Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Жасөспірімді қоршайтын жақын адамдар,
баланың жеткіншектік шақтан бастап жасөспірімдік
шақ аралығындағы құрбыларымен болатын
қарым-қатынасындағы мативты динамикасы
туралы, осы қарым-қатынастың ауысуы нәтижесіндегі
жасөспірімде болатын аландаушылық сезімі
туралы көп біле қоймайды. Алдымен құрбыларымен
қарым-қатынастың доминантты мотивы ретінде,
құрбыларының арасында болу, бірге іс-әрекет,
еңбек ету, ойнау болып келеді (11-12 жас).
Одан кейін құрбылар арасында бірінші
орынға мотив ретінде коллективтегі белгілі
орынға ие болу жатады (13-14 жас). Келесі
этапта құрбылар коллективі арасында
автономияға жету және жасөспірім өзінің
жеке тұлғасына тәне ерекшеліктерін
қабылдауын құрбылардан іздейді (15-17 жас).
Жасөспірімдерде фрустралды қажеттілік
«құрбылар арасында маңызды орында болу»
пайда болады, нәтижесінде ауыр аландаушылықттарға
апарады. Зертеулерге сүйенетін болсақ,
көптеген үлкендер (ата-аналары, мұғалімдері)
жасөспірімнің қарым-қатынасының мотивтерін
құрбыларының арасында болуға ұмтылу
деп санайды. Егер ата-анасы мен мұғалім
үшін жасөспірімнің кешке баруы «құрбылармен
бірке кешті өткізу» болып көрінсе, ал
жасөспірім үшін терең эмоционалды қажеттіліктін
әсерінен кездесіп отырғандары көрінеді.
Бірақ жасөспірімдік кездегі қарым-қатынас
эгоцентірлі, ал өзін-өзі анықтауда қажеттіліктері
аландаушылықтарында ашылып көрінеді.
Бұдан қарым-қатынастың кернеулігі және
қанағаттанбауы пайда болады.
2.2
Жасөспірімдердің
психологиялық дамуындағы
интимді-тұлғааралық
қарым-қатынасының
рөлі
Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім
кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі
жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең
адамның сенімсіздік пен
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапа-зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтайтын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.
Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін
Жасөспірімдік кезең дәстүрлі түрде тәрбиелеушілік қарым-қатынаста ең ауыр кезеңнің біріне жатады. Көбінесе жасөспірімдік шақтағы қиындықтар жыныстық жетілумен байланысты болып келеді. Жасөспірімдік шақтағы жеке тұлғаны қалыптастырудағы қиындықтарды шешуде тұлғаралық қарым-қатынасқа түсе алуларына көп көңіл бөлу керектігінде. Ұйымдастырушылық және қарым-қатынасқа тез, жеңіл түсе алушылық қасиеттерінің дамуы, жасөспірімдік шақта өте маңызды болып келді. Осы шақтағы көп байқалатын құбылыстарының бірі - жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасқа деген тапшылық. Сол себептен, жасөспірімдердің тұлға болып дамуына, жан-жақты қалыптасуын жақсатру мәселесінде қарым-қатынасты дамыту керек.
Жасөспірімдік кезеңнің
Жасөспірімдер
арасындағы құрбы-құрдастарының қарым-
Достықты адамдар арасындағы жағымды интимді қарым-қатынастарына жатқызуымызға болады. Достық қарым-қатынас өзара байланыстықтан, рухани жақындықтан, қызығушылықтарының бірлігінен, бір-біріне көмек берушіліктен, толық сенуінен және тағы басқалардан құрылады.
Махаббаттық қарым-қатынасқа қарағанда, достық бір жыныстағы адамдар арасындағы қарым-қатынас болуыда мүмкін. Достықты төмендегідей сипаттай аламыз:
Достықты,
достыққа ұқсас түсініктерден айыра
білу керек.
Достық. Ұжымда топтық өмірдің маңызы артуымен қатар, балаң жасөспірімдік жеке интимдік достықты қажетсіну күрт өседі. Қамқорлықпен тәрбиеленген жас адамда пайда болатын алғашқы сезім махаббат емес, достық деп Руссоның өзі-ақ жазған болатын. Л. Н. Толстой өмірбаяндық трилогияның кейіпкерінің Дмитрин Нехлюдовпен достығын балаң жасөспірімдік жігіттіктен бөліп тұрған символдық меже деп есептейді.
Достықты
барынша іздеу жеткіншектік шақта-ақ
басталады. Алайда жасөспірімдердің достық
жеткіншектердің достығына
Әрине, достық туралы жасөспірімдік ұғым мен оның интимділігінің нақты дәрежесі әр түрлі адамдарда бірдей емес. Қыз балаларда олардың неғұрлым ерте толысатындығына байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятыны керінеді. Неғұрлым есейген сайын бұл айырма жоғала беретін болу керек. Жекелей айырмашылықтар да өте зор. Біреулер жолдостықты ғана мойындайды да, нағыз дос біреу ғана болмақ деп санайды. Екіншілерінде екі, үш және одан да көп дос болады. Бір жағдайларда достықтың алдында жалғыздық сезімі мен эмоциялық жылылықтың жетіспеушілігі себепті достықты құлшына қажетсіну болады (Герцен мен Огаревтің достығының күштілігі бір жағынан оларда құрдастар қауымының болмауынан жәнс семья жағдайының салқындығынан болған). Басқа жағдаиларда терең достық балалық жолдастықтан біртіндеп барып қалыптасады. Бірақ ол қашан да өте жоғары бағаланады.
Өзі дербес таңдап алған жеке өзінің ұнатуы болғандықтан жасөспірімдік достық басқадай қатынастарға, соның ішінде махаббатқа қайсыбір дәрежеде алғы шарт болады; достықтың өте эмодиялы болатыны осыдан. «Алғашқы махаббат туралы естеліктердің жас достық туралы естеліктерден біршама артық бағаланатыны неліктен екенін мен білмеймін,— деп жазды Герцен. Алғашқы махаббаттың хош иісті болатын себебінің өзі ол жыныс айырмасын ұмытады, ол нағыз құштар достық. Өз тарапынан жасөспірімдер арасындағы достықта махаббаттың барлық қызуы, барлық сипаты болады; өз сезімдерін сөзбен қозғауға ұялатын жасқаншақтық, өзіне сенбеушілік, сөзсіз берілгендік, бір-бірін көрмесе тұра алмайтын сағыну, ерекше болсам деген тілек бәрі сол махаббатқа ұқсас».
Батыстың кейбір ғалымдары қазіргі жігіттер мен қыздардың достығы туралы мәліметтерді өткен заманғы Герцен мен Огаревтің достығы тәрізді романтикалық достықтың классикалық үлгілерімен салыстыра келіп, қазіргі жастарда терең достық қатынастарды неғұрлым үстірт топтық достық ығыстырған деп пайымдайды. Мұндай қорытындыға негіз жоқ сияқты. Біріншіден, жеке адамдар арасындағы карым-қатынастар ешқа- шан бірдей болған емес. Достық байланыстың тереңдігі, интимдгі, жеке адамның рефлекстілігі деңгейіне (ал, мұның өзі білім деңгейіне байланысты) және эмоциялық өмірдің ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан қоғамның жоғары топтарынан шықкан жоғары интеллектілі жастардың (Герцен мен Огарев осындай болатын) достығы туралы мәліметтерді жаппай пікір сұраудың мәліметтерімен салыстыру ғылыми тұрғыдан дәлелді бола алмайды. Екіншіден, адамдардың сезімдері тайыздап барады деп шағыну да соншалық көне нәрсе (Аристотельдің өзі «Нағыз достар» енді жоқ!»— деп шағынған екен) және одан да гөрі бұл сезімдердің әлеуметтік құндылығының жоғарылығын көрсетеді. Үшіншіден, жасөспірімдердің топ өмірі мен достығы әр түрлі психологиялық міндеттер атқарады, осы себептен де бірінің орнына бірі жүре алмайды.
Жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Бірақ адам практикалық іс-әрекетте өз орнын әлі таппаған кезде онын өзі туралы түсінігі біршама диффузиялы әрі орнықсыз болмай қоймайды. Осыдан келіп ол бөтен рольдерді атқарып, өзін тексергісі келеді, құбылады, өзін әдейі болсын, ұғынбай болсын бекерге шығарады. Жасөспірім аяғына дейін ағынан жарылғысы келеді, өзін жұрт түсінсе екен дейді («Дүйсенбіге дейін жетіп алайық» фильмінің жасөспірім кейіпкерлерінің «Бақыт - сені басқалардың түсінуі»,— деген сөздері ерекше типтес), өзінің ішкі жан дүниесін ашалалмайтынына қиналады. Өзіне сенімсіздік өз кезегінде қарым-қатынаста «өзін жоғалтып алу», күлкі боламын деген қорқыныш туғызады.
Осы себептен де толғаныстарын, арман-мұраттарын салыстырғанда, өзі туралы айтуға мүмкіндік беретін интимдік достықтың маңызды мәні бар. Қазіргі жасөспірімдер биік сөздер мен мейірімділік көріністерінен қашқақтайды. Олардың достық қарым-қатынасы көбіне әдейі бүркемеленіп, дөрекілендірілген, бірақ мұны шынында осылай екен деп жаңылысуға болмайды. Адамдардың қарым-қатынасында коммуникадияның объективті мағыналық мазмұны мен оның эмоциялық маңыздылығы арасында тікелей байланыс бола бермейді. Оныншы класта оқитын екі адамның арасындағы телефонмен сөйлесудің кілең бір ода- ғайлардан тұратын мағынасыздығына шамданатын үлкендер мұндай әңгімелесудің логикалық емес, эмоциялық өмірлік мазмұны болатынын және бұл мазмұн сөздер мен сөйлемдерден гөрі дауыстың ырғақ, құбылыстарымен берілетінін, бөгде тыңдаушы үшін мағынасыз әрі түсініксіз болғанымен (олар мұны кейде әдейі осылай істейді) мұның бір-біріне көңіл күйінің ең нәзік өзгерістерін дәл жеткізетінін аңғара бермейді.
15—16 жастарында балаң жігіттер де, қыздар да достықты адамдардың қарым-қатынасының ең маңыздысы деп санайды. Жасөспірімдер достығының көтеріңкі эмоциялылығы оны ішінара қиялдағы достыққа айналдырады. Жасөспірім достықта өзін ғана емес, өзіндегі достықты да қиялға айналдырады. Оның дос туралы түсінігі кебіне нақтыдан гөрі өзінің мұратындағы «меніне» жақын. Өзіне ұнаған адамдар оған шындық болмыста солай болғанынан гөрі өзіне неғұрлым ұқсас болып көрінеді. Достыққа қойылатын талаптар деңгейінің жоғары болатыны соншалық нақты өзара қарым-қатынастар онша жақын еместей көрінеді. Күшті эмоциялық ұнамдылықты кажет еткен жасөспірім бұл сезімдерді туғызған объектінің нақты қасиеттерін кейде аңғармайды да. Кейде басқа құрдасына не өзінен үлкен адамға деген бір жақты сезім достық деп ұғынылады.