Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….

1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Айгерім дип.doc

— 703.00 Кб (Скачать)
  • Маскулинділік көрсеткіштерінің артуымен байланысты тұлғаның агрессивтілік көрсеткіштері де артады, және конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынас стилі ретінде бәсекелестік стратегиясы да арта түседі.
  • Феминистік қасиеттердің артуымен байланысты тұлғалық үрейлілік, кінә сезімі жоғарылай түседі (аутогрессивті мінез-құлық ретінде), осыған орай конфликтілік жағдайларда қарым-қатынас стратегиясы ретінде бейімделу стратегиясы жиі таңдалады.
  • Маскулиндік қасиеттердің артуымен байланысты, физикалық және вербалды агрессия көрсеткіштері жоғарылай түседі, осыған орай конфликтілік жағдайларда қарым-қатынас стратегиясы ретінде бәсекелестік стратегиясы жиі таңдалады.
  1. Биологиялық жыныс, конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық және агрессивтілік арасындағы байланыс расталған жоқ. Біз конфликтілік жағдайлардағы адамның қарым-қатынас сипатына басым жағдайларда биологиялық жыныс емесе, психологиялық мінездемелері әсер етеді деп айта алмаймыз (әсіресе, психологиялық жыныс, маскулинділік және феминистік қасиеттерінің байқалу деңгейі), Алайда, қыздар жалпы жігіттермен салыстырмалы түрде алғанда, сензитивті болып келеді, бұл жағдай ерлер мен әйелдер арасындағы типологиялық айырмашылықтар туралы  дифференциалы психология ережелерінде сипатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 Біз оыс зерттеуімізде жоғары сынып оқушыларының конфликтілік жағдайлардағы гендерлік ерекшеліктері мәселесінің теориялық және эмпирикалық талдауын жасауға тырысытық.  В нашем исследовании мы предприняли попытку теоретического и

Зерттеудің гендерлік  мәселеге, сонымен қатар жоғары сынып  оқушыларының конфликтілік жағдайлары мәселесіне арналған теориялық талдауы  жоғары сынып оқушыларының конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынасындағы гендерлік еркшеліктері тақырыбы жеткілікті зерттелмегендігін білдіреді, алайда тұлғаның қалыптасуы мен өзіндік санасының қалыптасуына жас шамасы елеулі әсер ететініне қарамастан.  Қазіргі замандағы идентификация үрдісі ерлер мен әйелдердің жыныстық-рөлдік стереотиптерінің түрленуімен күрделенеді.

Зерттеуді аяқтай келе, біз  келесі қорытындылар жасай аламыз:

    1. Біз жігіттер мен қыздардың қарым-қатынастары мен агрессия танытуы арасында айырмашылығы бар екендігі туралы болжамның расталуын анықтадық.  Жігіттер қарым-қатынас барысында қыздармен салыстырғанда агрессияның жоғары деңгейін танытуға бейім екендігі статистикалық жолмен расталды.
    2. Қарым-қатынас стратегиялары қатарынан жігіттер қыздарға қарағанда бәсекелестік және қашқақтау стратегиясын жиі қолданады, ал қыздар жігіттермен салыстырғанда компромисс стратегиясын жиі қолданады.
    3. Біз конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынас, агрессияны таныту ерекшеліктері мен гендерлік ерекшеліктер (психологиялық жыныс) арасында байланыс бар екендігі туралы болжамның расталуын анықтадық. 
    4. Маскулинділік көрсеткіштерінің артуымен байланысты тұлғаның агрессивтілік көрсеткіштері де артады, және конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынас стилі ретінде бәсекелестік стратегиясы да арта түседі.
    5. Феминистік қасиеттердің артуымен байланысты тұлғалық үрейлілік, кінә сезімі жоғарылай түседі (аутогрессивті мінез-құлық ретінде), осыған орай конфликтілік жағдайларда қарым-қатынас стратегиясы ретінде бейімделу стратегиясы жиі таңдалады.

6. Маскулиндік қасиеттердің артуымен байланысты, физикалық және вербалды агрессия көрсеткіштері жоғарылай түседі, осыған орай конфликтілік жағдайларда қарым-қатынас стратегиясы ретінде бәсекелестік стратегиясы жиі таңдалады. 

  1. Биологиялық жыныс, конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық және агрессивтілік арасындағы байланыс расталған жоқ. Біз конфликтілік жағдайлардағы адамның қарым-қатынас сипатына басым жағдайларда биологиялық жыныс емесе, психологиялық мінездемелері әсер етеді деп айта алмаймыз (әсіресе, психологиялық жыныс, маскулинділік және феминистік қасиеттерінің байқалу деңгейі), Алайда, қыздар жалпы жігіттермен салыстырмалы түрде алғанда, сензитивті болып келеді, бұл жағдай ерлер мен әйелдер арасындағы типологиялық айырмашылықтар туралы  дифференциалы психология ережелерінде сипатталған

Гендерлік стереотиптерді терең зерттеуді алдымызға мақсат етіп қоймағамызға қарамастан, біз  өте қызық жайды анықтадық, нақтылай келсек, жігіттер мен қыздардың бірсыпырасының бойынан андрогинді идентификациясының басым байқалатындығын анықтадық. Айқын байқалатын мускулинділік немесе феминистілік идентификациясы бар жігіттер мен ықздар саны көп емес. Бұл жай, қазіргі заман жасрын сипаттай отырып, қосымша зерттеу мен жаңаша көзқараспен талдауды талап етеді. Қазіргі заманның жігіттері мен қыздары дәстүрлі гендерлік стереотиптерден алшақтау тенденциясын көптеген авторлар атап айтады.

Алынған нәтижелері мен  зерттеу әдістемелерін жас жігіттер мен қыздардың психологиялық  ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың арасындағы тәрбиелік және психологиялық жұмыстарды жүргізу барысында қолданылуына болады, сонымен қатар мінез-құлық толеранттығын  қалыптастыру және дамыту мақсатында өткізілетін коммуникативтік тренингтер жүргізгенде және ұйымдастырғанда, сондай-ақ жоары сынып оқушыларының арасындағы конфликтілік жағдайлардың алдын алу мақсатында қолданылуына болады.   Осы зерттеу төңірегінде көтерілген сұрақтар, әрине, терең зерттеулерді қажет ететіні сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

С. Бем сұрақнамасы

 

Нұсқама. Әр сөйлемді зейін қойып оқуыңызды өтінеміз. Егер, сіздің ойыңызша, бұл сипаттама сізге тән болса, жауаптарды тіркеуге арналған қағазға  « +» белгісін қойыңыз, егер бұл сипаттама сізге тән емес болса, онда «-» белгісін қойыңыз.

 

Сұрақнама мәтіні 
 
1.Өзіне сенетін 
2.Жол бере білетін 
3.Көмектесуге қабілетті 
4.Өз көзқарасын қорғауға бейім

5.Өмірге риза 
6.Түнеріңкі 
7.Тәуелсіз 
8. Ұялшақ 
9.Ар-намысты 
10.Атлетикалық 
11.Нәзік 
12.Театрлық 
13. Қайсар 
14. Жарамсақшыл 
15. Сәтті 
16.Күшті тұлға 
17.Жан қияр 
18.Алдын ала болажмсыз 
19.Күшті 
20.Әйел жанды нәзік 
21.Сенімді

22. Сарапшыл 
23.Жан ашыр 
24.Қызғаншақ 
25.Көшбасшылыққа қабілетті 
26.Адамдарға қамқоршыл 
27.Тік мінезді, шыншыл 
28.Тәуекелге бейім 
29.Басқаларды түсінгіш 
30.Жасырыншақ

31.Шешім қабылдауда жылдам 
32.Қайғыға ортақтасушы 
33.Адал

34.Тек өзіне ғана сенетін (өз күші жеткілікті) 
35.Жұбатуға қабілетті 
36.Атаққұмаршыл 
37.Өктем 
38.Нәзік дауысты 
39.Тартымды 
40.Ерелер тәрізді батыл 
41.Жылы, шын жүректі 
42.Салтанатты, маңғаз 
43.өз көзқарасы бар 
44.Жұмсақ 
45. Дос бола білетін 
46.Агрессивті 
47.Сенгіш

48.Төмен нәтижелі 
49.Соңынан ерте алатын 
50.Инфантильді 
51.Бейімшіл 
52.Жекешіл 
53.Ұрысты ұнатпайтын 
54.Жүйелі емес 
55.жарыстық рухы бар 
56.Балаларды сүйетін 
57.Әдепті 
58.Кеудемсоқтық, атақ құмар 
59.Момын 
60.Дәстүрлі, шартшылдыққа бейім 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

ЖТБС сұрақнамасы

Нұсқама: Әр сөйлемді оқып, егер сен келісетін болсаң, - осы сөйлем нөмірінің алдындағы «В» (дұрыс) сызып таста, егер сен келіспейтін болсаң, -  «Н» (дұрыс емес) сызып таста.

Зейін қойып оқы: егер теріс мағынасы айтылатын болса, мысалы «Мен қонаққа барғанды ұнатпаймын…» және т.с.с., онда жауап «Келісемін», «Ұнатпаймын» жауабы «В» ретінде белгіленеді, немесе: «Қоршаған ортаның назары толық маған аударылғанда, мен өзімді ыңғайсыз сезінемін» -  «Н» ретінде белгіленеді, егер келіспейтін болсаң (келісеймін), себебі, сенің ойыңша, ыңғайсыз сезінесің.

  1. В_Н 1. Мен балық сұрақтарға шын және ашық жауап беруге тырысамын.
  2. В_Н 2. Менің мінезім өте нашар.
  3. В_Н 3. Мен сабақты сыныпқа қарағанда, үйде жақсы орындаймын.
  4. В_Н 4. мен барлығын бөгде адамның көмегісіз орындаймын.
  5. В_Н 5. Таныс емес балалармен мен бірінші болып сөйлесем.
  6. В_Н 6. Мен өмірде өте сәтсіз адаммын.
  7. В_Н 7. Еегр мен бірдемені қаласам, онда өз қалауымша жасаймын, тіпті қоршаған адамдардың бәрі қарсы болғанына қарамастан.
  8. В_Н 8. Мен барлығын орындап үлгергенім жайында мен жиі мазасызданамын, ұсақ-түйектер туралы үрейленемін.
  9. В_Н 9. Менің сәтсіздіктеріме белгілі адамдар (балалар, ата-ана, ұстаздар) кінәлі.
  10. В_Н 10. Мен үшін біздің сыныптың оқушыларымен көзқарастарымыздың ортақ болғаны маңызды.
  11. В_Н 11. Басқа адамдармен болып жатқан жағдайлар мені аз мазалайды.
  12. В_Н 12. Маған жақсы ән салып, би билей алатын адамдар ұнайды.
  13. В_Н 13. Менің басқа адамдардың қайғысында жұмысым жоқ: өз уайымы жеткілікті.
  14. В_Н 14. Біздің шулы топта тек мен ғана басқалардың қалай көңіл көтергеніне қараймын.
  15. В_Н 15. Маған басқалардың уайымдағаны мен қиналғанына қарау ауыр тиеді.
  16. В_Н 16. Мен әрдайым тек шындықты айтамын.
  17. В_Н 17. Менің барлық қасіреттерім – менің нашар мінезімнен.
  18. В_Н 18. Мен әлемдегі ең бақытсыз адаммын.
  19. В_Н 19. Мен қандай әрекет жасайтынымды жиі білмеймін және басқалармен кеңесемін.
  20. В_Н 20. Мен әрдайым жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын.
  21. В_Н 21. Мен әрқашан көп ойланбай кірісемін.
  22. В_Н 22. Мен өзімнің ойымның дұрыстығына сенімді кезімде, менің ойымды өзгерткісі келетін адамдар, мені ызаландырады. 
  23. В_Н 23. Мен өзімнің жақын даамдарым үшін жиі мазасызданамын, тіпті елеулі себептер болмаған жағдайда да.
  24. В_Н 24. Менің үстелімдегі, менің бөлмемдегі мен орнатқан тәртіпті біреулер өзгерткенде, менің шыдамым жетпейді.
  25. В_Н 25. мен өзіме басқа балалардың тіпті ересек адамдардың назарын аудара білемін.
  26. В_Н 26. Мен өмірде белгілі ережелер мен қағидалады нақты ұстанамын.
  27. В_Н 27. Барлығы шулап және көңіл көтеріп жатқан жерге қонаққа барғанды ұнатпаймын.
  28. В_Н 28. Мені қоршайтын адамдардың – үйде және мектепте – көңіл-күйі өзгергеніне өте сезімталмын.
  29. В_Н 29. Мен біздің ауланың немесе сыныптың балаларын қызықтырып, оларды өзімнің соңымнан ерте аламын.
  30. В_Н 30. Қасымда біреу жылап немесе ренжіп жатқанға, менің мазам кетпейді.
  31. В_Н 31. Мен әрқашан басқаларға ұнайтын әрекеттерді ғана жасаймын.
  32. В_Н 32. Мен үшін айналадағылардың өкңл-күйі жиі бұзылады.
  33. В_Н 33. Мен сынып ортасында емес, жалғыз болғанда жақсы ойлаймын.
  34. В_Н 34. Егре мені сынып старостасы етіп тағайындаса, менің қолымнан іс келер еді.
  35. В_Н 35. Тақта алдында тұрып сөйлеу керек болғанда, маған ұялшақтығымды жасыру қиын.
  36. В_Н 36. Ересектердің (ата-анам мен ұстаздардың) көзқарасы мен үшін әрқашан өте маңызды.
  37. В_Н 37. Басқа балаларды өзім дұрыс деп ойлағандай етіп жасауына мәжбүр ету мен үшін қиын.
  38. В_Н 38. Мен сәтсіздіктерді қатты уайымдаймын, тіпті сол себептен менің көңіл-күйім нашарлайды.
  39. В_Н 39. Егер мен өзімнің әділдігіме сенімді болсам, мен әрқашан табандылық танытамын.
  40. В_Н 40. Егер топтың ортасында маған назар аударылмайтын болса, мен зерігемін және қызығушылығымды жоғалтамын.
  41. В_Н 41. Менің ойымды ешкім өзгерте алмайды.
  42. В_Н 42. Маған түрлі ойындарды әр кез түрлі жаңа достармен ойнаған ұнайды.
  43. В_Н 43. Егер ата-анам мен ұстаздарым менің ойым әділ емес деп айтса, мен өз көзқарасымды өзгерте аламын.
  44. В_Н 44. Метрода немесе трамвайда (троллейбуста) мен шын көңілмен таныс емес балалармен сөйлесе аламын.
  45. В_Н 45. Мен ешқашан өтірік айтпаймын.
  46. В_Н 46. Мен ешқашан бүгін жасалатын істерді ертеңге қалдырмаймын.
  47. В_Н 47. Мен әрдайым ештеңеге қанағаттанбаймын.
  48. В_Н 48. Маған өз ойымды жинақтауға, армандауға мүмкіндік беретін жалғыздықты ұнатамын.
  49. В_Н 49. Мен қысылмастан көңілді топта ақымақтана аламын.
  50. В_Н 50. Егер маған басқа адамдарға әмір беру қажет болса, менің қолымнан келмейді.
  51. В_Н 51. Менің ісіме араластындарға мен тойтарыс бере аламын.
  52. В_Н 52. Менің өз сөздерім мен қылықтарым үшін ұят немесе қолайсыз болмайды.
  53. В_Н 53. Маған жиі төбелестерде өз құқығымды қорғауға тура келген.
  54. В_Н 54. Егер мен екілік алып қалсам немесе менің өтірігім ашылып қалса, мен ол үшін қиналмаймын.
  55. В_Н 55. Менің көңіл-күйім басым жағдайларда ата-анамның бір-бірімен тіл табысуына тәуелді болады.
  56. В_Н 56. Менің табандылығым пен тұрақтылығым жеткіліксіз болғандықтан, маған сәттілікке жету қиынға соғады.
  57. В_Н 57. Мен әрқашан үйде және мектепте ересектердің тілін аламын.
  58. В_Н 58. Егер мен теледидардан қызық кино немесе комедиялық көрініс көрсем, менің көңілсіз күйім жылдам тарқайды. 
  59. В_Н 59. Мектептегі қолайсыз жағдайлар мені тіпті қиналпайды.
  60. В_Н 60. Айналадағылар көңіл көтеріп жатқан кезде, мен жиі көңілсіз боламын.
  61. В_Н 61. Мен көшені әрдайым арнайы өткелдер арқылы өтемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

Басса Дарки сұрақнамасы

Нұсқама

Сөйлемдерді зейін қойып тыңдаңыздар. Егер келісетін болсаңыз, онда «+» белгісін қойыңыз, егер келіспейтін болсаңыз, «-» белгісін қойыңыз.

  1. Кейде мен басқаларға зиян келтіруді қалаудан өзімді ұстай алмаймын.
  2. Кейде мен ұнатпайтын адамдар туралы өсек айтамын.
  3. Мен оңай шатынаймын, бірақ сабама жылдам түсемін.
  4. Егер мені жақсылап өтінетін болса, мен орындаймын.
  5. Маған тиістіні мен әрдайым ала қоймаймын.
  6. Менің артымнан адамдар не айтатынын мен білмеймін.
  7. Егер мен достарымның қылықтарына көңілім толмаса, мен ол туралы білдіремін.
  8. Мен біреулерді алдаған кездерімде, менің ар-намысым маза бермейді.
  9. Мен басқа адамды жарақаттауға бара алмайтын сияқтымын.
  10. Мен ешқашан заттарды лақтыратындай күйге дейін ашуланбаймын.
  11. Мен әрқашан басқалардың кемшіліктеріне кешірімдімін.
  12. Егер орнатылған ережелер маған  ұнамайтын болса, мен оларды бұзғым келеді.
  13. Басқалар әрқашан қолайлы жағдайларды қолдана алады.
  14. Егер маған менің күтімімнен артық достық ықылас білдіретін адамдармен сақтық танытамын.
  15. Мен адамдармен жиі келіспеймін.
  16. Кейде менің ойыма өзім ұялатындай ойлар келеді.
  17. Егер мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған солай жауап беремін.
  18. Мен ашуланғанда, есікті қатты серпіп жабамын.
  19. Мен сырттан көрінгенге қарағанда, ашушаңмын.
  20. Егер біреу өзін бастықпын деп сезінетін болса, мен оған қарсылық білдіремін.
  21. Мені тағдырым аздап ренжітеді.
  22. Көптеген адамдар мені сүймейді деп ойлаймын.
  23. Егер адамдар менімен келіспейтін болса, мен дауласпай тұра алмаймын.
  24. Жұмыстан қашатын адамдар кінә сезімін кешуі қажет.
  25. Мені және менің отбасымды сөгетін адамдар, төбелес іздегендер.
  26. Мен дөрекі әзілге бар алмаймын.
  27. Мені мазақ қылғанда, мен қатты ашуланамын.
  28. Адамдар өзін бастық сияқты ұстағанда, олардың дандайсып кетпеуі үшін барлығын жасаймын.
  29. Әр апта сайын өзіме ұнамайтын біреулерді көремін.
  30. Көптеген адамдар маған қызығады.
  31. Мені адамдардың сыйлағанын талап етемін.
  32. Менің өз ата-анама істегендерім, мені жаншиды.
  33. Сізді әрдайым мазалайтын адамдар «мұрындарынан шерткенге» тұрады.
  34. Мен ешқашан ашудан қапаланбаймын.
  35. Егер маған лайықтан нашар көзқарас танытатын болса, мен ренжімеймін.
  36. Егер біреу мені ызаландыратын болса, мен оған назар аудармаймын.
  37. Мен көрсетпеуге тырысатын болсам да, мен кедй қатты қызғанамын.
  38. Кейде мені мазақ қылатындай болып көрінеді.
  39. Мен тіпті ашуланса да, мен «қатты» сөздерге бармаймын.
  40. Менің күнәләрым кешірілгенін қалаймын.
  41. Егер мені біреу ұрып жіберсе, мен сирек тойтарыс беремін.
  42. Менің дегенім болмаса, кейде мен ренжимін.
  43. Кейде адамдар тек өздерінің келуімен ғана ашуымды шақыртады.
  44. Мен бар тәніммен жек көретіндей адам жоқ.
  45. Менің қағидам: "Бөтендерге "ешқашан сенбеу"
  46. Егер біреу мені қатты ызаландыратын болса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын.
  47. Мен кейін өкінетіндей көп қылықтар жасаймын.
  48. Егер мен қатты ызалансам, мен біреуді ұрып жіберуім мүмкін.
  49. Балалық шақтан мен ашулы шатынаушылық танытқан емеспін.
  50. Мен өзімді жиі жарылуға дайын оқ-дәрілі бөшке ретінде сезінемін.
  51. Егер барлығы менің не сезінетінімді білсе, олар менімен жұмыс жасау оңай емес деп есептейтін еді.
  52. Қандай құпиялы себептер адамдарды маған жағымды заттар жасауға бастайтынын мен әрқашан ойлаймын.
  53. Маған айқайлаған кезде, мен айқайлап жауап бере бастаймын.
  54. Сәтсіздіктер мені ренжітеді.
  55. Мен басқалардан жиі төбелеспеймін.
  56. Мен қолыма түскен заттарды ала салып сындыратындай, соншалықты ашулы болған жағдайларымды есіме түсіре аламын.
  57. Кейде мен бірінші болып төбелес бастауға дайын екендігімді сеземін.
  58. Кейде өмір маған қатысты әділсіз сияқты екендігін сезінемін.
  59. Бұрын мен адамдардың біразы шындықты айтады деп ойлайтынмын, бірақ енді мен оған сенбеймін.
  60. Мен қатты ашудан ғана араздасамын.
  61. Мен шалыс қылықтар жасағанда, мені ар-намысым күйзейді.
  62. Егре өз құқығымды қорғау үшін маған қара күшке салу қажет болса, мен оны қолданамын.
  63. Кейде мен өз наразылығымды үстелді жұдырықпен ұрғылау арқылы білдіремін.
  64. Мен кейде маған ұнамайтын адамдарға қатысты дөрекілік танытамын.
  65. Маған зиян жасағысы келетіндей дұшпандарым жоқ.
  66. Мен адамды орынан қоя алмаймын, тіпті ол соған лайық болған жағдайда да.
  67. Мен жиі дұрыс өмір сүрген жоқпын деп ойлаймын.
  68. Мені төбелесуге дейін жеткізе алатын адамдарды білемін.
  69. Мен ұсақ-түйектер үшін ренжімеймін.
  70. Менің ойыма адамдар мені ызаландырғысы немесе сөккісі келетіні сирек келеді.
  71. Мен адамдарды жиі қорқытамын, шынында оны орындамайтын болсам да.
  72. Соңғы уақытта мен ықңқылдақ болып кеттім.
  73. Дауласқанда мен жиі дауыс көтеремін.
  74. Әдетте мен өзімнің басқа адамдарға деген нашар қатынасымды жасыруға тырысамын.
  75. Мен дауласқанша, бірдеңемен келісе салғанды қалаймын.

 

 

Қосымша 4

 

Томас және Килмен тесті

Нұсқама 

"Әр жұптан конфликтілік жағдайлардағы Сіздің мінез-құлқыңызды мейлінше тура сипаттайтын көзқарасты таңдап алыңыз."

    • А. Кейде мен басқа адамдарға даулы сұрақтарды шешуге байланысты жауапкершілікті өзіне жүктеуіне мүмкіндік беремін.
    • Б. Екеуміздің көзқарасымыздың айырмашылығын талқылағанға қарағанда, мен екеуміз де келісе алмайтын жақтарына назар аударуға тырысмамын.
    • А. Мен компромиссті шешім табуға тырысамын.
    • Б. Мен басқа даамның және өзімнің мүддемді есепке ала отырып, істі тындыруға тырысамын. 
    • А. Әдетте мен өз дегеніме жету үшін табандылық танытамын.
    • Б. Мен басқа адамды жұбатуға және біздің қарым-қатынасымызды сақтап қалуға тырысамын.
    • А. Мен компромиссті шешім табуға тырысамын.
    • Б. Кейде мен басқа адамның мүддесі үшін өз мүддемді құрбан етемін.
    • А. Даулы жағдайларды шешу барысында, мен әрдайым басқа адамның қолдауын табуға тырысамын.
    • Б. Мен қолайыздыққа жол бермеу үшін барлығын жасауға тытысамын.
    • А. Мен өзім үшін реніштерден алшақ болуға тырысамын.
    • Б. Мен өз дегеніме жетуге тырысамын.
    • А. Мен даулы сұрақтың шешімін кейінге қалдыруға тырысамын, кейін оны толық шешу үшін.
    • Б. Мен басқаға қол жеткізу үшін, жол беруге болады деп ойлаймын.

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері