Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….
1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША
Ескерту - * р=0,01 деңгейіндегі айырмашылықтар маңызды, ** - р=0,05 деңгейіндегі айырмашылықтар маңызды
Р 0,05 үшін Uкр = 628, n1=40 және n2=40 үшін
Р 0,01 үшін Uкр = 557, n1=40 және n2=40 үшін
Сонымен, жалғандық шкаласы (Uэмп=429), агрессивтілік шкаласы (Uэмп=541) және сензитивтілік шкаласы (Uэмп=580) үшін Н1 болжамы қабылданады, яғни бұл шкалаларда жігіттердің көрсеткіштері қыздардың көрсеткіштерінен елеулі айырмашылықтары бар.
Жігіттердің
жалғандық шкаласы бойынша
Экстраверсия, ригидтілік, интроверсия, үрейлілік, агравация, эмотивтілік сияқты шкалалары үшін Н0 болжамы қабылданады, яғни жігіттердің көрсеткіштерінің осы шкалалар бойынша қыздардың көрсеткіштерімен салыстырғанда айырмашылығы елеулі.
Біздің болжамдарымыздың бірі бойынша, жігіттер мен қыздар арасында конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынастарында және агрессивтілікті танытуында айырмашылық бар. Біз нәтижесінде жігіттер қыздарға қарағанда агрессивті екендігін анықтадық, сонымен ұсынылған болжамның расталуын жартылай таптық.
Агрессияның нақты қандай
түрлері басымшылықпен
К. Томас пен Р. Килменнің конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық стратегиясын зерттеу әдістемесі.
Осы әдістемеде анықталған конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық стратегиялары бойынша орташа көрсеткіштері есептелді. Нәтижелері 3 суретте диаграмма трүінде және кесте (5 кесте) түрінде ұсынылып отыр.
Ескерту – абсциссалар осі бойынша: 1 – бәсекелестік, 2 – ынтымақтастық, 3 – компромисс, 4 – қашқақтау, 5 - бейімделу. Ординаталар осі бойынша – әдістемені қолдану нәтижесі бойынша жинақталған ұпайлар.
Сурет 3. К. Томас пен Р. Килмен әдістемесі бойынша орташа көрсеткіштер
Кесте 5. К. Томас пен Р. Килмен әдістемесі бойынша орташа көрсеткіштер
№ п/п |
Конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық стратегиясы |
Жігіттер (n=40) |
Қыздар (n=40) |
1 |
Бәсекелестік |
5,175 |
4,275 |
2 |
Ынтымақтастық |
5,925 |
6,35 |
3 |
Компромисс |
6,05 |
7,2 |
4 |
Қашқақтау |
6,375 |
5,425 |
5 |
Бейімделу |
6,475 |
6,75 |
Әдістеме нәтижелері
бойынша жігіттердің келесі шкалалардағы
орташа мәндері қыздардың
Топтар бойынша айырмашылықтар растылығы U – Манна-Уитни критерийінің көмегімен тексерілді.
Біз екі статистикалық болжамды ұсынып отырмыз:
Н0: жігіттердің шкалалық көрсеткіштерінің қыздардың шкалалық көрсеткіштерінен айырмашылығы жоқ.
Н1: жігіттердің шкалалық көрсеткіштерінің қыздардың шкалалық көрсеткіштерінен айырмашылығы бар.
Алынған нәтижелер 6 кестеде ұсынылады.
Кесте 6. К. Томас пен Р. Килмен әдістемесі бойынша айырмашылықтар растылығының нәтижелері
Шкалалардың аталуы |
Инверсияның ең төмен саны (Uэмп) |
Бәсекелестік |
591** |
Ынтымақтастық |
756 |
Компромисс |
601** |
Қашқақтау |
492* |
Бейімделу |
765 |
Ескерту - * р=0,01 деңгейіндегі айырмашылықтар маңызды, ** - р=0,05 деңгейіндегі айырмашылықтар маңызды
Р 0,05 үшін Uкр = 628, n1=40 және n2=40 үшін
Р 0,01 үшін Uкр = 557, n1=40 және n2=40 үшін
Нәтижесінде, қашқақтау шкаласы (Uэмп=492) үшін, бәсекелестік шкаласы үшін (Uэмп=591) және компромисс шкаласы үшін (Uэмп=492) Н1 болжамы қабылданады, яғни жігіттер мен қыздардың осы шкалалар бойынша көрсеткіштерінің статистикалық айырмашылықтары бар. Н0 болжамы келесі шкаллар үшін қабылданады: ынтымақтастық (Uэмп=756), бейімделу (Uэмп=765).
Сонымен, біз жігіттер мен қыздардың конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынастарының айырмашылығы бар екендігі туралы болжамның расталуын алдық. Олардың қарым-қатынастары қашқақтау, бәсекелестік, компромисс сияқты стратегиялар бойынша өзге болып анықталды. Жігіттер конфликтілік жағдайлар барысында бәсекелестік немесе қашқақтау стратегиясын қыздарға қарағанда жиі қолданады. Қыздардың компромисске баруға дайындығы жігіттерге қарағанда елеулі жоғары.
А. Басс және А. Даркидің тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеуге арналған әдістемесі
Біз осы әдістемеде анықталып
отырған агрессивтілік
Ескерту – абсциссалар осі бойынша: 1 – физикалық агрессия, 2 – жанама агрессия, 3 – ашушаңдыққа бейімділік, 4 – негативизм, 5 - реніш, 6 - күмәндәнутік, 7 – вербалды агрессия, 8 – кінә сезімі. Ординаталар осі бойынша – әдістемені қолдану нәтижесінде анықталған ұпайлар.
Сурет 4. А. Басс және А. Дарки әдістемесі бойынша орташа мәндер
Кесте 7. А. Басс және А. Дарки әдістемесі бойынша орташа мәндер
№ п/п |
Агрессивтілік формалары |
Жігіттер (n=40) |
Қыздар (n=40) |
1 |
Физикалық агрессия |
6,8 |
5,9 |
2 |
Жанама агрессия |
4,15 |
5,175 |
3 |
Ашушаңдыққа бейімділік |
5,6 |
6,125 |
4 |
Негативизм |
3,275 |
3,525 |
5 |
Реніш |
4,075 |
4,675 |
6 |
Күмәндәнутік |
5,8 |
5,325 |
7 |
Вербалды агрессия |
7,625 |
8,475 |
8 |
Кінә сезімі |
6,15 |
6,75 |
Алынған нәтижелер жігіттердің келесі шкалалар бойынша көрсеткіштері едәуір жоғары екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді: физикалық агрессия (0,9 жоғары), күмәндәнутік (0,475 жоғары); ал қыздардың осы әдістеме бойынша келесі шкалалар бойынша көрсеткіштері жігіттердің нәтижелеріне қарағанда жоғарылау, яғни барлық басқа шкалалар бойынша: жанама агрессия (1,025 жоғары), ашушаңдыққа бейімділік (0,525 жоғары), негативизм (0,25 жоғары), реніш (0,6 жоғары), вербалды агрессия (0,85 жоғары), кінә сезімі (жоғары 0,6). Физикалық агрессия мұнда басқа адамға қатысты қара күшті қару ретінде қолдану мағынасында айтылады. Жанама агрессия түсінігі басқа адамға тікелей бағытталған емес, жанама түрде бағытталған қарсылық көрсетуді білдіреді, яғни зұлымды өсектер, басқа адамды келеке ету, мысқылдау, мазақ қылу, және ешкімге бағытталмаған агрессия туралы айтылады, яғни айқай, тебіну, ауаны жұдырықтау және т.с.с. белгілермен білдірілетін қатты ашу. Ашушаңдыққа бейімділік дегеніміз - бұл кез келген тітіркендіргіш жағдайы пайда болғанда, шатынаушылық, дөрекілік көрсету. Негативизм түсінігі мінез-құлықтың оппозициялық түрін білдіреді, әдетте ол беделді адамдар немесе басшылыққа қарсы бағытталған әрекеттер сипатында болады. Реніш – қоршаған ортаға бағытталған қызғаныш немесе жеккөрушілік түріндегі мінез-құлық түрлері, әдетте ол бүкіл әлемге қарсы білдірілетін шын мәнісінде орын алған немесе ойдан шығарылған қайғы-қасіреттер үшін күйіну, ашу түрінде байқалады. Күмәндәнутік – бұл басқа адамдарға қатысты сенімсіздік немесе ерекше сақтық, бұл сезімнің негізінде қоршаған ортадағы адамдар қастық жасауға дайын тұрады деген шалыс көзқарас жатыр. Вербалды агрессия – айқайлау, шыңғыру түрлерінде білдірілетін жағымсыз сезімдер немесе бұл сезімдер қорқыту, қарғау, ұрсу сияқты сөздік мағынасында жеткізілуі де мүмкін. Кінә сезімі – бұл адамның өзі туралы нашар көзқарастарына немесе қастандық жасағандығы туралы өкініштік сезімдеріне негізделетін мінез-құлық стратегиясы.
Топтар бойынша нәтижелерінің айырмашылық растылығы U –Манна-Уитни критерийін қолану арқылы тексерілді.
Біз екі статистикалық болжамды ұсынып отырмыз:
Н0: жігіттердің шкалалық көрсеткіштерінің қыздардың шкалалық көрсеткіштерінен айырмашылығы жоқ.
Н1: жігіттердің шкалалық көрсеткіштерінің қыздардың шкалалық көрсеткіштерінен айырмашылығы бар.
Алынған нәтижелер 8 кестеде ұсынылады.
Кесте 8
А. Басс және А. Дарки әдістемесі бойынша айырмашылық растылығының нәтижелері
Шкалалардың аталуы |
Инверсияның ең төмен саны (Uэмп) |
Физикалық агрессия |
520* |
Жанама агрессия |
636 |
Ашушаңдыққа бейімділік |
699 |
Негативизм |
612 |
Реніш |
715 |
Күмәндәнутік |
596 |
Вербалды агрессия |
751 |
Кінә сезімі |
794 |
Ескерту - р=0,01 үшін айырмашылықтар маңызды
Р 0,05 үшін Uкр = 628, n1=40 және n2=40 үшін
Р 0,01 үшін Uкр = 557, n1=40 және n2=40 үшін
Жігіттер мен қыздардың шкалалар бойынша көрсеткіштері нөлден елеулі өзгеше екендігі туралы Н1 болжамы физикалық агрессия (Uэмп=520) шкаласы үшін қабылданады. Алынған мәліметтер ерлер әйелдерге қарағанда физикалық агрессияға бейім болып келетіні туралы кеңінен таралған көзқарасқа қарсы емес, бұл нәтиже сонымен қатар алдыңғы зерттеулер нәтижелеріне де қарама-қайшы келмейді, атап айтқанда, А.У. Ескендірованың зерттеу жұмысында жасалған қорытындыларына сәйкес келеді [24], оның физикалық агрессияға қатысты нәтижелерімен біздің зерттеуіміз сәйкес болғанымен, вербалды агрессияға қатысты қорытындылар өзгеше екендігін айта кеткен жөн.
Н0 болжамы келесі шкалалар үшін қабылданады: жанама агрессия, ашушаңдыққа бейімділік, реніш, вербалды агрессия, кінә сезімі, негативизм, күмәндәнутік, яғни бұл жағдайда жігіттердің нәтижелі көрсеткіштері қыздардың көрсеткіштерінен айырмашылықтары елеулі емес.
Сонымен, агрессияның және дұшпандылық реакциялардың басқа түрлері, оның ішінде вербалды агрессия, жігіттерге де, қыздарға біркелкі тән екендігі анықталып отыр.
Осы әдістеменің нәтижесінде біз жігіттер мен қыздар арасындағы конфликтілік жағдайлар кезіндегі қарым-қатынастарындағы агрессия таныту ерекшеліктерінде айырмашылықтары бар екендігі туралы болжамның расталуын таптық. Біздің зерттеу нәтижесінде жігіттер қыздарға қарағанда физикалық агрессияға бейімділігі жиі кездесетіні статистикалық растылығымен дәлелденгені анықталды.
Корреляциялық талдау
екінші және үшінші болжамдарды тексеру үшін біз корреляциялық талдау жасадық. Ол үшін біз Спирменнің рангілік корреляция коэффициентін қолдандық.
Спирменнің сызықтық корреляциясының рангілік коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда n – рангіленетін белгілер саны, біздің жағдайымызда бұл зерттелінушілер саны (n=80);
D – әр зерттелінуші үшін екі өзгергіш бойынша рангтер арасындағы айырма;
- рангтер айырмасының квадраттық қосындысы.
1. Енді психологиялық жыныс пен мінездің басым тенденциялары арасындағы байланысты тексеріп көрейік
Біз корреляция коэффициентінің эксперименталдық мәнін Exсel бағдарламасының көмегімен есептеп алдық.
Психологиялық жыныс пен мінездің басым тенденциялары арасындағы корреляциялық талдау нәтижелері 9 кестеде ұсынылады
Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері