Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Физикалық мен және өзін тану, толығымен жыныстық жетілуге үлкен әсер етеді. Мыс: қыздарда ерте физикалық жетілу кезінде олар өздеріне сенімді және тыныш, байыпты болуға бейімделтеді, бірақта қыздар мен ұлдардың жастары бірдей болғанымен, қыз балалар осындай өзгерістерге тез бейімделіп алады. Егерде ұл балалар физикалық жағынан мықты бейімделген бала, көбінесе спорт жағынан: жүзуге, секіруге өтте тез бейім болады. Ұлдар өсе келе бейімдеушіліктерін басқа салаларға өзгертуі мүмкін.
Зерттеушілер бойынша бала мен жанұя қатынастары жасөспірімдік кезеңмен жеткіншек кезеңде өте қатты жүреді екен, өйткені балалардың басқа әрекеттерге соның ішінде сексуалды әрекеттерге өте бейім болатынын біліп олады өте қатал тәртіппен ұстайды және бұл жақсы көрсеткіштерге әкеледі, себебі осы жастағы балалар көп нәрселерге еліктегіш болып келеді, яғни темекі тарту, араққа бейім болу, нашақорлыққа тез бейімделуі мүмкін. Сол үшін ата-ананың қамқоры, көңіл бөлуі үлкен рөл атқарады. Және көп балалар жанұядан осы себептер үшін қашып кетеді. Басқа жағынан қарасақ жанұя өздерінің жас баларының өз бетінше болуына және болашақта үйді тастап кетуіне тұрақталынуы керек. Бұл оңай емес. Өйткені баласы мен ата-анасы өз міндеттерін қайта қарап, бейімделу керек. Кіші балаларға қарағанда жасөспірімдерге көп қолдау жасау керек, себебі, олар үлкен өмірге өз бетінше қадам басып келе жатқандарына бейімделту керек.
Егер
ата-анамен жасөспірімдердің арасындағы
қарым-қатынас ересектер қарым-
Балалық шақтан бастап құрбыларының саны көбейе бастайды. Жасөспірімдер құрбыларынан физикалық, эмоцияналды, әлеуметтік балалық шақ өзгерістерінен қолдау іздейді. Олар қолдауды өз құрбыларының ішінен іздейтіні түсінікті, өйткені олар да сол жағдайды басынан кешіргені мәлім. Жасөспірімдік жаста әлеуметтік дағдының дамуында құрбыларының әсері үлкен рөл атқарады.
Әлеуметтік құзыреттілік – жаңа достарды табуға және ескі достарды сақтап қалудағы негізгі құраушы икем. Осыған орай ол жаңа достарына бейімделіп, солар мен ары қарай қарым-қатынаста болуға икемделеді. Жасөспірімнің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі, қасындағы құрбылары, дүниесіндегі және олардың қарым-қатынасындағы бар нормаларға, құндылықтарға, мінез-құлық тәсілдеріне бейімделу болып табылады.
Жолдастарымен қарым-қатынас жасөспірім үшін ерекше құндылыққа ие болады, маңыздылығы соншалық ата-ана, туғандарымен қарым-қатынастардың тартымдылығын едәуір азайтып, оқудың өзін екінші қатарға ығыстырады. Жасөспірім үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қарым-қатынастар сферасы болып сараланып, бұнда ол дербес іс-әрекет етеді. Олар ересектердің де, жолдастарының да, қарым-қатынасмтарына сол негізгі бір талап тұрғысынан қарайды – адамшылық, қадір-қасиет пен силаушылық. Жасөспірім мүдделері қарама-қарсы әр қилы балалар тартымды болатыны жиі кездеседі, аз ба, көп пе уақыт бойы жасөспірімдік қарым-қатынас жасайтын ортасы өте кең, бірақ тұрақсыз болуы мүмкін: біршама тығыз болғанымен уақытша қарым-қатынастар орнығады, жақын жолдас іздеу басталады.
Жасөспірім өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз ісіне ортақтастаруына ұмтылады. Жолдасымен қарым-қатынастың кейде тартымды болатыны соншалық, жасөспірім онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қазір де қызықсыз іске бейімделе бастайды. Сондықтан жолдастары мен қарым-қатынас жасау – жасөспірімдердің жаңа мүдделердің пайда болуының қайнар көзі болып табылады. Жасөспірімнің өзі туралы ойлана бастауының ең маңызды стимулы – оның құрдастарының арасында сыйлы болғысы келуі және өзіне жақын жолдастар, дос табуға ұмтылуы.
Жасөспірімдік жаста ер балалар мен қыз балалар арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қоюы, ұнатуға тырысуы, ал осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып ұнамды көрінуге ұмтылу шығады. Дене және жыныстық жетілуде қыздар балалардан озып кетеді. 10-11-ші класстарда қайсыбір қыздар балалардан биік әрі ірі болады. Тапал болғаннан ер бала өзін кем сезініп, бірталай күйініш көреді. Бойы өз класстарынан озып кеткен қыз бала да осылай күйінуі мүмкін.
Бір
полды адам мен интимді қатынас пен
бірге, қарама-қарсы пол адамдарда достық
қатынастар жүре бастайды. Бұл көбінесе
топ ішінде және 14-17 жастағы балада яғни
ішінде кездесуге жақын қарым-қатынасқа
түсуге бейім болады. Үлкейген сайын араласып
жүрген орталары да кеңейе түседі. Қыз
бала мен ер баланың жақын өзара қарым-қатынасы
осыдан басталады. Балалық шақ кезеңінде
– фантазия, испытание, топ ішіндегі ашықтық
бұл жасөспірімдерге жыныстық рөлді және
сексуалды әрекеті туралы жаңа ақпараттар
жинақтау және базистік бағдарларын құрастыру
үшін жиналады. Бірақ олар жақындық яғни
сексуалды жақындықты сезінбейді. [22]
Кесте
2. Брюс Роско бойынша жасөспірімдік
кездегі әлеуметтенуде кездесетін жеті
функция.
1 | Әлеуметтену | Қарама-қарсы
жыныс өкілдерінің бір-бірін |
2 | Көңіл көтеру | Қарама-қарсы жыныс өкілімен көңіл көтеру |
3 | Статус | Топ ішіндегі өз статусын көтеру яғни жаңадан келген қыз немесе жігіт алдында |
4 | Некелік партнерді таңдау | Өзіне қарама-қарсы өкілмен некелік жарды таңдау |
5 | Жыныстық қатынас | Суксуалды опыт жинау немесе уақытша сексуалды қажеттілікті қанағаттандыру |
6 | Жолдасты қатынас | Қарым-қатынас өкілімен дос тауып, сонымен бірге қызықты әңгімелесіп жақындық қатынысын орнату |
7 | Жақындық | Қарым-қатынас өкілімен сексуалды байланыс орнату |
Жасөспірім ересекке үлгі ретінде теңеседі (міндеттерді орындау сапасында және іскерлікте меңгеруде) және оның көмекшісі позициясында болады. Ер балалрдың бірсыпырасы 10-11 класстарда ақ әр-түрлі жаттығулар арқылы өздерінің күші мен ерік-жігерін дамыта бастайды. Өзін-өзі тәрбиелеу құралы, спортпен шұғылдануы болады (көбінесе бокс, күрес, ауыр атлетика) осы кезде қызықтырады. Жасөспірімдердің ересектерге теңелмектігі оларға сырттай ұқсауға, олардың өмірімен іс-әрекеттерінің кейбір жақтарына ортақтасуға, олардың қасиеттері мен іскерліктеріне, праволары мен артықшылықтарына бейімделуге ұмтылуынан, осының өзінде бұлардың ішінде алдымен балалрмен салыстырғанда ересектердің ерешелігі мен артықшылықтары көзге анық көрінетіндеріне жетуге, бейімделуінен көрінеді.
Сонымен қорта келе жасөспірімдердің ересектер дүниесіне түрлі жолдармен кіріп, оның құндылықтарын игереді. Жасөспірімнің дамуы сыңаржақ немесе бірден бірнеше бағытта, әр-түрлі қарқынмен жүреді, әр-түрлі тәсілдермен: практикада белгілі бір тұрғыда құрылған қарым-қатынастар, еліктеу және тікелей ұқсау өзін-өзі тәрбиелеумен өздігінен білім алу, ересектер мен олардың өмірі туралы білімдерге бейімделу арқылы болуы мүмкін.
Өзін анықтаудың күрделі проблемаларын жасөспірім жалғыз өзі шешпейді, әке-шешесімен, кұрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен бірге, олардың қолдауы жағдайында шешеді.
Жасөспірімнің
өзі-ақ өзінде ояна бастаған есею сезімінің
негізінде өзіне қамқорлық
Қазіргі психология есейген балалардың мінез-құлық автономиясы (жасөспірімнің жеке өзіне қатысты мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және оған праволылығы), эмоциялық автономия (әке-шешесінің дегенімен емес, олардан тәуелсіз өзі калаған ден қояр жайлар болу правосы және оны қажетсіну), моральдық және құндылық автономиясы (өз көзқарастары болу правосы мен кажеттігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы) болады деп шектеп, балалар автономиясы туралы мәселені накты тұрғыдан қояды. [45]
Жасөспірімдер
бәрінен бұрын, әлбетте, белгілі
бір шекте, бос уақыт саласында
мінез-кұлық автономиясына
Эмоциялық автономияның үлкен қиыншылықтары бар. Жасөспірімдерге әке-шешелері балаларында болған өзгерістерді жете бағаламайтындай, олардың толғаныстарын байыптап қарамайтындай болып көрінеді және көбіне бұлары әбден дұрыс та. Болмашы бір әдеп сақтамаудың өзінен-ақ жоғары класс оқушысының ішкі жан дүниесі әке-шешелері үшін, егер біржола болмаса да, ұзақ уақытқа жабылуы мүмкін. «Сені кім жақсы түсінеді?»— деген сұраққа жасөспірімдер жігіттер мен қыздардың бірсыпырасы әке-шеше деуден гөрі достарым мен құрбы-құрдастарым деп жауап береді. Егер тәртіп тұрғысынан жеткіншектік жас неғұрлым қиын болса, балаң жасөспірімдік кез көптеген эмоциялық проблемалар туғызып, балалардың ата-аналарынан психологиялық тұрғыдан жатсынып кетулері жиі кездеседі. Бұл жылдары әкемен өзара қарым-қатынас ерекше күрделіленеді. Еліміздегі және шетелдердегі көптеген зерттеулер бұл жаста да шешенің балаға әкеден гөрі жақын болатынын көрсетеді. Алайда әке-шешемен қарым-катынаста біраз салқындық болып, оларға айтылмайтын сырлардың шығуы әсте де жатсыну емес. Есейген балаларының интимдік әлемін күшейтуге бармай, екі жаққа да сондай қажет эмоциялық жылылық пен өзара түсінісудің сақталу-сақталмауы әке-шешенің сезімталдығы мен әдептілігіне байланысты.
Моральдық нұсқаулар мен құндылық бағдарлар саласында жасөспірімдер өздерінін автономиялы болу правосын барынша қорғайды. Қейде ерекше болсам деген талабын тиянақтай түсу үшін ғана әдейі ұшқары көзқарастар айтылады. Бірақ іс жүзінде әке-шешенің ықпалы бұл арада басым болып кала береді. Сән, талғам, көңіл көтеру тәсілдері секілді бірсыпыра жеңіл-желпі мәселелерде ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар әжептәуір. Кейбір тәрбиешілердің шалбардың балағының енін, шаштың ұзындығы мен би ырғағын әкімшілікке басып жөндеуге әрекеттенуі ешкімге кажетсіз дау-жанжалға ғана әкеліп соғады. Бірақ неғұрлым терең проблемаларға — саяси көзқарастарға, дүниетанымға, кәсіп таңдауға — келгенде әке-шешенің беделі анағұрлым басым болып, әдетте, дос, құрбы-құрдастарының ықпалын жеңіп кетеді. [15]
Коллективизм және топ өмірі. Балаң жастық — өзіне-өзі талдау жасайтын шак қана емес, сонымен бірге нағыз «коллективтік» шақ. Кішкентай жеткіншекке коллективтік өмірге қатысқаны, басқалармен бірге болғаны жетіп жатыр. Жоғары класс окушысы үшін бәрінен маңыздысы кұрбы-құрдастарының мұны қабылдауы, топқа өзін қажет сезінуі, онда белгілі бір бедел мен кұрметке жетуі. Қоллективтегі статустың төмен болуы, әдетте, барынша алаңдатады; құрдастары онша бағаламайтын жасөспірімдердің жеке басын өзгертуге тырысуы басқалардан гөрі анағұрлым жиі кездеседі.
Жағдайы біршама жақсы балаларда да проблемалар туындайды. Кейбіреулері өздерінің беделін жоғары кластарда өздерін ығыр қылып, жеке қасиеттеріне үйлеспейтін болып көрінетін рольдерге (мәселен, кластың сайқымазағы) негіздейді. Бірақ жолдастарының күткен үміті «жанбаса» рольді қалай өзгертуге болады? Басқа рольде өзіне сондай ұнаған әрі бойың үйреніп қалған танымалдыққа жете аласың ба? Осыдан бұрын жасөспірімдік кезде топтағы өзінің жағдайына көбіне көңіл толмаушылық және өзін-өзі бағалаудың сәйкессіздігі келіп шығады. Жоғары класс оқушысының қарым-қатынас ауқымының ұлғайып, емірлік іс-әрекетінің күрделіленуі нәтижесінде оның өзі соған қатысты немесе соны бағдар етіп ұстайтын, өзінің құндылық бағдарлары мен өзін-өзі бағалауын салыстыратын топтар мен коллективтердің (референттік топтар) саны көбейеді. Біріншіден, бұлар ұйымдасқан мектеп коллективтері (класс, оқушылар ұйымы), екіншіден, бұлар да ұйымдасқан, бірақ мектептен тыс коллективтер (спорт қоғамдары, клубтар, үйірмелер), үшіншіден, жеке қарым-қатынас процесінде қалыптасатын ресми емес стихиялы топтар мен компаниялар. Топтардың көптігінің өзі-ақ белгілі бір рольдік тартысты туғызбай қоймайды, сөйтіп адамның алдына қай топқа қатыстылығы неғұрлым маңыздырақ деген мәселе кояды мәселен, спорт қоғамына немесе мектепке қатысты міндеттердін (бұрын таңдауға тура келетін болса). Әр топтың талаптарының бір-біріне қайшы келуі жағдайды қиындата түседі.