Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.

Работа содержит 1 файл

Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы.doc

— 420.50 Кб (Скачать)

Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым  сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса  сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды».

Ол тәрбиені : дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық  тәрбиесі және құлық тәрбиесі  деп  төртке бөледі. Егерде адам баласына төрт тәрбие берілсе, оның тәрбиесі түгел  болғаны. Егерде ол ыстық, суық,аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелі – шын дұрыс мәтел. Ендеше, оқушы тәрбиесіне көп ретте тәрбиеші жауапты.    

Тәрбие психологиясы тақырыбында курстық жұмыс жазудағы басты мақсатым – ұлы ғұламалардың тәрбие жайлы жазған тағылымдарын негізге ала отырып, оқу процесінде оқушыларға тәрбие берудің психологиялық жақтарын жете түсініп, болашақта рухы асқақ, адамгершілігі мол, үлгілі ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.      

Тәрбие  мақсаты  төңірегіндегі  пікірталас  ежелгі дәуірдің  өзінде-ақ  басталған. Ежелгі  ойшылдар  тәрбиенің  мақсаты  ізгі,  рақымшыл азаматтарды  тәрбиелеу  деп  түсінді. Ал,  «рақым»  туралы  пікірде олардың  ойлары  бір  жерден  шықпады. Сократтың  түсінігінше, тәрбиенің  мақсаты  –  заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тануаса құлықтылықты  жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон  ақыл-ой, ерік  және  сезімді тәрбиелеуге көп ықылас  білдірді. Ол  тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік  етуші таптар – философтар  мен жауынгерлердің  талап – тілегіне  сай жұмыс істеу деп түсінді. Плотонның шәкірті Аристотель  тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес  пен ерік-жігерді дамыту  деп білді.

Я.А. Коменский  тәрбиенің  күшіне  сенді, оның  ойынша  тәрбие  үш мақсатқа  жетуге  бағытталуы  қажет: өзіңді  және  қоршаған  ортаны  табу (ақыл-ой  тәрбиесі)  және  құдайға сиыну (діни тәрбие).

Д. Локтың ойынша, тәрбиенің  негізгі  мақсаты  азаматты  қалыптастыру.

Пестолоцийдің  тәрбие  мақсаты, адамның  табиғи  күш  қуаты  мен қабілеттілігін  дамытуға  негізделуді, сонымен  қатар, бұл  даму  жан-жақты  және  үйлесімді  болуының  биігінен  көрінуі  қажеттілігіне тоқталса, ал  И.Гербарттың  ойынша, тәрбие  мақсаты, рақымды адамды  қалыптастыруға, қалыптасқан  қарым-қатынастарға  бейімделе алатын, қоғамдағы  белгіленген  тәртіпті  сыйлайтын, оған  бой ұсынатын  адамдар  деген  түйінге  келеді. Тәрбиенің  ең  жоғарғы мақсатын   А. Дистерверг «ақиқат,  сұлулық  және  мейірімділікке  өз ынтасымен   қызмет  ету»  деп  анықтаған.

Тәрбие  мақсаты  –  ол  педагогикалық  процесс  пен  қоғамның қажеттілігіне  қарай  өзгеріп  отырады. Тәрбие  мақсаты  қоғамның  әлеуметтік  сұранысына  қарай  және  оның  табысты  орындалуы  ұстаздың кәсіби  дайындығына  байланысты  келеді. Ұстаздың  қызметі мақсаттылығынан  басталса, ал  оқушылар  оқу  іс-әрекетінің  мақсатын нақты  ұғына  отырып, тапсырманы  орындайды.

Мысалы, мұғалім  сабақты  дайындауда  нақты  сабақ  «мақсатын» белгілейді, ол  енді  осы  мақсаттың  өзі  жалпы  тәрбие  мақсатының  міндеті   болып  шыға  келеді. Сондықтан, дайындалып  жатқан  сабақ келесі  аталған  көп  «міндеттің»  орындалу  құралына  айналады: мәдени, саясат  бойынша  жасау  қабілетін  қалыптастыру, адам  бола білу  қабілетін жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу  қабілетін  түзу, салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру, өмірлік  бағыт қалыптастырып, өз  тіршілігінің  мазмұнын  реттей  алу  қабілетін орнықтыру;  тұрмыстық  міндеттерге  дайындау: өмірлік  еңбекке дайындау, бос  уақытын  мазмұнды  өткізуге  дайындау, өзін  шығармашылықпен  баулуға  дайындау.

Көп  уақытқа  дейін  тәрбие  мақсаты  идеалды  адам  мұратына, жан-жақты үйлесімді  дамыған, рухани байлығы мол, моральдық  қызықтар  таза  және  дене  күші  дамыған  тұлға  ретінде  түсінді. Әрине, бұл позиция – тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірбиеде тәрбиә жұмыстарының  нәтижелері  алға  қойған  мақсаттан біршама ерекшелінуіне әкеп  соғады.

Кіші оқушылар  бір құбылысының шын ниетімен  анасына көмектескісі келіп, ыдысты жинап жатқанда сындырып алғанын естіп,бұл оқиғаны әдепсіздік деп бағалаған.  Соңғы жағдайда бала әр істің әдептілікке жататынын, жатпайтынын істен шығатын нәтижеге қарап бағалап тұр . Бірақ күнделікті өмірде істі бағалау онан шығатын нәтижеге ғана байланысты келмей, баланың осы істі меңгерудегі ниетімен де байланысты.  Дегенмен, баланың моральдық норманың қарапайым түрлері жөніндегі түсініктері, алғашқы уақытта, үнемі дұрыс бола бермейді.

Бірақ моральдық  принциптерді ұғынуға билікті оқушылардың өзіне бермей, қателескен жағдайда, оны үнемі түзетіп отырса, ол жаман жақсының не екенін біліп, дұрыс ұғынатын болады.

Мысалы, 8-класс  оқушылары бір әңгімеде кейіпкер баланың анасынан істеген бір  қылығын жасырғанын есітіп, мұның  жақсы әдет емес екенін түсінгеннен кейін, олар класта өздерінің бұрын туысқандарынан ұнамсыз қылықтарын жасырып келгендігін айтқан. Кейін олар үйлеріне келген соң өздерінің бұрын істеген ұнамсыз қылықтарының бәрін тайсалмастан ата-аналарына айтып беріп, оның әдептілікке жатпайтынын мойындаған.

Ал жоғары класс  оқушысының моральдық принциптерді ұғынуы бастауыш мектептерге қарағанда, недәуір қалыптасып, ерекшеленіп  қалған деуге болады. Дегенмен ересек оқушылар арасында да, моральдық нормаларды терең түсінбеушілік кездесіп тұрады. Мысалы, жеткіншектер әдептілік, моральдық іс деп тек ешкімге соқтықпауды, тыныш отыруды ғана түсінеді.Әрине, бұл – моральды тайыз түсінушілік. Мектептерде оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптар бойынша «жақсы», «өте жақсы» бағаға оқу, қоғам жұмысына белсене қатысу – моральдық нормалардың ең жоғары қасиеттері.

Сонымен қатар  жеткіншек әдеби кітаптарды көп  оқып, осындағы кейіпкерлердің әр түрлі ісімен танысады ұнаған кейіпкерлерді өзіне үлгі санайды. Кейде бала өзінің үнататын кейіпкерлерінен үлгі алып, бірақ оны іс жүзіне асыра алмайтын да болады, ұнатқан кейіпкерге еліктеп, «мен де сондай болам» деп ол жие айтқанымен, оның сабақ үлгеруі мен тәртібі нашар келетіні де кездеседі. Оның себебі жеткеншек өзінің ұнататын кейіпкерлеріне еліктеп, келешекте солай боламын деп арман етсе де, ондай дәрежеге жету үшін жақсы оқып, тәртіпті болу, үйірме жұмыстарына белсенді қатысу керектігін жете ойламайды. Тәрбие жұмысында бұл жағдай жиі ескеріліп отыруы керек. Мысалы, оқушы оқыған кітабындағы кейіпкерлеріне еліктеп, оған қайран қалады. Бірақ дәл сондай болуды үйрену үшін, іс-әрекетін неден бастауын білмейді.

Бұл мәселе тәрбие үшін қажетті болғандықтан, оған жеңіл  қарауға болмайды. Әдетте, моральдық  принциптерді ұғыну мен оны іс жүзіне асырудың арасында ұзақ жол  жатыр. Мектеп тәрбиесінде кейбір оқушылар күнделікті талапты білгенімен, оны өз ісінде қолдана алмауы да ықтимал. Сонымен қатар оқушы өзін барлық жағынан дұрыс ұстап, сырт қарағанда әдепті болып көрінгенімен, оның бұл қасиеті моральдық принциптерді жақсы біліп, осыны өзінің сеніміне айналдырудан ғана емес, бұл ата-аналарынан немесе педагогтардан сескенгендіктен де кездеседі. Бұл қасиет теріс болмағанымен, мұны саналы түрде әдептілікке үйретудің жолы деп айтуға болмайды.Өйткені оқушыларға моральдық тәрбие берудің жолы қорқыту емес, саналылықпен түсіндіру болып табылады.

Ал оқушы  әр істі саналы түрде өз ыкыласымен орындау үшін, ұғынған моральдық  мөлшерлері оның сеніміне айналуы шарт. Әрине, істерді сенімсіз меңгеруге  де болады. Дегенмен моральдық сенім  нәтижесінде меңгерілген іс жемісті болады. Оқушының істі меңгеруде сенімі болса, ол сол істі қалай да орындай алады. Моральдық сенімді істің тек қалай орындалуын ұғыну деп бір жақты түсінбеу керек. Моральдық сенім дегеніміз негізінде, дүниеге, өмірге көзқараспен ұштасады. Егер оқушыны осы тұрғыдан алып қарағанда,сенімі күшті болса, онда оның ісін сенімі билейді.

Әдетте, оқушының сенімі оның көздейтін мұратымен  байланысты. Мұратқа жетуді жұрт бақытты  болумен байланыстыратын болса  да, осының негізгі мағынасы – Отан үшін адал еңбек етіп, еңбектің рақатын көру болмақ.. Сондықтан оқушы үшін мұратқа жетудің жолы – жақсы оқып, біліммен өнерге ие болуға ұмтылудың нәтижесінде ғана болады [18].

Осы айтылғандарға  орайлас оқушыны моральдық қасиеттерге  итермелеу үшін этикалық әңгімелер өткізудің  де үлкен маңызы бар. Бірақ мұнымен ғана шектелініп қоюға болмайды. Ал егер тәрбие жұмысы тек әңгіме арқылы өткізіліп, жұмыс осымен бітті десе, онда жаңағы айтылған сияқты моральдық ұғым мен осыны іс жүзіне асыру арасында алшақтық кездесуі ықтимал. Өйткені оқушының ұғынған моральдық мөлшері іс жүзіне асқанда ғана тәрбие жұмысы өзінің түпкі мақсатына жетті деуге болады.

Ал оқушының ұғынған мөлшерлерін басшылыққа алып, күнделікті  ісін соған бағынддыра алуы нендей жағдайларға байланысты? Бл сұраққа жауап беру үшін мына бір жайтты алып көрейік. Мысалы, кейбір оқушы тәртіп сақтауды немесе өзгелерден бір нәрсені талап етуді ұнатса да, ал оның өзі осы талаптарды орындауға ұмтылмайтыны да болады. Сол сияқты оқушы белгілі бір міндетті орындамаса, осының себебі мұны ұнатпағандығынан емес, соны меңгеруге өзін зорлап, еркін меңгере алмағандығынан. Міне, осыған қарағанда, моральдық ұғымдарды оқушыныңсеніміне айналдырып, оны басшылыққа алдыру ерік процесінің негізінде жүзеге асады.

ә) Ерік және оқушыда моральдық істің қалыптасуына келейік. Оқушыны ұғынған принциптерін орындауға талпындыру ерікті тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асады.

Ерік дегеніміз  оқушыны алдына қойған мақсатын жүзеге асыруға талпындыратыністі орындауға  өзін-өзі күштеп, итермелейтін процесс. Істің қалай меңгерілетініп ерік билейді. Істің ерік арқылы биленуін ғажайып «күш» деп айтуға болмайды, өйткені ерік ғажайып нәрсе емес. Бұл – ми жұмысының қызметі. Миы арқылы адам санасымен іс үстінде қимыл қозғалыстарын өз еркіне бағындырып, пайдалы істерге өзін-өзі ұмтылдырады, қажетсіз істерден жетелініп, аулақ болады. Оқушының мұндай қасиеті тек іс қиыншылықтарын жеңудің нәтижесінде қалыптасады.

Моральдық принципке  жатпайтын қолайсыз істерден оқушының аулақ болып, пайдалы істерге  талпынуы бірден қалыптаспай, бұл көбіне оның сана-сезімінің өріс алып, ненің жақсы, ненің жаман екенін айырудан басталады. Мысалы, оқушы үй тапсырмасын орындап отырғанда, осыны орындағысы келмей, ойнағысы келуі ықтимал. Осы кезде оқушы «Сабақты орындайын ба немесе ойнайын ба» деген ойда болуы мүмкін. Бірақ ол өз ісін тастап кетсе, онда өзгелер осыған теріс қарайтынын біліп, түбінде орындауға кіріседі. Осыны психологияда ниет күресі деп атайды.

Ниетті тек  күдіктену жағынан алып қарамай, осының басқа да өзіндік қасиетін бұл жерде шешіп кету оқушыға қоятын талаптың, оның көкейіне қалай қонып, осыны ол қалай іс жүзіне асыратынын түсінуге мүмкіндік береді. Ниет деп әркімнің тиісті істерді қандай ойымен орындайтынын айтады. Әдетте, бір істің өзін неше түрлі ниетпен үлгеруге болады. Сондықтан оқушыға тәрбие беру дегеннің өзін, оны әр істі ішкі сенімімен, моральдық ниетімен орындауға талпындыру деп түсіндіру керек.

Ал бұл солай  болған жағдайда өзге кісілердің айтқандағы, олардың оқушыға қоятын талаптары  оның ішкі ниетіне қалай айналатын болады. Бұл мәселе – тәрбиенің ең негізгі проблемасы. Көпшілік жағдайда оқушы алдына мақсат етіп қойған талапты ішкі ниетімен орындайды. Бірақ тәрбие жұмысы нашар болып үлкендер мен оқушылар арасында түсінбеушілік туса, бала тапсырманы орындаса да, талаптар оның ішкі ниетіне айналмайды. Қоятын талап оқушының ішкі киетіне айналып, істі ықыласымен орындау үшін екі арада бұрын болып келген түсінбеушілікті жойып, балаға осының қажет екенін түсіндіру керек. Демек, оқушы өзіне қойылатын талаптың орынды екенін және осының ішкі ниетіне айналып, оны орындауға шұғыл кіріседі. Біз бұл жерде оқушыға талап қоюдың қажеттілігі жоқ деп отырған жоқпын. Оқушыға қатаң талап қойылмайынша, оған қандай нәрсені болса да, орындату мүмкін емес. Бұл – тәрбие жұмысының жемісті болуы үшін қажет.

Оқушы әлі жас  болғандықтан, көп нәрселерді түсінбей, еріншектікке салынып кетуі ықтимал. Сондықтан балаға талапты күшейтіп, оны еш уақытта да әлсіретпеу –  тәрбие жұмысының басты шарты. Ерке болып өскен бала әуелгі кезде  талапқа бірден көнбейді. Бірақ одан міндетті орындауды талап ете отырса, ол әуелгі уақытта осыны қорыққанынан істейтін болса да, кейін ол өз пікірінің теріс екенін сезіп, іске төселудің нәтижесінде қойылған талаптарға бірте-бірте үйренеді. Осы кезде оны бұл қылығы үшін мадақтап қойса, оның ішкі ниеті бұрынғысынан өзгеріп, келесі уақытта тапсырманы ықыласымен орындауға талпынады. Сөйтіп, бала әуелгі кезде тапсырманы өзінің қорыққанынан меңгеретін болса, енді ол бұған бірте-бірте жаттығып, тәрбиенің нәтижесінде осыны сөзсіз орындау - әдетіне айналып кетеді.Әуелгі кезде іске ықылас қоймай, кейін осыған ықыластық бірте-бірте пайда болуы – ерік процесінің қызыметі арқылы іске асып тұрады. Себебі ерік қасиеттері балада бірден қалыптаспай, ол тек іс үстінде қиыншылықтарды, жеңіп соған жаттығудың нәтижесінде пайда болады.

Мұндай аса  бағалы қасиеттерге ие болуы оқушының әр түрлі іс-әрекетінде, айталық, әр түрлі ұйымдардың мүшесі деген атты алып жүріп, мектептің, кластың намысы үшін күресуде өрістеп дамиды. Оқушы  осы қызметтерді орындау кезінде нендей қасиетке ие болуды өзінен ұғынған моральдық принциптері арқылы біліп, әр ісін үнемі осы тұрғыдан алып бағалайтын болады.

Информация о работе Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы