Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….
1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША
Егер жалғандық шкаласы бойынша нәтиже 4 ұпайдан асатын болса – мәліметтер нақты емес.
Егер аггравация шкаласы бойынша нәтиже 4 ұпайдан асатын болса – мінез қасиеттері нақтылана түседі, асыра байқалады.
Қалыпты шекарасындағы көрсеткіштер (3 ұпай) – үйлесімді тұлға.
Бәсеңділікпен жоғарылайтын көрсеткіштер (4-5 ұпай), - акцентуиацияланған қасиеттер.
Шектен тыс байқалатын көрсеткіштер (6 ұпай) – бейімделуге тосқауыл болатын және бала мен оның қоршаған ортасына қиыншылық тудыратын қасиеттер.
Полярлы, яғни қарама-қарсы қасиеттермен орны толтырылатын қатты байқалатын тенденциялар елеулі эмоционалды зорланушылықтың белгісі және, егер көрсеткіштер 4 ұпайдан асатын болса, ішкі конфликтінің белгісі болып табылады.
0 бастап 1 ұпайға дейінгі
көрсеткіштер өзін өзі
Сұрақнама мәтіні 2 қосымшада берілген.
А. Басс және А. Даркидің тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеуге арналған әдістемесі
Сұрақнама 75 сұрақ-көзқарастан тұрады, құрамында агрессия түрлерін сипаттайтын 8 шкала бар:
1, 2, 7 шкалалары бойынша
көрсеткіштері қосу жалпы
Сұрақнама мәтіні 3 қосымшада берілген.
К. Томас мен Р. Килменнің конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық стратегиясын зерттеу әдістемесі (Н.В. Гришина бейімдеген).
Кофликтілік жағдайлардағы жүрыс-тұрыстың қалаулы стратегиясы американдық психологтар К. Томас пен Р. Килмен (Н.В. Гришина бейімдеген) ұсынған әдістеменің көмегімен бағланады. Олар конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлықтың бес стратегиясын ажыратады: бәселестік, ынтымақтастық, компрмисс, қашу, бейімделу. Неғұрлым көп ұпай жинақтаған мінез-құлық стратегиясы конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлықтың басым стратегиясы болып табылады
Сұрақнама мәтіні 4 қосымшада берілген.
Әр әдістеме бойынша біз топтар бойынша орташа көрсеткішін есептейміз.
Таңдау топтарын салыстыру үшін біз Манна - Уитни критерийін қолдандық. Корреляциялық талдауды Спирменнің корреляциялық коэффициентінің көмегімен жасадық.
2.4 Нәтижелер және оларды талқылау
Біз конфликтілік жағдайлардағы
гнедерлік ерекшеліктердің
Психологиялық жыныс пен тұлғаның андрогинділігі, маскулинділігі және феминистілігінің диагностикасына арналған Сандра Бэм әдістемесінің нәтижелері
Андрогинділік, маскулинділік және феминистілік деңгейлерінің орташа мәндері анықталды. Нәтижелері 1 суретте диаграмма түрінде және кесте түрінде (2 кесте) ұсынылады.
Сурет 1. Жігіттер мен қыздар тобындағы С. Бэм әдістемесінің нәтижелері
Ескерту – ординаталар осі бойынша IS индексінің көрсеткіштері белгіленген. IS төмен -2,025: маскулинділік айқын анықталған. IS төмен - 1: маскулинділік; IS -1 бастап +1 дейін: андрогинділік; IS жоғары +1: феминистілік; IS жоғары +2,025: феминистілік айқын анықталған
Кесте 2. С. Бем әдістемесі бойынша жігіттер мен қыздар топтарындағы орташа көрсеткіштер
Психологиялық жынысы |
Жігіттер |
Қыздар |
Маскулинділік |
||
Андрогинділік |
-0,08127 |
0,267035 |
Феминистілік |
Біз жігіттер арасында: 1 маскулинді, 2 феминисті және 37 андрогинді типтес (40 адам арасынан) адам бар екендігін анықтадық; ал қыздар тобында 1 маскулинді, 3 феминисті және 36 андрогинді адам (сондай-ақ 40 адам арсынан) бар екендігін анықтадық. Сонымен, жоғарғы сынып оқушылары - жігіттер мен қыздардың – орташа көрсеткіштері андрогинділік диапазоны шекарасында орналасқанын анықтадық (зерттелінушілердің жалпы санынан 92,5 %, ал айқын байқалатын мускулинділік немесе феминистілік типтес адамдар зерттелінушілердің жалпы санынан алғанда 8,5% құрайтынын байқауға болады.
Жігіттер мен қыздар топтарының нәтижелерінің расталған айырмасы U – Манна-Уитни критерийін қолдану арқылы тексерілді.
Біз екі статистикалық болжам ұсынып отырмыз:
Н0: жігіттер шкаласыныңы көрсеткіштері қыздар шкаласының көрсеткіштерінен елеулі айырмашылығы жоқ.
Н1: жігіттер шкаласының көрсеткіштері қыздар шкаласының көрсеткіштерінен елеулі айырмашылығы бар.
Есептеу жолымен біз көрсеткішін алдық Uэмп=519. Себебі:
Р 0,05 үшін Uкр = 628, n1=40 және n2=40 үшін
Р 0,01 үшін Uкр = 557, n1=40 және n2=40 үшін,
яғни, жігіттер мен қыздар шкалаларының бір бірінен елеулі айырмашылығы жоқ екендігі туралы Н1 болжамы қабылданады. Алайда, біздің зерттеуімізде 73 зерттелінуші андрогинділік типке жатады, сонымен қатар қыздар көрсеткіштері феминистілік жағына қарай жақындау (феминистік қасиеттері маскулинділік қасиеттеріне қарағанда айқын байқалады), ал жігіттердің қасиеттері – маскулииділік жағына қарай жақындау (бұл қасиетері феминистілік қасиеттеріне қарағанда айқын байқалады).
Сонымен, С. Беем әдістемесінің нәтижелері зерттеуге қатысқан жоғары сынып оқушыларының бірсыпыра бөлігінде тұлғаның андрогинділік түрі басым екендігін (яғни жалпы таңдау тобының 92,5 %) анықтауға мүмкіндік берді; айқын байқалатын гендерлік профильдері бар жігіттер мен қыздар саны 10 есе кем (жалпы таңдау тобының 8,5%). Сонымен қатар, андрогинділік түрінде ерлер мен әйелдер қасиеттерінің қатынастығы әртүрлі болып табылады – қыздар тобында феминистік профиль басымшылықтау ал жігіттер тобында – мускулинділік қасиеттер басымшылықта екендігіне назар аудару қажет.
Біздің ойымызша, біздің таңдау тобымызда ерлер мен әйелдерге тән айқын байқалатын мінез-құлықтың ерекше анықталмауы жас шамасына байланысты фактор болып табылады – жоғары сынып оқушыларының идентификациялық үрдісінің қалыптасуы аяқталмағандығымен шартталады. Сонымен қатар бұл жағдай қазіргі замандағы дәстүрлі жыныстық және рөлдік стереотиптер шекараларының өзгеруімен де шартталады деп ойлаймыз (мысалы, қазіргі кезде екі жынысқа да тән стильдердің («унисекс») кеңінен таралғанын байқауға болады, заманауи әйелдердің әлеуметтік белсенділіктері де бұрынғыға қарағанда едәуір артқанын да байқауға болады және т.с.с.). Біздің зерттеуіміз бойынша алынған нәтижелер И. С. Клецинаның 2001 жылы ресейлік таңдау тобында жүргізілген зерттеулерінің нәтижелерінен өзгеше. И.С. Клецинанаың зерттеуінде таңдау топтарының жартысына таяу саны андрогинді боып анықталған, ал біздің зерттеумізіде таңдау тобының басым бөлігі андрогинді болып отыр (жалпы зерттелінушілердің 92,5 %). Мүмкін қазіргі уақытта мінез-құлық стратегияларының гендерлік ерекшеліктерінің мазмұнына жаңа көзқарастың қажет екендігі туралы сұрақ орында болар. Және де бұл жағдайға этномәдениеттік әсердің үлесі де бар шығар.
Гендерлік ерекшеліктерді анықтау бідің зерттеуіміздің негізгі мақсаты емес, соған қарамастан анықталған ерте жастық шағындағы идентификациядағы андирогиндік түрінің басымшылығының нақытлануы болашақта терең зерттеулерді қажет ететінін айта кеткіміз келеді.
Л. Н. Собчиктің жеке-типологиялық сұрақнамасы (ЖТБС)
Біз жігіттер мен қыздар тобында әр 8 шкала бойынша бөлек орташа көрсеткіштерін есептеп алдық. Зерттеу нәтижелері 3 кестеде берілген.
Кесте 3. Л.Н. Собчик әдістемесі бойынша шкалалардың орташа көрсеткіштері
№ п/п |
Шкалалар |
Жігіттер (n=40) |
Қыздар (n=40) |
1 |
Экстраверсия |
3,225 |
5,025 |
2 |
Кенеттілік |
5,85 |
2,725 |
3 |
Агрессивтілік |
4,825 |
3,65 |
4 |
Ригидтілік |
3,525 |
3,825 |
5 |
Интроверсия |
3,15 |
3,4 |
6 |
Сензитивтілік |
3,675 |
5,7 |
7 |
Үрейлілік |
2,55 |
4,225 |
8 |
Эмотивтілік |
5,325 |
4,275 |
Қабылдау қолайлылығы үшін біз нәтижелерді 2 суретте график түрінде ұсынып отырмыз.
Ескерту: абсцисса осі бойынша шкалалар: 1 – жалған, 2 - аггравация, 3 – экстраверсия, 4 – кенеттілік, 5 – агрессивтілік, 6 - ригидтілік, 7 – интроверсия, 8 – сензитивтілік, 9 – үрейлілік, 10 – эмотивтілік. Ординаталар осі бойынша – әдістемені жүргізу нәтижелері бойынша алынған ұпайлар.
Сурет 2. Екі таңдау тобы бойынша Л. Н. Собчик әдістемесінің орташа мәндері
3 кестеде берілген
мәліметтер бойынша,
Басқа шкалалар бойынша – қыздардың орташа көрсеткіштері жігіттерге қарағанда жоғарылау: экстраверсия (1,8-ге жоғары), сензитивтілік (1,025-ке жоғары), үрейлілік (1,675-ке жоғары). Экстраверсия шкаласы бойынша жоғарылау көрсеткіштер қыздардың әлеуметтік бағыттылығын анықтай түседі; олардың коммуникативтік қажеттіліктері, жігіттермен салыстырмалы түрде қарастырғанда, айқындала түседі; мүмкін, олар үшін жалғыздық және оңашалық сияқты күйлерді кешу қиынға соғуымен байланысты болғандықтан болар. Сензитивтілік шкаласы бойынша жоғары көрсеткіштер қыздар жігіттерге қарағанда әсерленгіш, жараланғыш, ренжігіш екендігін білдіреді, және олар жігіттерге қарағанда сәтсіздік жағдайларында дпепрессиялық әсерлерге бейімділігін білдіреді. Үрейлілік шкаласы бойынша жоғары көрсеткіштер бойынша қыздарға келесі қасиеттердің басымшылығы тән: бетылсыздық, жоғары деңгейлі жауапкершілік, шүбаланғыштық, қорқақтық, негізсіз қорқыныштардың бойлауы. Біздің ойымызша, мұндай тән қасиеттер қыздардың бойынан анық бйқалатындығы олардың дәстүрлі гендерлік стереотиптерге – «әйелдер әлсіздеу, ұялшақ, сезімтал» - сәйкес келетіндігімен және мұндай қасиеттер кемшілік болып есептелмейтінімен де байланысты. Керісінше, мұндай қасиеттердің жігіттер бойына тән болуы әлсіздіктің белгісі болып табылады және қошемет таппайды.
ЖТБС нәтижелерінің айырмашылықтарының растылығы топтар бойынша U – Манна-Уитни критерийінің көмегімен тексерілді. Зерттеудің алынған нәтижелері жігіттер мен қыздар тобында әр әдістеме бойынша бір қатар ретінде біріктірілді және оның құрамына енетін көрсеткіштер еселенуі бойынша реттелді. Әр шкала бойынша инверсия сандары есептелді.
Л.Н. Собчиктің жеке-типологиялық сұрақнамасы (ЖТБС) (балаларға арналған нұсқасы) бойынша айырмашылық растылығының анықталуын толық қарастырайық.
Біз екі статистикалық болжам ұсынып отырмыз:
Н0: жігіттердің шкала көрсеткіштерінің қыздардың шкалалық көрсеткіштерімен салыстырғанда, статистикалық елеулі айырмашылықтары жоқ.
Н1: жігіттердің шкала көрсеткіштерінің қыздардың шкалалық көрсеткіштерімен салыстырғанда, статистикалық елеулі айырмашылықтары бар.
Алынған нәтижелер 4 кестеде берілген.
Кесте 4. Л.Н. Собчиктің ЖТБС әдістемесі бойынша айырмашылықтар растылығының нәтижелері
Шкалалардың аталуы |
Инверсияның ең төмен саны (Uэмп) |
Жалған |
429* |
Аггравация |
613 |
Экстраверсия |
696 |
Кенеттілік |
570 |
Агрессивтілік |
541* |
Ригидтілік |
667 |
Интроверсия |
721 |
Сензитивтілік |
687 |
Үрейлілік |
680 |
Эмотивтілік |
586** |
Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері