Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….

1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Айгерім дип.doc

— 703.00 Кб (Скачать)

Психикалық пубертаттық  ерекше биологиялық қажеттілікпен  тығыз байланысты, яғни толығу қажеттілігі. Ш.Бюлер бойынша жасөспірім жастың уайым-қайғысының негіздері адам өмірінің нақ осы кезеңінде жатыр. Ішкі және сыртқы қозулар жасөспірімді өзіне-өзі қанағаттанушылық және тыныштық жағдайынан алып шығарып, жаңа ізденістерге және басқа жыныспен жақындасуға талпындыруы керек. Жетілу кезеңінде құбылыстар адамды ізденімпаз, өзіне-өзі қанағаттанушылық күйге түсіріп, «Сенімен» кездесуге толығымен ашық болуы керек. Ш.Бюлер психикалық пубертатты денеліктен бөліп көрсетеді. Оның ойынша, мәдениеттің дамуымен психикалық пубертант ұзаққа созылуы мүмкін және нақты осы құбылыс өмірдегі қиыншылықтардың себебі болып табылады [3. 291 б.].

Физикалық пубертаттық  ер балаларда орташа есеппен 14-16 жасында қыз балаларда 13-15 жас аралықтарында өтеді. Әрине қала және ауыл әртүрлі мемлекеттер арасында айырмашылықтар болады, сонымен қатар климат та әсерін тигізеді. Пубертаттықтың ең төменгі шегі 11 жас болса, ең жоғарғысы

18 жас. Егер де пубертанттық  кезең көрсетілген жас аралықтарына  сәйкес 

 

 

 

 

 

 

келмесе, Ш.Бюлер бойынша  патологиялық жағдайларға тап болу деген сөз 

[3. 292 б.]. Өтпелі жастың психикалық белгілері өте ерте басталады. Бөлек, жеке белгілер 11-12 жастарда пайда болады: жасөспірімдер бұл кезеңде сотқар, бетімен кеткен болады, үлкендердің ойыны олар үшін түсініксіз болса, кішкентайлардың ойыны үшін өздерін үлкен санайды. Өздерін жоғары идеал ретінде көре алмайды, бірақ балалыққа да жатқыза алмайды. Ш.Бюлердің пайымдауынша бұл құбылыс психикалық пубертаттықтың алғашқы нышаны болып табылады. Бюлер бойынша белгіленген негативті фазаның негізгі белгілері: жоғары деңгейдегі сезгіштік және қозғыштық, мазасыз және тез қозатын жағдай, сонымен қатар физикалық және рухани тынышсыздық. Жоғарыда айтылғандардың барлығын ішінен өз орнын сотқарлық пен еркеліктен табады. Яғни өз-өздеріне қанағатсыз болса, қанағаттанбаушылықтары қоршаған ортаға өтеді [3. 292 б.].

Негативті фазаның жалғасу  уақыты қыздарда 11-13 жаста болса, ер балаларда 14-16 жас аралықтарында өтеді. Негативті фазаның аяқталуы физикалық жетілудің бітуімен сипатталады. Әрине жалпы мазасыздық әлі де болса, өз күшінде болады, бірақ бұл дамуда  күш, рухани және физикалық энергия, ересектікке өту үстінде болады. Осы жерде екінші позитивті фаза басталады.

Позитивті кезеңде жасөспірімнің  осыған дейін қабылдамаған қуаныш көздері  ашыла бастайды. Ең бірінші Ш.Бюлер  табиғатты қабылдауды қояды,

яғни табиғатты ерекше керемет нәрсе ретінде саналы түрде басынан кешіру.

В.Штерн жасөспірімдік  жасты тұлға қалыптасуындағы  негізгі кезеңдердіңң бірі ретінде  қарастырады. Тұлғаның қалыптасуы адамның мазасызданатын ең басты құндылыққа  байланысты. Адамның басынан кешетін құндылықтар тұлғаның қандай тип болатына себепші болады. Штерн бұндай типтердің алты түрін бөліп көрсеткен: теоретикалық тип - тұлғаның барлық талпыныстары өмірді объективті тануға бағытталған, эстетикалық тип: тұлғаға объективті тану жат нәрсе, бірлі-жарым жағдайда ғана зерттеп тануға тырысады, экономикалық тип: аз күш жұмсай отырып, үлкен нәтижелерге жету талпынысы тән: әлеуметтік тип- өмір мәнін махаббат, қарым-қатынас және басқалар үшін өмір сүру құрайды: саяси тип- бұл типтегі тұлғалар билікке, үстемдікке ұмтылады: діни тип – мұндай тұлғалар жеке құбылыстарды өмір мәнімен байланыстырып отырады. Типтерді анықтай отырып, В.Штерн адам өмірінде бір бағыт болары дегенге келіспейді, оның ойынша, құндылықтар бағыты барлық адамдарда болады, тек қайсысы басым болса, сол өмір сарынын анықтайды [3. 294-295 б.].

Жүз жылдықтың екінші жартысында зерттеушілер жасөспірім дамуындағы қоршаған ортаның рөлін жетік  түсіне бастады. Жасөспірім жас адам өміріндегі ең маңызды және қиын кезең  деп санаған Э.Эриксон аталмыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жастағы тұлғаға тән психологиялық  шиеленушіліктің себебі тек қана физиологиялық жетілуге ғана емес, адам өмір сүріп жатқан қоғамның идеологиясына, рухани атмосферасына да байланысты, - деп түсіндірді [3. 296 б.].

Ж.Пиаженің атақты, ғылыми концепциясы бойынша, 11-12 және 14-15 жас аралықтарында балада ең соңғы фундаменталды децентрация жүреді, яғни енді ол қоршаған ортаны  қалай өзгертсем деген оймен қабылдай бастайды. Ж.Пиаже бойынша осы жаста тұлға қалыптасады, өмірлік бағдарлама құрылады. Өмір бағдарламасын құру үшін ресми ойлау қажет етіледі. Өз өмірінің жоспарын құру кезінде жасөспірім өзіне адамзат қорғаудағы рөлдердің бірін беріп қояды және осыған сәйкес өмір бағдарламасы құрыла береді. Осындай жоспарлармен жасөспірім үлкендердің өміріне енеді. Қоғам тарапындағы кедергілермен жолығып және солардан тәуелді бола отырып, әлеуметтену процесі жүреді. Тек кәсіби жұмыс қана бейімделу дағдарысын жеңуге өз ықпалын тигізеді және біржолата ересектік күйге өтуге жол көрсетеді [3. 297 б.].

Жасөспірімдердің проблемасын  көптеген авторлар зерттеген болатын. Сол авторлардың ішінен бұл мәселе жайында Л.С.Выготский көп қарастырған. Л.С.Выготский бұл кезеңді «жасөспірімдердің  психологиялық даму проблемасының  кілті» деп атайды. Ол бойынша, адамның барлық бірінші табалдырықтағы психологиялық даму функциясы, жүйесіз, автоматты түрде емес және кездейсоқ әсер етпей, керісінше тұлғаны белгілі бір жетістіктерге, қызығушылықтарға бағыттайтын нақты жүйеден дамитынын атап өткен. Жасөспірім кезде, Л.С.Выготскийдың айтуы бойынша, ескі қызығушылықтары мен бұзу кезеңі аяқталып, оның орнына жаңа биологиялық тұрғыда дамып, пісіліп жету кезеңі басталады. Ол уақытта жаңа қызығушылықтар жасөспірім өмірінде үлкен рөл атқарады. Оның пікірінше: «егер бастапқы даму фазада қызығушылығы романтикалық ұмтылыс белгісі болып табылса, онда соңғы фазада белгілі бір тұрақты қызығушылықтарының ішінен шынайы және практикалық түрде таңдалынған өмір жолы  маңызды болып есептелінеді.» Л.С.Выготский, жасөспірімнің айқын қызығушылықтарын белгілі бір топқа бөліп, оны «доминанталар» деп атаған. Бұл «эгоорталық доминанта»- жас өспірімдердің өзіндік тұлғасына қызығушылығы, «доминанта ұзақтылығы» - жасөспірім қазіргі кездегі болып жатқан қызығушылықтарды мойындамай, болашаққа үлкен масштабтар құруынан басталады, «доминанта күш жігері» - жас өспірімнің белгілі бір тәртіптерге қарсы келуін айтады, ол мінездің қырсықтығынан байқалады, «романтик доминантасы» - жасөспірімнің белгісіз, тәуелділікке, батылдыққа ұмтылу кезеңі деп атады.

Тұлға – дербес іс-әрекет атқаратын жеке даралық. Психология ғылымында, тұлға категориясы іргелі ұғымдар қатарына жатады. Бүгінгі таңда тұлғаны зерттеу - ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені

 

 

 

 

 

 

қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.

         Тұлға -   бұл   қоғамдық-тарихи   дамудың   өнімі.   Адамның   қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл   оның   тұлғасының   қалыптасуын   анықтайтын   жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.

         Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.

        Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.  

   Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі - оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады.

        Л.С.Выготский пікірі бойынша,  адамның тұлғасы өзінің енген  қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Ал, П.Я. Гальпериннің айтуынша, «Тұлға, деп өзінің іс-әрекеті үшін қоғам алдында жауап бере алатын адам». [2. 242 б].

       Тұлға  -   бұл   қоғамдық-тарихи   дамудың   өнімі.   Адамның   қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл   оның   тұлғасының   қалыптасуын   анықтайтын   жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік     тәжірибе   барысында   жинақталған тұлғаның

 

 

 

 

 

 

ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады.   Оқушылардың      тұлғасының   дамуы   -   механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.

         Б.Г. Ананьев,  А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде  объективті өмірді бейнелеу үрдісінде,  белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік  өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте  іске енетін тұтастай субъект  ретінде көрініс береді деп  дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген.

Сонымен қатар, Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтегенезін индивид ретінде, адамның дамуының тұлға ретінде қарастырады.

       А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. [4. 22 б].

        Сонымен қатар, тұлға - белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер, қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді.

      Н.Мясищев тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен, қасиеттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізді. В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша, тұлға — тек адамға тән толық психикалық құрылымның жоғары шартталған қоғамдық-тарихи ретінде және оның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады.                                      Л.И.Божович бойынша балалар тұғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді. Л.И.Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады. Бірінші кезеңде оқушының оқу іс-әрекетімен тығыз байланысты мотивтері зерттелді. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс-әрекетінен шығатын әлеуметтік мотивтердің және мотивтердің әр түрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады.

 

 

 

 

 

 

        Л.И.Божович  теориялық талдаудың негізінде,  тұлғаның толық құрылымы оның  бағыттылығымен анықталады, - деген  болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбилеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыда пайда болуы - тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді. [5].

        Ал, Қазақстанда  тұлға мәселесі Ж.И.Намазбаеваның  жетекшілігімен және оның шәкіртерінің, яғни Л.О. Сәрсенбаева, Р.Ш. Сабірова, Л.В. Пилипчук, С.Ж. Өмірбекова, Г.Т.  Бекмұратова және т.б. ғылыми  зерттеу еңбектерінде белсенді  түрде дамуда.

        Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы - толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект және интеллектінің өзара байланысы туралы Л.С.Выготскийдің ой, пікірі негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады. 

        Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, кұқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл жаңа әлеуметтік жағдай - мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Жоғарғы мектеп оқушысының тұлғасының қалыптасуы, өзіндік бағалаумен тығыз байланысты. Өзіндік бағалау қандай да бір жеке даралық қасиеттердің көріну деңгейіне қатысты баға – деп түсіндіріледі. Бұл өзіндік сананың бір эталоны ретінде көрінеді. Жеке даралықтың әртүрлі жақтарының даму үлгілерінде: тұлғаға тән және өзіндік бағалауды бағдарлауда қызмет атқаратын әлеуметтік топтық эталондар жатады .

Өзіндік бағалау кейде  мағынасы бойынша өзіндік сананың  эмоциялық жағымен байланысады  немесе өзіндік санамен өзіне  эмоциялық құнды қатынас құруды өз ара әрекеттесудің нәтижесі деп  есептелінеді.

Көптеген психологиялық еңбектердегі өзіндік бағалау ұғымына талдау жасай отырып, бірқатар ерекшеліктерді көрсетуге болады. Бірқатар еңбектерде өзіндік бағалаудың адекватты мәселеі баса айтылып, бұл ұғым «өзі туралы ойы» ұғымымен пара-пар келеді. Енді бірқатар еңбектерде өзіндік бағалау балаға өзіне жалпы қатынас түрінде көрсетіледі. Авторлардың мұндай бірыңғай емес ұстанымдарды өзіндік бағалау шындығында да тұлғаның әрі өзі туралы ойы, әрі өзіне қатынасы болғандықтан шындық жағдайда

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері