Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:57, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….

1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері.......................
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері..................
1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері..............................................
2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.......................................
2.5 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Айгерім дип.doc

— 703.00 Кб (Скачать)

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….

 

1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК   ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................

1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының  тұлғалық ерекшеліктері.......................

1.2 Жоғарғы  сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктері.....................

1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының  қарым-қатынас ерекшеліктері..................

1.4 Теориялық бөлім бойынша тұжырым..........................................................

 

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………..……

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы  мен міндеттері..............................................  

2.2 Таңдау тобына мінездеме................................................................................  

2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ..........................................  

2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық  және сапалық талдау.......................................  

2.5 Эксперименттік бөлім  бойынша тұжырым....................................................  

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы  әлеуметтік саладағы алдыңғы қатарлы  бағыттардың бірі болып гендерлік  сұрақтардың шешімі табылады. 2005 жылы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдары  гендерлік теңдік Стратегиясын бекіту туралы» қаулы қабылданды. Бұл заң төңірегінде мемлекет өзіне гендерлік теңдікті, әйелдер мен ерлердің мінез-құлықтарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, екі жыныс өкілдерінің тең құқықтарын бақылау қызметін жүктеді. Гендерлік психология саласындағы зерттеулер осы саладағы мәселелерді сәтті шешудің міндетті шарты болып табылады және әйелдер мен ерлер арасындағы қарым-қатынас пен түсінісушіліктің деңгейін арттыруға көмек бере алады.

Жыныс – адам идентификациясын анықтайтын алғашқы категориялардың бірі. Психология саласында гендерлік мәселелермен шетел және отандық ғалымдар айналысады, олардың қатарынан Ш. Бернді , Е. Maccoby и C. Jacklin, S. Bem, Т. Бендасты, И.С. Клёцинаны, И. С. Конды, В. Е. Каганды, Е. П. Ильинді және т.б. атап өтуге болады. Жыныстық идентификация адамның өзіндік санасының қалыптауындағы маңызды негіз болып табылады. 

Гендерлік ерекшеліктерді жас шамасы тұрғысынан қарастыру  қызық және өзекті мәселе екндігін анықтайды, әсіресе, жасөспірім және ерте жастық шақ кезеңдерінде (14-17 жас). Э. Шпрангердің, В. В. Зеньковскийдің,  Ш. Бюлердің,  Г. Гецердің, Э. Штерннің, Э. Эриксонның, Ж. Пиаженің, Л.С. Выготскийдің, Д.Б. Элькониннің, Л.И. Божовичтің, И.С. Конның, Л.С. Пилипчуктың, С.Б. Елубаеваның, С.Ж. Өмірбеканың, Ж.Ж Бейсенованың, А.У. Ескендірованың көптеген зерттеулерінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін осы жас кезеңдерінің маңыздылығы ерекше аталады.

Психологтар, жоғарғы  сынып оқушыларының психологиялық  ерекшеліктерін зерттеу барысында  тұлғаның қалыптасуы үшін қарым-қатынастың маңызды екендігін аңғарған. Жасөспірімнің макро- және микросоциуммен әрекеттесу саласында байқалатын қарым-қатынас ерекшеліктері мен қақтығыстар қарым-қатынастың тиімдігін төмендетеді және тұлғаның өзіне қолайсыз әсер етуі мүмкін. Жас жігіттер мен қыздардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің осы зерттеулері тұлғааралық қарым-қатынастарындағы толеранттық тәрбиесі мен девиантты мінез-құлықтарының алдын алудың негізі бола алады.  

Осы зерттеудің өзектілігі, бір жағынан, жоғары сынып оқушыларының арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың гендерлік зерттеулерінің қажеттілігімен, екінші жағынан, осы сұрақтың қазіргі замандағы жас жігіттер мен қыздарға қатысты жеткілікті зерттелмегендігімен шартталады. Ғылыми әдебиетте сипатталған теориялық және эмпирикалық зерттеулер негізінде 5-8 жылдан бұрын жүргізілген. Алайда, қазіргі уақытта гендерлік стереотиптердің түрленуін байқауға болады, себебі әйел адамдардың арасынан өзіне өзге жауапкершілікті жүктейтіндер саны күннен күнге көбеюде. Көптеген мәдениеттерде ұзақ мерзім бойы тек ерлерге ғана тән болып есептелетін бұл рөлдер енді әйел затына да тән болып дамуда. Өз кезегінде дәстүрлі гендерлік нормаларға сәйкес тек әйел затына жақын болып келген, эмоционалдық-экспрессиялық рөлдерді енді ерлер де игеруге тырысуда.  Біздің жүргізген зерттеуіміз осы сұрақ бойынша жинақталған қорды белгілі деңгейде толықтыруға және кеңейтуге бағытталған.

Зерттеудің  мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.

       Міндеттер:

  1. Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
  2. Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
  3. Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.

Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).

Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.

Зерттеу болжамдары:

  1. Жастық шақ кезеңіндегі жігіттер мен қыздар арасындағы қарым-қатынас әдісінде конфликтілік жағдайлар мен агрессивтілік таныту ерекшеліктерінің айырмашылықтары бар.
  2. Гендерлік ерекшеліктер (психологиялық жыныс) мен қарым-қатынас сипаттарының (конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық стилі мен агрессивтілік танытуының) арасында  байланыс бар.
  3. Конфликтілік жағдайдағы қарым-қатынас, агрессиялық таныту ерекшеліктері мен биологиялық жыныс арасында байланыс бар.

Зерттеу әдістері. Нәтижелердің растылығы сенімді және валидті әдістемелердің таңдалуымен, сонымен қатар математикалық статистика әдістерінің қолданылуымен қамтамасыз етіледі. Өңдеу  Exсell бағдарламасының көмегімен жүргізілді. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін және болжамдарды тексеру үшін таңдалды:

  1. Л.Н. Собчиктің Жеке-типологиялық сұрақнамасы (жасөспірімдерге арналған нұсқасы);
  2. Агрессивтілікті зерттеуге арналған А. Басс және А. Дарки  сұрақнамасы;
  3. Конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға арналған К. Томас және Р. Килмен сұрақнамасы;
  4. Психологиялық жыныс диагностикасына арналған С. Беем сұрақнамасы.

Зерттеудің  жаңалығы болып  жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайындағы гендерлік ерекшеліктерді қазақ тілінде зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отырғаны табылады, сонымен қатар әдістемелер қаза тіліне аударылды және бейімделді. Бұл зерттеу қазіргі заманның жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктерін өткен он жылдық зерттеулерімен (20 ғасырдың 80-90 жылдары) салыстырмалы түрде динамикасын анықтауға мүмкіндік берді, себебі бұл жылдар аралығында қоғамда өмірдің барлық жақтарына әсер еткен елеулі өзгерістер болды.   

Зерттеудің  практикалық маңыздылығы. Алынған нәтижелерді тәрбиелік және психологиялық жұмыс барысында, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-құлық толеранттығын  қалыптастыру үшін және жоғарғы сынып оқушыларының арасындағы конфликтілік жағдайларды шешу және алдын алу барысында тренинг жүргізу үшін қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші тарауды  аяқтай келе, біз келесі қорытындылар жасай аламыз:

 

- Тұлғаның және өзіндік сананың қалыптасуы үшін ерте жасөспірім кезеңі маңызды болып табылады. Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу олардың тәрбиесі мен оқытуы үшін негіз болып табылады;

- Қазіргі уақыттағы осы зерттеулер гендерлік мінез-құлықтың дәстүрлі стереотиптері (феминистік және маскулиндік қасиеттер)  және ерлер мен әйелдердің нақты мінез құлықтары туралы көзқарастар  арасында қарама-қайшылықтар туындайтынының айғағы болып табылады ;

- Әсіресе, конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынастың гендерлік ерекшеліктерін зерттеу маңызды болып отыр. Ерлер мен әйелдердің мінез-құлықтарының арасындағы дифференциалды айырмашылықтар саласындағы көптеген зерттеулерге қарамастан, жасөспірімдік және жастық шақ кезеңінің зерттеулері жеткіліксіз екендігі анықталып отыр.

-  Конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынаста агрессивтілік ерекше орынға ие болады. 

Осы қорытындылар біздің эмпирикалық зерттеуіміздің негізін құрайды және әдістемелер  таңдауымызға әсер етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

 

1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының  тұлғалық ерекшеліктері

Жоғарғы сынып оқушыларын, яғни жасөспірімдерді көптеген әдебиеттерде «қиын», «өзгеру», «ауысу жасы» деп атайды. Олай деп бағалайтыны, біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатынынан, кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін. Екіншіден, осындай психикалық құбылыстардың пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді, оның тәрбиеге келуіне бөгет жасайды. Мұндай үлкен өзгерістерді көптеген ғалымдар түрліше дәлелдейді. Жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайда дамуы, балалық шақтан ерекшеленеді. Ол, сол отбасында, бұрынғы оқыған мектебінде және сол ортада өмір сүргеніме, жасөспірімнің саасында жаңа құндылықтар қалыптаса бастайды. Ол өзіне, отбасына және қоғамға қарқынды түрде әсер ете бастайды. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З.Фрейд және Л.И.Божович жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтін «өзім бәрін орындаймын» дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасыз әуесқойлық деп түсіндірді. Ал бұл пікірге кеңес психологтары мүлде қарсы болды. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі - түпкілікті емес, уақытша кездесетін қасиеттің бірі. Қоғамдық ортаның жасөспірімдерді тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қоятын талап үнемі өзгеріп отырады. Осы талапқа сай жасөспірім бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әртүрлі фантастикалық іске ұмтылдырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй – ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады [14. 102 б.].

Л. Ф. Обухова психологиялық  зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады.

Э.Шпрангер жасөспірім жасының  мәдени-психологиялық концепциясын ойлап шығарды. Шпрангер бойынша жасөспірімдік жас – мәдениентке кірігу кезеңі. «Жасөспірім психикасының дамуы, белгілі бір заманның объективті және нормативті атмосферасына кірігу» – деп жазды Шпрангер [3. 289 б.]

Ал, жасөспірімдік жас  «толқын және тегеурін» кезеңі деген  атауға өзі талдау жасай отырып, ересек жастың үш даму түрін атап көрсетті:

 

 

 

 

 

Бірінші түрі өткір, қарқынды, дағдарысты толқындармен сипатталады, яғни жастықтың екінші рет дүниеге  келуі ретінде қарастырылып, нәтижесінде  жаңа «Мен» пайда болады. Дамудың  екінші түрінде жасөспірім ересектік өмірге өз тұлғасында ешқандай өзгеріссіз үйренісе бастайды яғни бұл кезең бар қалыпты, баяу өтеді. Ал үшінші түрі жасөспірімнің өзінің ішкі қорқыныштарын ерік-жігерімен жеңе отырып, белсенді және саналы түрде тәрбиеленуімен сипатталады. Бұл даму түрі өзін-өзі басқару және ұстай алу деңгейі жоғары адамдарға тән. Шпрангер бойынша аталмыш жастың негізгі жаңалықтары жаңа «Меннің» пайда болуы, рефлексияның қалыптасуы және жеке қасиеттердің сезінілуі. Психологияның негізгі мақсаты адамның ішкі дүниесін тану екендігін ескере отырып, Э.Шпрангер жасөспірім санасының, құндылықтар бағытының, өмірлік көзқарастарының жүйелі зерттелуіне бастау салды. Шпрангер адам өміріндегі ең басты қасіреттердің бірі махаббат және оның жасөспірім сонымен қатар ересек жаста пайда болатынын түсіндіруге тырысты. Ол махаббатқа екі жақты пікір айтты, яғни эротика және сексуалдылық деп қарастырып, екеуінің бір-біріне мүлде ұқсамайтын және әртүрлі психикаға тән екендігін атап көрсетті [3. 289-290 б.].

Пубертатты кезеңнің биологиялық мәні Ш.Бюлер еңбектерінде көрсетілген. Ш.Бюлер бойынша жасөспірім жас пубертат түсінігімен анықталады. Пубертатты кезең - адамның жыныс жағынан толық пісіп жетілуі. Алайда, бұл кезеңнен кейін физикалық даму белгілі бір уақыт көлемінде жалғасады. Ш.Бюлер бойынша пубертаттық кезеңге дейінгі уақыт балалық шақ, ал одан кейінгі кезең ересек кезең болып табылады. Адамда пісіп-жетілу фазасы ерекше психикалық құбылыстарда пайда болады және бұл феноменді Бюлер психикалық пубертаттық деп атайды. Психикалық пубертаттық физикалық жетілуге дейін жаршысы ретінде пайда болады және ұзақ уақытқа созылады.

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері