Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71

Қорытынды........................................................................................................81

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84

Работа содержит 1 файл

Диплом Халықаралық интеграциялық үрдістер тәжірибелері және мәселелері.doc

— 652.50 Кб (Скачать)

 

Социалистік жүйеден  өтудің әдіснамасы мен теориясының жоқтығына қарамастан, Қазақстан соңғы жылдары көптеген жетістіктерге жете алды. Егемендікті алғаннан бері «Батыс бізге міндетті түрде көмектеседі» деген аңғырт романтикалық сенімнен, мемлекеттің ұлттық мүдделері басымдық фактор ретінде алға шығатын  прагматикалық сыртқы және ішкі саясатқа дейінгі қиын жолдар қамтылды.

2003ж. маусымда  Калгари қаласында Канада бизнес  элитасының алдында Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Назарбаев  сөз сөйлегендегі айтуы бойынша  «Біз шаруашылықты жүргізудегі қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейтуге және жеке адамның бастамасын босатуға негізделген экономиканың жаңғырту сценариін таңдап алдық». [24, 216 б]

Мемлекет сыртқы сауда қызметінің заңды бастамасын жетілдіруге бағытталған құрылымдық процестерге, қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге жарамдылығының жоғарлауына, шетел инвестицияларын тартуға, жаңа технологиялардың трансфертіне, өндірістік модернизацияға, сауда және фирма белгілерін қолдануда құқықтарды регламенттеуге, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге және тауар-шикізатар биржасының дамуына әсерін тигізе алады.

Экономикалық  қатынастар негіздерінің принципті  өзгерулеріне және экономиканы реттеуде нарықты механизмдерді енгізуге бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған бағыты өзінің болымды нәтижесін көрсетті. Ұзақ мерзімді, серпінді өсу, бәсекеге жарамдылық және тиімділік әлуетіне ие болатын экономиканың қазақстандық моделін қалыптастыруда үлкен сілкініс жасалды.

15 миллион халқы  бар Қазақстан (асимметриялық территориялық орналасуы,солтүстікте  жоғарғы тығыздықты халқы және елдің оңтүстігінде аудан орталығында халық аз қоныстанған) ішкі нарық сыйымдылығы бойынша кішігірім мемлекет және ұзақ уақыт экономикалық өсу үшін қазақстандық экономика үлкен төрт нарықтар қалыптасу барысында орналаса тұрып экспорттық бейімделген болуы керек: Еуропалық Одақ (ЕО), Ресей, Қытай және Орта және Таяу Шығыс. [43, 67 б]

Демек, қарастырылған  нарықтар экономикалық потенциалдарды күшейту барысында алда болып келеді. ЕО оған жаңа мүшелер кіргеніне байланысты экономикалық үлкен обьект ретінде қалыптасқан. Ресей дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекет, Совет Үкіметі шегінен оқшаулануы көптеген жылдардан кейін ғаламдық экономикаға интеграциялануын жалғастыруда. Қытай ұсыныс пен тұтыну барысында нарықтың дамуында АҚШ-тан озып, жаңа күшті мемлекет ретінде тез қарқынмен дамуда. Орта және Таяу Шығыс саяси тұрақсыздыққа көңіл аудармасақ, онда жер шарындағы табиғи байлықтары және адам потенциалына байланысты ең бай аймақ болып табылады. Сонымен, Қазақстан өзінің сыртқы сауда саясатында халықаралық еңбек бөлінісіне кіру үшін үлкен талғамға ие болып отыр. Ол үшін салыстырмалы артықшылықтар принциптерінен бас тартып, онда қатысу стратегиясын шығару керек.

Бүгінгі таңда  Қазақстан қайта құру экономикасымен және белсенді көпжақты сыртқы саясатымен, 2002 жылы наурызда Америка Құрама Штаттарымен ресми танылған «нарықтық экономикасындағы елдер» статусымен, сонымен қатар Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру қарсаңындағы  жеткіліктелінген мемлекет болып табылады. [41, 142 б]

Реформаларды  дәйекті орындау шарты бойынша  қажетті құқықтық негіз құрылды, сыртқы нарықта өзінің тауарлары  мен қызметтерін өткізуді ұлғайтуға  мүдделі, шетел компанияларымен  тиімді өзара іс-қимыл жасауға  және бәсекелесуге қабілетті жеке меншік сектор пайда болды, соның ішінде мемлекеттің нарықтық статусы қазақстандық экспортшыларға әділ демпинг бағаны анықтауды және баға лимитін жоюды қамтамасыз ету керек. ХВҚ және жетекші шетел зерттеушілер орталықтарының бағалауы бойынша, тізбектік макроэкономикалық саясатты және тиімді құрылымдық реформаларды        орындау барысында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша қазіргі кезде Орта Азия және постсоветтік мемлекеттерден елеулі озуда. Сонымен Қазақстан экономикасы жеке меншікке және кәсіпкерлікке (ЖІӨ 70%-і жеке секторлармен өндіріледі) сүйене отырып, максимальді либеральді болып сипатталады. Дүниежүзіндегі 177 мемлекетпен экспорт-импорттық операциялар орындалуда, 50 мемлекетпен сауда-экономикалық келісімдер жасалды және олардың көбімен барынша көп қолайлы жағдай жасау тәртіптеме негізінде сауда жасалуда. Бұдан басқа ТМД елдерінің 6 елімен еркін сауда тәртіптемесі белгіленген, ал 6 елмен ЕврАзЭҚ шеңберінде Кедендік Одақ, ал 3 мемлекетпен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) құру бойынша жұмыс жалғасуда. [11, 63 б]

Қазіргі кезеңде  информациялық технологиялардың жылдам қарқынмен дамуы ғаламдық экономикалық интеграцияны жүзеге асырудың әдістері мен жаңа формаларының пайда болуына  және ұлттық шекаралардың жақындауына  мүмкіндік туғызып отыр. Халықаралық экономикалық бірлестіктер мен өзара тиімді бірлесудің саясаты жалпылама қабылданған халықаралық сауда, одан бұрын ДСҰ-ң нормалары мен ережелерінің сыртқы сауда тәртібімен жақындасуын және жан-жақты қарым-қатынастың кеңеюін талап етеді.

Қазақстан өзінің геосаясаттық жағдайының күшінде Еуропа мен Азия торабында орналасқан, үлкен экономикалық әлуетті қамтыған транзиттік мемлекет ретінде  ғаламдық процестерден тыс бола алмайды, өйткені жаңа геосаясаттық және экономикалық әл-қуат XXI ғасырдың басында әлемдік және аймақтық дамудың катализаторы болып табылады.

Қазақстанның  мүдделері ірі еуроазиялық мемлекеттер  сияқты жан-жақты өзгешелікті болып  келеді және бір мағынада географиялық бекітумен алдын ала анықталмаған. Өсіп келе жатқан ғаламдану Қазақстанға қалай ТМД, ЕурАзЭҚ, ЦАС, ШОС, ОЭС шеңберінде бірлесіп істеу негізін, солай басқа халықаралық ұйымдармен байланыстарды ұлғайту жолын әлемдік экономикаға белсенді интеграцияның қажеттігін ұсынады.   [24, 267 б]

ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК, ОАҚ, ШЫҰ, ЭЫҰ аймақтық бірлестіктердің шегінде экономикалық қарым-қатынастарды нақты жобаларда, осы бірлестіктердің қатысушы елдер арасындағы келісім-құқықтық базаға сәйкес бағдарламалар мен бастамаларда жүзеге асыру керек.

Қазақстанның  басқа ЕурАзЭҚ қатысушы елдермен қарым-қатынаста ДСҰ-ға кіру процесіне, қазақстандық өнімді Еуропалық Одақ, АҚШ және басқа елдердің нарығына әкелуде шектеулерді алып тастауға, әлемдік нарықта отандық тауарлар мен қызметтерге қол жеткізу үшін жағымды жағдайлар туғызуға ерекше көңіл бөлген жөн. 

Осы орайда экономиканың тепе-тең дамуы сатысына енген Қазақстан үшін әр деңгейлі интеграция принципін енгізу өте маңызды болып саналады. Сондықтан да, интеграцияның белгілі бір варианты бойынша қол жеткізілетін интеграциялық әсерлердің сандық параметрлерін анықтау өте оңды болып табылады.

Жалпы алып қарағанда  негізгі басымдылық ЕурАзЭҚ-на, БЭК-ке және Шанхай ынтымақтастық Ұйымына  берілуі мүмкін. [22, 123 б]

Еуроазиялық Экономикалық Қауымдастығы (ЕурАзЭҚ). Қырғызстанның  5+N Келісіміне келешекте қатыспауын қалайтын талаптарға сай ДСҰ-на кіруі, сонымен қатар Ресей мен Беларусь арасында Одақтық мемлекеттің  қалыптасуы Кедендік одақты құру бастапқы идеясын қайта қарауға алып келді.

Еуроазиялық интеграция бойынша  Қазақстан Республикасының  Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы негізінде 2000 жылы 10 қазанда Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Өзбекістан мүше болып кірген. Қадағалаушының мәртебесіне Армения, Молдова мен Украина ие болды. [24, 128 б]

Егер Н.С Трубецкой, П.Н Савицкий, Г.В Вернадский, Л.Н Гумилев және басқа ресей ой толғаушылары еуроазиялау идеяларының өзекті бағытында негізгі көіңілді «Еуроазиялық мәдени кеңістікке» аударса, онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев ТМД елдерінің көшбасшыларының арасында ең бірінші рет еуроазиялауды жалпы экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени мәселелерді шешу үшін жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тиімді интеграциялануының негізгі жолында көрді. «Бұл біздің барлық елдеріміз бен халқымыздың мүдделеріне жауап береді. Бұл соңғы құлдыраудан қорғанудың жалғыз жолы және әлеуметтік-саяси катаклизмнің және геосаяси апаттардың болуынан жалғыз ғана кепілдік. Бүгінгі таңда бүкіл әлем интеграцияға, күштердің бірігуіне, қарым-қатынастарды саналы түрде реттеуге ұмтылады. Біздің көз алдымызда Еуропалық Қауымдастықтың, араб елдері лигасының, Австралиялық одақтың, оңтүстік-америка елдері және Тынық мұхиты елдерінің бірігуінің тәжірибесі тұр. Олардың бәрі даму және өздерінің қарым-қатынастарын нығайту жолында, әр уақытта өзара қолайлы шешімдер табуда және одан әлемдік қауымдастықта, әлемдік нарықта  тек қана жеңуде. Біз олардың тарихынан, тәжірибесінен үлгі алуымыз керек, соңғысы, қандай да бір елдің әлемдік қауымдастыққа кіруі бүгінгі күнде жалғыз кіруі мүмкін емес.[11, 35б]

Еуроазиялық қауымдастықты құру қажеттілігі ТМД елдерінің жаңа даму кезеңіне өту қажеттілігімен, осы одаққа қатысушы елдердің бірлесе қабылдаған міндеттемелерін қадағалауға кепілдік беретін экономикалық интеграцияның жоғарғы деңгейіне өтуімен түсіндіріледі.

Бірлестік - ТМД  кеңістігіндегі шынайы экономикалық интеграцияның үлгісі болуға талап етілуде. Келісімде Біртұтас экономикалық кеңістік және Кедендік одақ құру туралы келісімдермен анықталған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастағының тұжырымдамасы айтылған. Сонымен қатар, онда ұйымдық-құқықтық инструменттер және жетістікке жеткен келісімдердің іске асыру механизмі, келісілген келісімдерді синхронды және баламалы орындау, қатысушы елдердің жауапкершілігі мен шешімдерді қабылдауды іске асыруды бақылаудың жүйесін енгізу қарастырылған.

Бүгінгі таңда, ЕурАзЭҚ елдері үшін кедендік процедуралар ықшамдалған, тауарлардың ауысуына әсер ететін ҚҚС екі жақты салық  салу жойылды. Салааралық ынтымақтастануда қозғалыс көріне бастады. Мысалы, Алматыда электр энергиясын транзиттеу қызметіне тарифтерді есептеу әдісін бірігіп қолдану, энергетикалық нарықты информациялық қамтамасыз етудің  жалпы жүйесін құру, энергетикалық отынбалансын бірігіп өңдеу, энергетикалық жүйелердің паралель жұмыс істеу туралы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті тұсында энергетикалық саясат бойынша Кеңестің үшінші мәжілісі өткен.

Қазіргі кезде  интеграцияны басқару органдарының жұмыс істеуі жаңа функциялар мен  міндеттердің тууына себеп, олардың  құрылымдары мен жұмыс істеу  тәртібі жақсаруда. Сонымен, ЕурАзЭҚ туралы Келісімге қол қоюмен интеграциялық қарым-қатынас жаңа принциптер мен форматтарды қалыптастыруда. Келешекте ЕурАзЭҚ елдерімен интеграцияның тиімді жолын жасау, заңды және нормативті-құқықтық актілерді үйлестіру, келісілген тарифтік, кедендік, сауда, валюта-қаржылық, ақша-несиелік, салық саясатын жүргізу мақсаттары алда тұр. [41, 87 б]

Сонымен қатар  бірнеше сұрақтар туындайды, төрт елдің  Қазақстан, Белорусь, Ресей және Украина  басшыларының шешімімен байланысты сауда және тариф бойынша тәуелсіз мемлекетаралық Комиссияны құруды қарастыратын Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша келіссөз процесі басталды. Оның құзіретінде тауарларды сатуды либерализациялау, импорт және экспорт баждарын белгілеу, капитал қозғалысының режимін және капиталды салуды қорғауды қалыптастыру, бөлек секторларда қызметтерді сату режимі, Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері мен принциптеріне негізделген бәсекелік саясатты сәйкестендіру сұрақтары туып отыр.

Тараптар позициясының бір-бірінен әлі алыс екенін және ЕурАзЭҚ шегінде біртекті тәсілдемесін қалыптастыра алмайтынды болжауға болады. Мүдделердің келісім процесі көп уақыт пен күштерді талап ететінін байқауға болады, оған мысал бола алатын, ЕурАзЭҚ өткен Кедендік одақты қалыптастыру.

Келесі топ  – Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК). Шектеусіз еркін сауда аймағын құру туралы Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина мемлекеттері басшыларының өтініші өзара саудада антидемпингтік, компенсациялық және бәсекенің біртекті ережелер негізінде арнайы қорғау шараларын қолданбауды, мемлекеттік қолдау нысандары мен субсидияларды қолдануды болжайды.   [43, 231 б]

Қазіргі кезде  көпжақты экономикалық ынтымақтастықты  тереңдетуге бағытталған шаралар  бағдарламасын ұсынатын біртұтас экономикалық кеңістікті құру Концепциясы жетілдіруде. Сонымен қатысушы елдер ДСҰ кіру бойынша келіссөз процесінің әр түрлі кезеңінде болғанын ескере отырып, келісілген талаптарға сай ДСҰ-на кіру - БЭК қалыптастырудың негізгі талабы болып табылады. «Төрттік» елдердің жалпы халық саны – 216 млн. адам. 2004 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Беларусь, Ресей және Украинамен тауар айналымы 8813,4 млн. АҚШ долларын құрды, соның ішінде экспорт - 3134,0 млн. АҚШ долларын, импорт - 5679,3 млн. АҚШ долларын құрайды. Сонымен Қазақ-станның тауар айналымында Ресейдің үлесі 87%, Украина - 11 %, Беларусь - 2%.

Топтастық  саяси  сипаттағы салдарының маңыздылығы  және посткеңестік кеңістіктен сыртқа шығатын кең ауқымды қамтуы бар Ынтымақтастықтың Шанхай ұйымы (ШОС). Бұл ұйым 2001 жылы 15 маусымда құрылды (Шанхай қаласында). Өзінің құрамына ұйым Қытайды, Ресейді, Қазақстанды, Қырғыстан, Тәжікстан және Өзбекстанды енгізеді.

Негізгі жарғылық құжаты 2002 жылғы 7 маусым ынтымақтастықтың Шанхай ұйымының Хартиясы болып табылады. (Санкт-Петербург). [54, 172 б]

Территория ауданы бойынша бұл елдер Еуроазияның үштен бес бөлігін құрайды, сонда тұратын халықтың санынына байланысты  - жер шарындағы халықтың төрттен бір бөлігін құрайды. Жиын бойынша алты елдің нарығы сыйымдылығы бойынша шектелмеген, өзінің дамуына жеткілікті болып табылады. Ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • қатысушы елдер арасында өзара сенімділікті, достықты нығайту;
  • аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті және тыныштықты нығайту және қолдау, жаңа демократиялық және рационалды саяси, экономикалық халықаралық тәртіпті құру мақсаттарында көпжақты ынтымақтастықты дамыту;
  • терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, есіртке және қару-жарақты заңсыз түрде қолдану, басқа да трансұлттық қылмыстық жұмысқа ену, заңсыз түрде миграциялау, барлық жақтарында біріге бет бұру;
  • әлемдік экономикаға интеграциялау тәсілдемелерін координациялау; қатысушы елдердің халықаралық міндеттеріне және олардың ұлттық заңдылықтарына сай адамның негізгі бостандық құқығын қамтамасыз етуін жүзеге асыру;
  • XXI ғасырда Ұйымның қатысушылары алдында пайда болатын мәселелердің шешімдерін бірігіп іздеу.

Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері