Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….
1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША
35) Виноградова Т.В., Семенов В.В. Сравнительное исследование познавательных процессов у мужчин и женщин: роль биологических и социальных факторов. // Вопросы психологии, № 2. 1993. 123б.
36) Клецина И.C. Гендерная социализация. Учебное пособие. СПб., 1998. 67б.
37) Кон И.С. Обсуждение темы “Проблемы и перспективы развития гендерных исследований в бывшем СССР”//Гендерные исследования. № 5. 2000. с.27-33.
38) Крайг Г. «Психология развития». СПб., 2000. 89б.
39) Попова Л. Психологические исследования и гендерный подход Культура. М., 1999. 67б.
40) Серкин В. П. «Образ мира и образ жизни» - изд. СМУ., 2005 год. 111б.
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саладағы алдыңғы қатарлы бағыттардың бірі болып гендерлік сұрақтардың шешімі табылады. 2005 жылы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдары гендерлік теңдік Стратегиясын бекіту туралы» қаулы қабылданды. Бұл заң төңірегінде мемлекет өзіне гендерлік теңдікті, әйелдер мен ерлердің мінез-құлықтарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, екі жыныс өкілдерінің тең құқықтарын бақылау қызметін жүктеді. Гендерлік психология саласындағы зерттеулер осы саладағы мәселелерді сәтті шешудің міндетті шарты болып табылады және әйелдер мен ерлер арасындағы қарым-қатынас пен түсінісушіліктің деңгейін арттыруға көмек бере алады.
Жыныс – адам идентификациясын анықтайтын алғашқы категориялардың бірі. Психология саласында гендерлік мәселелермен шетел және отандық ғалымдар айналысады, олардың қатарынан Ш. Бернді , Е. Maccoby и C. Jacklin, S. Bem, Т. Бендасты, И.С. Клёцинаны, И. С. Конды, В. Е. Каганды, Е. П. Ильинді және т.б. атап өтуге болады. Жыныстық идентификация адамның өзіндік санасының қалыптауындағы маңызды негіз болып табылады.
Гендерлік ерекшеліктерді жас шамасы тұрғысынан қарастыру қызық және өзекті мәселе екндігін анықтайды, әсіресе, жасөспірім және ерте жастық шақ кезеңдерінде (14-17 жас). Э. Шпрангердің, В. В. Зеньковскийдің, Ш. Бюлердің, Г. Гецердің, Э. Штерннің, Э. Эриксонның, Ж. Пиаженің, Л.С. Выготскийдің, Д.Б. Элькониннің, Л.И. Божовичтің, И.С. Конның, Л.С. Пилипчуктың, С.Б. Елубаеваның, С.Ж. Өмірбеканың, Ж.Ж Бейсенованың, А.У. Ескендірованың көптеген зерттеулерінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін осы жас кезеңдерінің маңыздылығы ерекше аталады.
Психологтар, жоғарғы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында тұлғаның қалыптасуы үшін қарым-қатынастың маңызды екендігін аңғарған. Жасөспірімнің макро- және микросоциуммен әрекеттесу саласында байқалатын қарым-қатынас ерекшеліктері мен қақтығыстар қарым-қатынастың тиімдігін төмендетеді және тұлғаның өзіне қолайсыз әсер етуі мүмкін. Жас жігіттер мен қыздардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің осы зерттеулері тұлғааралық қарым-қатынастарындағы толеранттық тәрбиесі мен девиантты мінез-құлықтарының алдын алудың негізі бола алады.
Осы зерттеудің өзектілігі, бір жағынан, жоғары сынып оқушыларының арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың гендерлік зерттеулерінің қажеттілігімен, екінші жағынан, осы сұрақтың қазіргі замандағы жас жігіттер мен қыздарға қатысты жеткілікті зерттелмегендігімен шартталады. Ғылыми әдебиетте сипатталған теориялық және эмпирикалық зерттеулер негізінде 5-8 жылдан бұрын жүргізілген. Алайда, қазіргі уақытта гендерлік стереотиптердің түрленуін байқауға болады, себебі әйел адамдардың арасынан өзіне өзге жауапкершілікті жүктейтіндер саны күннен күнге көбеюде. Көптеген мәдениеттерде ұзақ мерзім бойы тек ерлерге ғана тән болып есептелетін бұл рөлдер енді әйел затына да тән болып дамуда. Өз кезегінде дәстүрлі гендерлік нормаларға сәйкес тек әйел затына жақын болып келген, эмоционалдық-экспрессиялық рөлдерді енді ерлер де игеруге тырысуда. Біздің жүргізген зерттеуіміз осы сұрақ бойынша жинақталған қорды белгілі деңгейде толықтыруға және кеңейтуге бағытталған.
Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.
Зерттеу болжамдары:
Зерттеу әдістері. Нәтижелердің растылығы сенімді және валидті әдістемелердің таңдалуымен, сонымен қатар математикалық статистика әдістерінің қолданылуымен қамтамасыз етіледі. Өңдеу Exсell бағдарламасының көмегімен жүргізілді. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін және болжамдарды тексеру үшін таңдалды:
Зерттеудің жаңалығы болып жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайындағы гендерлік ерекшеліктерді қазақ тілінде зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отырғаны табылады, сонымен қатар әдістемелер қаза тіліне аударылды және бейімделді. Бұл зерттеу қазіргі заманның жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктерін өткен он жылдық зерттеулерімен (20 ғасырдың 80-90 жылдары) салыстырмалы түрде динамикасын анықтауға мүмкіндік берді, себебі бұл жылдар аралығында қоғамда өмірдің барлық жақтарына әсер еткен елеулі өзгерістер болды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Алынған нәтижелерді тәрбиелік және психологиялық жұмыс барысында, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-құлық толеранттығын қалыптастыру үшін және жоғарғы сынып оқушыларының арасындағы конфликтілік жағдайларды шешу және алдын алу барысында тренинг жүргізу үшін қолдануға болады.
Бірінші тарауды аяқтай келе, біз келесі қорытындылар жасай аламыз:
- Тұлғаның және өзіндік сананың қалыптасуы үшін ерте жасөспірім кезеңі маңызды болып табылады. Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу олардың тәрбиесі мен оқытуы үшін негіз болып табылады;
- Қазіргі уақыттағы осы зерттеулер гендерлік мінез-құлықтың дәстүрлі стереотиптері (феминистік және маскулиндік қасиеттер) және ерлер мен әйелдердің нақты мінез құлықтары туралы көзқарастар арасында қарама-қайшылықтар туындайтынының айғағы болып табылады ;
- Әсіресе, конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынастың гендерлік ерекшеліктерін зерттеу маңызды болып отыр. Ерлер мен әйелдердің мінез-құлықтарының арасындағы дифференциалды айырмашылықтар саласындағы көптеген зерттеулерге қарамастан, жасөспірімдік және жастық шақ кезеңінің зерттеулері жеткіліксіз екендігі анықталып отыр.
- Конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынаста агрессивтілік ерекше орынға ие болады.
Осы қорытындылар біздің эмпирикалық зерттеуіміздің негізін құрайды және әдістемелер таңдауымызға әсер етті.
2. Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері және болжамдары
Зерттеудің мақсаты – жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктерінің эмпирикалық зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
Болжамдары:
2. 2 Таңдау топтарының сипаттамасы
Зерттеу 2011 ж. ақпан айында (педагогикалық және кәсіптік тәжірибе алу барысында) Алматы қаласының №12 қазақ гимназиясында жүргізілді. Зерттеуге барлығы 80 адам қатысты. Олардың негізгі сипаттамаслары 1 кестеде берілген.
Кесте – Зерттелінушілер сипаттамасы
Жынысы |
Жасы |
Сынып |
Саны |
Жігіттер |
15-17 жас |
9 -11 |
40 адам |
Қыздар |
15-17 жас |
9-11 |
40 адам |
2.3 Зерттеу процедурасы мен әдістері
Зерттеудің мақсаты мен міндерттеріне сәйкес біз баланың мінезіндегі негізгі тенденцияларын, агрессивтілік деңгейін, конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық стратегияларын зерттеуге бағытталған, психологиялық жынысын және тұлғаның андрогинділік, маскулиндік және феминистік деңгейлерін анықтауға бағытталған әдістемелер кешенін іріктеп алдық.
Зерттеу әдістемелерін іріктеу барысында біз келесі негізі қағидаларға сүйендік:
Осы критерийлерге сәйкес біз келесі әдістемелерді таңдап:
1. Л.Н. Собчиктің жеке-типологиялық сұрақнамасы (ЖТБС) (балаларға арналған нұсқасы);
2. А. Басс және А. Дарканың тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеуге арналған әдістемесі;
3. К. Томас пен Р. Килменнің конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық стратегиясын зерттеу әдістемесі (Н.В. Гришина бейімдеген);
4. С. Бемнің психологиялық жыныс пен тұлғаның андрогинділік, маскулинділік және феминистік деңгейінің диагностикасын жүргізуге арналған әдістемесі.
Зерттеу бір кезеңде өткізілді, орташа есеппен 50-60 минут уақытқа созылды, топтық түрде жүргізілді.
Зерттеу әдстемелерінің сипатын ұсынамыз.
Сандра Бемнің психологиялық жыныс пен тұлғаның андрогинділік, маскулинділік және феминистік деңгейінің диагностикасын жүргізуге арналған әдістемесі
Сандра Бемнің жыныстық-рөлдік сұрақнамасы — бұл гендер тұрғысынан адам өзін қалай бағалайтыны анықтауға арналған кеңінен қолданыталтын құрал. Сұрақнама 60 пікірден (қасиеттен) тұрады, олардың әрқайсысына зерттелінуші «иә» немесе «жоқ» деген жауап беруі тиісті, омсындай көзқарас білдіре отырып, осындай қасиеттің өз бойында бар немесе жоқ екендігін танытады. Сұрақнама сараптамалық рейтинг түрінде де қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда зерттелінушінің бағасын ұсынылған қасиеттері бойынша білікті сараптышалар қояды, яғни зерттелінушіні жақсы білетін адамдар (ері немесе зайыбы, ата-анасы және т.с.с.) Ұпайлар саналғаннан кейін IS есептеледі (негізгі индекс). Зерттелінуші 5 категорияның біріне жатқызылады:
IS -2,025 төмен болса:
айқын анықталған
IS – 1 төмен болса: маскулинділік;
IS -1 бастап +1 дейін: андрогинділік;
IS +1 жоғары болса: феминистілік;
IS +2,025 жоғары болса: айқын анықталған феминистілік.
Сұрақнаманың мәтіні 1 қосымшада берілген.
Л.Н. Собчиктің жеке-типологиялық сұрақнамасы (ЖТБС) (балаларға арналған нұсқасы)
Әдістеме 61 сұрақтан тұрады. Әдістеменің сұрақтары қорғаныс реакциясын тудырмайды, себебі әлеуметтік жағымды немесе жағымды емес жауап түрлерін емес, темперамент қасиеттерін анықтауға бағытталған. Әдістеме бала мінезінің туа біткен қасиеттеріне және тұқым қуалаушылық қасиеттеріне және темпераментіне негізделетін басым тенденцияларын байқауға мүмкіндік береді, олар өз кезегінде сыртқы ортаның және жақын қоршауының белгілі әсеріне ұшырайды, соның салдарынан баланың осы аталмыш қасиеттері асқына түседі немесе өзгеріске ұшырайды. Әдістеме 10 шкаладан тұрады: 8 шкала тұлғаның жеке-типологиялық ерекшеліктерін өлшейді (экстраверсия, кенеттілік, агрессивтілік, ригидтілік, интроверсия, сензитивтілік, үрейлілік, эмотивтілік), жалғандық шкаласы және аггравация шкаласы.
Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері