Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….
1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША
түрде болады. А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекеттің бір түрлері берілген сатыда жетекші немесе маңызды, ал басқа түрлері алдағы дамуынан онша маңызды емес.
Психологияда ең күрделі мәселелердің бірі – ол адамның қарым-қатынасқа түсе алмауы. В.А.Кан-Калик қарым-қатынас қиындығын қандай да бір «психологиялық күрес» деп атайды, олар қарым-қатынас жасауға және субъектінің әрекет етуіне кері әсер етеді.
А.К.Маркова қиындық әрекеттің, қарым-қатынастың үзіліс формасы есебінде анықтайды. Қиындықтардың бірнеше функциясы бар. Қиындықтың позитивті функциясы 2 мағынаға ие:
1) индикаторлы (тыңдарманның
2) жүйелендіретін, мобилизациялайтын тәжірибе жинақтауда, қиындықтарды жеңуде және оларды анализдеу кезіндегі әрекет ету активизациясы. Сонымен қатар А.К.Маркова 2 мағынаға ие қиындықтың негативті жақ функциясын да бекітеді.
а) ұстамды – қиындықты жеңуде белгілі бір шарттың болмауы немесе өзіне қанағаттанбау;
б) деструктивті – ол қарым-қатынастың тоқталуына, одан кетуіне алып келеді.
Қазіргі таңда қарым-қатынас «күресі» немесе «қиындығы» әр түрлі бағыттар бойынша қарастырылуда. Ал жалпы психология тұрғысынан олар эмоционалды, когнитивті, тактика есебіне классификацияланады.
Жасөспірімдердің қарым-
жоспарларын, сырларын ол енді ата-анаға емес, өзі достасып жүрген құрбысына айтады, соған ғана сенім артатын болады. Құрбыларымен қарым-қатынас жасауда жасөспірім өз тұлғасын қалыптастыруға, қарым-қатынаста өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтауға тырысады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін оған тек жеке еркіндік пен жауапкершілік қана қажет. Сонымен қатар ата-анаға байланысты жасөспірім жағымсыз ұстанымды да қамтиды.
Жасөспірімдік кезеңде сәттілік, адалдық, сенімділік өте жоғары бағаланады. Ал сатып бір-бірін сатып кетушілік және өз айтқан сөзінде тұрмау, эгоизм қатты жазаланады. Жасөспірімдер тобында көбіне лидерлік қарым-қатынас өте жоғары бағаланады. Қоршаған ортаның назарын өзіне аударта алмай жүрген жасөспірім үшін лидер болу ол үшін ең құнды нәрсе болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңнің екінші сатысында жасөспірімдердің қарым-қатынасы өмірде маңызды рөлді алатын әрекеттің белгілі бір түріне айналады. Жасөспірім үйде көп болғысы келмейді, ол әр уақытын өз достарымен өткізгісі келеді. Бұл –жасөспірімдік кезеңге тән нәрсе. Құрбы-құрдастарымен болған сәтсіздіктер жасөспірімдік кезеңде өте ауыр қабылданады. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес тобында көп нәрсені жасөспірімнің өмір сүретін ортасы, оның ішкі ұстанымы анықтайды. Жасөспірімдік кезеңнің ең күрделісі – жалғыздық сезімі, өз құрбыларына қажет еместігі. Осылайша, жасөспірімдік кезеңде жасөспірімдердің қарым-қатынасы бірінші орынға қойылады, ол тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынасқа түсе алмау жасөспірімге өзін жек көруге дейін апарады. Мұндай жасөспірімдердің оқу үлгерімі төмен, үлкендермен, тіпті өз құрбыларымен конфликтке көп түседі. Құрбы-құрдастары да жасөспірім үшін ең маңызды фигура болып табылады.
Адамның психикалық дамуында қарым-қатынастың рөлі аса үлкен мәнге ие, өйткені белсенді қарым-қатынасты ең алдымен жанұя мүшелерімен, кейін құрбыларымен орната отырып, жасөспірім дамыған тұлға болып қалыптасады.
Жасөспірімдік кезеңде ата-анасымен, оқытушыларымен және басқа адамдармен қарым-қатынас стилі өзгере бастайды. Олар осы кезенде өз құқұқықтарын көптеп талап ете бастайды. Кез-келген шешімді өз тарапынан шешуге талпынады. Ата-анасымен қарым-қатынасқа түсуде қолдауды қажет етеді. Осы кезеңде ересектер өз қатарластары ретінде болғанын қалайды.
Жасөспірімнің айналадағы
ортасымен қарым-қатынас
Ата-ананың тарапына берілтін дұрыс емес тәрбие негізіде, бала дұрыс дамымайды. Қарым-қатынастағы авторитарлы стильдің негізінде, бала айналасындағы басқа адамдармен де кейін келе дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтын болады. Балаға аз көңіл бөлу, қажеттілігін қанағаттандырмау жасөспірімде аурушаңдықты қалыптастырады. Мұндайда бала, өзінің ішкі әлемімен өмір сүріп, өзі отбасында артық сезінеді. Ал, шектен тыс балаы қамқорлыққа алу, сондай-ақ оның өз бетінше болуына кері әсрі тигізеді.
Жасөспірімдік кезеңде бала ерекше әлеуметтік қарым-қатынас мектебінен өтеді. Өзінің қатарластарымен қарым-қатынас жасауда бала қанағаттанады. Қызығушылығы бір ортада қарым-қатынасқа түсуде бала, сабағы, үй шаруасын ұмытып кетеді. Жасөспірім бұл кезеңд өзінің жоспарлары туралы ата-анасымен емес, достарымен бөлісе бастайды. Өзінің қатарластарымен қарым-қатынас жасау барысында бала өзіің тұлғасын қалыптастыра бастайды. Осының негізінде бала ата-анасына деген негативті көзқараста болады. [23, 123б].
Жасөспірімдік кезеңде
өзінің қатарластары арасында жеткен
жетістіктері өте қатты бағаланады.
Осы кезеңде жасөспірімдердің арасында
адалдық, шыншылдық жоғары бағаланады.
Ал, эгоизм, өтірік айту, өз сөзіңнің үстінен
шықпау қатал жазаланады. Егер, жасөспірімнің
біреуі алдаса, сатса, тастап кетсе оған
сөгіс жарияланды. Әрине, жоғарыда айтылға
қарым-қатынастағы бағыттар жасөспіріммен
қатар ересектердің арасында да қатаң
көрінеді. Бірақ, жасөспірімдердің арасында
бұл процес эмоциоалды түрде бағаланады.
Жасөспірімдердің ересектермен қарым-қатынасы
жеткіншек жасқа қарағанда түзеле түседі.
Өзгеру себебі мынада: егер жеткіншектердің
үлкендермен келіспеушілігі көбіне оны
ешкімнің аңдымауын, қамқорлық жасамауын
билікті өзіне беруін қалауы. Ал есейген
сайын осының қате екенін түсініп, үлкендермен
қатынасы қзгере түседі. сонымен қатар,
өспірімдердің үлкейген сайын есі, ақылы
толысады. Осының нәтижесінде, жасөспірім
мен туыстарының арасында бұрынғы түсінбеушілік
жойылып, түзеле түседі. Қарым-қатынастағы
өзгерістермен бірге баланың өзбеттілігі
де дами түседі. Бірақ тлпынудың мазмұны
өзгереді: бала үлкендер сияқтықызмет
ету үшін көп оқып, еңбектену қажет екендігін,
өз бетімен өмір сүріп, игіліктерді өндіру
оңайға түспейтінін сезе бастайды. Осындай
өзбеттіліктің түріне ұмтылу - әке-шешесінің
қамқорлғынан, соның ішінде экономикалық
жәрдемнен, бірте-бірте босану деген сөз.
осындай қамқорлықты жөн көрмегенімен,
қол үзгісі де келмейді. Өзбеттілікке
бірден ене алмайды, себебі барлық өмірлік
мәселелерді өздері шеше алмайды. Оларға
демеу болу қажет. Бұл жағдайда баланың
еңбекке ерте араласуы оның дамуына, азамат
болуына бірден-бір жол аша алады.
Ал өз құрбыларымен
қарым-қатынасын алсақ, оның бұл қасиеттері
жеткіншектерге қарағанда ірі өзгерістерге
ұшырайды. Жолдас-жоралары, достары бұрынғыдай
құр босқа соны ермек етіп, уақытын бос
өткізбей, көбінесе өз оқу мақсатын көздейді,
болашағы туралы толғанады, достарынан
пікірлесуді қалайды. Құрбыларын қай салада көп білетіндігіне, қызығушылығына қарап таңдайды. Себебі адам тек өз оқығанымен ғана дамымайды, қоршаған ортасы, қатынас жасау шеңберіне қарап та дамиды. Олар әр кезде бір болып, бір-біріне көмек береді, әңгімелеседі, білмегендерін сұрап біледі. Және бұл оқу жұмысында да көмектеседі, нәтижелі болады. Қызықты уақыт өткізіп, жалықпайды. Оқу таңдау қызығушылығымен қоса, жолдасының мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, түсініктерінеде мән береді. Ішкі пейілдерінің сай келуі де жолдастық қатынастың орнығуына әсеретеді. Бұл жақсы түсіністік пен қарым-қатынасқа алып келеді.
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым
Теориялық бөлімді қорытындылайтын болсақ, бұл бөлімде біз, жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасындағы гендерлік ерекшеліктерді теориялық жағынан зерттедік. Алынған мәліметтер бойынша, ұлдар мен қыздардың арасында біршама ерекшеліктер байқалды. Атап өтетін болсақ, тұлғалық, мінез-құлығының ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері байқалды.
Жасөспірім жас психологиялық дамудың қиын кезеңі. Бұл жастың ішкі қайшылығы мен баланың үлкендермен қарама-қайшылығы ұлғаяды. Жасөспірімдердің қарым-қатынасы ересек адамдар қоғамында болатын бұл қатынастардың нормасындағы бағдарламалар және оларды меңгеру, өзара қатынасты өзіндік қайталау формасы болып табылады.
Бұл жаста дамудың тоқталуының салдарынан бейімделетін мінез-құлықтың 3 түрі қалыптасады. Жасөспірімдерде өзінің жеке позициясын
сақтау үшін айналаны, қоршаған ортаны өзгертуге тырысу сипаты тән. Бұған олардың негативизмі, қырсықтығы, қарсыласуы шектен шығуы тән. Соның нәтижесінде өзіне деген және басқаларға деген қатынасында олар сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағы норма болып қалбылданады. Нәтижесінде мінез-құлық бағдарының болмау салдарынан олар өзіндік дамудың жағдайын өзгертуге тырысады. Сонымен қатар, өз дамуының ситуациясын өзгертуге тырысады, бірақ мінез-құлық бағдарының жеткіліксіз дамуынан мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналығы жағынан басым болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Фельдштейн Д.И. Психологические аспекты и изучение современного подростка //Вопросы психологии. - 1983. - №146. – 15б.
2) Выготский Л.С. Педалогия подростка // Собр. соч. - М.: Педагогика, 1984. -Т.4. - 242с.
3) Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2 т. - М.: 1989. - 134 б.
4) Леонтьев А.Н. Избр. исихол. произведения: В 2 т. - М.: 1983. – 22 б.
5) Божович Е.Д. Психологические особенности личности подростка.
М. «Знание» 1979
6) Абрамова Г.С. Возрастная психология. М.: - 2001. — 624 б.
7) Боссарт А.Б. Парадоксы возраста или воспитания. М.: - 1991. — 78 б.
8) Горшенин Л.Г. Подросток, характер, проблемы. М.: - 1993. - 120 б.
9) Керимов Л.К. Қиын жасөспірімдерді жеке-дара қайта тәрбиелеу теориясы мен практикасы: Докт. дисс. Алматы: 1992. -3156.
10) Мухина В.С. Возрастная психология. М.: - 1997. – 350-354 б.
11) Поливанова К.Н. Психологическое содержание подросткового возраста
// Вопросы психологии. // - 1996. - №1. - 3-7 б.
12) Кречмер Э. Строение тела и характер //Психология индивидуальных различий. - М.: 1982. - 238-349 б.
13) Личко Е.А. Психопатии и акцентуации характера. - М.: 1991 – 112б.
14) Леонгард К.А. Акцентуированные личности. - Киев: 1989. - 98 б.
15) Кузнецова Г.И., Харченков В.Д. Психологические особенности недисциплинированных подростков \\ Вопросы психологии.- 1981.- №6
16)Кудиярова Ғ.М. Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар. Алматы: 198 6.
17) Бадмаев С.А. Психологическая коррекция отклоняющегося поведения школьников. М.: 1993. - 134 б.
18) Клейберг Ю.А. Психология девиантного поведения. /Вопросы психологии. 1998. - №5.-С.14-17.
19) Бегалиев К.Р. Неправомерные действия подростков и их последствия. -Алматы: 1984. - 145 б.
20) Бердникова Н.В. Рекомендации к психолого-педагогической работе с «трудными» подростками в школьном коллективе. - Фрунзе: 1987. - 150 б.
21) Бердников Н.В. Психология влспитания «трудного» школьника. - Фрунзе: 1990.- 156 б.
22) Братусь Б.С. Аномалии личности. - М: 1988. - 257 б.
23) Балаубаева С. Қиын балалар жайлы. — А.: 1984. — 170 б.
24) Иванов Н.Я. Личко, А.Е. Патохарактериологический опросник для подростков. - СПб.: 1992. - 184 б.
25) Леви В.Л. Нестандартный ребенок. - Хабаровск.: 1990. — 302 б.
Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері