Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71

Қорытынды........................................................................................................81

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84

Работа содержит 1 файл

Диплом Халықаралық интеграциялық үрдістер тәжірибелері және мәселелері.doc

— 652.50 Кб (Скачать)

Шанхай ынтымақтастығына мүше елдерінің кеңесінде бұл  елдер арасындағы сауда айналымы өскен, оның ішінде Қазақстан да осы  жылдың 6 айында 18 млрд.-қа өскен. Бұл  былтырғы жылдың осы мезгілі мен  салыстырғанда 52 пайызға өскенін көрсетеді. 2007 жылы қаңтар-тамыз айларында 11,8 млрд. доллар болған. Ресей тарапынан ШОС елдерінің ынтымақтастығының көп жақты бағдарламасын қайта қарау туралы ұсыныс түскен. [52, 587 б]

 Бүгінгі  күні ЫШҰ үш негізгі мәселені  шеше отырып – қауіпсіздік, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері, әлемдік саясаттың ажыратылмайтын шындығы болды. Бұл ұйымға Үндістан, Пәкістан, Моңғолия және таяу шығыстың басқа елдерінің өспелі қызығушылықты білдіруі бекер емес.

ЫШҰ аймақтық ұйым ретінде өзара сенімділіктің және аймақтық қауіпсіздіктің нығаюының, шекаралық реттеудің тізбекті және табысты дамуының арқасында пайда болып отыр. Бұл байланыста ЫШҰ қатысушылардың сауда-экономикалық ынтымақтастығының бағдарламасын бірігіп қабылдау және өңдеу үлкен мәнге ие болып отыр. Соңғы екі жыл ішінде ЫШҰ елдері арасындағы сауда 30 пайызға өсіп отыр.

ЫШҰ шегінде  Ұлы Жібек жолының Еуроазиялық  континенталь мосты сияқты жаңа сапалық  қалпына келуіне   ерекше мән  беріледі, өйткені ол экономиканың тұрақты дамуына, барлық аймақтың гүлденуіне және өзара сауданың дамуына әсер етеді. Мұнда тармақталған транзиттік және кедендік пунктермен, техникалық және басқа қызмет көрсету, жүк және қойма терминалдар жүйесімен авиациялық, темір жолдық, автомобильді және құрбы желілерінің негізгі бағыт болуы мүмкін.

Салдарының  маңыздылығы боынша келесі орынды ТМД  алады. ТМД – еркін сауда аймағы. ТМД жаңа тәуелсіз мемлекеттерді еркін сауда аймағын құру идеясымен бірлестіретін және соңғы жылдары Достақтыққа кіретін мемлекеттер бөлек жергілікті одақ қалыптастыратын  ірі одақтың бірі болып табылады. Мұндағы бір себеп – ТМД елдерінің еркін сауда аймағын құрудың және экономикалық интеграцияның нақты мәселелерін шеше алмауы. Бұл ұйымның шегінде осы күнге дейін әлі орындалмаған екі мыңнан астам құжаттар қабылданған.

Бірыңғай экономикасымен федеративті мемлекет құруға бағытталған  және кешенді сипаты бар, Еуроодақ мемлекеттерінде, Достастық мемлекеттерінде 2005 жылы референдумға шығарылған Конституцияның жобасында расталған Еуропалық Одақтағы интеграциялық процестерге орталықтан тыс ұмтулар  қарама-қарсы әсер болып табылады.  [57, 214 б]

Бұл жерде ЖІӨ  өсіміне, экспорт пен импорт көлемінің  ЖІӨ көлеміне қатынасымен анықталатын  сыртқы сауда квотасы сияқты көрсеткіш  әсер еткен кездегі сыртқы экономикалық фактордың ролі қарастырылады. Сонымен жоғарғы технологиялар өнеркәсіптік дамыған елдер арасындағы қарқынды айырбастың катализаторы болып табылады. Мысалы: өңдеуші өнеркәсіпте өнімді шексіздікке дейін ұсақтауға болады – автомобиль мыңдаған бөлшектерден жиналады, ал оларды әр түрлі мемлекеттерде шығаруға болады. Мұнда интеграцияның процесі тізбекті реакция ретінде болады және тоқтатуға  болмайтын тығыз байланыс.

ТМД елдерін  Еуропалық Одақ, еркін сауда аймағының  Солтүстік-американдық аймағы (NAFTA) және Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының ұйымы (АТЭС) сияқты ірі аймақтық бірлестіктермер салыстырғанда, негізгі экономикалық көрсеткіштер қазіргі кезде Достастықтың пайдасына тиімсіз қалыптасып отыр. [2, 18 б]

Егер елдер  арасында белгілі бір технико-экономикалық даму  деңгейі жетіспесе, онда олардың бірігуі экономикалық негіз бола алмайды. Мысалы: Африкада, «еркін сауда аймағы», «ортақ нарықтар» жарияланады, олардың штаб-пәтері құрылады, бірақ бұлардың бәрі тек қағаз бетінде қалады. Осы «бірлестіктерге» кіретін елдер бір-бірін толықтыра алмайды, өйткені азтехнологиялық өнім (банандар, мұнай, мыс, цинк) шығарады, сондықтан да интеграциялануда экономикалық қызығушылық жоқ. ТМД елдерінде де солай: Ресей Қазақстан, Түрікменстан сияқты, қарқынды түрде мұнай мен газды сатады, соның өзінде олар жоғарғы технологиялық өнімді шетелден алады. ТМД елдерінің тауар айналымының анализі қызық бір заңдылықты көрсетеді, мемлекет неғұрлым көп шикізат ресурсымен қамтамасыз етілсе, соғұрлым көп шетелге бейімделеді.

Біруақытта  ТМД елдері ДСҰ кіру жалпы мақсатының барысында – шетел нарығына ашық қол жеткізіп енуі кіру бойынша ортақ  стратегиялар мен біртұтас көзқарастың  жоқтығына ие болып отыр, яғни бірігіп  қандай жағдайларда болатынын қарастырмайды. Шамасы, мұның бәрін экономиканың даму деңгейі, экономикалық саясаттың мақсаттары сонымен қатар саяси түсініктер анықтайтын болу керек. Сонымен ДСҰ қатысты «алға жылжу» критерийі бойынша ТМД елдерін шартты түрде бірнеше топтарға бөлуге болады.

Бірінші топқа  енді түзілген мүшелер – ДСҰ еніп, 1994 жылғы 15 сәуірден еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге келісетін серіктестердің пайдасына көбірек қолайлы жағдай жасау тәртібін алу туралы өтініш жасамаған Армения, Грузия, Қырғыстан және Молдова елдері кіреді. Екінші топқа глобальді сауда интеграциясы бағытына белсенді түрде келе жатқан Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина - бірнеше мемлекеттердің тізімі кіреді. Үшінші топқа сылбыр дамып келе жатқан елдер - Өзбекстан, Әзірбайжан және Тәжікістан кіреді. [9, 178 б]

Халықаралық сауда одағына кіруді қаламаған, 1999 жылы сәуірде еркін сауда аймағын құру туралы Келісімдегі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы хаттамаға қол қоймаған Түрікменстан бір шетте қалып отыр.

Қорыта айтқанда, кедендік одақ және еркін сауда аймағын қалыптастыруға бағдарланусыз ДСҰ-на кіру шегінде ТМД елдерінің сауда либерализация тенденциясы қалыптасып отыр.

Экономикалық  ынтымақтастықтың ұйымы (ЭЫҰ). ЭЫҰ 1977ж. Измир келісімі негізгі құжаты болып табылады. (1990,1992,1996 жж. өзгертулермен). [8, 449 б]

ЭЫҰ негізгі  мақсаты – олардың өз ресурстарын  пайдалану арқылы және «тарихи, мәдени, діни және этникалық жақындығына» қарай  қатысушы елдердің экономикалық дамуына  әсер ету. Көпжақты кооперацияларды  даму мақсаттары үшін құрылған және аймақта  жалғыз ғана байтақ құрылғы болатын, әр түрлі геосаяси бейімделу, экономикалық потенциалмен және әлеуметтік-саяси құрылғысы бар мемлекеттерді біріктірді. ЭЫҰ-ға үміт пен күтім жүктелген позициясымен ЭЫҰ қарастыра отырып, аймақта осы ұйымның пайда болғаннан бүгінгі күнге дейін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлардың бүкіл жиынын көңілге алған жөн. ЭЫҰшегінде ынтымақтастықтың дамуына кедергі жасайтын валюталық қаражаттардың жетіспеуі, экпорттық номенклатура және экономикалар құрылымының өзара толықтыратын экономикалық  ұқсастығының жоқтығы, сонымен қатар бөлек қатысушы елдер арасындағы уақытпен анықталған қатты, саяси қарама-қайшылықтар. ЭЫҰ елдерінің адам және табиғи потенциалы туралы көп уақыт айтылып келді, соңғы он жылдық ішінде аймақ әлемдегі тұрақсыз аймақтың біріне айналғанына аз көңіл бөлінді.

Егер XX ғасырдың 90 жылдар басында ЭЫҰ қатысушы елдер  арасында  жеке белгілер бойынша  негізін қалаушылар мен қайта  енушілерді айырып қарасақ, ал қазіргі  жағдайда бұл қатысушы елдерөздерініңртықлықтары мен қалауын анықтағаннан кейін енді актуальді емес болып отыр. Иран және Қазақстан транспортты, коммуникациялы және кооперациялы байланысқа, Түркия сауда, аграрлы сетор мен туризмге, Әзірбайжан, Қырғыстан, Пәкістан энергетика саласына бейімделген. Түрікменстан өзінің мүддесі саласында әлі әлсіз болып отыр. Афганистан көптеген жылдардағы соғыстан кейін енді экономиканы жаңа қалыптастыруға келіп отыр. [39, 480 б]

Бірақ, бүгінгі  таңда ЭЫҰ қатысушы елдерге өзара  экономикалық ынтымақтастықтың интенсификациясының қажеттілігін ескерген жөн. 300млн. Халқы бар территориясымен көлемді және келешекті нарықты ұсынады. Сонымен елдердің транзитті мүмкіндіктері халықаралық теңіз тасымалына бәсекелес болып отыр. Соңғы кезде транспорт және энергетика саласында көпжақты және екіжақты жобалардың бтамасы үге асып отыр. Энергетика жобаларының арасында Әзірбайжан, Қазақстан және Түрікменстанда мұнай мен газды өңдеу, энергоресурстарды тасымалдау (Түркия арқылы Қазақстан мен Әзірбайжаннан мұнай құрбыларын салу, Түрікмениядан Иран және Түркия арқылы газқұрбысымен қамтамасыз ету), әзірбайжандық, қазақстандық және түрікменстандық мұнайды иран заводтарында өңдеу, аймақтың энергожүйелерін біріктіру көзделіп отыр.

ЭЫҰ жасалған транспорт  инфрақұрылымын дамыту жоспары өзіне  Иранды Тұрікмениямен және Әзірбайжанмен Пакистанды Түрікмениямен біріктіретін темір жол желісін, Орталық Азиядан Үнді мұхиты мен Парсы бұғазы порттарына жүктерді жеткізе алатын автомагистральді салу қосады.

ЭЫҰ қатысушы елдердің шетелдік қызмет Министрлердің Қауымының мәжілісі бойынша 2003ж 11 тамызда Бишкек қаласында  ЭЫҰ Бас Хатшысы болып 2003ж -2006ж дейін Қазақстандық өкілет Б.Нарбаев тағайындалды. Бұдан біз бұл Ұйымда біздің еліміздің алдыңғы қатарда тұрғанын көреміз.

Бір уақытта  ЭЫҰ қатысушы елдердің Афганистанды қайта қалпына келтіру процесіне және әрі қарайғы саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрақтылыққа және аймақты дамытуға маңызды екені белгілі, 2003-2008жж. «Афганистанды қайта қалпына келтіру процесінде ЭЫҰ қатысуы» деген ұйымның жасалған Жоспары концептуалды құжат ретінде қаралды және бекітілді. [42, 3 б]

Сондықтан ТМД, ЕурАзЭҚ, ЫШҰ және ЭЫҰ қазіргі  кезде  бір-бірін алмастыра алмайды  және итеріп шығара алмайды, әр түрлі  географиялық құрылымы бойынша және сыртқы сауда сыйымдылығы бойынша  аймақтық нарықты ұсынады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті болжағандай, келешекте «егер мұнда қажеттілік туындаса онда бәрі осыған келіседі», яғни біртұтас халықаралық ұйымды құру мүмкін болады.

АТМЭӘК (ЭСКАТО) және ЕЭК дайындаған Орталық Азия экономикалары үшін арнайы бағдарлама (СПЕКА) бойынша «аймақтандыру» жолындағы халықаралық ынтымақтастықты активтендіру қажеттілігі  ерекше мәнге ие болып отыр. АТМЭӘК-нің жәрдемдесу барысында бәрін қамти алатын халықаралық сауда туралы деректер қорын қолдануға мүмкіндік беретін механизмді қалыптастыру керек. АТМЭӘК аймағында АТЭС және АСЕАН сияқты экономикалық ұйымдар жұмыс істейді. 3,5 млрд. халқы бар Азия-Тынық мұхиты аймағы Ресей, Қытай, Үндістан, АҚШ, Жапония, Канада, Австралия сияқты ірі мемлекеттер мен Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриалды мемлекеттерін өзіне қосады. [59, 28 б]

Сонымен, әлемдік  шаруашылықтағы экономикалық қатынастардың  құрылымына көңіл аударсақ, онда екі  негізгі тенденция бар. Бұл бір  жағынан дамыған елдер арасындағы, екінші жағынан дамушы елдер арасындағы тең құқықсыздық, баламасыз экономикалық қатынастардың тенденциясы.

Өз-өзіне жол  ашатын екінші тенденция жалпы экономикалық мәселелерді бірігіп шешу үшін әр түрлі мемлекеттердің күш салысуларының  бірлестігі жолында экономикалық қиындықтардан  шығу бағыттарын іздеуден тұжырымдалады. Сонымен халықаралық интеграцияның жағдайы мен дамуына әсер ететін негізгі факторлар саяси және экономикалық тұрақтылық, нарықты реттейтін құқықтық негіз болып табылады. [4, 178 б]

 

Қорытынды

 

Қорытындылай  келетін болсам интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болады.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал,жұмысшы күші,технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтыра бастады.

Сонымен, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) –  экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді. [62, 33 б]

Қазіргі таңдағы халықаралық  қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен  заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен  байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр. Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.

Еуро Одақ Еуропа елдерінің  экономикасын көтеруде  басқа дамыған елдерге қарағанда  едәуір алда.  Еуро Одақтың әлем нарығындағы  орыны өте жоғары, ақша бірлігі - еуро құнының құндылығы да көп елдер арасында жоғары, көптеген экспорттық импорттық операциялар осы валюта негізінде жүргізіледі. Еуро Одақ ұстанған саясат өзінің ішкі құпиялылығымен де ерекшелінеді. Ал сол саясатты іске асыру барысында ешқандай қайшылықтар болмағаны дұрыс, бұл дегенім соғыс сынды қауып түғызарлық жағдайлар.

Қазіргі таңдағы  халықаралық қатынастардағы интеграциялық  үрдістер әлемнің даму тенденциясы  мен заңдылықтарының негізі болып  табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр.

Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері