Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Тәрбие жұмысында көшедегі стихиялы топтар мен компаниялардың ықпалын еске алу ерекше маңызды. Кейбір педагогтар оны елемеуге немесе кездейсоқ нәрсе деп санауға бейім. Бұл кауіпті жаңылысу.
Мектеп жасөспірім ұрпақтың бүкіл өмірін қамтымайды. Сондықтан оны жастардың әр түрлі ұйымдарының — саяси, спорт және мәдени-ағарту ұйымдарының қызметі толықтырады. Алайда қарым-қатынастың бұл ұйымдасқан формалары жастарда мектепте қалыптасатын достар компаниясы немесе көшедегі серіктестіктер секілді ресми емес, стихиялы топтарды қажетсінудің орнын түгел баса алмайды.
Кластардағы коллективтердей емес, стихиялы топтарда әдетте әр түрлі жастағы балалар және әлеуметтік құрамы жөнінен көбіне аралас (оларға. мектеп оқушыларынан басқалар да қатысады) болады. Құрамның әр қилылығы, оған қоса ұйымдасқан коллективтердегі жоғары кластардағы көбіне ығыр қылатын үлкендердің үнемі бағып-қағуының болмауы себепті жасөспірімдер үшін мұндай топтар ерекше тартымды болады. Егер жеткіншектерде стихиялы топтар көбіне мектеп ішіндегі коллективтерді толыктырып, бұлардың екеуінде де лидер болатын балалар бірге болса, жоғары кластарда жағдай өзгереді. Жасөспірімнің кеше тобындағы беделі оның мектептегі статусына кері қатынаста және керісінше болады.
Бұл қарама-қарсылық елеулі педагогикалық қауіп туғызады. Көшедегі топтарды біріктіретін құндылықтар кейде қарсы әлеуметтік тұрғыда болады, ал оларда басшы болатындарды жақсы балалар деуге мүлдем келмейді. Мұндай топтар қылмысты топтарға немесе бұзақылар тобына ауысатын жағдайлар кездеседі. Бұл орайда жасөспірімдердің жасқа байланысты конформдылығы өте зиянды роль атқарады.
Үлкендерден
тәуелсіздік алуға тырысып, жасөспірім
құрдастарынын қауымынан тірек пен қолдау
іздейді. Бірақ оның өзі іштей әлі дербес
емес, ықпал мен психикалық еліктіруге
оңай беріледі. Топқа қатыстылық сезімі,
әсіресе, егер бұл қатыстылықты қорғауға
тура кетңлетін болса, сол топтың өзі құрылатын
құндылықтардың мазмұнынан да маңыздырақ
болады. «Балалардың бәрі (қыздардың бәрі)
өстеді» деген секілді дәлел ол үшін кез
келген қылықты түсіндірумен бірге оны
ақтайды да. Мұның өзінде «бәрі» деген
өз тобының мүшелері, не өзі-соған еліктейтіндер
болып шығады.
2 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ИНТИМДІ-ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРМЫ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1
Жасөспірімдердің
тұлғааралық қарым-қатынасының
қалыптасу ерекшеліктері
Тұлғаның
қалыптасуындағы маңызды
Қарым-қатынас адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады.
Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник «Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деп атап көрсеткен.
Тұлғааралық
қарым-қатынас адамдар
Тұлғааралық
қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші
адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа
адамзат аралық ақпарат алмасу жатады,
бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік
жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық
қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас
жасаушылардың өзара әрекеттестігі –
тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес,
істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас
жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас
жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып
табылады.
Барлық зерттеуші психологтар (Выготский Л.С., Божович Л.И., Кон И.С. және т.б.) жасөспірімдік шақта, жасөспірімдерге құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы өте зор болады деген ортақ ойға келеді. Құрбыларымен болатын қарым-қатынастары жасөспірім үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастарына қарағанда маңызды болып келеді.
Л.И. Божович, егер кіші мектеп жасындағы балаларға қарым-қатынас негізінде ортақ іс-әрекет жататын болса, жеткіншектер мен жасөспірімдерде керісінше іс-әрекеттің қызықтылығы, ортақ қызығушылықтардың болуы кең ауқымда өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға тартады деп санайды. [16]
Жасөспірімдік кезде құрбыларымен бірге болумен қатар, олардың арасында өзінің дәрежесінің жоғары болуын қалайды. Біреулер үшін мұндай талпыныс құрбылар арасында лидер болуға, басқалар үшін танылған, сүйікті, белгілі бір іс-әрекетте беделді болу үшін ұмтылысты, қызығушылықты тудырады. И.С. Конның зертеулері бойынша жасөспірімнің құрбылар арасында осындай дәрежеге жету, көбіне тәртіп бұзушылыққа, қылмысқа дейін апарады.
Мәлеметтер бойынша, ресми емес қарым-қатынастарда (неформальные) және топтарда жасөспірімдер өздеріне қолайлы психологиялық қарым-қатынастын болуын, түсінушіліктін, қолдаудың болуын мативация ретінде көреді.
Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, барлық жасөспірім қыздары мен ұлдары жеңіл, бос қарым-қатынаста болатын жастар қауымының өкілдері болып келеді. Еркін қарым-қатынас – бұл тек бос уақытты өткізуге бағыттылған қарым-қатынас емес, мұнда өз ойын ашық айту, тұлғараралық қатынастарда жаңа адамдармен танысу, кейінен жақын досқа айналуы, яғни интимді қатынас дәрежесіне айналу мүмкін. Жасөспірімдік қарым-қатынас бас кезінде жағдайдың, қоршаған адамдардың ауысып отыруын талап етеді. Жасөспірім үшін белгілі бір топтың мүшесі болуы, оның өзіне деген көңілі толып сенімін арттырады.
Сабақтың көптігіне, қосымша үйірмелер мен бос уақыттын аздығына қарамастан жасөспірімдердің қызығушылықтары әр түрлі болып келеді. Зерттеулер бойынша 16-24 жас аралықтағыларда ең күрделі және әр түрлі қызығушылықтары кездеседі. 1982-1984 жылдарда жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде Балтия республикаларындағы жасөспірімдердің 70% күнделікті 2-3 сағат бос уақыттары бар, 28,5% жасөспірімдерде 1-2 сағат бос уақыттары болады. Ер балалардың бос уақыттары қыз балаларға арағанда көбірек болады.
Жасөспірімнің
құрбы-құрдастарымен қарым-
Баланың
құрбыларымен, достарымен қарым-қатынасы
үлкендердің қатынастарына
-
толық қанды іскерлік, тең дәрежедегі
қарым-қатынас құрбылары мен
-
үлкендермен болатын қарым-
Көп жағдайларда үлкендер (ата-аналар, педагогикалық ұжым) талаптар мен бұйрықтарды талап етуші ретінде болады. Бұл жолды ұстанған ата-аналар немесе мұғалімдер жасөспірімнің тындамай кетуіне әкеп соғады. Осы себептен көптеген жасөспірімдер өзін ренжітпеген кіші бала ретінде қабылдаған үлкен кісілермен дөрекі болады.
Құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынас үлкейгенмен
Жасөспірімдердің құрбыларымен қарым-қатынасы күрделі, көпқырлы, маңызды болып келеді. Бұл қарым-қатынастар жақындық дәрежесіне байланысты ерекшеленеді: жасөспірімде таныстары, жақын таныстары, жан досының болуымен көрінеді. Өсе келе, бұл ерекшеліктер айқын көріне бастайды, антиатия және симпатия анықталып, жеке топтар пайда бола бастайды.
Ер
балалар үшін достық қарым-қатынастың
маңыздылығы қыз балаларға
Ата-анасы жасөспірінің құрбыларымен қарым-қатынасына шектеу қою іс-әрекетінде баласы жағынан негативті қарым-қатынасқа тап болады. Көбінде бұл жағдай ата-анасы мен жасөспірім арасындағы келіспеушілікке, түсініспеушілікке әкеп соғады. Жасөспірім құрбылары мен достары арасында болатын қарым-қатынаста уақыттың шексіздігін, қай жерде кездесетіндеріне қарсылық білдірмеуін, бостандықтарын ата-анасынан талап етеді. Егер ата-анасы баласының құрбыларымен болатын қарым-қатынасында жағдайды өзгертетін болса, жасөспірім «мен өзім білемін кімміен дос болу керек, араласпандар, бұл менің жеке мәселем» деп жауап қайтаруы мүмкін.
Жасөспірім үшін жалғыздық оның психикасына қатты әсерін тигіеді. Егер жасөспірімде сыныптастары арасында жақын құрбы-достары болмаса, ол мектептен тыс іздей бастайды. Әдеттегідей ол табады. Жақсы достар, құрбылар да кездесуі мүмкін, бірақ жаман топ балалар арасына ілесіп кетуі де мүмкін. Себебі жалғыздықты сезген бала таңдауында дұрыс шешімге келе алмай, оны дастар тобына қосқандарына риза болы, осы топ достары оған референтті болады. Осыдан барып жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықытын саны көбеюде.
Жасөспірімдердің құрбыларымен қарым-қатынасына көп көңіл бөліп, оның маңызды болып кеткенін байқамай қалады. Бұл оның ата-анасымен, мұғалімдерімен қарым-қатынасындағы туындаған мәселелерді екінші орынға қояды. Бүгінгі танда жасөспірімнің әлеуметтік жағынан дамуында кездесетін ата-анасымен, мұғалімдермен туындайтын пробламалардың себебі неде?
Осы себептердің бірі, жасөспірімдердің ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерістердің, туындаған бағыттылықтарын, қызығушылықтарын үлкендер тарапынан (ата-анасының, мұғалімдердің) түсінбеуі. Жоғарыда айтылып кеткендей, үлкендердің көбі жасөспірімдік шақтағы болатын достық қарым-қатынастың маңыздылығын елемейді, ал жасөспірім үшіні бұл ең маңызды қатынастардың біріне жатады. Бұл көптеген жасөспірімдер туралы психологиялық оқулықтарда жазылған.
Жасөспірімнің ер жетуіне байланысты үлкен адамдар арасынан түсінушілікті табуы қиындай түседі. Бұл кезде ата-анасы, мұғалімдері жасөспірімнің әлеміндегі өзгерістерді түсіне алмай, бұрын көрген баланы танымай, түсініспеушіліктер туындайды.
Жасөспірімдердің құрбыларымен болатын қарым-қатынастары аландататын кезінде, кейбір мұғалімдер, ата-аналар жасөспірімнің аландаушылықтары үлкендермен қарым-қатынасындағы проблемаларының түбінде тұр деп ойлайды.