Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….
1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША
бейнелейді. Дегенмен, біздің көзқарасымыз бойынша өзіндік бағалау ұғымы – оның деген ұғымды пайдалануға болады. Тұлғаның өзіне қатынасы өзі туралы ойдан тұратындықтан өзіндік бағалау ұғымы көп деңгейде тұлғаның өзіне қатынасын бейнелейді. Осыған орай және көптеген жағдайларға байланысты өзі туралы ойдың адекваттылығы ұғымы өзіндік бағалаудың адекваттылық ұғымына қарағанда едәуір нақтырақ мәні ашылады [26, 27, 28].
Өзіндік бағалау сана сезімдердің неғұрлым көп зерттелген элементтерінің бірі. Отандық кеңестік психологияда өзіндік бағалау екі жоспарда қарастырылады: 1) өзіндік сана сезімдердің компоненті ретінде; 2) өзіндік реттелудің маңызды механизмдері ретінде ( С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, К.А.Абульханова-Слаявская, В.В.Столин және т.б.) [9, 5, ]. Тұлғаның өзіндік бағалауын өзіне қатынасы ретінде қарастыратын болсақ онда біз тұлғаның жалпы өзіндік бағалауы өзіндік бағалау мәні бойынша өзіндік бағалау құрылымынан тұратындығын айтуымыз қажет.
С.Л.Рубинштейн өзінідік
сананың мәнін түсіндіре
1. Мен кім болған едім?
2. Мен не істедім?
3. Мен кім болдым? » [3.134 б]
Көптеген шетел зерттеулерінде өзіндік бағалау жалпы өзіндік бағалау мен жеке жоғары құнды қабілеттілікті өзіндік бағалаумен байланыстыра отырып көрсетеді. Өзіндік бағалау және қандай да бір жағдаяттар ерекшелігі, бірқатар жағдаяттардың функциясында жүзеге асады. Өзіндік бағалаумен суицидқа бейімділіктің байланысы тұлғаның өзінің құнсыздануы «өлуге қалауының» пайда болу себептері ретінде анықталады.
Өзіндік сана құрылымының
әртүрлі компоненттері бірдей зерттелінбеген.
Бірінші кезекте өзіндік
факторларының рөлін қарастырады. Мұндай бағыттағы еңбектерге Л.Б.Божович [5], А.В.Захарова [29], А.И.Липкина [11] және т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Жасөспірімдердің өзін бағалау мәселелері психологияда өзекті де, күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселе барлық елде жан-жақты зерттелуде. Өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан толығырақ қарастырғандар Б.Г.Ананъев, Л.И.Божович, И.С.Кон, М.И.Лисина, А.Липкина, В.В.Столин, Е.Шорохова, У.Джеймс, Ч.Куль, Д.Ж.Мид,Э.Эриксон, К.Роджерс, т.б. Бұл
ғалымдардың зертеулерінде бағалаудың онтогенезі, оның құрылымы, атқаратын қызметтері, қалыптасулардың мүмкіндіктері мен заңдылықтары қарастырылған. Өзін-өзі бағалау адамның өз іс-әрекетінің ретелуіне тікелей қатысушы жеке адамдық құрылым, жеке адамның автономды мінездемесі, жеке адам белсенділігінің орталық компоненті ретінде алынады. Адамның өз дене күшін, ақыл-ой қабілетін, іс-әрекет мотивтері мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын сезінуі өзіндік бағалау арқылы жүзеге асырылады. Өзіндік бағалаудың ерекшелігі көптеген сезімдердің ерекшеліктеріне, жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым-қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді. Кез келген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі - мемлекет алдында тұрған міндеттерді өздігінше шешуге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Саналы түрде, өзін-өзі
Өзін-өзі бағалау –
саналауға байланысты – кейбір кезде тым жоғарыланған идеологиялық өзін-өзі бағалау масштабы. Нәтижесінде, адам тұлға ретінде жоғары деңгейде анықталады. Өзін-өзі бағалау іс-әрекет және тұлға аралық өзара әрекет процесінде қалыптасады. Жоғарыда айтып өткендей, өзіндік бағалау құрылымы екі компоненттерден тұрады: когнитивті және эмоционалды.
Біріншісі, адамның өзі
жайлы білімін көрсетсе, екіншісі
адамның өзіне деген қатынасын
көрсетеді. Ал, өзіндік бағалаудың даму
шарттарына келетін болсақ, А.Захарова
екі негізгі шартты атап көрсетті:
1) Баланың басқалармен қарым-қаты
1. Өзін іс-әрекет субьектісі ретінде саналы түрде ұғыну және бағалау;
2. Өзіне индивидуалды
тұлға ретінде қарау және
3. Өзін іс-әрекет субектісі ретінде саналы түрде ұғыну және бағалау;
Ал, В.С. Мерлин болса, өзіндік сананың дамуын төрт фазаға бөледі:
1. Өзінің тұрақтылығын саналы түрде ұғыну;
2. Өзін саналы белсенділік субъектісі ретінде түсіну;
3. Өзінің психологиялық
қасиеттерін саналы түрде
4. Өзінің адамгершілік қасиеттерін түсіну.
Зерттеушілердің қарастыруы бойынша, өзіндік бағалаудың үш деңгейін бөліп шығарған: 1. Тым жоғары деңгей – шынайы өзіндік бағалаумен сипатталады. Яғни, адам өз бойындағы қасиеттерді, қабілеттерді, сезімдер, жүріс-тұрысын жоғары деңгейде бағалайды. 2. Орташа деңгей - өзін-өзі бағалау, көбінесе қоршаған ортаның ойымен бағаланады. Егер жоғары деңгейде каузалды атрибуция ішкі шарттар арқылы орындалса, мұнда өзіндік бағалау нақты факт және ситуациялар каузалды атрибуция сыртқы шарттар арқылы орындалады. 3. Төменгі деңгей - өзін-өзі бағалау эмоционалды түрде байқалады және адам өз қабілеттерін, мүмкіншіліктерін, жүріс-тұрысын ең төменгі деңгейде бағалайды [31, 113б.].
Жасөспірімдердің үлкендерді бағалау ерекшеліктерін қарастырастыруда ең негізгі критерий ата-анасын және мұғалімдерін қалай бағалайтыны жайына тоқталайық. Негізінен жасөспірім кезінде мінез-құлқының өзгеруі мен өзін және басқаларды бағалауы көп дәрежеде ағзаның психофизикалық ерекшеліктерімен, отбасындағы тәрбие стилімен, олардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар мінез-құлық стереотиптері мен дағдыларын қалыптастыратын ортамен байланысты болады. Жасөспірім ата-анасының беретін бағасына қарай өзіне құндылықтар мен нормаларды, өзіне деген бағаны меңгереді. Әр жасөспірім өзінің отбасындағы орнын анықтауға тырысады. Олар әлеуметтік ортада өзін дамытумен қатар, айналадағыларымен қарым-қатынас жасай отырып, өзіндік бағалаудың шарттарын, салыстырудың тәсілдерін үйренеді. Экперименталды
зерттеулер ата-анасының баласына деген объективті бағасына қарағанда, олардың баласын қабылдауына сәйкес бағдардың баласының өзіндік бағалауының дамуын сенімді түсіндіре алуы мүмкін екенін көрсетті. Кейбір авторлар ата-ана мен жасөспірімдер арасындағы өзіндік бағалаудың бірнеше нұсқасын көрсетеді [31. 31-34 б.].
Жасөспірімдік шақта ата-анасына, мұғалімдеріне қарағанда, енді ең жақын адамы құрбы-құрдастары, достары болып табылады.
Жасөспірімдердің құрбы-
Сонымен қатар, жоғарғы мектеп
оқушысының тұлғалық
Мінез ( латынша «character») – адамның өзгелерге және жасалынып жатқан іске деген қатынасын анықтайтын тұлғаның тұрақты қырларының жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс табады.
Адам мінезі белгілі бір түрткілерге немесе қалыптасқан жағдайларға деген кездейсоқ реакцияларды емес, адамның маңызды істерін, қылықтарын анықтайды. Мінездің әсерінен туындайтын адамның қылығы, ісі әрқашан саналы және ойластырылған, қандай болғанда да адам жасаған ісін түсіндіріп бере алады [13. 5 б.].
Туа біткен индивидуалды
қырлар ғана емес, сонымен қатар
өмір ағысына байланысты дамудағы айырмашылықтар
да адамдарды бір-бірінен
Мұндай айырмашылықтар қандай әсерлерден пайда болуына қарамастан адамдар бір-бірінен өзгешеленеді. Адамдар түр-әлпеті жағынан қалай
ұқсамаса, осылайша олардың психикасы әртүрлі болып келеді. Бірақ индивидуалды қырлар ойлағандай көп емес. Адамдардың индивидуалдылығын анықтайтын қырлар түрлі психикалық аймақтарға жатқызылады: 1) қызығушылықтар мен бейімделу аймағы; 2) сезім және ерікаймағы; 3) ассоциативті интеллектуалды аймақ; Адамдардың табиғатын түсіну үшін аталған аймақтарға тән қырларын мұқият анықтау керек.
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері
Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды. [39 67б].
Яғни, олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени тұрғыда басым болып отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты. Жыныс – гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалары болып табылады. Ұлдар мен қыздардың әлеуметтену үрдістерінің нәтижесінде – жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіпктік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады.
Гендер - түсінігі соңғы кезде елімізде ерекше жиі қолданысқа еніп, елеулі мәселеге айналып келеді. Гендер түсінігі, қоғамдағы әйел мен ердің арасындағы олардың әр қайсысының әлеуметтік орнын анықтауға бағытталған ғылыми бағыт. Гендер - өз бастауын феминизмнен алады. Феминизм батыс елдеріндегі әйелдердің өз саяси құқығын қорғаудан басталып, “эмансипацияға” (биоәлеуметтік теңдікке жету) одан әрі қарай гендерге ұласты. Қазір оның мағынасы кеңейе түсіп отыр. Оған әкелген жол “әйел” мен “ер” түсініктерінің әлеуметтік кеңістіктерінің кеңеюінен. Бүгінгі күні олардың ара қатынасының ерекше түрлерінің пайда болуы. Және табиғи түрлерінен (гермофродиттер) ғана емес, транссексуалдардың қоғамдағы өз орнын анықтауға жол ашу, құқықтарының қорғалуына күрес жүргізу. Гендерге осының барлығын енгізіп, кең ауқымды қарастыру мәселесі шет елдерден бастау алады. Гендерлік теңдіктің дамыған жері бұл Скандинавия мемлекеті болып табылады. Атап айтқанда Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 1905-1920 жылдарынан бастап әйелдерге сайлауларға қатысып және өздері де таңдаулы болуына мүмкіндік жасалды. Барлық скандинавилық мемлекеттерде әйелдер мен еркектер өздерінің құқықтары, саясатқа араласу, кез-келген жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан тең құқылы болды. Ұлттық әркелкілікке қарамастан гендерлік теңдік бұл елдерде бірдейболды. Бұл елдер басқа елдерден айырмашылығы олардың өкімет басқарушыларына үй шаруашылығы және отбасы жайындағы проблемаларды шешуге жол берілген. Швецияда 1960 жылдары әйелдердің саясат жағында мемлекетке қызмет етуі 29% жеткен ал 1998 жылдары бұл жағдай 48% -ке өсті. Гендерлік теңсіздігіне қарамастан қыз балада, ұл балада орта оқуды бірдей тең дәрежеде білім алуға тиіс, өйткені ол білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алады. 1992 жылғы Швецияда қабылданған заң қызмет бабындағы теңдікті одан әрі күшейте түсті.
Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері