Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.

Работа содержит 1 файл

Айнур дипломный 2003.doc

— 1.51 Мб (Скачать)
 

    Осымен  қатар Арнольд  Гейзель  жасөспірімнің  қарым – қатынаста  жеке  тұлғалық дамуын 9 түрге бөлген.

  1. Қоғамдық ортада дамуы.
  2. Көңіл күйі және күн тәртібі.
  3. Эмоциясы.
  4. Өзіндік сана – сезімі.
  5. Өзіндік қарам – қатынасы.
  6. Қызығушылығы.
  7. Икемділігі.
  8. Этникалық дамуы
  9. Өмірлік көз қарасының дамуы.

    Осы көрсетілген белгілер арқылы жасөспірімнің болашағына болжам жасауға болады, бірақ болжам жасау алдында жасөспірімнің неше жаста екендігін білу қажет, және берілген статустар бойынша зерттеуді кең көлемде жүргізуі керек. 1950 жылдары Арнольд Гейзельдің Институтында бұл зерттеулердің теориясы жүзеге аспады, себебі олардың алдына қойған мақсаты нәтиже бермеді.

    Ресей психолог ғалымдарының тұжырымдары -  олар Л.С. Выготский, Э.Шпангель, Ж.Пиаже, Л. Колберг.

    Л.С. Выготский өз кезінде жасөспірімнің  жеке басының дамуы ең алдымен  оның организмдегі өзгерістермен тығыз байланысты болып келеді деген. Себебі жасөспірім шақта қандаи қиыншылықтар болмасын ол ең алдымен оның физиалогиалық ерекшелігіне келіп тіреледі. Осымен қатар жасөспірім өзінің болашағын жоспарлап орындағысы келгенмен оының өмірге деген шынайы көзқарасы пайда болды. Ол осымен қатар өзінің жеке басының маргенальді жағдайы бар екендігін түсінеді. Бұл деніміз жасөспірімнің өзін - өзі балалар ортасына жатқызбауы және осымен қатар өзінің әлі ересек емес екендігін түсіну. Жасөспірімнің маргенальді мінез – құлқы мына ерекшеліктерден көрінеді. Эмоциясынан шыдамсыздығы мен ренжігіштігінің және ұялшақтылығы мен агрессивтілігі (конфликтілігі) қоршаған орта адамдарымен тез арда конфликтіге түсуі, біреуге баға берумен сынаушы болуға икемділігі. Бірақ осы айтылған Л.С. Выготский көбінесе өзінің зерттелу жұмысында жасөспірімнің физиологиялық ерекшелігін көп назар аударған. 1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.

    1) Биогенетикалық биологиялық процес  негізінде және дамудың басқа  да процестері қарастырды.

    2) Социогенетикалық тұрғы тұлғаның  өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.

    3) Психологенетикалық - өзіндік даму  негізіндегі психика процестерінің  қызметтерін негіз етіп қою.

    Жасөспірімдердің  интеллектуалды аспектілерінің дамуын зерттеуші     Ж.Пиаже (1932 -1969) болған. Ж.Пиаже бойынша бұл кезеңде жасөспірім шақтағы балада нақты бір обьектісі болмасада ол қандай да бір формальді операцияны орындауға ынтасы дамиды. Сынау формаларының гипотетикті – дедуктивтісі дамиды. Осы Ж. Пиаженің ғылыми зерттеуін жалғастарып аяқтаған Л.Колберг ол жасөспірімнің дамуын негізгі 3 моральді сынауды бөліп шығарған.

    1. Моральға дейін бұл кезді балалар  этикалық принципке бағытталмайды.  Тек болатын жазаға келіседі. Бұл жасөспірім шаққа дейінгі  кезең. 

    2. «Конвенциональды» моральді деңгейі. Бұл 10 – 13 жас аралығындағы балалардың қоршаған ортада болатын жағдайлармен келісуі.

    3. «Автономды» моральдің деңгейі  дегеніміз өзіндік моральді принципті  шығару. Берілген деңгейлер тек  13 – 16 жас аралығында дамиды. Жасөспірім  шақ аяқталғанда бұл деңгей тек 10% жасөспірімдерде ғана болуы ықтимал.

    Д.Б.Эльконин 11-17 жас аралығындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі, бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста қарастырылмайды.

    К.Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.

    Л.Ф.Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. [58]

    Психолог  В.А.Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән. Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады.

    Жасөспірім  шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады.

    Э.Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:

    1) Өткір ашулы кризистік уақытпен  сипатталады. Ол қайта дүниеге  келген адамдай уайым – қайғыға  түседі, түп тамырында оның жаңа  өзіндік «мені» пайда болады.

    2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға.  Жасөспірім ересектік өмірге  өзінің жеке тұлғасында ешқандай  өзгеріс енгізбей аяң басумен  сипатталады. 

    3) Жасөспірім белсенді және саналы  түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады.

    Өзінің  ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы. Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар. Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. Құндылықтар обьект жайлы біліммен және оған деген қатынастан тұрады. Психологиялық тұрғыда өзіндік анықталған тұлға - бұл өзінің нені қажет ететіндігін (мақсаты, өмірлік жоспары, идеясы) саналы бағалаушылық жеке бас және денелік қасиеттері, қолынан не келетінін субьект. Аталған элементтердің тұлғаның өзімен байланыстыруы оның нақты қылықтары мен мінез – құлқының реттеушісі болып, оның іс - әрекетінің дәрежесін, бағыттылығын, интенсивтілігін, мазмұнын анықтайды. Өз мүмкіндіктерін ашу процесі, қоғам, топ талаптарын саналы бағалау ұжым шеңберінде белсенді іс - әрекет етеді. Осы себептен өзіндік анықталған тұлғаның көрсеткіші ретінде тек субьектіні қабылдау әлеуметтік маңызды іс - әрекет жасауға даярлықтың, қатынасты жаңғыртуға ғана емес, сонымен қоса шынайы іс - әрекеттің көрсеткіші болып табылады. Э. Шпрангер, өзіндік – сана сезімді, құнды бағыт бағдарлықты жасөспірімдердің дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санады.

    Э.Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі деп қарастырды. Психологияның қай бағыты болмасын, барлығының орталық мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек. Өтпелі кезең тек ғана ой мен сезімдерден талпыныс пен идеялдардан ғана емес, сонымен қатар әрекеттің ерекше бейнесімен сипатталу қажет дейді. Жасөспірім кезеңнің негізгі ерек-шелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез – құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді. Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды. Жасөспірім тұлғасының индиви-дуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі. [3]

    Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э.Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті. Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар. Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады. Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді. В.Целлерді “Конституция и развития” - деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады. А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифференциациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.

    Жасөспірім  баланың ересектікке өтуі. Гезел  бойынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды  жас мөлшері. 15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз - өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды.

    Биогенетикалық  тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің құрылымын өздерін  қоршаған адамдар мен қарым-қатынас  жасау арқылы анықталады. Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин  теориясын айта кеткен жөн. Адамның  мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте тығыз байланысты. Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және адамдарға қатысты. Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылық қара-стырумен. Баланың әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім толығымен алдың-ғысына да соңғысына да жатпайды. Бұл ең негізгі қоғам жағдайы мен психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшақ, ішкі қарама-қайшылықтар. Бұл қысым мен қақтығыс көп болған сайын балалық пен ересектік шекарасының әртүрлі айырма-шылықтарына байланысты ойыстай бастайды. Левин концепциясының мәнділігі ол жасөспірімді әлемдік психологиялық деп қарастырады. Тұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі. Левин теориясына түзеу жасаған англиялық психолог Д.Бомберам айтуынша жалпы “Био” және социогенетикалық тұрғыда жасөс-пірімдерді ең басты психикалық факторлар әсерінен дамуын қарасырады. Д.Бамберам осы екеуінің арасындағы психогенетиканы жазады; ең алдымен психикалық даму процесін алдына қояды, бұдан үш ағымды бөліп көрсетуге болады.

    1) Эмоция мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс  жайлы ол психодинамикалық концепция  деп атады.

    2) Интеллектуалдық және таным қабілеттеріне байланысты-“когнетивті” яғни танымдық немесе “когнетивті-генетикалық” болып бөлінеді.

    3) Тұлғаның біртұтастай дамуына  “персонологиялық”- яғни персоналды  деп соңында бөлінеді.

    Қазіргі заманда жасөспірім психодинамикалық теорияның басталуы өкілі танымал американ психологы Э. Эриксон философия-методологиялық ұстамын Фрейдтік психоанализ дамуының жалғасын жасаған. З. Фрейд ойынша дамудың ең негізгі қозғалыс күші тұлғаның биологиялық жыныстың қызығушылығы (либидо) дәлірек айтқанда психосексуалды қақтығыстың тууы. Біріқта Эриксон белгілі мөлшерде биология мен поксексуалдықтан ауытқыды. Эриксон барлық өмір циклін сегіз фазаға бөліп көрсетті. Оның әрқайсысы болашақта дамудың қолайлы, қолайсыз жағын шешетін ерекшелік. Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпынады, басқалар арасында өз орнын табуға тырысады. 
 
 
 
 
 

Информация о работе Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері