Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
1.2
Жасөспірімдердің
психологиялық дамуындағы
өзгешеліктері
Жас шағы психологиясына жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екінші әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен өлшемділігін көрсетеді.
Жасөспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болды деген оймен жасөспірімдікті алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жасөспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жасөспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдамен социолизацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтың ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды.
Ғылым
жастық проблемасын әлеуметтік-
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14,5 жаста-ақ аяқталады. Жасөспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қағамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Балаң жасөспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
Дене күшінің дамуы, Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпуберттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамлар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариациялардың патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым онай бола бермейді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы олның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын рөлі ересектердің рөлінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рөлдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғайюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рөлдер бірден-бірге көбееді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 16 жасында паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жасөспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Алайда жас өпірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары класс оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексін, үлкенсін десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың психологиясында өзінше ұғынылады.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міңдеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мезрімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15-17 жастағы жасөспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училмщелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жасөспірімдер оқуды үнемді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдете қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат беріледі. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары класс оқушысының мамандық таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары класстарда оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәнде, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер). Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екені есте ұстау қажет. [60]
Жасөспірімдік
– жеке адамның толысуы мен
қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық
толысуға байланысты өз организмі мен
сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың
біршама тиянақсыздығы (енді бала болғанымен,
әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің
күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын
үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы
– осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік
шақта бағалаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін
күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін
тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы
болса да жас адам оларды бағалауға өте-мөте
ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы
түрде жасалған немесе меңгерілген критерилер
мен нормалар негізінде құруға тырысады.
1.3
Жасөспірімдердің
әлеуметтік психологиялық
бейімделуі
Отандық психологтардың ойларынша, бейімделу адам өмірінің келесі ортасында болады, яғни іс-әрекетінде, қарым-қатынасында және өзін-өзі тану барысында көрінеді. А.Н.Леонтьев бейімделудің іс-әрекет аумағын «баланың іс-әрекетінің ұлғаюымен» анықталған. Бұнда баланың біртіндеп түрлі әрекетті үйренуімен және бала өзі жасай алатын әрекет болуы керек, яғни мәдени мінез-құлық үлгісін түсіну, жетекші әрекет түсінігін А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин дамытып және мазмұнын тереңдетті.
Бейімделу
әр түрлі факторлардың әсерінен болады
– бұл индивидте басқа
Психологияда бұл түсінік ғылымға кейін енеді және ол өзіндік мазмұнға ие болуға тырысты. Бірақ та бұл түсінік жалғыз ғана тәсіл болған жоқ, өйткені «бейімделу» түсінігі үздіксіз жеке тұлғамен және оның ортамен қарым-қатынасымен байланымты. Осыдан бейімделудің түрлі интерпретациялық үдерісін көреміз. Біреулер үшін – бұл әлеуметтік мінез-құлықты үйрену (жалпы белгілі бихевеористік әдістер), басқалар үшін – мәдени саланың талаптарына сай тұлғаның моделін қалыптастыру (бұнда «Мәдениет және тұлға»,1930 жылғы теория «кеңестік адамның» қалыптасуы, Б.Ф.Скинердің концепциясы «Мәдениеттің бағдарлануы»), үшіншілері үшін – топтағы «әлеуметтік қатысуға» дайындық.
Бейімделу – лат. ағза мүшелері мен жасушаларының орта жағдайына үйренуі. Бейімделуді индивид пен ортаның тепе-теңдік байланыстар туралы гештальд психология ақыл-ойдың даму теориясы сияқты психологиялық концепцияларда сияқты орын алады. Адамның жағымсыз күшті әсерлері бейімделу олардан қорғану реакциялануы бейімделу синдромы деп аталады. [5]
Жасөспірімдік шақта баланың организімінің жыныстық жетілуімен болады. Осыған орай баланың басқа жыныстық өкіліне деген қызығушылықтары пайда болады. Енді тек өз жынысындағы балалармен араласпай басқа жыныс өкіл балаларымен қарым-қатынас іздеп, солармен араласа бастайды. Бірақ олардың психологиялық және физиологиялық дамуы қатар жүрмейді. Бірінші физиологиялық жағына тоқтала кетсек: Осыған орай кейбір балалар жасөспірімдік шаққа ерте түседі, ал кейбіреуі кеш түседі. Осы шақта ұл балаларда пубертатный дағдарыс, 11 жаста немесе 13 жаста басталуын осыдан көруге болады. Дағдарыстың басынан бастап бұл кезең балаларға да және үлкендерге де өте қиын өтеді. Сол үшін осы жас өспірімдік шақты «Созылған дағдарыс» дейді. Яғни пубертатты дағдарыс болған кезде, бала тез өкпелегіш, өте тез қабылдағыш және қоршаған ортасына тез бейім болады.
Егер осындай ждайларға бейімделе алмаса олар дизадаптацияға ұшырайды. Осы кезде баланың бойы, дене бітімі, қыз балалардың төсі, жамбас сүйектері өсе бастайды. Қыз балаларға ұл балалар көз қырын сала бастайды. Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі- жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Сойлегенде дауысысы да өзгеріп ерсектерге тән болады. Осыған қоса кетуге болатын жағдай, организмде болып жатқан физикалық және физиологиялық жағынанда, үнемі бейімделіп отыру керек.
Осы күйді американдық жас өспірім жақсы көрсетті: 14 жаста менің денем «бұрқынғандай» болды. Эмоционалды тұрақсыздық жыныстық жетілу кезінде, сексуалды қозу күшейді. Көбінесе ұл балалар қозуды мойындайды. Қыз балаларда көбінде, индевидтің ерекшеліктер; олардың жартысы да сексуалды сезімді сезінеді, бірақ көбі әлі тұрақталмаған, олар махаббат, қолдау, өзін силау және үйреніш қажеттіліктерін қанғаттанумен байланысты. Ол организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда католизаторлары болып табылады. Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны обьективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа жаңа түйсіктенрің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым- қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Тағыда бір жайт ол организмнің дұрыс құрылуымен байланысты оларда жаңа физикалық «Мен» образы қалыптаса бастайды. Осы кезде олар өздерінің сыртқы келбкттеріне көп көңіл бөле бастайды. Дұрыс болмаған келбетіне көп уаймдап, мазасызданады және артық салмақ немесе арықтығы үшін өзін-өзі көп уайымдатады, бірақ кейбір балалар бұл дағдарысқа тез бейімделуі мүмкін, көбінде бала өзін-өзі сенімсіздік күйіне, тұйықтық тіпті неврозға да әкелуі мүмкін. Осындай кезде ата-анасының, жақын туыстарының үлкен эмоционалды көмегі керек, өйткені олар бейімделе алмаса дизадаптацияға ұшырауы мүмкін.