Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.
Психикалық қалып сыртқы және ішкі жағдайлардыңсебептеріне байланысты, бірақ оның динамикасы мен сипаты жеке тұлғаның қасиетіне байланысты.
Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылыс тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік – жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қаеттілік жатады. Қажеттілі адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенін жтіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысынан іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.
Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, уықтан және ыстыққан сақтау құралы ретінде үйге қажеттілік. Бұл негізінен биолгиялық қажеттіліктер,сонымен қатар олар жануарлардың қажеттілігінен түбегейлі айырмашылытары бар. Оның ішінде, із оны қанағаттандырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз.
Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттілікер болады. Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілігі, мәдени қажеттіліктер (кітап және үнқағаз, оқу, радио,теледидартыңдау, музыка тыңдау және киноға театрға бару) болады.
Адам қажетілігі – адамзат қоғамының қоғамдық – тарихи дамуның жемісі. Осы даму үрдісіндн адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктер пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.
Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтанымызда, түрткілер (мотивтері) немесе нақтылы қылығы іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз.
Еңбек. Адам іс- әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқараспен еңбек әрекетін қалыптастырады.Еңбекте адамның қабілеті мен мінез – құлқы, жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады.
Еңбек ету - өзіңді іс-әрекетте
көрсете білу. Әрқандай нақты іс-әрекеттегідей,
еңбекте адамның барша
Түрткілер (мотивтер) – бұл қажеттіліктерді анааттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егердеқажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.
Адамның мінез – құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсіну қажет. Түрткілер бір-бірінен ондаіске асатын қажеттіліктедің тріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрететінің түрткілері, оқу әрекетінің түрткілеріне) байланысты ерекшеленеді.
Адамның танымдық қажеттілігінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу – бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоционалдық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терең білім меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді [11].
Психика тек адамға ғана тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екінші теория «панпсихизм», яғни бүкіл табиғаттың жан-рухани қасиетке иелілігі жөніндегі ұңым. Бұл біріне-бірі қайшы екі көзқарастың аралығында кеңіне өріс алған «биопсихизм» теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі – психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның жанды бөлігіне ғана тән нәрсе. Қойылған проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай құбылыс «нейропсихизм» деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде-бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелдері тіпті басқаша психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы – психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырылады. Тіршіліктің пайда болуының негізгі шарты –қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды малекулалардың түзілуі. өздерінің тіршілік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі прцесс зат айналымының құрамды бөліктері болуымен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.
Сана – адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:
1) сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
2) санада субъекті
мен объектінің
3) мақсат болжастыру
әрекетін қамтамасыз ете алады.
Адамзат табиғат берген заттың
формасын өзгертеді, сонымен
4) сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.сананың бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты - тіл, сөз.
Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективті жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі [12].
Тілдің пайда болуы – адамның күрелі құрылымды саналы әректін қалыптастыратын екінші шарт. Сыртқы әлем нәрселері, оладың әекеттері, сапалары, өзара қарым – қатынастаы белгіленетін белгілері (символдары) жүйесін тіл деп түінген жөн. Сөйлемге іріктіілген сөздер – адамға ақпаратты сақтауға, беруге және басқа адамдардың тәжірбиелерін меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі қатынас құралы болып табылады. Тіл адамдардың қоғамдық тарихында жинақталған ақпараттарды беруші негізгі құрал болып табылады. Адамда тілдің пайда болуы жануарларда болмайтын психикалық дамудан мүлдем жаңа түрін тудырады, сананы дамытудың маңызды құралы болып табылады. Тіл біздің саналық болмысымыздың формасы – қарым – қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым – қатынас үрдісінде адамдар сыртқы ортаны да, өзіңе де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана – сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым – қатынас жасау – қоғамдық өмір факторы. Қарым – қатынас үрдісінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
Философ Ю.К.Мельвиль: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым – қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым –қатынас үрдісінде адамдар тек өз жеке басын ғана емес сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да қалыптасады», - деп атап көрсетті.
Тілдің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жинақтап,сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінің нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті жоспарлай алатын болады [13].
Әлеуметтенуде қоғамдық тәжірибеде индивдтің меңгеру және белсенді өңдіру үрдісі, соның нәтиежесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағданы, ептілікті меңгереді, демек, белгілі міндеттерді шешу барысында олармен қарым – қатынас және іс-әрекет жасау қабілеттілігі деп түсінеміз.
Әлеуметтену – бұл адамның қоғамдық өмірінің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әр түрлі адамдармен өзара тиімді қарым-қатынасқа қажетті адамзаттық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамдардың қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттерді дамытуды қажет етеді.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірбиені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлеуметтенуінің қайнар көздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық инсттиуттар мен ұйымдар, баспасөз, радио, теледидар,білім беру жүйесі жатады. әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске асады.
Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте – қажетті қызметі – идентификация.балалар өсу және дамумен қатар ата-аналарына, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін көптеп меңгерді. Сол адамдардан солардың көзқарасын және тәжіибиесін қабылдайды. Идентификация арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-құлықтың әр түрлілерін бойына сіңіреді.
Тұлғаның әлеуметтенуі
– бұл тұлғаның қоғамдық құндылықтар
мен адамзаттық ұнамды әрекет –
қылық әдістерін меңгеру
Әлеуметтену үрдісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтену рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет – қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтіе шындықты тану негізінде қалыптасып барады.
Тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі көздері:
1) ерте балалық шақ
тәжірибесі – психикалық
2) әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3) қарым – қатынас және іс-әрекет үрдісіндегі адамдардың өзара ықпал - әсері.
Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ережелер және әрекет – қылық үлгілерін қамтиды. өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді.
Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы – екі тарапты үрдіс. Бір жағынан, ол – қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірбиені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізу (интериоризациялауы).
Бұл орайда интериоризациялау дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үрдістерінің ішкі саналық үрдістергеөтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі.
Тұлға үшін әлеументену
үрдісінің алғашқы
1) өз «Менін» тану;
2) өз «Менінің» мән – мағынасын түсіну.
Өз «Менін» тану мен оның мәнін түсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен «Мен – бейнені» қалыптастыру үрдісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады.
Өз «Менін» тану ерте балалық шақты өтеді: 2-ден 5-жасқа дейін тік жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бастысы – орта және соңғы балалық шақта мектеп оқумен айналысу.
Өз «Менінің» ( мән – мағынасын түсіну – бұл түлғаның құндылықты бой көтеріп, кемелденуі. Бұл үдеріс орта балалық шақта басталып, «Мен-ге» (яғни «маған») ұқсаған «басқа адамдармен» өзін ұдайы салыстыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани – адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері қалыптасады.
З.Фрейд әлеументенудің келесідей псхологиялық тетіктерін ажыратады: ұқсау (имитация), теңестіру ( идендификация), ұят және кінә сезімдері.
Ұқсау (имитация) – баланың қандай да белгілі әрекет – қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақын – жуық, достарының және т.б. әрекетері болуы мүмкін.
Теңестіру (идентификация) – қандай да қауымдастық мүшесі екенін сезіну. Өзін таңестіру арқылы бала ата-аналарының, ағайын-туыстарының, достарының, көршілерінің және т.б. әрекет-қылық үлгілерін, олар бойындағы құндылықты өнегелерді өзінің меншікті сапа–қасиеттері ретінде қабылдайды.
Психологиялық ұқсау мен теңестіру ұнамды тетіктер ретінде танылған, себебі бұлар белгілі әрекет-қылық қалыптарын қабылдауға бағдарланған. Ал ұят пен кінә - кейбір әрекет-қылық үлгілерін қабылдауға шек қоядынемесе тіпті қабылдатпайды, осыдан мұндай тетіктер болымсыз не кері деп есептеледі.