Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….

1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Айгерім дип.doc

— 703.00 Кб (Скачать)

         Ал, Қазақстанға келсек, гендерді әйелдердің әлеуметтік рөлінің шектелуіне наразылық танытудан бастап, оларға барлық салаларда еңбек етуге жол ашуға, белсенділік көрсетіп, әр түрлі ұйымдарға бірігіп саяси білім мен билікке ұмтылып, белсенді іс-әрекет жасауға ықпал ету. Бұл іс ешбір кедергісіз іске асырылып жатыр деуге болады. Өйткені, қалай болғанда да, исламмен енген теңсіздік кеңес кезеңінде жойыла бастап, мемлекеттің Негізгі Заңы – Конституцияда әйел мен ердің әлеуметтік және саяси теңдігі ресми түрде бекітілген. Бұны қоғамның екі тобы да анық біледі. Сондықтан, гендерлік мәселе деп әйелдің теңдігі жоқ, не болмаса, зорлық бар деп күреске шақыру, менің ойымша орынсыз. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында мұсылмандық дін ерте еніп, сенім ретінде негізделіп қалуына байланысты, осы жерлерде “гендерлік мәселе” бар деп санау да артық. Өйткені, Конституциямызда, діни сенім еркіндігіне жол берілген. Ислам дініне бой

 

 

 

 

ұсынған әйел мен ерлер  арасындағы қатынас әлеуметтік деңгейде олардың діни көзқарастарына байланысты реттеледі. Егер мұсылман әйелдерді ерлермен бір сатыға қойып, қоғамдағы рөлдерін өзгертуге шақыру – олардың сенімдерінен бас тартқызу деумен тең. Ғасырлар бойы қалыптасқан діни сананы бұзу оңай шаруа емес. Сондықтан гендер мәселесін қарастырғанда, гендерлік сана ұғымын қарастыру жөн. Бұл – қоғамдық сананың бір қыры. Көп ұлтты мемлекетімізде әр этностың сана сезіміне байланысты ерлер мен әйелдердің қатынысы анықталған. Ал одан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік деңгейде әр ұлт өкілі болсын, жыныстық ерекшелік болсын, заңды түрде құқығы қорғалған деуге болады. Сондықтан, елімізде шешілмеген гендер мәселесі бар деуге болады ма? Егер зорлық, зомбылық бар болса, оны тек ер мен әйел мәселесі ретінде қарастырмай, жалпы адамзаттық зорлық ретінде қарастыру жөні бар. Оған әйел-ер деп бөлмей, адами ара қатынас ретінде қарастыру гендерлік мәселені тудырмаудың жолы. Оңтүстіктен басқа аймақтарда гендерлік теңсіздіктен гөрі гендерлік теңдік туралы айтуға болады.

        1980 жылдары гендерлік айырмашылықтарға, генетиктер, психологтар, философтор және әлеуметтанушылар өз қызығушылықтарын білдіре бастады. Ж. Пиаже, К. Хорни, Л. Виткин, И.О. Кон, Н.Ю. Ерофеева Ф.Раис, Р. Сабиров, А.Г. Хрипкова Д.В. Колесов жұмыстарында гендерлік ерекшеліктер тәрбиелеу барысында маңызды орын алатындығы көрсетілген. Сонымен қатар, гендерлік ерекшеліктер маскулиндік және феминистік терминімен тығыз байланысты. Маскулиндік дегеніміз – соматикалық, психикалық және мінез-құлықтық белгілері бойынша, ерлердің әйелдерден (қыздар мен ұлдардың) ерекшеленуі. Ал, феминистік дегеніміз маскулиндікке қарама-қарсы ұғым. Яғни, соматикалық, психикалық және мінез-құлықтық белгілері бойынша, әйелдердің ерлерден (қыздар мен ұлдардың) ерекшеленуі. [37 27-33 б].

         Қазіргі таңда, жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасындағы гендерлік ерекшеліктерді зерттеу, өзекті мәселелердің бірі болуда. Жалпы, гендер – терминіне біз жоғарыда анықтамалар бердік. Бұл бөлімдегі біздің мақсатымыз, жоғарғы сыныптағы қыздар мен ұлдардың ерекшеліктерін анықтап, көрсету болып табылады.

        Жалпы алғанда, қыздар мен ұлдар  тек физиологиялық және физикалық  жағынан ғана емес, сонымен қатар,  психологиялық қасиеті, тұлғалық  қырлары және мінез-құлығының  өзгешелігімен ерекшеленеді. Ер адамдардың бейнесі мынадай қырлармен, яғни, рационалды қабілеттіліктермен, белсенділікпен ерекшеленеді екен. Ал, қыздар керісінше, эмоционалдылығымен, жылы сезімдерімен, мінезінің жұмсақтығымен ерекшеленеді. Мұндай ерекшеліктерді жоғарғы сынып оқушыларынан да байқауға болады. Біз

 

 

 

өзіміздің зерттеуімізде, қыздар мен ұлдардың қоғамда өмір сүруіндегі мінез-құлығындағы, гендерлік ерекшеліктерді көрсетеміз.

 
Ұлдар мен қыздардыі физиологиялық ерекшеліктерінің жалпы сипаты:

  • Көру. Қыздардың ұлдарға қарағанда көру мүшесі өткір болып табылады. Бұл олардың байқампаздығымен ерекшеленеді.
  • Есту. Есту программасы қыздарда жақсы дамыған. Мектептерде бұл жиі байқалады екен. Өйткені жоғарғы сыныпта қыздар ұлдарға қарағанда, бір уақытта, мұғалімнің сөзін тыңдап, бір уақытта өз жұмыстарымен айналысатыны баршаға мәлім.
  • Сипап сезу. Қыздарда дүниеге келісімен сипап сезуі жақсы дамыған. Ұлдарға қарағанда терісінің сезімталдығы он есеге дейін жоғары болады екен.
  • Миы. Ұлдардың миы қыздарға қарағанда 200-350 граммға ауыр. Олардың миында орта есеппен 4 млн жасушалардан тұрады екен. Бірақ, IQ тесті бойынша қыздар мен ұлдардың интеллектісі бирдей көрсеткішке ие. Қыздарда мәліметтерді синтездеу, ұлдарға қарағанда жақсы жүреді екен.  Қыздарда интуиция жақсы дамыған. Олар біреумен әңгімелесуде эмоциялық күйлерін ажырата біледі екен.

Жоғарғы сыныпта ұлдар  мен қыздардың ерекшеліктері:

  • Мектеп жасында қыздар ұлдарға қарағанда тезірек өседі. Физиологиялық жағынан ұлдарға қарағанда үш жылға ерте дамиды.
  • Белгілі бір тапсырманы орындауда, ұлдар сапасына назар аударса, ал, қыздар көлеміне көңіл аударады екен.
  • Белгілі бір тілді қыздар, ұлдарға қарағанда тез үйренеді екен.
  • Қыздар, ұлдарға қарағанда ерте бой жетіп, махаббат сезімдері ерте ояна бастайды. [35 123б].

       Ұлдар  мен қыздардың психологиялық  айырмашылығын қарастыру, гендерлік бағыттардың бірі болып табылады. 70-шы жылдарға дейін отандық психологияда жыныстық дифференциация мәселесі «жыныстар психологиясы» деген бөлімде қарастырылып келді.  90-шы жылдардан бастап қана, отандық психологтар «гендерлік ерекшеліктерге» байланысты зерттеулер жүргізе бастады.  Түрлі зерттеулер нәтижесінде қыздар мен ұлдардың арасында мынадай ерекшеліктерді ажыратты: ұлдардың, қыздарға қарағанда математикаға деген қабілеті жоғары, ұлдар ешкимнен тәуелсіз болғысы келсе, қыздар өзара тәуелділікке бейім. Сонымен қатар, ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуінде бірқатар ерекшеліктер байқалады. Бұл олардың тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты. Жеке тұлғалық қасиеттің ең бір

 

 

 

көзге түсетін  белгісі - мінез-құлқының, ісінің моральдық  мөлшерге дәл келуі. Егер жастайынан жеке басын көпшілік алдында көрсете алса, ойы мен пікірін дұрыс дәлелдей алса, бұл тұлғалық көрсеткіші. Жеке тұлғалықтың тағы бір көрсеткіші - өзбеттілік қасиеті. Олар үлкендердің қамқорлығынан босап, өзбеттерімен әрекет етуді қалайды және осыдан бастап дами түрседі. Қиыншылықтан бас тартпауды алсақ, осы қасиет өспірімде күшті дамиды. Себебі, кім еңбек не оқу қиыншылығынан қорықпай, осыларға ұмтыла білсе, сол оқушылар көптің көзінше тұлға деп есептеледі. Сонымен қатар, осы қасиетұлдар ұлдардың өзгелер алдында өзін көрсеткісі келіп, әсіресе қыздардың алдында тиісті объектіге барлық күшін салып ұмтылады. Бірақ осының өзі кейде тек өзін көрсету үшін болуы мүмкін. Тұлғалық қасиеттің көріністерінің бірі - әр жасөспірім өз уәдесінде тұруы. Егер ол өзгені алдап кетіп, берген уәдесінде тұрмаса, осының өзі азаматтық қасиет емес. Себебі бұл әрекеті үнемі оны аңдып, алдына кедергі болады, өзгелер оған сенбейтін болады.  
       «Мен» қасиеті жасөспірімдерде, яғни ұлдар мен қыздарда осы кезеңде айқын көрінеді. Және олар өздерінің жасына сай қасиет, мүмкіндіктерін барынша көрсеткенге даяр болады. «Мен» деген мағынаны психологтар адам өзіне-зі тең екенін білу деп түсіндіреді. Осы жастағы кейбір қыздар айнадан өз ажарын көріп, түрінің өзгергенін сезіп, қатты ойлана түседі. Бұл ойлану ажардың өзгеруінен емес, әркім өз денесінің өзгеше келуіне риза болмай, осы туралы қапалануынан да кездеседі. Бұлардың бәрі жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай қасиет. Қапаланудың себебі өздеріне жолдас, кейде болашақ жар іздеу де болуы мүмкін. Осының нәтижесінде, бет-әлпетінің қаншалықты ажарлы болып келуіне және денесінің әсем екеніне үлкен мән беріп, осы қасиеттерді қалайда дамытып, жақсартуға тырысады. Ал, ұлдардың денесі  осы кезеңде түктердің пайда болуымен сипатталады.     Жасөспірімдер өздерінің «мен» қасиетін өз ісін, қылығын бағалаумен байланыстырады. Өз келешегі жөнінде арман ететіндіктен, өзінің әрбір кемістігіне, сәтсіздігіне мән беріп, осыған талдау жасайды. Осы жастағыларда өзін бағалаудың мынадай түрлері кездеседі: бірі - өзі туралы алдын-ала көздеген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен, салыстырып теңдестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткенінің белгісі деп санайды. Ал, керісінше болса, сәтсіздік деп түсінеді. Және бұл өзін төмен бағалауға алып келуі мүмкін. Ал, екінші түрі - өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы кеміс жақтарын білу. Мұндай жағдайда, өз ісі жөніндегі бағасы оған берген ересектер бағасына дәл келмеуі ықтимал. Мысалы, олар өздері қалаған шешімді дұрыс деп біледі, ал үлкендер мұны қате деп табады. Мұны еске алмағанда бала өзі және ісі жөнінде өзгелердің бағасын салыстырып, қажет жағдайда кемшілігін түзете алады. Бұл қыздар

 

 

 

 мен ұлдардың өмірінде ерекше рөл атқарады. Себебі, егер әркім өзінің кеміс жағын, табыстарын дұрыс бағалай алса, осының өзі бұдан дұрыс қорытынды жасап, алдағы кезде өз мінез-құлқын, ісін одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді. 
       Ұлдар мен қыздарда бұл кезеңде, «Мен» әркелкі болады(шындығында кім, өзгелер үшін кім, қандай болғым келеді, келешекте кім боламын). Меннің әр жағдайға байланысты түрлері жөнінде бала ойланып, әрекет үстінде өзінің көпшілік алдында қандай орын алатынын бағалап және осыны өзгелердің берген бағасымен салыстырып, сөйтіп өзінің «мен» деген байлығын одан әрі дамыта түседі. Өз пікіріне қарағанда өзгелердің пікірлері дәл келеді. Сондықтан «мен» қасиетін өзгелер көмегімен ғана дәл анықтай алады, тек әлеумет қана көмек бере алады. Егер «мені» дұрыс болмаса, бұл фантастикалық тұрғыда болып, кедергі болады. Сонымен қатар, өзіне сыни тұрғыдан қарай білгені абзал.  
       Жасөспірімдердің ересектермен қарым-қатынасы жеткіншек жасқа қарағанда түзеле түседі. Өзгеру себебі мынада: егер жеткіншектердің үлкендермен келіспеушілігі көбіне оны ешкімнің аңдымауын, қамқорлық жасамауын билікті өзіне беруін қалауы. Ал есейген сайын осының қате екенін түсініп, үлкендермен қатынасы өзгере түседі. сонымен қатар, жасөспірімдердің үлкейген сайын есі, ақылы толысады. Осының нәтижесінде, жасөспірім мен туыстарының арасында бұрынғы түсінбеушілік жойылып, түзеле түседі. Қарым-қатынастағы өзгерістермен бірге баланың өзбеттілігі де дами түседі. Бірақ талпынудың мазмұны өзгереді: бала үлкендер сияқты қызмет ету үшін көп оқып, еңбектену қажет екендігін, өз бетімен өмір сүріп, игіліктерді өндіру оңайға түспейтінін сезе бастайды. Осындай өзбеттіліктің түріне ұмтылу - әке-шешесінің қамқорлғынан, соның ішінде экономикалық жәрдемнен, бірте-бірте босану деген сөз. Осындай қамқорлықты жөн көрмегенімен, қол үзгісі де келмейді. Өзбеттілікке бірден ене алмайды, себебі барлық өмірлік мәселелерді өздері шеше алмайды. Оларға демеу болу қажет. Бұл жағдайда жасөспірімдердің (ұлдар мен қыздардың) еңбекке ерте араласуы оның дамуына, азамат болуына бірден-бір жол аша алады. Ал өз құрбыларымен қарым-қатынасын алсақ, оның бұл қасиеттері жеткіншекитерге қарағанда ірі өзгерістерге ұшырайды. Жолдас-жоралары, достары бұрынғыдай құр босқа соны ермек етіп, уақытын бос өткізбей, көбінесе өз оқу мақсатын көздейді, болашағы туралы толғанады, достарынан пікірлесуді қалайды. Құрбыларын қай салада көп білетіндігіне, қызығушылығына қарап таңдайды. Себебі адам тек өз оқығанымен ғана дамымайды, қоршаған ортасы, қатынас жасау шеңберіне қарап та дамиды.

 

 

 

 

 

Олар әр кезде бір болып, бір-біріне көмек береді, әңгімелеседі, білмегендерін сұрап біледі. Және бұл оқу жұмысында да көмектеседі, нәтижелі болады. Қызықты уақыт өткізіп, жалықпайды. Оқу таңдау қызығушылығымен қоса, жолдасының мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, түсініктерінеде мән береді. Ішкі пейілдерінің сай келуі де жолдастық қатынастың орнығуына әсеретеді. Бұл жақсы түсіністік пен қарым-қатынасқа әкеледі. [38 89б].

       Француз психологтары ұлдар мен  қыздардың келесідей ерекшеліктерін  бөледі:

  • Ерте балалық шақта, қыздар ұлдарға қарағанда тіл алғыш болады;
  • Қиын тапсырмаларды қыздар, ұлдарға қарағанда оңай шешеді;
  • Қыздар, ұлдарға қарағанда тез дамиды және олар ұлдарға қарағанда, болашағы туралы жиі ойланады;
  • Ұлдардың қайғы-қасіретке сезімталдылығы жоғары. Бірақ, олар оны көрсетпейді;
  • Ұлдар агрессивтілікке бейім;
  • Қыздар бір-екі адаммен араласқанды ұнатады, ал ұлдар үлкен топтармен қарым-қатынасқа түскенді ұнатады;
  • Қыздар, ұлдарға қарағанда, шешімді тез қабылдайды;
  • Ұлдар, көбіне өзінен күштілерге мойынсұнады; ал, қыздар өз дегенінен қайтпайды;
  • Қыздарда, ұлдарға қарағанда бейімделу тез жүреді.

Сонымен қатар, жоғарғы сынып оқушыларының (қыздар мен ұлдардың) гендерлік ерекшеліктерін сипаттағанда, біз олардың мінез-құлығындағы  ерекшеліктерге де назар аурауымыз  керек. В.Н. Мясищев мінез-құлықты, қарым-қатынастың индивидуалды тәсілі ретінде қароастырады. Ал, В.М.Русаловтың пікірінше, мінез-құлыққа тек, қарым-қатынас, үйрету және тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар, биологиялық және генетикалық факторлар да әсер етеді. [40 111б].

       Қыздар мен ұлдардың мінез-құлығында біршама ерекшеліктер байқалады. Мінездің негізгі төрт функциясын бөледі: бейімделу, реттеу, өзін-көрсете білу және қоғамда өмір сүру әрекеті. Қыздар эмоционалды тұрақтылығымен, жауапкершілігімен, гумандылығымен, қарым-қатынасқа жақсы түсе алу қабілеттілігімен, кез-келген нәрсеге тез бейімделеді. Ал, ұлдарда бұл процес күрделірек жүреді. Сонымен қатар, қыздар, ұлдарға қарағанда қабілетті, еңбек құмар, тұрақты, зейіні жақсы шоғырланған. Бір қарағанда осы қасиеттері

 

 

 

 

бойынша, олар бірдей секілді. Ал, ұлдардың арасында поляризация айқын көрінеді. (Мысалы, кейбір ұлдар жетістікке тез жетеді, ал, екіншілері момын болады). Қорытындылай келе, ұлдарда ерлік қасиеттер кішкене кезінен қалыптасады. Яғни, мінезінің қаттылығы, қатігездік сияқты қырлар. Ал, қыздардың бойындағы әйелдік қасиеттер, яғни эмоционалдық, әдемілікке ұмтылушылық, мінезінің көркем болуы да ерте кезден қалыптасады екен.

 

1.3 Жоғарғы  сынып оқушыларының қарым-қатынас  ерекшеліктері

Қарым-қатынас мәселесі әр жоғарғы сынып оқушыларының өміріндегі ең маңыздылардың қатарына жатқызылады. Тұлғаның болашақта толықтай қалыптасуы қарым-қатынасқа байланысты. Сол себептен қарым-қатынас мәселесін игеру қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналуда.

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері