Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….

1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Айгерім дип.doc

— 703.00 Кб (Скачать)

Тұлғаның қалыптасуының  ең басты факторыларына қарым-қатынас жатады. Тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың ең басты рөлді алатындығы туралы идеялар Отандық психологтардың: В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Г.Ф.Ломов, А.Р.Лурин, В.Н.Мясищев, А.В.Петровский және т.б. еңбектерінде әрі қарай дамыды.

Адам – бұл әлеумет. Осыған орай қарым-қатынас әлеуметтік бағытта жүреді, сондықтан қоғамдағы  жағдай қазіргі заманғы жасөспірімдердің қызығушылықтарының мотивациялық құрылымдарының өзгерістеріне тәуелді, осыған орай қазіргі жасөспірімдердің қарым-қатынас ерекшеліктерін игеру өте өзекті мәселе болып отыр.

        Жасөспірімдік кезең тәрбиелік  жұмыстардағы ең күрделі кезең  болып табылады. Жоғарыда айтып  кеткеніміздей, жасөспірімдік кезеңнің  қиындықтары жыныстық пісіп-жетілумен байланысты. Тұлғаны тәрбиелеудегі күрделі тапсырмаларды шешуде ең маңызды рөл – тұлғаның қарым-қатынас жасай алуында болып табылады. Менің көзқарасым бойынша, жасөспірімдік кезеңде ұйымдастыру, коммуникация секілді қасиеттердің дамуы өте маңызды рөл атқарады. Жасөспірімдік кезеңде жасөспірімдер арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің жоғары екендігі байқалады. Сондықтан келешекте тұлғаның жан-жақты дамуы үшін, ең алдымен оны қарым-қатынасқа ерте кезден дағдыландыру керек.

       Т.В.Драгуновтың  көзқарасы бойынша, іс-әрекеттің негізгі түрі – бұл қарым-қатынас болып табылады. Қарым-қатынас жасөспірімнің мінез-құлқының, жүріс-тұрысының, іс-қимылының барлық жақтарын анықтайды.

Қарым-қатынас процесі  кезінде жасөспірімдерде әр түрлі  қиындықтар пайда болады. Қарым-қатынастағы мұндай қиындықтар психологиядағы ең күрделі мәселелердің қатарына жатқызылады.

Қазіргі таңда жасөспірімдер  арасындағы қарым-қатынас мәселесі көп атақты Отандық және шетелдік авторлармен зерттелуде. А.Н.Леонтьев қарым-

 

 

 

 

 

 

қатынас кез-келген іс-әрекетте байқалады деп есептейді. В.М.Соковин (1974 жылы) тұлға қарым-қатынасын коммуникация, іс-әрекет, қарым-қатынас ретінде қорытындылайды.

Жасөспірімдік психологиядағы қарым-қатынас мәселесінің маңыздылығы  Отандық және шетел психологиясында қарастырылған. Гештальтпсихологияның негізгі өкілі К.Левин жасөспірімдік және жастық шақ кезеңіндегі қарым-қатынасты әлеуметтік-психологиялық құбылыс жағынан қарастырды. Левиннің тұжырымдауы бойынша, осы кезеңде жасөспірімнің өмір сүру әлемі, қарым-қатынас жасау шеңбері кеңейеді. Отандық психологияда Д.Б.Эльконин жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынастың маңыздылығын мәдени-тарихи теориясы жағынан қарастырады. Элькониннің айтуы бойынша, жасөспірімдік кезеңде қарым-қатынас іс-әрекеттің негізгі түрі болып табылады, бірақ жастық шақ кезеңінде де ол өз маңыздылығын жоғалтпайды. Қарым-қатынас жасау арқылы балалар қандай да бір байланыс құрады, әр түрлі әрекеттерге енеді. Барлық зерттеушілер (Л.С.Выготский 1984, Л.И. Божович 1968, И.С. Кон 1989 және т.б.) мен психологтардың айтуы бойынша, жасөспірім үшін ең маңыздысы – бұл оның құрбыларымен қарым-қатынас жасауы. Бұл жастағы жасөспірімдер үшін ең бастысы құрбыларымен бірге болу ғана емес, сонымен қатар достарының арасында қандай да бір статусқа ие болу. [11, 55б].

       И.С.Конның зерттеулері бойынша, мұндай әрекеттерге қол жеткізе алмау көбіне жасөспірімдердің құқық бұзушылығының бір себебі болып табылады. Ол жасөспірімдердің өз тобына қатысты кикілжіңдердің жоғары болуымен қоса беріледі. Жасөспірімдер өмірінде қарым-қатынастың маңызы өте зор және бала өскен сайын ол да ары қарай дамып отырады. Қарым-қатынас арқылы тұлғаның кәсіби әрекеттегі жетістігі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі, және әрқайсысының өзіне тән бақыты анықталады. Жасөспірімдік кезеңнің ең негізгі бағыты – бұл ересектермен қарым-қатынас жасауы, ал ең басты қажеттілік – ата-ананың бақылауынан, қамқорлығынан және де орнатылған ережелер мен тәртіптен құтылу, өзін еркіндікте ұстау. Оған деген себеп көбіне ата-ананың, жалпы ересек адамдардың жасөспірім бойындағы ішкі әлемінің өзгеруіне көңіл аудармауында болып табылады. Абстракті түрде ойлай отырып, ата-ана өз баласы жайлы басқаға қарағанда көп біледі. Бірақ балада болып жатқан өзгерістер тез жүріп жатыр. Ересектер жасөспірімнің есейгенін көре, көбіне бұл процесте оның жағымсыз жақтарын ғана көреді. Осылайша, жасөспірімдік кезеңнің ең басты тенденциясы – ата-анамен, мұғаліммен, жалпы ересектермен қарым-қатынас жасауы. Қарым-қатынас жасаудың эмоционалды функциясының рөлі екі аспектіде қарастырылады:

1) Адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау тәжірибесін игеру;

2) Жасөспірімдердің құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас жасауы – ақпарат  алудың ең басты спецификалық  каналы (жынысқа қатысты ақпаратты  жасөспірім көбіне құрбыларынан  жинақтайды, ал оның болмауы жасөспірімнің психосексуалды дамуын кешіктіруі мүмкін немесе оған дені

 

 

 

 

 

сау емес мінез-құлық  берілуі мүмкін). Бұл тұлғааралық  қарым-қатынастың спецификалық түрі, жасөспірімдік  кезеңнің басында болатын қозғалыстар  жасөспірімдегі жаңа қажеттіліктердің, ұмтылыстардың, ересектерге деген талаптарының ұқсастығын анықтайды. Жасөспірімде ересектерге қарағанда өз құрбысына деген түсінікті құндылықтар қалыптаса бастайды. Ересектермен қарым-қатынас жасау толығымен өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуді ауыстыра алмайды. Топтық қажеттілікті, көмекті сезіну бір жағынан эмоционалды тұрақтылықты береді. Алайда жасөспірімдердің қарым-қатынасы эгоист болып келеді, ал өз толқыныстарын, реніштерін ашып көрсетуге деген қажеттілігі – сезімнен де жоғары болады. Жасөспірімдік кезең үшін өз құрбыларымен салыстыруда өзінің көзқарасын құра алуы тән. Жасөспірім үшін ең басты құндылық қарым-қатынас процесіне ену болып табылады. Сонда ғана ол өзін тұлға ретінде сезіне алады. Қарым-қатынас жасөспірімнің тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді. Қарым-қатынас тек ақпарат алмасу ғана емес (мысалы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың болуы), сонымен қатар бірге әрекет ету, бір-біріне әсер ету болып табылады. Жасөспірім қарым-қатынасты тек интеллектуалды деңгейде ғана емес, ол сонымен қатар физиологиялық және эмоционалды деңгейді де уайымдайды. Бұл кезеңде тағы ата-ана арасындағы түсінбеушілікпен байланысты мәселелер де туындайды, көбіне ата-ана өз баласына көп көңіл бөлуге үлгере бермейді, ал мұның өзі жасөспірім үшін маңызы өте зор. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынасқа деген қажеттілік жоғары болған кезде, коммуникативті дағдылар деңгейі көптеген жасөспірімдерде өте төмен.

И.А.Зимняяның айтуы  бойынша, қарым-қатынас хх-ғасырдағы  ең жас мәселелердің бірі, егер Ежелгі Греция мен Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика жағынан зерттелген болса, онда қарым-қатынас мәселесі барлық ғылымдар: философия, әлеуметтану, социолингвистика, псохолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология жағынан зерттеледі.          

Тұлғаның дамуының әр түрді кезеңінде қарым-қатынастың өзіне тән ерекшеліктері болады: нәрестелік жаста – бұл эмоционалды  қарым-қатынас; мектеп жасында –  ойын әрекет, ол арқылы бала адамдар  арасындағы қарым-қатынасты және олардың өзара байланысын игереді.

А.В.Мудриктің тұжырымдаулары бойынша, құрбыларымен қарым-қатынас  жасау қажеттілігі жасөспірімдерде  өте ерте пайда болады және есейген  сайын ол күшейе түседі. А.В.Мудрик жасөспірімдердің мінез-құлқын өзінің белгілі бір  спецификасына байланысты топтық болып табылады деп есептейді. Мұндай спецификаны ол былайша түсіндіреді:

1) Құрбыларымен қарым-қатынас  жасау – ең басты ақпарат  каналы, ол арқылы жасөспірім  үлкендерден жинақтамаған ақпарат  көздерін алады;

2) Механикалық қарым-қатынастың спецификалық түрі – бірлесіп әрекет

 

 

 

 

 

 

 

етудің топтық ойыны  мен басқа да әрекеттер әлеуметтік өзара әрекет етудің, ұжым тәртібіне  бағынудың қажетті дағдыларын анықтайды;

3) Эмоционалды қарым-қатынастың  спецификалық түрі – топтық  қажеттілікті, достық көмекті сезіну жасөспірім үшін ойдағысындағыдай тұрақты сезімді береді.

Құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас жасау жасөспірім мінез-құлық, іс-қимыл әрекеттерінің  барлық жағын анықтай келе, жасөспірімнің  өмірінің нақ ортасында орналасады. Жасөспірімдік кезеңнің басында жасөспірімдер құрбыларымен қарым-қатынас жасауда әр түрлі тәжірибемен келеді, кей жасөспірімдерде ол оның өмірінде ең аз орынды алады, ал басқалары – мектеппен ғана шектеледі. Уақыт өте келе құрбыларымен қарым-қатынас жасау жаңа қызығушылықтарды алып келеді. Жасөспірімдік кезеңде құрбыларымен қарым-қатынас жасау ең негізгісіне айналып, білім, оқу екінші жоспарға ауысады, ата-анамен қарым-қатынас жасау жасөспірімде бұрынғыдай қызығушылықтар тудыртпайды. Мынаны ескере кету қажет, яғни ұл-балалар мен қыздардың қарым-қатынас жасау стилі бәрінде бірдей емес. Ұл-балалар қыздарға қарағанда жастық шақ кезеңінде қарым-қатынасқа тез түскіш келеді. Ерте жастан бастап олар қыздардан бұрын басқа адамдармен қарым-қатынасқа тез түседі, әрі кез-келген әрекетте белсенді болып келеді. Қыз-балалардың қарым-қатынас жасау стилі тым баяу жүреді, бірақ олар достық қарым-қатынасты ұл-балаларға қарағанда жақсы  бағалайды. Ерте кезден бастап ұл-балалар экстенсивтілікке, қыз-балалар интегсивтілік қарым-қатынасқа жақын болады, ұл-балалар жиі үлкен топтармен, қыз-балалар екеу немесе үшеу болып ойнағанды ұнатады.

И.О.Кон жасөспірімдік  кезеңде қарым-қатынас психологиясы екі қажеттіліктің өзара қарама-қайшылығының негізінде құрылады деп есептейді. Олар:

1)   Приватизация

2) Афорилиация, яғни қандай да бір топқа, қоғамға жататындығын көрсетеді.     

Приватизация көбіне ересектердің бақылауынан тыс эмансипацияда  көрінеді. Тұлға болып қалыптасуда  жасөспірімдік қиындықтармен байланысты болатын жалғыздық сезімі жасөспірімдерде құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігін тудырады. Д.И.Фельдштейн жасөспірімдердегі қарым-қатынастың 3 формасын атап көрсетеді:

  1. интимді-тұлғалық;
  2. стихиялы-топтық:
  3. әлеуметтік-бағдарлы.

Интимді-тұлғалық қарым-қатынас  – тұлғалық «Мен» және «Сен» деген  мейірімге негізделген өзара әрекет. Мұндай қарым-қатынастың мазмұны бір-біріне өз мәселелерін тудыруы кезінде байқалады. Интимді-тұлғалық қарым-қатынас әріптестердің жалпы ортақ құндылықтарынан туындайды, ол бір-

 

 

 

 

 

 

бірінің ойын, сезімін  білдіруімен және эмпатиясымен қамтылады. Интимді тұлғалық қарым-қатынастың жоғарғы формаларына махаббат пен достық қарым-қатынас жатады.

Стихиялы топтық қарым-қатынас  – «Мен» және «Олар» деген қарым-қатынасқа  негізделген өзара әрекет. Қарым-қатынастың бұл түрі алуан түрлі жасөспірімдік топтардың пайда болуына алып келеді. Стихиялы-топтық қарым-қатынас процесінде мінез-құлықтың тұрақтылығы агрессивтілікке, жауыздыққа, қорқыныш сезімінің жоғары болуына алып келеді.

Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас - өте маңызды әрекеттерді орындауда «Мен» және «Қоғам» деген қарым-қатынасқа негізделеді. Ол адамдардың қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, қарым-қатынасқа түсу топтарының, ұйымдардың формаларының дамуымен сәйкес келетін факторы болып есептеледі. [1. 15б].

Жоғарғы сынып оқушыларының өз мүмкіндіктерін ұғынумен байланысты талпыныстары, өзін тұлға ретінде бекітулері ересектердің еркіне байланысты мектептегі жағдайының арасындағы ажыраулар өзіндік бағалаудың маңызды терең дағдарысына әкеледі. Жасөспірімдердегі негативті өзіндік бағалауы оның өмірлік тонусына әсер етеді. Оның негізгі себебі жеткіншектердің қоғамдық мойындау қажеттіліктерінің қанағаттанбауына байланысты. Осы жағдай олардың өзіндік анықталуын жасанды түрде тежейді, сондықтан да олар жеке бастық интимді қатынасқа құрбыларымен, әр түрлі формалды топтармен жақын болады.

Осы қарым-қатынас олардың  мінез-құлқындағы агрессиялыққа, мазасызданудың жоғарлауына, жауыздық пен тұйықтыққа алып келеді. Жасөспірімдер белсенді жаңа әлеуметтік позицияларды алуға ұмтылады, өзінің менін ересектер әлемінде бекітуге тырысады. Олар ересектерге еліктей бастайды. Жасөспірімнің тұлғалық дамуы өзіндік сана-сезімдердің өзгерісімен байланысты болады, атап айтқанда өзіндік бағалауы, жеке бастық рефлексиясы, өзіне және басқаларға деген қатынасы, қызығулары, идеялары өзгереді. Жасөспірімдік жасының алғашқы сатысында (13-14 жас) өзін қабылдау ерекшеленеді, мінез-құлықтың теріс жақтарын көп бағалайды, яғни теріс эмоциялық фон орнайды. Жасөспірімдердің өзіндік санасының маңызды механизмі жеке бастық рефлексия, яғни жеткіншектің өзінің және басқалардың ішкі әлемін ұғынуы. Өзінің жеке басына сын көзбен қарай бастайды.

Қарым-қатынас пен  іс-әрекетте жинақталған тәжірибелердің негізінде жеткіншектер мен жасөспірімдерде  әлеуметтік-өнегелік өзіндік бағалау

қалыптасады. Өзінің мүмкіндігіне сәйкес келмейтін ауыр эмоциялық  күйлер адекватты емес аффектілер деп  аталады, ол агрессияның тууын жеделдетеді. Осы адекватты емес аффектілер жеткіншектерді өкпелегіш, агрессиялы жасайды. Сондықтан  да мұндай аффектілі күйлер жеткіншектердің тұлғалық дамуы үшін қауіпті болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Өзіндік бағалауы жоғары жеткіншектер қарым-қатынас жасағанда  қандай қиыншылықтар туындайды?  Ол өзін басқалардан сәл ақылдымын  деп ойлайтын болса, қоршаған ортада белгілі бір наразылықты туғызады. Мысалы, «Мен қандай ақылдымын» десе, қоршаған ортаға деген сенбеушілік қатынасымен қарағандай болады.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, көптеген жасөспірімдер  сынды ситуациялардан, зорлану жағдайынан кетуге бейім тұрады, тіпті өз өмірлерін  қию туралы да ойлана бастайды. Ересек жасөспірімнің өзінің ішкі әлемін ашуы оған маңызды, қуанышты, толқымалы оқиға болып саналады, сондықтан да соған байланысты жасөспірімдерде мазасызданған, қобалжыған және драматикалық әсерленулер өте көп болады.

Жоғарғы сынып оқушылары өз мінезінің жағымсыз жақтарына сынды қарайды, сол қырлар құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынасқа түсуге кедергі жасайды, сондықтан да олар оған қатты қиналып, мазасызданады.

Жасөспірімдер үлкендердің рөлін тез алғысы келеді, оған бала сияқты қарым-қатынас жасау ұнамайды, өздеріне шынай құрмет, сыйластық қатынас көрсетуді талап етеді. Жасөспірімдердегі үлкеюі сезімі, тұлғаның жаңа құрылымдары өзіндік сана сезімдермен тығыз байланысты. Осының бәрі ата-ана мен ересектердің тәуелділік фонында өтеді, сөйтіп жеткіншектер әлеуметтік қауқарсыз, құқықсыз болады. Осы кезеңде өзіндік сана сезімдердің қызу дамуы өтеді, жеткіншек өзінің меншікті бағалауына бағдар жасайды.

Л.С.Выготский айтқандай, өзіндік сана-сезімдер ішкі өткен  әлеуметтік сана. Жасөспірімнің жеке басының дамуында өзіндік сана-сезімдер маңызды орынды алады. Ең негізгісі басқалардың оны бағалауы, соның негізінде өзіне деген қатынас және соның негізінде туындайтын мазасыздану күйлерінің асқынуы, ересектер мен қоршаған ортадағы адамдардың оларға берген бағалаулары ол үшін өте маңызды, яғни өзінің меншікті жетістігін, мәнділігін

бейнелейді. Жасөспірімде өзіне және басқаларға деген қызығулар оянады. Олар өздерінен гөрі басқаларды бағалауды ерте кезден бастайды. Жоғарғы сынып оқушылары бірінші кезекте қарым-қатынастық сферасындағы мінез-құлықтың әр түрлі формаларына байланысты қасиеттерді саналы ұғынады. Бұл әрине, өзіндік бағалау өзгермейді деген сөз емес, оның динамикасы болып келеді. Психологиялық зерттеулерде жасөспірімдердің адекватты өзіндік бағалау мәселесі соңғы орынға қойылмаған. Жаңа арнайы тәжірибе жинағы, жаңа қоғамдық қатынастар мен байланыстарға түсетін орташа жас шамасы 11-14 жастағы балаларға кез келеді. Бұл жастың негізгі жаңа қалыптасуы қарым-қатынастың кеңеюі салдарынан өзіндік сананың өсуі ата-анамен, үлкендермен, құрдастарымен қатынастарының күрделене түсуі болып табылады. Жасөспірімнің дамуындағы өзіндік санасы біршама тұрақты, өзіндік бағалауға және анықталған талаптану деңгейіне әкеледі. Олардың көптеген әр түрлі іс-әрекеттерге қатысатыны белгілі. Бірақ өмір немесе іс-әрекет тұтастай реттелмейді. Тек олардың жеке түрлерімен механикалық

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері