Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.

Работа содержит 1 файл

Айнур дипломный 2003.doc

— 1.51 Мб (Скачать)

    Әрбір бойжеткен немесе бозбалаға жыныстық өмірді тек жыныстық қатынастардың  қауіпсіз және қатерлі тұстарын айырып, өз іс-әрекетіне жауапкершілікті  сезінгенде ғана бастауға болады. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс – бұл, бірінші кезекте, жыныстық қарым-қатынастан бас тарту, бір ғана кісіге адалдық сақтау және мүшеқапты қолдану. Ал қауіпті жүріс-тұрыс – бұл мүшеқапты қолданусыз жасалған жыныстық қарым-қатынас, жыныстық серіктердің көп болуы және жыныстық қатынас барысында есірткі және алкогольді қолдану.

    Соңғы уақыттарда жыныстық қатынасқа түсудің  жас мөлшері айтарлықтай «жасарды». Урбанизацияның күшеюі, жастардың жыныстық қатынасқа қатысты көзқарастарының  өзгеруі, материалдық қиындықтар сияқты жағдайлар отбасын құрмай тұрып, жыныстық қатынастарға түсуге әкеп соқтырады. Негізінде бұл мәселе жыныстық өмірді бастайтын екі адамнан да тең жауапкершілікті қажет етеді. Бірақ, бұл жердегі ең осал тарап қыз жақтан болатынын ұмытпау керек. Сәйкесінше, әйел затында «Жүктілікті қай уақытқа жоспарлаған дұрыс?», «Бала тууға дайынмын ба?» деген сұрақтарға жауабы алдын -ала дайын тұруы керек.

    Жыныстық  өмірге ерте ұрыну, контрацепция құралдары  мен әдістері жайлы хабарсыз болу сияқты жайттар күтілмеген жүктілік, жасанды түсіктер, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырып алу сынды қайшылықтарға алып келеді.

    Жыныстық  өмірді қай уақытта бастауды шешу – әр адамның жеке басының шаруасы. Егер екі адам жыныстық қатынасқа  түсуді жоспарласа, алдын ала қорғаныс шаралары туралы ақылдасып алғаны абзал. ЖЖБИ мен күтілмеген жүктілікті болдырмаудың жолы – жыныстық қатынастардан бас тарту.  
 
 
 
 
 

Кесте 3. Жыныстық қатынастарды ерте бастауға әсер ететін жағдайлар мен ерте бастауға қарсылық. 

Жыныстық қатынастарды ертерек бастауға әсер ететін жайттар: Жыныстық қатынастарға ерте ұрынуға қарсылық
Адал  махаббат болғандықтан Жыныстық қатынастарға түсуге дайын болмау
Өз  махаббатын білдіру үшін Өз сезіміне не серігінің ынтасына сенімсіз болу
Серігінің тілегі бойынша Жүкті болып  қалу қаупі
Әуесқойлықтан ЖЖБИ/АҚТҚ жұқтырып алу қаупі
Аталмыш әрекет міндеттелетін жұмысқа тұру үшін Өз денеңнің біреудің нәпсіқұмарлық нысанына айналуын қаламау
Сүйген  адамды жоғалтып алмау мақсатында Пәктігін сақтауға ұмтылу
Жыныстық  қатынастардан тәжірибелі болу үшін Өзін кінәлі сезінгісі келмеу
Ересек  көріну үшін Ата-анадан қорқу
Өзіне деген сенімділікті жоғарылату үшін Жыныстық қатынастарсыз-ақ жақсы көру
Өзінің  тәуелсіздігін мойындату үшін Қиындықтарды  туғызбау
Материалдық жағдайын жақсарту үшін Күлкіге айналмас үшін жасау
Жалғыздықты сезінбеу үшін Дін рұқсат етпейді
Бәрі  мұны «күшті» деп санайды. Көңілі толмайды деп қорқу
 

    Жыныстық  жетілу кезеңінде  ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер

  • бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды
  • жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады
  • дауыс жуандайды
  • терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін
  • тер бездері дамиды
  • қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды
  • көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін
  • қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды
 

Кесте 4. Жасөспірімдік шақтағы физиологиялық өзгерістер. 

Қыздарға әсер ететін өзгерістер Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер
- емшек өсіп, емшек ұштары ілгері созыла бастайды, бұл ауыртпалы болуы мүмкін - кеуде мен иықтары дамиды
- сандары жұмырланады - бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде кейде түк пайда болуы мүмкін
- жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды - аталық жыныс мүшесі мен аталық бездері ісіп, үлкейеді; аталық бездер ұмаға түсіп, сперматозоидтарды өндіріп шығара бастайды
- жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады - аталық жыныс мүшесінің қан тамырлары қанға толғаны себепті эрекция, яни аталық жыныс мушесінің қатаюы жиі-жиі және күтпеген жерде пайда болады
  - кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс мүшесі қатайып, шәуһеттің шашырауы пайда болуы мүмкін
 

    Жасөспірімдердің  жыныстық жетілуінің кеш немесе ерте болуы. Жыныстық пісіп-жетілуінің кеш немесе ерте дамуы, жасөспірмдердің өздерін қызықтырғандай көптеген зертеушілерді де толғандырады. Жасөспірімдердік шақта жастардың көбі жыныстық жетілудің ерте болғанына қарсылықты білдірмейді, керісінше жыныстық жетілу кеш болған жағдайда аландаушылықтары байқалады. Бұндай жағдай ұл балалардағы жыныстық жетілудің кеш болуында жиі байқалады. Себебі қыз балаларда ұлдарға қарағанда жыныстық жетілу 2 жылға ерте басталады. Осындай кеш дамыған бала интенсивті өсу мен пубератқа жетуі басқа жасөспірімдерден кеш болады. Оның бойы аласа, дене бітіміндегі бұлшық еттері құрбыларына қарағанда әлсіс болып көрінеді. Жасөспірімге өз құрбыларын көптеген спортық жарыстарды, әлеуметтік жағдайларда жетуге қиындықты түседі.  Басқа жасөспірімдер мен үлкендер кеш дамып келе жатқан жасөспірімге кіші балаға сияқты қарағандықтан, мұндай балада құрбыларының арасында әлеуметтік дәрежесі төмен болып келеуіне әкеп соғады.

    Кейде осындай қарым-қатынаста нәтижесінде  қабылдау, ұл бала тарапынан шикі қам  мінез-құлқын немесе үлкендерге деген  тапшылығын білдіреді.  Басқа жағдайларда  агрессивті мінез-құлық нәтижесінде  гиперкомпенсацияны көрсетеді. Керісінше  ұл балада жыныстық жетілуі ерте дамыған жағдайда құрбыларының арасында әлеуметтік және спроттық жетістіктерге жиі қол жеткізеді. Ерте жетілген ұл бала өзінің құрбы-құрдастар арасында лидерге айналады.

    Қыз балаларға ерте жыныстық жетілуді тек  жағымды фактор ретінде қарамау керек. Олардын кеш жетілуі бір жағынан ұлдардың жетілуімен тең келуі мүмкін. Осындай жағдайда қыз балаға құрбылар арасында тіл табысуға,  ортақ қызығушылықты табуға ерте жетілген қыз балаға қарағанда жеңіл түседі. Басқа жағынан жыныстық жетілуі ерте дамыған қыз балалардың бойлары ұзын, құрбыларына қарағанда дамыған болып келеді. Бірақ, осындай жағдайда ерте жетілген қыз бала өзінің физиологиялық, эмоционалдық жағдайларын құрбыларына айта алмайды. Тағы бір кездесетін мәселе ерте жетілген қыз балалар дамуында жиі психологиялық қасіретті сезеді  және құрбылары мазақ қылады. Осылардан басқа, үлкен ұлдар оларды «қаол жететін» қыздар деп қабылдауы кездеседі. Бірақ мұның жақсы жағы да бар. Жыныстық жетілуі ерте болған қыздардың адаптациялық кезеңі аяқталғанда, қыз балалар өздерін сұлу, өз жасынан үлкен ұлдарға ұнайтынындары сезе бастайды және өздерінің құрбы қыздарға қарағанда кештерге жиі шақыратындығын байқайды.

    Жыныстық  қатынасқа ерте түсудің  амалынан туындаған  қиындықтар. Жасөспірімдердегі жыныстық белсенділіктің нәтижесінде туындаған салдарды зерттеген авторлар ерте шақтағы жүктілікке көңілдерің көп бөлген. Ерте жыныстық өмірдің басталудың әлеуметтік және психологиялық салдары аз зерттелген. Кейінге кезде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде осы мәселеге байланысты 1980-1982 жылдар аралығында Флорида штатындағы орта мектептердің оқушыларына жүргізілген анкета қорытындыларынан байқа аламыз. 1980 жылы 7-9 сынып, 11 ден 17 жас (шамамен 14,1 жас) аралығындағы 1405 оқушы суралды. 2 жылдан кейін қайтадан сұрау жүргізілді, 1182 жасөспірімдер (82% бастапқы саннан), қалғандары тоғызыншы, оныншы, онбірінші сыныптарға көшкендер (орташа жасы 15,9).

    Авторлар  жасөспірімдердің жыныстық қатынастарды ерте бастауға байланысты  төмендегідей тұжырымдады:

    1. Көптеген үлкен адамдардың қорқуларына керісінше, жасөспірімдік шақтағы ерте жыныстық қатынасқа түсу, жасөспірімдегі әлеуметтік-психологиялық жағдайында өзгерістерді туындатпайды.

    2. Ерте жыныстық қатынасқа түсу  жасөспірмдердің мінез-құлықының,  көзқарастарының өзгеруі ақ нәслді жастарға қарағанда қара нәсілділелерде көп байқалмайды. Әсіресе ақ нәсілді ұл балалардың оқу үлгерімдерінде және ақ нәсілді қыз балалардың сабаққа барулары бұзылады. (Бұл айырмашылықтардың себептері белгісіз.)

    3. Қай нәсілге жатқанына қарамастан  ерте басталған сексуалды белсенділік (жыныстық қарым-қатынас) жынысқа байланысты мәселелерге жағымды қарым-қатынастын қалыптасуына әкеледі.

    Жыныстық  қатынасқа ерте түсудің амалынан туындаған мәселелердің биологиялық  аспектісі де талқылауды талап етеді. Жасөспірімдердің сексулды белсенділіктері (жыныстық қарым-қатынастары) аяақ астынан жүкті болмаса да биологиялық салдары болады. Жиі кездесетіні жыныстық қарым-қатынас арқылы жұғатын инфекциялық аурулар. Егер бұл инфекциялық ауруларды дер кезінде анықтамаса, оның зардаптары денсаулықтың нашарлауына дейін апарады. Деректерге сүйене келе, жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынастар нәтижесінде берілетін аурулар санының артуын көрсетеді. Бұны жасөспірімдер «менде ол болмайды, маған ол жұқпайды» деп, байсалдылықпен қарамайды. Оған қарамастан жыл сайын жасөспірімдер арасында 2,5 млн. жыныстық қатынастар арқылы берілетін ауруларға тап болады. [22]  

    ҚР  статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 2010 жылы 127150 жасанды түсік тіркелген. Оның 5,6%-ы 17 жастағы жасөспірім қыздарда жасалған. 12-17 жастағы аналар саны жыл сайын артып келеді, әлбетте олардың көпшілігі жасанды түсік тастайды. Сол сияқты, жас аналардың нәрестелерін перзентханаларда қалдырып кету жағдаяттары да жиілеп келеді. Қазақстандағы жетімдер үйінде 112000-нан астам «тастанды» балалар тәрбиеленуде. Қазақстандағы іскер әйелдер ассоциациясының есебі бойынша 20-30 жастағы аналармен салыстырғанда, кәмелетке толмаған аналардан туған сәбилердің өлімі 35%-ға жоғары. Ал, жас аналардың өлімі, «ересектер» деңгейінен 34%-ға артық.

    Жасөспірімдер гинекологтарының пікірінше, жасөспірім қыздарға дәрігерлердің, педагогтардың  және әрине, ата-ананың ерекше назары қажет. Олар физиологиялық жағынан да, моральдық  жағынан да ана болуға дайын емес.

    Репродуктивті денсаулықты сақтау жасөспірім ағзасының құрылыс ерекшеліктері, оның өзгерістері туралы ақпараттандыру арқылы, сондай-ақ оны сақтау тұрғысында, отбасын құруға дайындықтың алдын алу шаралары арқылы жүргізіледі. Әрбір адам мұндай ақпарат алуға құқылы, мемлекетіміздің ұлттық саясаты да осында.

    Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Неке және отбасы, ата-ана болу мен  балалық шақ мемлекеттің қорғауында»  деп көрсетілген. Сондықтан, сексуальдық  және репродуктивті денсаулыққа  жету үшін барынша жан-жақты қамтылған көзқарастар қарастырылып, бүкіл ғұмыр бойғы денсаулыққа қатысты қажеттілік пен мұқтаждықтар ескерілуі тиіс. Жастар үшін ең бірінші қажеттілік – білім. Жасөспірімдердің 36%-ы сексуальдық өмір туралы ақпаратты эротикалық фильмдерден алса, 45%-ы – достарынан, 10%-ы – ата-анасынан, 3%-ы ғана кәсіби мамандардан алады. Қыздар арасынан жеке басының мәселелерімен мамандарға жүгініп келетіндері 8% ғана.

    АҚТҚ/ЖҚТБ қазіргі кездегі бүкіл әлемді алаңдатып отырған дерт. Аурудың  таралуы ғана емес, оның салдары  да қауіпті. АҚТҚ жұқпасы әлеуметтік жағдайы төмен халықтарда ғана емес, білімді азаматтар арасында да таралып келеді. Ол экономиканың да еселеп құлдырауына ықпалын тигізеді: дені сау азаматтардың азаюы салдарынан өнімділік төмендейді; ауру жұқтырғандар мен науқастарды емдеу мен асырау, ғылыми зерттеу-диагностикалық орталықтар ашу т.б. үшін қаржы жұмсалады, көптеген материалдық шығынды қажет етеді.

    Бұл індет әсіресе жастар арасында жиі  таралатыны ерекше алаңдатады. Жас  балалар үшін де қауіп-қатер аз емес. Қазірдің өзінде әлемде миллиондаған балалар АҚТҚ жұқтырған. Африка құрлығының бірқатар елдерінде 15-49 жастағы азаматтардың 39%-ы осы дертке шалдыққан. Қазақстанда 01.04.2010 жылдың дейін 7906 АҚТҚ дертін жұқтырған, оның 498 ЖҚТБ-мен ауырған деп тіркелген. Дертті жұқтырғандардың 57%-ы 15-29 жастағылар. 01.04.2010 дейін дерт жұқтырған 728 жасөспірім тіркелген. Осыдан жасөспірімдер арасында алдын алу шараларын жүргізу қажеттігі туады. Олай болса, бұл індет туралы базалық білім беретін мамандар әрі сауатты, әрі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге дайындалған, оқыған, тәжірибелі азаматтар болуы тиіс. Себебі, бұл індеттің таралуы жастар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін өрескіл мінез-құлықтың салдары болып табылады. Бұл көбінесе оларға ақпараттың, мінез-құлықтың қауіпсіз дағдыларының тапшылығынан болады. Беріліп отырған бағдарлама мен оның бөлімдерінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді өз білімдерін сабақтастыра білуге, мінез-құлық іс-әрекеттері мен қауіп-қатер арасындағы байланысты ұғынуға үйрету.

    Қоғамнан  қашутағы бір жасөспірім жасындағы организациялық нұсқасы. Жасөспірім жұмыс істеу немесе оқу жолын таңдауы мүмкін: релегиялық сектолар, өз-өзіне нарцистік ауыртпашылықтар тілеу және т.б. егер жаман ой бойын билеп алса жұмыс та, оқу да қалады.

Информация о работе Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері