Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.

Работа содержит 1 файл

Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы.doc

— 420.50 Кб (Скачать)

 

 

3.2 Адам қылығының таптық  сипаттамасы

 

Жабайы түрде диқаншылықты кәсіп ететін әлеумет дегеніміз — бірыңғай адамдардың жабайы көмектесуі. Темір ғасырының таңы атқан соң, еңбек үлесетін өнершілер табы шыққан соң әлеумет арасына жік түсіп, тапқа, топқа бөліну басталады, тапқа бөлінудің негізі әлеуметтік өмірге керекті жабдығын жасау қызметіндегі қатынасына тіреледі.

Бұл қатынастың өзі зат өндіру күшінің өркендеуінен туады; және әлеумет еңбегінің өнімін, өлшеусіз қызметін де тағайындайды, онымен бірге әлеуметті тапқа бөледі. Қоғам көмектестігі ағымында адамдар арасының қатынасы қалай өзгерсе, олардың таптық қатынасы да солай өзгеріп отырады; сондықтан әлеумет таптарының қылығы мүлде өзгермейтін, бекіп қалған нәрсе емес, қайта әлеумет өндіру жадғайына, дүние-мүлік өзгеруіне қарай, дәйім.өзгеріп отырады.

Сонымен, қоғам ішінде жалпыға міндет болған өзгермейтін ешбір заң жоқ. Тап болған әлеуметте «жалпы адам» деген құр дерексіз ұғым: адамның қылығы табымен өлшенеді; әрбір адам не ана табының, не мына табының адамы. Сондықтан адамның қылығы сол кездегі табымен байланыстырып қарау керек. Бұны әрбір псхология мамандары негізгі әдіс қылып тұтыну керек. Психологтар білуге міндетті негізігі тап белгілері мыналар:

      1. әр кісі – ана тап, болмаса мына таптың азды-көпті ұрпағы, жасап шығарған жемісі. Бұдан шығады: адамның қылығы – тиісті таптыңтуынды қылығы.
      2. Әлеумет өндіріс жүзінде қатынас бір жағынан, таптардың қатынасын тағайындаушы болса, екінші жағынан, өзі де әлеуметтік өндіріс күші жетілуне байлаулы.
      3. Тіршілі керек-жарағын жасау жүзіндегі бір таптың салыстыру күйі, қаражатты үлескендегі ол таптың салыстыру  күйіне белгілейді.
      4. Еңбек жемісін үлес жолындағы таптар арасының кәдімгі қатынасы – тартыс. Тап қоғамның тарихы – тап тартысының тарихы.
      5. Өзінің қожалығын өз еркімен қолына берген таптытарих білмейді. Ондай уақиға болған емес. Ол қожалығын болғанша пайдаланып, басқа тапқақысымету, қаншадесең табылады.

Сонымен, адамдар арасындағы қатынас – әлеумет, еңбегінің жемісінен еншісі көп алудың таласы, қысқаша айтқанда, тіршілік иелігінің таласы. Игілік үлесу ағымында жауы бір, дұшпаны бір адамдарды бұл тартыс жалпы тапқа біріктіреді. Әлеумет өндіріс жүзіндегі жай-күйі қандай болса, әр таптың қылығы да сондай болмақ.ішінара айтқанда, тартыстың шығуы сол таптың әдіс өнері күшіне, шаруа күшіне байлаулы: шаруаға тірелген өзгеріс таптар арасын басқа қалыпқа түсіріп, барлық әлеумет төңкерістеріне негіз болады.

        Адамгершілік; Адамгершіліктің мәңгі заңы. Түзулік не, терістік не? Ақиқат не? Адасу не? Бұл мәселелер қалай болса, солай созуға көне беретін ұғымдар. Сол тәрізді шарықтап шегіне жетілмеген ұғымдар; ізгілік, жауыздық туралы ұғымдар, ерсілі-қарсылы салыстырылып, адамгершілік білімінде тексеріледі. Ендеше бұл мәселе адамзат тарихының бір бетінде жүрген мәселе екен; бұл жөнінен ақиқаттың шегіне жету өте қиын. Ізгілік, жауыздық ұғымдары әр халықта әр түрлі өсіп-өрбіген, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сайын, бұл ұғымдар сонша өзгерген, тіпті біріне - бірі қайшы келетін халге жеткен. Бізге ізгілік — қайткенмен жауыздық емес, жауыздық — ізгілік емес деушілер де болар; ізгілік пен жауыздықты бір шұңқырға аралас үйе салсаңыз; онда ешбір адамгершілік деген болмайды, әркім ойға келгенін істейді деп. Дюринг мырзаның бернесіз жалаңаш пікірі осы тәрізді. Бірақ, мәселе осылайша оп-оңай шешілмейді. Бұл өзі сондай, оңай мәселе болса, онда ізгілік, жауыздық туралы талас та болмас еді, ізгілік не, жауыздық не екенін әркім-ақ білер еді. Жұмыс осындай жүрде ме? Бүгінде бізге қандай адамгершілік тұтынуды уағыздап жүр? Алдымен бізге уағыздап жүрген діншілдік дәуірінен қалған христиан бектер адамгершілігі; ол діндердің өзі бірнеше тарауға бөлінеді: католик діні, протестан діні, сопылары тағы да бөліне береді, бөлінген сайын адамгершілік туралы негіздері кеми береді. Осымен қатар бұ заманғы байлар адамгершілігі жүреді; оған жанамалап келешектегі жалшылар адамгершілігі шығады; сонымен, Европадағы мұндай жұрттардың өткені, бүгіні, келешегі бір уақытта қатар жүретін біріне-бірі қайшы үш түрлі адамгершілікті туғызып отыр. Қайсысы дұрыс? Жалпыға бірдей мағына жағынан қарасақ, біреуі де дұрыс емес; әйтсе де олардың бірі дұрысырақ болуға тиіс. Қандай? Қайсысы ұзақ уақытқа созыларлық келешегі кең болса, қайсысы келешекке айна болса, сондай адамгершіліктің дұрыстық жағы күшті болғаны. Ондай адамгершілік — бұл күнгі жалшылардікі. Бүгінгі қоғамның әрбір табы (бек, ақсүйектер, байлар, жалшылар. таптары) өзінше өзгеше адамгершілік үгіттеп отырса, одан қандай қорытынды шығару керек? Адамдар саналы, санасыз болсын, адамгершілікке көз-қарастарын тап жағдайларындағы қолма-қол жағдайлардан, шаруа қатынасынан туғызып отыр; бұл қатынас жасаудың, табыс айырбастаудың шарттары.

Жоғарыда көрсетілгеи үш түрлі адамгершілік қисынында, бәріне бірдей бір жалпы белгі бар ғой, бұл жалпы белгі мәңгі адамгершілік болуына дәлел емес пе? Бұған жауап береміз. Бұл қисында бір ғана тарих ағымының үш басқышын керсететіндіктен бәріде тарихтық жалпы бір астар болуы шексіз, сондықтан оларда бір жалпы белгі болуы өзінен-өзі көрініп тұр. Ол аз. Шаруа өркендеуінің біркелкі, әйтпесе біркелкіге жақын басқыштарында адамгершілік қисындары азды-көпті дөп келу керек. Қозғалмалы мүлікті меншіктеу күшейгеннен былай, осы меншік ете алған барлық қоғамдар үшін бір жалпы адамгершілік болу керек; ол қандай адамгершілік десеңіз — «ұрлама» деген аят осыдан шығарып, осы аятты адамгершілікке мәңгі ақиқат деп атауға бола ма? Әсте болмайды. Ұрлық қылдыратын жағдайды, себебі мүлде жоғалтқан қоғамда, — ондай қоғамда есалаң кісі болмаса, дені дұрыс адам ұрлық қыла ма, — «Ұрлық қылма» дегенді мәңгі ақиқат көріп уағыз айтпақ болган пайғамбар қандай масқара болар еді.

Сондықтан, адамгершілік дүниесі өзгермейтін  жол, ол жол тарихтан да, ұлттардың айырмасынан да күшті деп себеп айтып, өзгермейтін, қатып қалған адамгершіліктің мәңгі заңы бар деп қандай аят, қандай қадыс келтірсе де оны біз қабылдамаймыз. Біз оған қарсымыз; себебі, бүгінге шейінгі шығып келген әрбір адамгершілік қисыны айналып келгенде, сол кездегі қоғам шаруа жағдайының нәтижесі деп ұғамыз. Қоғам бүгінгі тап қайшылығымен байланысып, жетілгендіктен адамгершілік те, әрдайым тап адамгершілігі болған; не ол адамгершілік билеген таптардың мүддесін, үстемдігін ақтаған, не жаншылған тап күшейген кезде, ол үстемдікке қарсы болуды үгіттеп, жаншылғандардың келешектегі пайдасын сөйлеген.

Жалпы, түгел шолып қарағанда, адам білімінің өзге тарауларында қандай жетілу, өркендеу болса, адамгершілік жүзінде де даму болған: оған күдіктену керек емес. Біз осы уақытта да тап адамгершілігінің аумағынан шығып кеттік. Тап қайшылығынан жоғары, тап туралы еске де алмайтын адамгершілік қай уақытта болуға мүмкін? Тап қайшылығы жоғалып, бір тегіс болғанда, жалғыз ол емес-ау, тап қайшылығының ізі күндегі өмірде сезілмей, ала жаулық түбімен құрығанда, болуға мүмкін [23].

Әділдік, мейірімділік, мәдениет

Не нәрсе шаруа жүзінде, саясат жүзінде пайда келтірсе, үстем тап соның бәрін әділдік деп жариялайды, бұған қарсы келетіннің бәрін әділсіздік дейді. Өзінің тап пайдасы, тап мүддесі табылатын жерде, үстем тапқа әділдік жағында болады. Сонымен әділдік байлардың жетегінде жүр. Байлар әділдіктің көзін байлап, сокыр теке қып жүр. Не үшін? Әділдік қандай жауыз, жаман, былғаныш мақсатқа қызмет етіп жүргенін көрмес үшін, бектер, цэхтер ұйымдары байлардың саяси қожалығына кедергі болып, бойын өстірмегендіктен әділсіздік болып саналады. Сондықтан оны тарихтың тәжірибелі әділдігімен жоқ қылды; өйткені адамгершілік диқаншыларды айтады: Барон (манап)-тардың талауын әділдік көрмей тұра алмайды; парондар жер-мүлкін молайту үшін, қалтасын толтыру үшін талауды ғана біледі дейді. Сол тәжірибелі әділдік байлардың қолына келгенде қайтті? Азия, Африка, Австралия сықылды мәдениетсіз елдерде де ең болмаса, басы қатерге байланбай байлардың ел талауын қорғайтын болды. Мейірімді болғансыған қанымдар бұл жақпайтын сөз болар; құқық үшін қанымдар шаруа жүзіндегі ұрлықты ұрлық демейді, байлар күн сайын зорлықсыз, іш құрттап, кісінің еңбегін жеп отырса, ол еңбектің пайдасын бай қанымдар көретін болса, әрине, бұл өздеріне әділдік көрінер; басқаларга олай болмас. Шаруа жүзіндеғі талау (ұрлау) осы қанымның мінезіне қатты үйлеседі; капитал байлығына ол қаным күзетші ит болуға көнер еді, ол байлықтың өзі сондай заңды, сондай әділ талаудаіі туады ғой.

Бәрін өз игілігіне лайықтап жасай білген байлар өзінің. әлеумет құрылысын «мәдениет» дегеп атпен дәріптейді, өздеріне лайық өзгелермен қатынасын одан да даңқты «мейірімділік» деген атпен атайды. Басқа аз, надан ұлттарды қарадай қанап, отаршылық жүргізерде, ол жұрттардың нашар тұрмысын түзетеміз, көзін ашамыз деп келеді. Олардың бұл мәдениеті, бүл мейірімділігі неден көрінеді дссеңіз, жергілікті халыққа бал орнына у беруден, зорлап жұмысқа салудан, талағаннан, құртуынан жалаң надан ұлттарды ғана солай «құрмет қылып отыр» деп ойлауға болмайды. Байлар сол «мәдениетімен». «сол мейірімділігімен» өз жұртындағы жалшыларды да жарылқайды. Ол мәдениеті мен мейірімділігінің тұтынған жолы не десеңіз, мыңдаған, жүз мыңдаған еркек, әйелді, балаларды күні-түні көзін ашырмай, жұмысқа жегуге, шыр бітірмеу, тұралану, аяқтап келгенде, бар қанын, қуатын сорып алып, маскүнем, құрт ауру, ит ауруга шалдықтырып, арам қатыру болып шығады. Тағы бір тұтынған шарасы: қылмысты молайту, жындылар үйіи көбейту, абақтыларды қабындату, сонымен елді түзету десек жарайды.

Дүниеде байлар табындай ешбір үстем тап идеалга (арман) сонша етпеттеген емес, өйткені өзінің жауыз пейілін идеял мылжыңымен бүркеуге ешбір тап байларша мұқтаж болып көрген емес. Сана жағынан мұндай соғылғандық саяси, шаруа үстемдігін сақтау үшін байлардың қолында ең жақсы мықты құралы. Сөз бір бөлек, жұмысын бір бөлек, біріне-бірі қарсы екенін кезі бар кісі көруі керек ғой, жоқ олай емес, данышпандар, тарихшылар адасып отыр; олар байлар құрылысындағы халықтардың тарих кілті жалғыз ғана пікірде, пікір жолында деп отыр. Данышпандардың, тарихшылардың бұлайша адасуының мәнісі қалай десек, ол мынау: бір жағынан, олар байлар қоғамының тәрбиесін, онымен бірге пікірін де сіңіріп алған, екінші байлар кімді болса да мәдеиилендіруге, қанауға шебер болған, өздеріне білім иелерін де қызмет еткізе білген.

Жүсіпбектің таптық талас – тартысқа құрылған, ел қорғау патриоттық жорық тақырыбын қозғаған драмалық шығармаларының өзінде деқуақы күлкі, жеңіл әзіл – оспақ жиібой көрсетіп отырады. Оның «Ел қорғаны» пьесасы – негізінен драмалық шығарма. Оның өзегінде шытарман конфликт бар. Кейіпкерлер қызу қимылда, тынымсыз іс-әрекетте, шым-шытырық тартыста көрінген. Ал кейбір кейіпкерлердің бейнесін ашуда, жеке ситуацияларды күлкілі етіп беруде автор кекесін, мысқылды, жекіл қуақылықты құрал етіп пайдаланға  [24].

Патшаның  ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс болды, асуға, атуға әмірі  жүрді. Қара халқы мен оқығанының арасында жақындық болмады, бірін бірі жек көрді. Ақсүйек, дворяндар қара халықпен сүйкесуді бойына қорлық, намыс көрді. Екінші жағынан арыс - патшасын құдайдан жаман әспеттеп, көкке көтерді. Именді, қорықты, патшадан күшті әмір иесі бар деп ойлаған жоқ. Патшаны шырғалаған өңкей ақсүйек, шенеуніктер патшаны қара халықтан алыстатпаса, жақындатуға себепші болған жоқ. Қара халық қорлықта, қысымшылдықта жүріп жатты.

Қорлыққа көніп, тепкіге шыдап  жүрген орыстың қара мұжығы үнсіз, тілсіз, көнбіс надан емес. Қылжыр, өзімшіл, зор көкірек надан еді. Патшаның пәрманына, ақсүйектің тізесіне амалсыз көніп, кекетіп-мұқатып, сырттан қоржиып жүруші еді. Мұжықтың мұндай болған себебі - орыстың жоғарғы табынан шыққан талай атақты, білімді жазушылары мұжықты мадақтап, кітаптар жазып, көтеріп, өзімшіл қылып, тәңірсітіп жіберіп еді. Міне, осы халда жүрген орыстың бір тәңірісі Николай жоқ болып еді - не болды?

Тәңірсінген, өзін-өзі зор тұтқан қожа болып, мемлекеттің астын үстіне келтірді. Неше түрлі бассыздық қылып, Россияның күл-талқанын шығарды.

Жоғарғы айтылғаннан шығатын қорытынды  мынау: орыстың ақсүйегі, оқығаны ұлт қамын ойлап, халыққа жаны ашып, қызмет қылған жоқ: «дәреже» қуып кетті. Тәңірісінген қара халық жүгенсіз надан болып қалды. Қысқасы, орыс ұлтшыл жұрт еместігін, таптан тапқа, партиядан партияға бөлінген берекесіздігін көрсетті. Мұнан былай маңдайына тас тиіп барып түзелмесе, бұ қалыпта үлгі аларлық, еліктерлік еш нәрсесі қалған жоқ.

Енді қазаққа келейін. Біз жұрт болуды жаңа ойланып, жаңа қамдандық, қазақ  әрі ақсүйек, қарасүйекке, оқыған, оқымағанға бөлініп, арасына жік түскен жоқ. Бірақ жуан ата, жіңішке ата болып, жуанның жіңішкеге көрсететін зорлығы, қиянаты бар. Жақсы тәртіп, әділ билік орнаса, жуан мен жіңішкенің айырмасы жоғалып кетуі мүмкін. Басшы түзу болса, басшыдан бас тартып, ауа жайылатын халық аз, қазан бұзар, ар соққан біреулер болмаса. Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да - оқығаны. Оқығанын қазақ сыйлайды, соңынан ереді. Кәдірлейді. Сенеді. Білімді, ақылды, жақсылықты, үлгілі, тәртіпті, ақиқатты, әділдікті, қызметті оқығандарынан күтеді. Оқыған - қара халықтың шырағы (идеалы), бұқарасы сонша кәдірлегенін оқығандар білу керек. Халыққа қызмет қыла білмеген, үлгі, шырақ болуға жарамаған оқыған халықтың ықыласын қайырады, көңілін шығарады. Халықты өзінен алыстатады, өсек арқалайды, пайдасы артық тимейді.

Бұқараның әспеттеуіне қарай «бұл уақытта» төрт аяғы бірден түсіп, ұлт үшін жанын салып, сілетсіз, таза қызмет қыларлық шын «шырақ» табыла беруі қиын. Бұл уақыт - қазақтың мәдениетке аяқ басатын, шаруасы, тұрмысы, білігі өзгеретін, ғаскер болатын, жалпы ұлт ісіне жол ашатын уақыт. Қазақтың өміріне көрмеген жаңалықтар кіретін уақыт - осы күнгі оқыған қызметкерлер. Қазақтың ескі қалпынан жаңалыққа көшетін - «көшпелі» заманның кісілері. Көшпелі заманның қызметкерлерінің қашанда болсын кемшілігі көп болмақ. Әркім әртүрлі пікір тұтынып, әртүрлі жоба ұсынып, жаңалықты орнатуға жиһат қылмақ. Бірақ бұл буынның адамының тәжірибесі, тәрбиесі жетілмегендіктен істеген ісінде үстірттік, төселмегендік көп шығып, ойлаған мақсатына жете алмай, ескі өмірдің жауыздығымен алысумен күні өтеді. Бұлардың істеп кеткен ісінен келесі буын тәжірибе алып, төселіп, анық қызмет қылатын, қызметінің жемісін көретін солар болады. Бұл жүрген буынның адамында кемшілік болатын бірнеше себептерін айтып өтейін.

Информация о работе Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы