнінде жаңа келіссөздер раундын жүргізуі қажет.
Осы нұсқа Қазақстан экономикасына ең тиімді әрі орындалуы мүмкін деп танылады. [24, 176 б]
3.3 Халықаралық
интеграциялық үрдістер
Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері