Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Әркім өзінің досынан іздейтін аіtег еgо оның өз «менің» ұғынылмаған қажеттігін бейнелейді. Біреулер досынан көбінесе өз «менінің» қуатталуын іздейді; ол үшін досы өзінің бейнесі көрінетін айна тәрізді (бұған тән мысал — Толстой сипаттаған Николай Иртеньев пен Дмитрий Нехлюдовтың достығы; мұнда жасөспірімдер бір-біріне өздерінің ең құпия сезім-сырларын айтады, бірақ іс жүзінде әрқайсысына басқаны тыңдағаннан гөрі өзі туралы айту қызықтырақ). Екіншісі, керісінше, досымен өзі бір кісідей болып, оның толғаныстарымен өмір сүре бастайды; өзінің даралығынан айрылуға дейін барады. Үшіншісі досынан өзінің толықтырмасын, еліктейтін үлгі, психологиялық қорғаныш т. б. іздейді. Достар таңдау да, онымен өзара қарым-қатынастын сипаты да осы ұғынылмаған психологиялық қажеттерге байланысты.
Көпшілік жағдайларда басқа жастардағы адамдардың бәрі секілді жоғары класс оқушылары да өз жынысына қарай құрдастарымен достасуды жақсы көреді. Жас айырмашылығы бір-екі жылдай асатыны сирек кездеседі. Алайда бірқатарында, әсіресе қыздарда, өзінен улкендермен достық қарым-қатынаста болу қажеттігі кездеседі. Көптеген жасөспірім жігіттер мен қыздар өзінен кіші балаларды шын ықыласымен бағып-қағады, одан улкен қанағаттылық табады. Бірақ жасы кішілермен қарым-қатынас достықтың орнын баса алмайтын қосымша бірдеңе деп қаралады. Егер жалпы дамуы дұрыс жігіт не қыз жақын достар таңдағанда өзінен кіші жеткіншектерден ғана таңдайтын болса, мұндай таңдау көбіне мәжбүрлік сипатта болады да, құрдастарымен қарым-қатынастардағы қиыншылықтардың есесін толтырады. Бұған ұялшақтық, тым көтеріңкі талаптар не басқа бір жайлар себеп болуы мүмкін.
Жасөспірім жігіттер мен қыздардың достығының айырмашылықтары туралы мәселе әлі жете зерттелмеген. Психологиялық зерттеулер қыздар мен әйелдер жалпы алғанда достыққа қабілетсіз деген ежелден келе жатқан ұғымды куаттамайды. Алайда қыздардың жалпы алғанда көтеріңкі сезімталдығы олардың болмашы психологиялық құбылыстарға мән беруге, «қатынастарды анықтап алуға» бейімдігі және т. б. Негізгі және басты нәрседе өзара түсінікті қанағат ететін еркектердің неғұрлым сабырлы және «дөрекі» достығынан гөрі олардын, қарым - қатынастарының тұрақтылырын сактауды біршама қиындатады.
Махаббат - жақсы көрушілікке қарағанда өтте күрделі құбылыс, яғни анықтама беруге, зерттеуге қиын түседі. Адамдар махаббаты тосады, махаббат үшін өмір сүреді, махаббат үшін жандарын қияды. Әлеуметтік психологияда соңғы жылдары махаббат өзекті тақырыптарының біріне айналды.
Махаббат үлкен адамзаттық сезім тәрізді. Махаббат - адамның өзіндік жетілуге деген қабілеті мен ұмтылысы, адам арасындағы қарым-қатынастың спецификалық түрі, басқа адамның дамуына деген қызығушылық, оны силау сезімі. Махаббат пен өшпенділік бір-біріне қарама-қарсы болып келеді.
Махаббаттың түрлері:
Ағайындық махаббат – бұл адамдардың өзіне жақын барлық адамдарға деген махаббаты.
Аналық махабат – бұл күштінің әлсізге, қорғаушының қорғансызға, бардың жоққа деген махаббаты. Аналық махаббат ешбір жамандықсыз және бәріне ашық болып келеді.
Эротикалық махаббат – бұл бір адаммен толық қосылу және ұрпақ жалғастыруға деген қажеттіліктен туындайтын психофизиологиялық сипаттағы жалғыз адамға деген махаббат.
Құдайға деген махаббат – бұл ерекше, оғандеген қатынас та өзгеше. Басқаларды жақсы көру бұл жақсы, ал өзінді жақсы көру күнә деген ойлар қазір адамдар арасында кең таралған. Бірақ сұрақ қояйық: «өзін жақсы көрмеген адам, басқаларды жақсы көре ала ма?»
Әрбір адам өзін қоршаған адамдар сияқты, егер ол басқаларды жақсы көрсе, неге өзін жақсы көрмеуі керек.
Махаббаттың екі түрлі типі болуы мүмкін емес: адамдарға және өзіне; махаббат ұлы сезім ретінде не бар, не мүлддем жоқ. Библиада «жақыныңды өзің сияқты жақсы көр» деген сөз бар.
Өзіңе деген махаббат пен эгоистік махаббаттың айырмашылығы, эгоистік махаббатта адам басқаларға беруі керек нәрселердің бәрін өзіне алғысы келеді, тек өзіне ғана қалайды.
Құдайға деген махаббаттың түрі әлеуметтік психологиямағынасында әмбебап және ортақ. Құдайға сеніп және адамды жақсы көрмеу мүмкін емес, жақсы көру – демек құдайға сену. Құдай мейірімділіктің, әділдіктің, шынайылық пен махаббаттың символы.
Махаббатың тағы біртүрі- өзінің кумирына деген фанаттық махаббат. Басқаны жақсы көрген адам, өзін жеке тұлға ретінде жоғалтады. Бұл махаббат емес, идеалға табыну.
Сексуалды – қызығушылықтан туған немесе соған бағытталған махаббат мықты болмайды. Онда ешқандай терең сезім болмағандықтан ол ұзаққа бармайды. Махаббатсыз жыныстық акт, бір-бірін толық білмейтін адамдардың қосылуынан көрінеді. [59]
Махаббат және ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы. Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардықң арасындағы қарым-қатынас балаң жасөспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-латынастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. V—VII кластарда-ақ әжептәуір жиі болатын аңқау балалық ғашықтықпен қатар (көзқарас, хат жазу, түсінісу, кейде сүйісу) 15—16 жастағы жеткіншектерде алғашқы-елеулі ден қою, махаббат пен терең сезімге қажеттілік шығады. Жоғары класс оқушыларында ғашықтықтың кейде «эпидемиялық» сипатта болғандығы (бір класта ешкім ғашық болмайды, ал келесіде бәрі түгел ғашық болады) проблеманын өзінің елеулілігін кеміте алмайды. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл қарым-қатынастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатынас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және коллективтегі моральдық жағдайға байланысты болады.
Қай жастағы болсын ұлдар мен қыздар әр түрлі ойындарды жақсы көреді және серіктерін өз жынысынан іріктеп алады. Өзінің «ерекшелігін» әсіресе ер балалар барынша көрсетуге тырысады, мұның өзі оларға ересектердің айтуымен қалыптасады. («Сен жігітсің ғой! Жігіт сөйте ме екен»). Бүгінде ол сескендіре алмайды. Керісінше, нәзік, жасқаншақ ер баланы үлкендер де, кұрдастары да жақтырмайды. Құрдас қыздары өзімен ойнамай қойған қыз бала психологиялық тұрғыдан алғанда ер балалардың арасында сыйлы бола алады. Ер балалар үшін бұл мүмкін емес: өз жынысының құрдастары ғана оның «ерлігін» тануы мүмкін.
Терең
қарым-қатынас пен өзара
Жыныстық толысу балаң жасөспірімді толғаныстар мен мүдделерге әркезде бірдей ұғыныла бермегенімен күшті, жыныстық өң береді. Мәселе әсте өздігінен алғанда «физиологиялық қажеттіліктерде» емес. Кемел жыныстық махаббат сезімдік (эротикалық) елігу мен сүйген адамымен терең жеке қарым-қатынаспен қосылуды қажетсінудің жарасымды бірлігін құрайды. Бірақ бұл екі сезім бір мезгілде жетілмейді. Қыздар физиология- лық тұрғыдан бұрын толысатын болғанымен, оларда алғашқы кезде дене-тұлғалық жақындықтан гөрі мейірімділікті, мейірлі, эмоциялы жылылықты кажетсіну күштірек байқалады. Ер балаларда көбіне, керісінше, сезімдік-эротикалық құштарлық ерте пайда болады. Рухани интимділікті қажетсінуге келсек, қыздарға қарағанда балаң жігіттерде ол біраз кеш шығады және бастапқыда өзін өмірлік толғаныстардың ортақтығы байланыстыратын жігіт досына бағытталады. Жасспірімдік сана осыдан барып біршама қосарлас сипатта болады. Бір жағынан, ол өзінше бір үлгідегі диффузиялық эротизмге толы; сексуалдық қиял қейде басқа адамдар қасиеттері жоқ тек қана сексуалдық объект ретінде қабылданатын қиялдағы немесе нақты бейнеде (көбінесе балалардың тұтас бір тобы үшін ортақ бейнеде) тұлғаланады. Екінші жағынан, жасөспірімге өзінде нәзік сезім туғызған қызға өте нәзік, пәк көзқараспен қарау тән.
Эксперименттік
зерттеулер 15—18 жастағы жасөспірім
қыздар мен жігіттер бір-бірімен
қарым-қатынаста психологиялық
Жыныстық тұрғыдан неғұрлым ерте толысу, әрине, мектептегі «романдардың» саны көбеюін және олардың байыптылык дәрежесінің артуын білдіреді, мұның өзі мұғалімнің педагогтық шеберлігі мен әдептілігіне көтеріңкі талаптар қояды. Медициналық-гигиеналық жыныстық білім берумен қатар жан-жақты адамгершілік тәрбие беру қажет, ал мұның өзі тыйым салу жүйесі мен жыныстық проблемалар жөнінде сөйлеспеу емес.
А. С. Макаренко кезінде адамның махаббаты қарапайым зоологиялық жыныстық құмарлықтың қойнауынан өсіп жетілуі мүмкін емес деп жазды. «Махаббаттық» сүйіспеншіліктің күші адамның жыныстық тұрғыдан басқадай ұнатуының тәжірибесінен ғана табылуы мүмкін. Өзінің әке-шешесін, жолдастарын, достарын жақсы көрмеген болса, жас жігіт өзінің қалыңдығын, келіншегін ешқашан сүймейтін болады. Жыныстық емес бұл сүйіспеншілік неғұрлым ауқымды болса, жыныстык махаббат та соғұрлым ізгі махаббат болмақ».
Ең жаңа психологиялық зерттеулер осы пікірді қуаттайды. Адамның өзіне деген қарым-қатынасы мен оның баскаларға деген қатынасының арасында белгілі бір тәуелділік болатыны ежелден белгілі. Өзіндік санасы неғұрлым дамыған және өзін барынша сыйлайтын адамның терең де тұрақты достыққа жету мүмкіндігі өзін-өзі «жоққа шығаратын» адамға қарағанда анағұрлым көп. Бұл тәуелділіктің сексуалдық қатынастар сала- сында қатысы бар: өзін-өзі сыйлауы кем еркектер, өзін-өзі барынша сыйлайтын еркектерге қарағанда, көбіне әйелді сексуалдық объект деп қана қарайды. Ал адамдар арасындағы жан-жақты қарым-қатынас пен өзара түсінісушілікке қабілеттілік бақытты махаббат пен семьялық өмірдің аса маңыздыалғы шарттарының бірі. Сезімдерді тәрбиелеу — жастарды еңбекке даярлаудан манызы кем түспейтін қоғамдық міндет.
Дұшпандық.
Достық, махаббат және дұшпандылық
адамдар арасындағы интимді қарым-қатынастың
қарама-қарсы түрлері. Адамдар арасындағы
жағысыз қарым-қатынас
Дұшпандық бір адамға үйрене алмау және жек көруден туындайды. Қоғамда достық, махаббат қарым-қатынастарына қарағанда мұндай қатынастар жиі кездеседі. Дұшпандық неге болады, неге бар және неге жалғасабереді?
Біріншіден,
дамдардың
2.3
Жасөспірімдердің
интимді қарым-қатынасында
кездесетін проблемалар
Интимді қарым-қатынастар – жеке индивидтер арасында, мысалы ерлі-зайыптылар, ғашықтар немесе сексуалды серіктестер арасындағы жақын немесе романтикалық ара-қатынастар.
Шамамен 9-17 жастан бастап, әрбір адам жыныстық жетілу кезеңін бастан өткереді. Бұл уақытта әр түрлі физиологиялық және психологиялық өзгерістер болады. Жыныстық жетілу кезеңінде гормондардың жұмысы күшейеді. Ол әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Кейбір қыздар мен ұлдар 12-13 жаста тиісті деңгейде жетілсе, басқаларында бұл үрдіс енді ғана басталады. Осы кезеңде қыз жүкті болып қалуы, ал ұл әке атануы мүмкін.