Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.

Работа содержит 1 файл

Айнур дипломный 2003.doc

— 1.51 Мб (Скачать)

    Кіріспе 

    Зерттеудің  көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.

    Қазақстан Републикасының дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылу мақсатында, қазіргі  жасөспірімдердің саналы азамат болып,  тұлға ретінде дамуына барлық жағдайларды жасайды. Өркениетті қоғам  үшін қымбат қазына – жеке тұлға, оның даму, қалыптасуы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды.

    Сол себептен жасөспірімдердің тұлғааралық  қатынастарды қалыптастырудың маңыздылығы  да осыдан басталады. «Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.

    Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық қалпына  беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактормен анықтаймыз.

    В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы  жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.

    Мектеп  оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.

    Жасөспірім  – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу – танымдық және қоғамдық – саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр.

    Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз –  қарасқа байланысты дүниетанымның  бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз –  қарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде философиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым – қатынас.

    Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті  фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жасөспірімдердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті  фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық  сезім, табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады.

    М.И. Шардаков бойынша жасөспірімдік  кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық  тұрғыда тәуелді болып қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте  бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр – түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.

    Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды  ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жасауға үйрене алады.

    Зерттеудің  мақсаты - жасөспірімдер арасында тұлғағалық қарым – қатынастың психологиялық аспектілерін теориялық тұрғыда негіздеп, іс-тәжірибеде анықтау.

    Зерттеу жұмысының міндеттері:  

    1.Жасөспірімдердің  тұлғааралық қарым-қатынасының қалыптасу  ерекшеліктерін анықтау;

    2.Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы  интимді-тұлғааралық қарым-қатынасының рөлін айқындау

    3.Жасөспірімдердің  интимді қарым-қатынасында кездесетін  проблемалар анықтап, анықталған  проблемалардың  алдын – алу  жұмыстарын жүргізу.

    Зерттеу пәні - жасөспірімдердің тұлғалық интимді дамуы.

    Ғылыми  болжамы - егер, жасөспірімдер арасында интимді тұлғааралық  қарым – қатынас көрсеткіштері, психологиялық аспектілері, шарттары, жолдары анықталып, интимді қарым – қатынаста кездесетін проблемалардың алдын-алу шаралары жүйеленсе, онда жасөспірімдердің мінез – құлықтарын басқара алулары және де тұлғааралық қарым – қатынастарын жүзеге асыру жоғары деңгейде көрініс берер еді.

    Зерттеудің  нысаны: жасөспірімдердің қарым – қатынасындағы интимді-тұлғааралық даму процесі.

    Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері.

      Зерттеудің негізі ғылыми теориялар мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері. Социологиялық әдістер пайдаланылып, болжамдар жасау әдістері. Криминологиялық және этникалық-педагогикалық идеялар интерпретациясы қолданылған.

    Зерттеу көздері - жасөспірімдер арасында тұлғаралық қарым - қатынастың психологиялық аспектілері, философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, нормативтік құжаттар («Қазақстан Республикасының білім туралы заңы», «Қазақстан -2030 стратегиялық дамуының тұжырымдамасы», «Білім» мемлекеттік бағдарламасы) сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының құжаттары.

    Зерттеу жұмысының әдістері:

    1. Қарым-қатынас деңгейін бағалау тесті (В.Ф.Ряховской).

    2. Эмоция тестісі

    3. С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы.

    4. Достық қарым-қатынас деңгейін анықтау тесті

    5. В.В.Мегедьдің «Мінездің биоакценттері бойынша махаббаттың түрлерін немесе қатынастарын анықтау» тесті.

    Зерттеудің  базасы.

    Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының №32-ші жалпы білім беретін мектебі.

    Зерттеу жұмысының құрылымы.

      Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі    бөлімнен, зерттеу бөлімінен және қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1  ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ  ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

    1.1 Жасөспірімдердің  психологиялық дамуындағы  өзгешеліктері 

    XVII – XVIII  ғасырларға дейін жасөспірім шақтың дамуы өзінше бір, жеке даму кезеңі болып шықпаған. Бұл жасөспірім шақтың даму процессінің аяқталуы жыныстық дамуы мен байланысты болады, осыдан кейін көптеген жасөспірімдер өз өмірлерін жанұя құрумен жалғастырған, бұндай жағдайлар қыз балаларда кездескен. XVIII  ғасырда көптеген ұл балалардың жасөспірім шағы әскери өмірге ауысуымен аяқталған.

    Енді  шетел психологтарының зерттеулеріне келсек -  Арнольд Гейзель, Е.Эриксон, М.Мид, С. Холл, Р. Бенедикт, К. Маркс пен Ф.Энгельс.

    С.Холлдың (неміс психологы) негізгі ғылыми жұмысы бұл жасөспірімнің өсіп дамуы. Ол жасөспірімнің психологиясын, физиологиясын, антропологиясын, әлеуметтік дамуы, жыныстық дамуын, қылмыстық жағдайларын қарастырған. Бұл еңбек алғаш рет 1904 жылы жарыққа шыққан. С.Холлды жасөспірім психологиясын «әкесі» деп есептеген. Ол осы еңбегін «Буря и нацист» деген ат қойып кеткен. Себебі бұл еңбегі XVIII  ғасырдағы неміс әдебиеттеріне теңеген.  С.Холл өзінің социо генездік моделін құраған жәнеде жасөспірім кезең ол адам өміріндегі тарихи эпоха деген. Себебі осы кезеңде міндетті түрде қарым-қатынаста конфликті жағдайлар, жыныстық толысу, физиологиялық жағына өзгерістер  болады.

    Р.Бенедикт  - биховиаристік ориентацияны зерттеп  нәтижесін шығарған. Ол жасөспірім психологиясы әр түрлі әлеуметтік ортаның стимуляциясына байланысты өзгеріп, дамып отырады деген. Ол Европа қаласындағы Боас мектебінің антропологтар мәләметін пайдалана отырып, ғылыми зерттеуін жүргізген. Жасөспірімнің психологиясын мәдени ортада зерттеп Американ жасөспірімдерңмен салыстырған. Осымен қатар ол Үнді, Канада Америка, Африка, Мексика және Жаңа Гвини елдеріндегі жасөспірімдерін зерттеген.

    Ал  енді Р.Бенедикттің әріптесі М.Мид (1901 - 1978) ол Амеркан этногрофы болған. М.Мид жасөспірім психологиясын  әлеуметтік тұрғыдан көп зерттеген. Ол жасөспірімдік даму кезеңін 1928 жылы Самоа және Адмиралтейства аралығанда және 1930 жылы Жаңа Гвинияда зерттеген осы жерлерде жасөспірімнің ересек өміріне ауысуы қандайда бір кризис ретінде көрінбеген. Оларды өмірлік ритмі «салттары» бойынша жасөспірім ересектердің өміріне жеңіл және біртіндеп ауысады. Самоа аралының жасөспірім қыз баласы жыныстық жест туралы ештеңе білмеген, ал кезеңде оынмен жасты Американ қыз бала бұл жайлы бәрін түсініп отырған. Аралды жерлерде, мұхиттарда ешбір өзін - өзі анықтау үшін жағдай (проблема) болмаған (мамандық, әлеуметтік, моральдік). Осы М.Мид зерттеуін қортындылай келгенде аралды жерлерде жасөспірім шақтағы психо – физиологиялық дамуда  қандайда бір қиыншылық қысымдар болмаған. Ал Америка елдеріндегі жасөспірімдер үшін бұл шақ өте күрделі ауытқушылық мінез – құлық ерекшелігіне әкеліп соғатын жағдайлар болған.

    Е.Эриксон  өзінің ғылыми жұмысын 8 түрлі стратегияға  бөлген.  Жасөспірім шақтағы мінез  – құлық соның 5 стратегиясы болып  келеді. Осы стратегияды ол былай деген: Егерде болашақ жасөспірім «басқару - бағыну» қатынасын меңгере алмаса онда ол өзінің болашағында ата – ана болуы үшін және қандай да бір өмірлік іс - әрекетпен айналысуы мүмкін емес. Е.Эриксон индивидуалды даму мен қоғамдық дамуының тәуелділігін ескере отырып ол мынанда бағыт берген – индивдтің өзіндік бағытта дамуы ол қоғамның тәрбиесімен және өмірлік тәртібімен байланысыты. Егер ұл баламен әкесінің арасында қарама – қайшы қатынастар болса онда бұл жасөспірім шақта күрделене түседі деген тұжырыммен өз стратегиясынның 5 бөлімін қорытындылаған. 

    Осымен  қатар Ф.Энгельс пен К.Маркс  «Неміс идеологиясында» адам өмірінің жолын тек ауыспалы фаза және өзіндік  сана – сезім фазасы ретінде қарастырмау  керек деген. Адамның өзіне - өзі  деген қатынасы шынындада материалды, сол себебті оның санасын және өзіндік сана – сезімінің іс - әрекетіне деген қатынасын бөліп шығаруы керек, және де өмірлік іс – тәжірибесінеде керсінше емес. 

    Арнольд Гейзель жасөспірімнің даму жолын 50- жылдары қарастырған. Ол жасөспірімнің мінез – құлық ерекшелігінің дамуын жас ерекшелігіне байланысты 10 мен 16 жас аралығын алған. Сбебі осындағы ең алғашқы 5 жыл жасөспірім үшін ауыр болып келеді деген. 

Кесте 1. Арнольд Гезель бойынша 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекшелігінің дамуы. 

10 жас Салмақтты, сенгіш, ата – анасымен тең. Сырт бейнесіне  көп назар аудармайды күделікті  өмірдегі жағдайларды жеңіл қабылдайды.
11 жас Импупильсивті көңіл - күйі тез арада ауысады, ата  –анасына қарсы шығады, құрбы –  құрдастарымен конфликтіге тез арада түседі.
12 жас Жеңілтек мінезі көрінеді, әлемге деген қатынасы позитивті, сырт бейнесіне көп көңіл бөле бастайды.
13 жас Ата – анасына  қарама-қайшы мінез – құлұқ  көрсете бастайды. Әр қашанда бір  нәрсені ұнатпай тұрады. Өзіне  достарды таңдай бастайды.
14 жас Экстроверсия, белсенді қарым – қатынасшыл, өзіне - өзі сенгіш, басқа адамдарға  деген қызығушылығы пайда болады. (Мысалы: ұл баланың қызға). Өзін - өзі  жақсы адаммен салыстырады, еліктейді.
15 жас Жеке басында  өзгерістер пайда болады. өзін – тәрбиелейді, жаман жағдай болса соған тез көңіл аударыды және сол үшін қайғырады.
16 жас Салмақты, қарым  – қатынасшыл өзін - өзі іштей  тәрбиелейді, өмірге ризашыл болып  жүреді.

Информация о работе Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері